|
Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым
|
бет | 4/90 | Дата | 28.09.2023 | өлшемі | 445,71 Kb. | | #43586 | түрі | Лекция |
| ÐекÑÐ¸Ñ â1. ÐÐµÐ½ÐµÐ´Ð¶Ð¼ÐµÐ½Ñ Ð±Ð°ÑÒаÑÑ ÑÑÑÐ°Ð»Ñ ÒÑлÑм ÐоÑпаÑÑ-emirsaba.orgАнри Файоль (1847-1925 ж.ж.) – менеджменттің атасы, көмір шығару бойынша француздық компанияның үлкен басшысы. Ол ұйымдық менеджменттің негізін салушы деп саналады.
Анри Файоль ұйымды (кәсіпорын, фирма) біртұтас ағза ретінде қарастырады. Ол жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп санады.
Тәжірибе менеджменті. Тәжірибе менеджментінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар. Біреуі – прагматикалық, екіншісі – ғылыми. Біріншісі – мәселені рецепті бойынша шешуге және нәтижені жуық арада тікелей алуға бағдарланған, болса, екіншісі – сан алуан жағдайлар мен ахуалдар бойынша сараланатын әдістер мен технологиялық схемаларды таңдап, талдауға негізделген. Екінші тәсіл әлдеқайда тиімді болмақ. Ол арнайы дайындықты қажет етеді.
А.Файольдың әкімшілік басқару мектебі. Ғылыми басқару өкілдері өздері зерттеген өндіріс орындарын басқаруды нысанаға алады. Олар басқару деңгейінен төменгі сатыдағы еңбек өнімінің артуымен шұғылданып, әкімшілік мектебі пайда болды. Кейінен мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерін ойластырды. Бұл мәселелер А.Файольдің есімімен тікелей байланысты. А.Файольдің әкімшілік басқару мектептің көрнекті ғалымы деп есептелді.
А.Файоль басқарудың бір бөлігін және техникалық, компаниялық сатып алу, қорғаныстық, бухгалтер, әкімшілік әкімшілік функцияны талдайды. А.Файоль әкімшілік басқаруды 5 элементке бөліп көрсетті:
1) жоспарлау;
2) ұжымдастыру;
3) басшылық ету;
4) үлестіру;
5) бақылау.
А.Файоль әкімшілік басқарудың бір қатар принциптерін ойластырды. Оның пікірінше олар кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Менеджменттің осындай әмбебап принцптері менеджерді өз қызметтерін қалай орындау екендігін көрсетеді. Оның менеджментке арналған 14 принципінде басқарушылардың қызметті қалай орындау керектігін көрсетеді.
Д.Макклелланд теорясы. Дэвид Макклелланд (1917-1998 ж.ж.) –кемеңгер, американдық психолог, Гарвард университетінің профессоры. Ол құзыреттілік тұжырымдамасы және адамдарды табысқа жетуге ынталандыратын факторлары бойынша ерекше танылды.
Ол экономиканың дамуы мен табысқа жетуді ынталандыру және физиология мен табысқа жетуді ынталандыру арасындағы байланыстарды зерттеді.
Д.Макклелландтың басты еңбектері:
1) «Табыс мотивациясы» ( Джон Аткинсон, Рассель Кларк және Эдгар Лоуэльмен авторлық бірлестікте, 1953ж.);
2) «Табысты қоғам» (1961ж.) ;
3) «Күш: ішкі тәжірибе» (1975ж.).
Д.Макклелланд компанияға қажетті адамдарды іздестіру, табу және оларға сәйкес келетін қызмет ұсыну бойынша құзыреттілікті бағалау әдісін ұсынды.
Д. Макклелланд үш қажеттілік теориясы ынталандыру теориясын жасау негізінде танымал болды: адамның қажеттілігі өмір бойы қалыптасады және оған тәжірибенің де өз әсері болады. Бұл идея өз кезегінде игерілетін қажеттілік теорясы деп аталған үш қажеттілік теориясының арқауына айналды.
Д.Макклелланд адамның күнделікті қолдануға аса қажетті тағамнан басқа мотивациялық қажеттіліктің үш типін ажыратады:
1) z табысқа ұмтылу (жету) қажеттілігі: осындай қажеттілікпен ынталанған адам көздеген мақсатқа жетуге және табысқа қол жеткізуге ұмтылады;
2) z билікке ( басшылық қызметке) ұмтылу қажеттілігі: осындай қажеттілікпен ынталанған адам билікке (басшылық қызметке), құрметке, көшбасшылыққа қол жеткізуге ұмтылады;
3) z өзіне деген қажеттілік: осындай қажеттілікпен ынталанған адам басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуға ұмтылады.
Д.Макклелланд зерттеуі бойынша, көптеген адамдарда аралас мотивация орныққан, ал кейбірінде осы үш қажеттіліктің тек біреуі ғана басым болады. Қайсыбір қажеттіліктің басым болуы әртүрлі қызметкердің болуымен ерекшеленеді.
Д.Макклелланд ұсынған үш құзыреттілік:
1) z өзгені түсіне алуы;
2) z жеке бастың жауапкершілігі ;
3) z идея ұсыну ( инициатива ұсыну).
Макклелланд табысқа жету үшін дұрыс мотивациялық қажеттілікпен қаруланған және көздеген жоспарын жүзеге асыруға ұмтылған адамды қалыптастыру қажет деп есептеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|