Әдебиеттер тізімі:
Гавердовский Ю.К. Техника гимнастических упражнений: популярное учебное пособие. М.: Терра-Спорт, 2002.
Гимнастика. М.Л.Журавина, Н.К.Меньшикова. М.: «Академия», 2002.
Гимнастическая терминология: справочник по курсу «Гимнастика». С.А.Александров. Гродно, 2000.
Горанько М.И. Спортивная гимнастика Казахстана. Исторический очерк (1917-2011гг.). Алматы, 2011.
Ракишев Т.К. Дене шынықтыру және спорт: казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы, 2014.
Словарь терминов гимнастики и основ хореографии. А.И.Рябчиков, Ж.Е.Фирилева. СПб.: Детство-Пресс, 2009.
Лекция 15-16. «Гимнастикалық терминология» түсінігі
Жоспар:
1. Гимнастикалык терминологиянын белгілеу.
2. Жаттығулардың жеке топтамасы терминдердің ерекшеліктері.
1. Гимнастикалык терминологиянын белгілеу.
Гимнастикалық әдістемелік жаттығулардың өзіндік ерекшелігіне сай бейімділігін әдіс-тәсілдердің жиынтығы ретінде қалыптасты. Гимнастикалық жаттығуларға жатқызуға мүмкіндік
беретін сондай өзіндік ерекшеліктерге, қозғалыстардың қатаң түрде регламенттелген бағдарламасы жағдайында үйлесімділік және қозғалыс амалдарының айқын көрінуі жатады.
Мұнда бастапқы және соңғы жағдай қозғалыстардың бағыты мен амплитудасы бұлшық еттердің жұмсалатын күшінің сипаты дәл көрсетіледі. Қозғалыстардың стандартты бағдарламасына қарай қозғалыс дағдыларын үйретуге, қалыптастыруға және орнықтыруға қолайлы жағдайлар қалыптасқан.
Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1. Организмге жан-жақты әсер ету.
Тірек - қозғалыс аппараттарының барлық бөліктеріне ағзаның әр-түрлі жүйесінің функционалдық жағдайына және жалпылама өмір сүру деңгейіне ықпал ететін жаттығулар таңдап алынады. Қозғалыс дағдылары мен функционалдык дайындыгы сонымен қатар дененің күш қуатын, шыдамдылығын, иілгіштігі мен жылдамдығын жетілдіруші процестерді қосатын міндеттер атқарылады.
Гимнастика құралдары - жаттығуларының алуан түрлілігі. Гимнастиканың ғажайыптылығы сонда , оның құралдары яғни алуан түрлі жаттығулардың саны өте көп болады. Дене тәрбиесінде және спорттық біліктілікті арттыру процесінде пайда болатын кез-келген міндетті сауықтыру қолданбалы және спорттық сипаттағы гимнастикалык жаттығулар көмегімен оларды интенсивтіліктің әр-түрлі дәрежесімен қолдана отырып шешуге болады. Алга иілуді бастапқы жағдаймен түрлендіруге болады. Оны иіле тұрып, денені айналдыра қолдың қосымша қозғалысы арқылы орындаған жөн. Бұл жағдайда иілудің әрбір түрі өз алдына жеке бір жаттығу ретінде болады. Себебі оны орындау дербес жеке міндетті шешеді. Гимнастиканың көптеген жаттығулары емес, олардың кешенді жиынтығы қолданылады. Гимнастика сабақтарында жаттығулардың алуан түрлері соның ішінде спорттық құрылымдармен (снарядтар) болатын түрлері де қолданылады. Ал гимнастиканың спорттық түрлеріне көпсайыстық сипат тән. Мұнда спортшылар гимнастиканың әр-түрлі түрлері бойынша дайындықтан өтеді.
Жаттығуларды таңдап алу ықпалы.
Белгілі бір сапаны дамыту, бұлшық еттердің жекелеген топтарын жетілдіруден, ағзаның қандайда бір қызметін қалыпқа келтіруден туындайтын міндеттерді гимнастикалық жаттығуларды ,оларды қолдану әдістемелерін таңдап алу арқылы шешуге болады. Кеңістік пен уақыттың және күш-қуаттың сипаттағы жаттығулардың кез-келген бөлігіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктер емдік дене тәрбиесінде , және де спорттың өзге де түрлерінде пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |