Лекция №1 ҚР-да педиатриялық қызметті ұйымдастыру



жүктеу 182,01 Kb.
бет36/37
Дата22.04.2022
өлшемі182,01 Kb.
#38291
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Тесттер ІІІ курс 6 сем АП 05 Педиатриядағы мейіргер ісі

Көкжөтел


  1. Көкжөтел ауруының этиологиясы:

А. Кох таяқшасы

В. Леффлер таяқшасы

С. Флекснер бактериясы

D. Борде-Жангу таяқшасы

Е. Ішек таяқшасы



  1. Науқас бала көкжөтел таяқшасын қанша күн шығарады?

А. 30 күн

В. 20 күн

С. 40 күн

D. 10 күн

Е. 21 күн


  1. Көкжөтел ауруының спазмдық кезеңіне тән:

А. Рецидив

В. Стридор

С. Регургитация

D. Рефлюкс



Е. Реприз

  1. Көкжөтел ауруында терең тыныс алу мен жөтелдің үзілуі бұл:

А. Апноэ

В. Брадипноэ

С. Асфиксия

D. Реприз

Е. Тахипноэ



  1. Көкжөтел кезіндегі жөтелдің сипаттамасы:

А. Қақырық бөлінетін ылғалды жөтел

В. Ұстамалы, құрғақ жөтел

С. Репризбен өтетін спазмдық жөтел ұстамасы

D. Қан аралас жөтел

Е. Үнсіз жөтел


  1. Көкжөтел ауруының асқынуларына жатады:

А. Ревматизм, гломерулонефрит

В. Паротит, гайморит

С. Лимфоаденит, стоматит

D. Ларингит, ларингоспазм



Е. Пневмоторакс, өкпе ателектазы

  1. Көкжөтел ауруының негізгі емі:

А. Антибиотикотерапия

В. Витаминотерапия

С. Антивирустық терапия

D. Аллергияға қарсы терапия

Е. Химиотерапия


  1. Көкжөтел ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?

А. 9 күн

В. 14 күн



С. 25 күн

D. 21 күн

Е. 10 күн


  1. Көкжөтел ауруында карантин қанша күнге салынады?

А. 21 күн

В. 14 күн

С. 7 күн


D. 30 күн

Е. 10 күн



Эпидемиялық паротит


  1. Эпидемиялық паротит ауруының этиологиясы:

А. Парамиксовирус

В. Аденовирус

С. Энтеровирус

D. Риновирус

Е. Ротавирус


  1. Эпидемиялық паротит ауруында инфекция қандай жолмен жұғады?

А. Ауа-шаң

В. Қарым-қатынас



С. Ауа-тамшы

D. Ауыз арқылы

Е. Парентеральды


  1. Эпидемиялық паротит ауруының инфекция көзі:

А. Науқас

В. Бактерия таратушылар

С. Вирус таратушылар

D. Үй жануарлары

Е. Үй құстары


  1. Эпидемиялық паротитте қандай бездер зақымдалады?

А. Қосқалқанша бездері

В. Бронх бездері

С. Таңдай бездері

D. Бүйрек үсті бездері



Е. Сілекей бездері

  1. Эпидемиялық паротитте қандай без зақымдануы мүмкін?

А. Бүйрек үсті бездері

В. Қалқанша безі

С. Айырша безі

D. Ұйқы безі

Е. Қосқалқанша бездері



  1. Эпидемиялық паротит ауруының асқынуына жатады:

А. Қант диабеті

В. Ревматизм

С. Гайморит

D. Гломерулонефрит

Е. Пиелонефрит


  1. Эпидемиялық паротит ауруының диагностикасында қандай зертханалық зерттеу жүргізеді?

А. Микологиялық

В. Бактериологиялық



С. Серологиялық

D. Аллергологиялық

Е. Цитологиялық


  1. Эпидемиялық паротитте зақымдалған сілекей бездің аумағына қандай ем қолданылады?

А. Жылытқыш қояды

В. Жылы компресс қояды

С. Суық компресс қояды

D. Қыздырғыш компресс қояды



Е. Құрғақ жылы танғыш қояды

  1. Эпидемиялық паротит ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?

А. 5 күн

В. 10 күн



С. 9 күн

D. 7 күн


Е. 14 күн

  1. Эпидемиялық паротит ауруында карантин қанша күнге салынады?

А. 14 күн

В. 21 күн

С. 7 күн


D. 20 күн

Е. 30 күн


Скарлатина


  1. Скарлатина ауруының этиологиясы:

А. Гемолитикалық стафилококк

В. Энтерококк

С. Пневмококк

D. β- гемолитикалық стрептококк А тобы

Е. Диплококк



  1. Скарлатина ауруында инфекция қандай жолмен таралады?

А. Трансплацентарлы

В. Ауа-шаң

С. Парентеральды

D. Ауыз арқылы



Е. Ауа-тамшы

  1. Скарлатина ауруында бөртпе дененің қай бөлігіне шықпайды?

А. Бетке

В. Қол-аяқтарына

С. Денеге

D. Мұрын-ерін суағарына

Е. Тері қыртыстарына



  1. Скарлатина ауруында бөртпе элементтері қандай?

А. Ашық қызғылт ұсақ бөртпе

В. Дақты-папулездік бөртпе

С. Пустулездік бөртпе

D. Геморрагиялық бөртпе

Е. Везикулездік бөртпе


  1. Скарлатина ауруында бөртпе шыққан орында не пайда болады?

А. Тыртық

В. Пигментация

С. Түйін

D. Қабық


Е. Түлеу

  1. Скарлатина ауруының тұрақты симптомы:

А. Ларингит

В. Ангина

С. Конъюктивит

D. Паротит

Е. Стоматит



  1. Скарлатина ауруының клиникалық симптомы:

А. Тері эритемасы

В. Эритродермия

С. Қызыл тұрақты дермографизм

D. Терінің гиперпигментациясы



Е. Ақ тұрақты дермографизм

  1. Скарлатина ауруының асқынуы:

А. Пиелонефрит

В. Пневмония



С. Ревматизм

D. Неврит

Е. Ларингит


  1. Скарлатина ауруында қан және несеп талдауын өткізеді:

А. Ауру басталғаннан кейін 10 күнде

В. Ауру басталғаннан кейін 7 және 14 күнде



С. Ауру басталғаннан кейін 10 және 21 күнде

D. Ауру басталғаннан кейін 21 күнде

Е. Ауру басталғаннан кейін 5 және 10 күнде


  1. Скарлатина ауруын емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектер:

А. Бронхоспазмолитиктер

В. Антибиотиктер

С. Глюкокортикоидтер

D. Антиоксиданттар

Е. Антиметаболиттер



  1. Скарлатина ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?

А. 5 күн

В. 10 күн

С. 7 күн


D. 9 күн

Е. 14 күн



  1. Скарлатина ауруында науқаспен қарым-қатынаста болған 6 жасқа дейінгі балаларға карантин қанша күнге салынады?

А. 21 күн

В. 14 күн

С. 10 күн

D. 9 күн


Е. 7 күн
Қызылша


  1. Қызылша ауруының этиологиясы:

А. Парамиксовирус

В. Герпес вирусы

С. Энтеровирус

D. Аденовирус

Е. Риновирус


  1. Қызылша ауруының инфекция көзі:

А. Сау бактерия таратушылар

В. Сау вирус таратушылар



С. Науқас бала

D. Дағдылы емес формасын ауырған балалар

Е. Үй жануарлары


  1. Қызылша ауруында инфекция қандай жолмен жұғады?

А. Ауа-шаң

В. Трансплацентарлы

С. Қарым-қатынас

D. Ауа-тамшы

Е. Ауыз арқылы



  1. Қызылша ауруының катаралдық кезеңінің клиникалық көрініс:

А. Ангина

В. Энантема

С. Желке лимфа түйіндерінің ұлғаюы

D. Ұстамалы жөтел

Е. Дақты-папулездік бөртпе



  1. Қызылша ауруының катаралдық кезеңінің клиникалық симптомы:

А. Пастернацкий

В. Кернига



С. Бельский-Филатов-Коплик

D. Брудзинский

Е. Труссо


  1. Қызылша ауруында қандай бөртпе шығады?

А. Дақты-папулездік

В. Везикулездік

С. Ашық қызғылт ұсақ

D. Пустулездік

Е. Буллездік

7. Қызылша кезінде байқалатын бөртпені сипаттаңыз:

A. Геморрагиялық

B. Дақты-папулездік

C. Папулезді-везикуледік

D. Уртикарлық

E. Жұлдызды



  1. Қызылша ауруында бөртпелер қалай шығады?

А. Бөртпе бетке, бастың шаш өскен жерлеріне, денеге, қол-аяққа шығады

В. Бөртпе тез жайылып кетеді, тек мұрын-ерін суағары бозарып тұрады



С. Бөртпе 1 күнде – бет, 2 күнде – дене, 3 күнде – қол-аяқ терісіне жайылады

D. Бөртпе бірнеше сағатта денеге және қол-аяққа жайылады

Е. Бөртпе 1 күнде – бет, 2 күнде – дене, қол-аяқ терісіне жайылады


  1. Қызылша ауруының клиникалық көрінісіне жатады:

А. Лимфоаденит

В. Ангина

С. Кератит

D. Конъюктивит

Е. Орхит


  1. Қызылша ауруында бөртпе шыққан орында не пайда болады?

А. Пигментация

В. Қабық


С. Түлеу

D. Лихенификация

Е. Депигментация


  1. Қызылша ауруының асқынуы:

А. Панкреатит

В. Бронх демікпе

С. Фарингит

D. Тонзиллит



Е. Ларинготрахеобронхит

  1. Қызылша ауруының асқынуы:

А. Гломерулонефрит

В. Пневмония

С. Пиодермия

D. Ревматизм

Е. Пиелонефрит



  1. Қызылша ауруының диагностикасында қандай зертханалық зерттеу жүргізеді?

А. Аллергологиялық

В. Бактериологиялық

С. Микологиялық

D. Цитологиялық



Е. Серологиялық

  1. Қызылша ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?

А. Бөртпе шыққаннан кейін 9 күні тоқтатылады

В. Бөртпе шыққаннан кейін 5 күні тоқтатылады

С. Бөртпе шыққаннан кейін 10 күні тоқтатылады

D. Бөртпе шыққаннан кейін 14 күні тоқтатылады

Е. Бөртпе шыққаннан кейін 21 күні тоқтатылады



  1. Қызылша ауруында карантин қанша күнге салынады?

А. 7 күн

В. 14 күн



С. 21 күн

D. 20 күн

Е. 9 күн


  1. «Инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы» шұғыл хабархат медициналық құжаттамасын есепке алу нысаны:

А. №025/е

В. №026/е

С. №030/е

D. №034/е

Е. №065/е


Қызамық


  1. Қызамық ауруының этиологиясы:

А. Риновирус

В. Герпес вирусы

С. Энтеровирус

D. Аденовирус

Е. Тогавирус


  1. Қызамық ауруының қоздырғышы кімге қауіпті?

А. Ерте жастағы балаларға

В. Жасөспірімдерге

С. Егде жастағы адамдарда

D. Жүкті әйелдерге

Е. Ересек адамдарға



  1. Қызамық ауруы қандай жолмен жұғуы мүмкін?

А. Ауыз арқылы

В. Трансмиссивті

С. Парентеральды

D. Трансплацентарлы

Е. Ауа-шаң


  1. Қызамық ауруында қандай лимфа түйіндері ұлғаяды?

А. Шынтақ лимфа түйіндері

В. Жақ асты лимфа түйіндері

С. Қолтық асты лимфа түйіндері

D. Шат лимфа түйіндері



Е. Желке және мойын лимфа түйіндері

  1. Қызамық ауруында қандай бөртпелер шығады?

А. Петехиялдық

В. Везикулездік

С. Ашық қызғылт ұсақ бөртпе

D. Пустулездік



Е. Дақты-папулездік

  1. Қызамық ауруында бөртпе қалай шығады?

А. Бөртпе шашырап шығады, тек алақан мен табанда болмайды

В. Бөртпе тез жайылып кетеді, тек мұрын-ерін суағары бозарып тұрады

С. Бөртпе кезең-кезеңмен шығады

D. Бөртпе аяқтан басталып, симметриялы жоғары көтеріледі



Е. Бөртпе бірнеше сағатта денеге және қол-аяққа жайылады

  1. Қызамық ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?

А. 9 күн

В. 5 күн

С. 10 күн

D. 7 күн

Е. 14 күн



  1. Жұқпалы ауруға шұғыл хабарламаны қашан толтырады?

А. Дереу ауруға күдіктену кезінде

В. Қорытынды диагнозды қойғаннан кейін

С. Науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін

D. Қорытынды дезинфекцияны өткізгеннен кейін

Е. Емдеу тағайындаудан кейін
Желшешек


  1. Желшешек ауруының этиологиясы:

А. Энтеровирус

В. Вирус (Herpesviridae)

С. Риновирус

D. Аденовирус

Е. Респираторлық-синцитиальдық вирус



  1. Желшешек ауруында инфекция қандай жолмен жұғады?

А. Ауа-тамшы

В. Ауа-шаң

С. Қарым-қатынас

D. Ауыз арқылы

Е. Парентеральды


  1. Желшешек ауруында бөртпе дененің қандай бөлігіне шықпайды?

А. Ауыз қуысының және көз шырышты қабықтарына

В. Жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарына

С. Қол-аяқтарына

D. Бетке, бастың шаш өскен жерлеріне



Е. Алақан мен табанға

  1. Желшешек ауруында бөртпе элементтері қандай?

А. Дақты-папулездік бөртпе, везикула

В. Ашық қызғылт ұсақ бөртпе

С. Дақ, инфильтрат

D. Пурпура, петехиялар

Е. Геморрагиялық бөртпе


  1. Желшешек ауруында бөртпе шыққан орында не пайда болады?

А. Тыртық

В. Пигментация



С. Қабық

D. Түлеу


Е. Түйін

  1. Желшешек ауруында бөртпе қалай шығады?

А. Бөртпе кезең-кезеңімен шығады

В. Бөртпе шашырап шығады

С. Бөртпе аяқтан басталып, симметриялы жоғары көтеріледі

D. Бөртпе бір мезгілде шықпайды, арасына 1-2 күн салып, 2-3 рет шығады

Е. Бөртпе бір күнде денеге және қол-аяққа жайылады



  1. Желшешек ауруының асқынуларына жатады:

А. Стоматит

В. Орхит


С. Пиелонефрит

D. Тонзиллит

Е. Паротит


  1. Желшешек ауруында везикулар жақсы кебу үшін қандай дәрі-дәрмекті жағады?

А. 1:5000 фурациллин ерітіндісі

В. 1-2% бриллиант жасыл спирт ерітіндісі

С. 3% сутегі асқын тотығы

D. 5% калий перманганаты ерітіндісі

Е. 90% этил спирті



  1. 3 жастағы балада балабақшада дене қызуы 37,80С көтерілді, шамалы мұрыннан су ағу, ақшыл сұйығы бар жұқа күлбірек тәрізде бөртпе бетке, кеудесіне, арқасына, қол-аяққа, бастың шаш өскен жерлеріне шықты. Жұтқыншақ (анқа) шамалы қызарған. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

А. Қызылша

В. Скарлатина



С. Желшешек

D. Қызамық

Е. Аллергиялық дерматит


  1. Желшешек ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?

А. 5 күн

В. 10 күн

С. 7 күн

D. 14 күн



Е. 9 күн

  1. Желшешек ауруында карантин қанша күнге салынады?

А. 21 күн

В. 14 күн

С. 7 күн

D. 20 күн

Е. 30 күн
Туберкулез


  1. Туберкулез ауруының этиологиясы:

А. Ішек таяқшасы

В. Кох таяқшасы

С. Леффлер таяқшасы

D. Флекснер бактериялар

Е. Борде-Жангу таяқшасы



  1. Туберкулез қоздырғышын ашқан кім?

А. Луи Пастер

В. Фридрих Леффлер



С. Роберт Кох

С. Жюль Борде

Е. Эшерих Теодор


  1. Туберкулез қоздырғышы қай жылы табылды?

А. 1882 жылы

В. 1892 жылы

С. 1862 жылы

D. 1872 жылы

Е. 1982 жылы


  1. «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнін» қашан атап өтеді?

А. 25 наурыз

В. 22 наурыз

С. 20 наурыз

D. 24 наурыз

Е. 26 наурыз



  1. Туберкулез ауруының инфекция көзіне жатады:

А. Ит

В. Сиыр

С. Мысық


D. Үйрек

Е. Тауық


  1. Салмақ тастау, тершеңдік, кеуде қуысындағы ауыру сезімі, жалпы әлсіздік, тез шаршау, ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі қандай аурудың интоксикация белгілері?

А. Пневмония

В. Жіті бронхит

С. Бронх демікпе

D. Грипп


Е. Туберкулез

  1. Балалар арасында қандай туберкулезді клиникалық нысандар жиі кездеседі?

А. Өкпенің туберкулез ісігі, өкпенің шоғырлы туберкулезі

В. Бастапқы туберкулез кешені, туберкулездік бронхоаденит

С. Ми қабықшалары мен орталық жүйке жүйесінің туберкулезі

D. Несеп шығару және жыныс жүйесінің туберкулезі

Е. Сүйек және буындардың туберкулезі



  1. Өкпе туберкулезін ерте анықтау үшін қандай аспаптық зерттеу жүргізеді?

А. Фистулография

В. Фонокардиография

С. Флебография

D. Флюорография

Е. Флебокавография



  1. Бастапқы туберкулез кешенінде қандай аспаптық зерттеу жүргізеді?

А. Рентгеновазография

В. Рентгеномаммография



С. Рентгенография

D. Ренография

Е. Реновазография


  1. Туберкулездің өкпелік түрінде бактериологиялық зерттеуге алады:

А. Қақырық

В. Қан


С. Ликвор

D. Несеп


Е. Мұрыннан жағынды алу

  1. Тікелей бақылауымен туберкулез ауруының емін жүргізеді:

А. Химизатор

В. Науқастың өзі

С. Ата-аналар

D. Науқастың туысқандары

Е. Науқастың жолдастары


  1. Туберкулез ауруының химиотерапияда қолданылатын бірінші қатардағы туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектер:

А. Изониазид, рифампицин, пиразинамид

В. Изадрин, рубомицин, спирамицин

С. Изоланид, эритромицин, стрептоцид

D. Изоконазол, ровомицин, цефазолин

Е. Изадрин, ристомицин, цефокситин


  1. Химиялық алдын алуы қандай балаларға жүргізеді?

А. Дені сау балаларға

В. Туберкулез ауруы жұққан балаларға



С. Туберкулезбен ауырған адаммен байланыста болған балаларға

D. Созылмалы аурулары бар балаларға

Е. Жиі ауратын балаларға


  1. Туберкулездің арнайы алдын алуына жатады:

А. Науқасты оңашалау

В. Дезинфекция жүргізу

С. Санитарлы-ағарту жұмыс жүргізу

D. Туберкулезге қарсы препараттарды тағайындау



Е. БЦЖ вакцинасын дені сау балаларға енгізу

  1. Туберкулез ауруының химиялық алдын алудағы негізгі дәрі-дәрмек:

А. Рифампицин

В. Пиразинамид

С. Стрептомицин

D. Изониазид

Е. Этамбутол



  1. Қанша сағаттан кейін Манту сынамасының нәтижесін тексереді?

А. 62

В. 58


С. 48

D. 72

Е. 82


  1. Манту сынамасы оң деп саналады, егер:

А. 15 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат

В. Инфильтраттың көлемі 2-4 мм



С. 5 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат анықталса

D. Инфильтраттың және гиперимияның болмауы

Е. Кез-келген көлемді инфильтратсыз гиперемия ғана анықталса


  1. Манту сынамасы теріс деп саналады, егер:

А. Инфильтрат көлемі 2-4 мм болса

В. 5 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат анықталса

С. Кез-келген көлемді инфильтратсыз гиперемия ғана анықталса

D. Инфильтраттың және гиперимияның болмауы

Е. 15 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат



  1. БЦЖ вакцинасы жоғары және ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасында тек қана тері ішіне енгізеді:

А. Сол жақ иықтың

В. Сол жақ білектің

С. Оң жақ иықтың

D. Оң жақ білектің

Е. Сол жақ санының


  1. БЦЖ вакцинасын енгізу мерзімдері:

А. Вакцинация 2-4 күн, ревакцинация 6 жаста (1 сынып)

В. Вакцинация 0-4 күн, ревакцинация 5 жаста

С. Вакцинация 1 ай, ревакцинация 6 жаста (1 сынып)

D. Вакцинация 2 ай, ревакцинация 6 жаста (1 сынып)

Е. Вакцинация 3 ай, ревакцинация 6 жаста (1 сынып)


  1. БЦЖ вакцинасын қалай енгізеді және оның дозасы?

А. 0,1 мл дозада тері астына

В. 0,1 мл дозада тері ішіне

С. 0,1 мл дозада бұлшықетке

D. 0,5 мл дозада тері астына

Е. 0,5 мл дозада бұлшықетке



  1. БЦЖ ревакцинациясын жасайды, егер Манту сынамасының нәтижесі:

А. Оң болса

В. Күмәнді болса



С. Теріс болса

D. Гиперергиялық реакция болса

Е. Лимфаденит анықталса


  1. БЦЖ ревакцинациясын Қазақстан Республикасы бойынша мектепте 6 жастағы

(1 сынып) балаларға оқу жылының қай айында жүргізеді?

А. Қараша

В. Қазан

С. Қантар



D. Қыркүйек

Е. Кез келген айда



  1. Бірінші сынып оқушыларына БЦЖ ревакцинациясының алдында Манту сынамасы жүргізілді, 2 оқушының Манту сынамасының нәтижесі оң болды. Манту сынамасының қай нәтижесі оң болып саналады?

А. Инфильтрат (папула) 5 мм және одан астам

В. Инфильтрат (папула) 2-4 мм

С. Инфильтрат (папула) 0-2 мм

D. Инфильтрат 15 мм және одан астам

Е. Инъекция орнында гиперемия


  1. БЦЖ вакцинасын енгізгеннен кейін жергілікті екпе реакциясын тексереді:

А. 1, 2, 6, 12 айдан кейін

В. 1, 3, 9, 12 айдан кейін



С. 1, 3, 6, 12 айдан кейін

D. 1, 4, 6, 12 айдан кейін

Е. 1, 6, 9, 12 айдан кейін


  1. БЦЖ вакцинасын енгізілген жерде қалыпты болатын екпе реакциясы:

А. Инфильтрат – везикула – пустула – қабыршық - тыртықша

В. Инфильтрат – флегмона – қабыршық - келоидты тыртық

С. Инфильтрат – түйін - абсцесс – қабыршық - тыртықша

D. Инфильтрат – беткей жара - абсцесс - келоидты тыртық

Е. Инфильтрат - абсцесс – некроз - келоидты тыртық


  1. Нәрестеге 12 ай бұрын перзентханада БЦЖ вакцина енгізілген. Вакцинация жасалғандығын және ағзаның туберкулез микобактериясына спецификалық қорғанышы бар екендігін білдіретін екпелік реакциясын көрсетіңіз:

А. Дақ

В. Папула

С. Қабыршық

D. Тыртық

Е. Везикула


Иммунизация


  1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен қандай инфекциялық ауруға қарсы профилактикалық егулер жүргізіледі?

А. Күйдіргі

В. «В» вирустық гепатиті

С. Тұмау


D. «А» вирустық гепатиті

Е. Туляремия



  1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен қандай инфекциялық ауруға қарсы профилактикалық егулер жүргізіледі?

А. Күйдіргі

В. Тұмау


С. Туляремия

D. Дифтерия

Е. «А» вирустық гепатиті



  1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен қандай инфекциялық ауруға қарсы профилактикалық егулер жүргізіледі?

А. Күйдіргі

В. БЦЖ

С. Тұмау


D. Туляремия

Е. «А» вирустық гепатиті



  1. Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қандай инфекциялық ауруға қарсы профилактикалық егулер жүргізіледі?

А. Қызылша

В. Қызамық

С. Көкжөтел

D. Тұмау

Е. Туберкулез



  1. Медициналық иммундық-биологиялық препараттарға жатпайды:

А. Вакциналар

В. Сарысулар

С. Анатоксиндер

D. Антибиотиктер

Е. Иммуноглобулиндер



  1. Вакциналар қандай препараттарға жатады?

А. Иммунды үрдістерін реттейтін препараттарға

В. Метаболитикалық үрдістерді қуаттандыратын препараттарға

С. Мүшелер мен тіндердің қанайналымын жақсартатын препараттарға

D. Химиотерапиялық препараттарға



Е. Медициналық иммундық-биологиялық препараттарға

  1. Тірі вакциналарға жатпайды:

А. Қызылшаға қарсы вакцина

В. Дифтерияға қарсы вакцина

С. Паротитке қарсы вакцина

D. Қызамыққа қарсы вакцина

Е. Туберкулезге қарсы вакцина



  1. «Алдын алу екпелердің картасы» медициналық құжаттамасының есепке алу нысаны:

А. №034/е

В. №060/е

С. №064/е

D. №065/е

Е. №066/е



  1. Иммундық жүйе арқылы алдын ала әсерін тигізетін, инфекциялық аурулардың арнайы алдын алуына арналған медициналық препарат:

А. Иммуномодуляторлар

В. Иммуносупрессорлар



С. Вакциналар

D. Вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер

Е. Антибиотиктер


  1. Вакциналардың барлық түрлеріне жалпы тұрақты қарсы көрсетілімі:

А. Егуден кейін 24 сағат ішінде пайда болатын анафилактикалық шок

В. Егуден кейін 24 сағат ішінде дене қызуының 38,00С көтерілуі

С. Асқынатын созылмалы аурулармен ауыратын науқастар

D. Орташа ауыр дәрежедегі жіті инфекциялық аурулар

Е. Орташа ауыр дәрежедегі жіті инфекциялық емес аурулар


  1. Жалпы вакциналардың барлық түрлеріне уақытша қарсы көрсетілімі:

А. Егуден кейін 24 сағат ішінде пайда болатын анафилактикалық шок

В. Егуден кейін 48 сағат ішінде пайда болатын дене қызуының 40,00С



С. Орта және ауыр дәрежедегі жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар

D. Егуден кейін 48 сағат ішінде пайда болатын фебрильді тырысулар

Е. Егуден кейін 48 сағат ішінде пайда болатын афебрильді тырысулар


  1. Тірі вакциналарды пайдалануға тұрақты қарсы көрсетілімі:

А. Жіті лейкоз

В. Жіті пневмония

С. Жіті пиелонефрит

D. Жіті ларингит

Е. Жіті бронхит


  1. Медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сақтаудың және тасымалдаудың қолайлы температуралық режимі:

А. -20С-тан -80С-қа дейін

В. -100С-тан -180С-қа дейін

С. +100С-тан +180С-қа дейін

D. +20С-тан +80С-қа дейін

Е. -00С-тан -80С-қа дейін



  1. Қызылша, қызамыққа, паротитке, туберкулезге және сары қызбаға қарсы вакциналарды еріткіштермен араластырғаннан кейін қанша уақытта пайдаланады?

А. 12 сағат ішінде

В. 10 сағат ішінде

С. 24 сағат ішінде

D. 8 сағат ішінде



Е. 6 сағат ішінде

  1. Қызылша, қызамыққа, паротитке қарсы (ККП) вакцинаның енгізу мерзімдері?

А. V – 12 -15 айда, RV – 16 жаста

В. V – 18 айда, RV - 6 жаста

С. V - перзентханада, RV - 6 жаста

D. V – 12 -15 айда, RV - 6 жаста

Е. V – 18 айда, RV - 16 жаста



  1. Қызылша, қызамыққа, паротитке қарсы (ККП) вакцинаны қалай енгізеді және оның дозасы?

А. 0,1 мл дозада тері ішіне

В. 0,5 мл дозада бұлшықетке



С. 0,5 мл дозада тері астына

D. 2 тамшы дозада ауыз қуысына

Е. 0,1 мл дозада тері астына


  1. АбКДС, АДС-М вакциналарын қалай енгізеді және оның дозасы?

А. 0,1 мл дозада тері ішіне

В. 0,5 мл дозада бұлшықетке

С. 0,5 мл дозада тері астына

D. 2 тамшы дозада ауыз қуысына

Е. 0,5 мл дозада тері ішіне



  1. АbКДС вакцинасын енгізу мерзімдері:

А. V1 - 2 айда, V2 - 3 айда, V3 - 4 айда, RV1- 18 айда, RV2 - 6 жаста

В. V1 перзентханада, V2 - 2 айда, V3 - 4 айда, RV1- 2 жаста, RV2- 6 жаста

С. V1 - 1 жаста, V2 - 3 жаста, V3 - 4 жаста, RV1- 5 жаста, RV2 – 16 жаста

D. V1 - 2 айда, V2 - 3 айда, V3 - 4 айда, RV1- 12-15 айда, RV2 - 6 жаста

Е. V1 - 1 айда, V2 - 2 айда, V3 - 3 айда, RV1- 15 айда, RV2 - 16 жаста


  1. АДС-М вакцинасын енгізу мерзімі:

А. Вакцинация 18 жаста, ревакцинация әрбір 10 жыл сайын

В. Вакцинация 15 жаста, ревакцинация әрбір 10 жыл сайын



С. Вакцинация 16 жаста, ревакцинация әрбір 10 жыл сайын

D. Вакцинация 14 жаста, ревакцинация әрбір 10 жыл сайын

Е. Вакцинация 17 жаста, ревакцинация әрбір 10 жыл сайын


  1. Полимиелитке қарсы вакциналарын енгізу мерзімдері:

А. ОПВ V1 - 2 айда, V2 – 3 айда, V3 – 4 айда, ИПВ RV - 18 айда

В. ИПВ V1 - 2 айда, V2 - 3 айда, V3 - 4 айда, ОПВ RV1 - 12-15 айда, ИПВ RV2 - 18 айда

С. ОПВ V1 - 1 жаста, V2 - 3 жаста, ИПВ V3 – 6 жаста

D. ИПВ V1 перзентханада, V2 - 2 айда, V3 - 4 айда, ОПВ RV1 - 12-15 айда, ИПВ RV2 -18 айда

Е. ОПВ V1 - 1 айда, V2 – 2 айда, V3 – 3 айда, ИПВ RV – 12-15 айда



  1. Оральдық полимиелитке қарсы (ОПВ) вакцинаны қалай енгізеді және оның дозасы?

А. 0,1 мл дозада тері ішіне

В. 0,5 мл дозада бұлшықетке

С. 0,5 мл дозада тері астына

D. 2 тамшы дозада ауыз қуысына

Е. 1 тамшы дозада ауыз қуысына



  1. В вирустық гепатитке қарсы вакцинаның енгізу мерзімдері:

А. V1 - 2 айда, V2 -3 айда, V3 - 4 айда

В. V1 перзентханада, V2 - 2 айда, V3 - 4 айда

С. V1 – 1 айда, V2 – 12-15 айда, RV – 6 жаста

D. V1 - 2 айда, V2– 18 айда, RV - 6 жаста

Е. V1 перзентханада, V2 - 4 айда, V3 - 18 айда



  1. Бір жасқа дейінгі балаларға вакциналарды енгізеді:

А. Иықтың дельта тәрізді бұлшықетке

В. Жамбасқа

С. Жауырын асты аймағына

D. Санның алдыңғы бүйірінің жоғарғы бөлігіне

Е. Білекке



  1. Бірден асқан балаларға вакциналарды енгізеді:

А. Иықтың дельта тәрізді бұлшықетіне

В. Білекке

С. Санының алдынғы бүйірінің жоғарғы бөлігіне

D. Жауырын асты аймағына

Е. Жамбасқа


  1. Хиб вакцинасын енгізу мерзімдері:

А. V1 - 2 айда, V2 – 3 айда, V3 - 4 айда, RV - 18 айда

В. V1 – 1 айда, V2 – 2 айда, V3 – 3 айда, RV – 12 айда

С. V1 перзентхана, V2 - 2 айда, V3 - 4 айда, RV – 18 айда

D. V1 - 2 айда, V2 -3 айда, V3 - 4 айда, RV – 12 айда

Е. V1 - 3 айда, V2 -4 айда, V3 – 12-15 айда, RV – 6 жаста


  1. Пневмококкқа қарсы вакцинаның енгізу мерзімдері:

А. V1 - 2 айда, V2 - 3 айда, RV – 18 айда

В. V1 перзентханада, V2 – 3 айда, RV – 12-15 айда

С. V1 - 1 айда, V2 – 2 айда, RV – 18 айда

D. V1 - 2 айда, V2 - 4 айда, RV – 12-15 айда

Е. V1 - 3 айда, V2 - 4 айда, RV – 18 айда



  1. Пневмококкқа қарсы вакцинаны қалай енгізеді және оның дозасы?

А. 0,1 мл дозада тері ішіне

В. 0,5 мл дозада бұлшықетке

С. 0,5 мл дозада тері астына

D. 2 тамшы дозада ауыз қуысына

Е. 0,1 мл дозада бұлшықетке



  1. Балаға 2 ай. Барлық екпелерін ҚР ұлттық күнтізбесіне сай алған. 3 айында кезекті вакцинацияға шақырылды. 3 айлық бала қандай екпелерді алу керек?

А. АбКДС, ВГВ, ОПВ

В. АКДС, Хиб, ИПВ

С. АбКДС, ИПВ

D. БЦЖ, ВГВ

Е. ККП, ОПВ



  1. Участкелік медбике 4 айлық балаға вакцинацияға (екпелер жүргізу) шақыру мақсатымен барды. 4 айлық бала қандай екпелерді алу керек?

А. БЦЖ, ВГВ

В. АКДС, ИПВ, Хиб

С. ККП, ИПВ

Д. БЦЖ, ККП, ВГВ



Е. АКДС, Хиб, ВГВ, ИПВ


жүктеу 182,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау