2. Жаттығулардың жеке топтамасы терминдердің ерекшеліктері
Гимнастиканың әр түрлі ұлттық жүйелерін тарихи тұрғыдан бағалау олардың классикалык мәнін ашып беругe мүмкіндік береді. Гимнастика курсында оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысына, шұғылданушылар ұжымымен тілдесу формалары мен әдістеріне, үгіт насихат жұмысына жататын жалпы педагогикалық сипаттағы жаңа білімдер, ептіліктер мен дағдылар пайда болып одан бұрынғылары дамып отырады.
Бұл жерде қоғамдық-педагогикалық, және оқу-өндірістік іс-тәжірибеге қамқорлық жұмысына ерекше маңыз беріледі. Егер де нақты айтар болсақ, олар мыналар: Мектепте гинастика секциясын ұйымдастыру, әр-түрлі топтармен сабақ жүргізу, гимнастиканың маңызы жөнінде әңгіме өткізу, мейрамдарға гимнастикалық көрсетілімдерді дайындау және т.б.
Педагогикалык факультеттерде гимнастика курсын окыту мынаны қарастырады маманның қолында бұқаралық түрлерінің барлық негізгі құралдары болуы тиіс. Жаттығулары практика жөнінде меңгерілуі тиіс. Жаттығуларды снарядтарда орындау дайындықтың оқу бағдарламасының көлеміне де , сондай ақ спорттық бағдарлама көлеміне де кіреді. Секірулер көркем гимнастиканың жаттығулары, еркін және акробатикалық жаттығулар. Сол көлемде гимнастиканың негізгі қолданыс кұралдарының ішіне кіреді. Мүнда тек студенттердің қандай да бір жаттығуларды үйрететін ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруына да ерекше көңіл бөлінеді. Бұл курстын теориялык бөлімдерін біріктіретін өте ауқымды тарауы.
Команда беру, көрсету, түсіндіру, көмек қабылдау, кателерді түзетү. шұғылданушылардың үлгерімі мен функциналдық жағдайын педагогикалық бақылау, сабақтарда қолға алынатын қауіпсіздік шаралары. Міне мүның бәрі бірден академиялық сабақтардың толық тізімін білдіре бермейді.
Гимнастика түрлері мен сабақтың әр-түрлі формаларын игеру кезінде контингенттің ерекшеліктері ескеріле отырып жүргізілетін жұмыстардағы ептіліктер мен дағдыларын, білімдерін қалыптастырады. Бұл ерекшеліктер: жас ерекшеліктері мен жыныс ерекшерліктері болып табылады.
Жеке қозғалыс дайындығы гимнастикалық жаттыгулар кезінде ептіліктер мен дағдылар деңгейіне жеткізіп игеру кезінде практикалық сабақтарда жүзеге асырылады. Бұдан өзге, міндетті және факультативті сабақтар есебінен жеке спорттық дайындық мүмкіндігі де қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |