Лекция № 4. Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары
Жоспары:
1. Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі мен бейнесі ретінде.
2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың демократизациялау мен гуманизациялау ұстанымы.
3. Өкілеттіліктерді табыстау. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық.
4. Орталықтандыру мен жекеленуді саналы түрде үйлестіру. Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі.
Ұсынылатын әдебиеттер
1) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент. Оқулық . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -383 б.2.Т.В.Паньшина, Ж.Ж.Айтпаева Педагогикалық менеджмент Алматы, 2012
2) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент: Тест тапсырмалары, кейстер. Оқу құралы . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -87 б.
3) Бузаубакова К.Д., Ахметова А.Н. Педагогикалық менеджмент және қазіргі мектепті басқару. Оқу құралы. -Тараз: ТарМПИ, 2015. - 156 б.
4) Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы.- Алматы, 2005.-145 б.
5) А.Қ.Дүйсенбаев Педагогикалық менеджмент:- Алматы: Отан ЖҚ., 2015.-187 б.
6) Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу құралы. - Ақтау, 2010. -87 б.
1. Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі мен бейнесі ретінде.
Кез келген іс-әрекет сияқты, басқару да бірқатар қағидаларды ұстануға негізделе отырып жүргізіледі.
Басқару қағидалары басқару заңдылықтарының нақты байқалуы мен бейнелеуі болып табылады.
Педагогикалык менеджменттің ұстанымдары:
Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.
Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.
Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.
Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.
Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы (8-сурет).
Сурет-8. Педагогикалык менеджменттің ұстанымдары
Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды ( 9-сурет).
Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл қызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп қарастырған жөн. Мұғалім де баланы онын үлгерімі тұрғысынан ғана оқушы деп қарамай, тұлға ретінде қарастыруы шарт. Тіпті, оны баланың бойындағы барлық нәрсе қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы, қызығушылығы, қоршаған ортасы, отбасы жағдайы, тұрмысы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |