Газофракциялайтын қондырғылар. Газдарды бөлу қондырғылары (ГФҚ) қайта өңделетін шикізаттың типі бойынша-қаныққан және қанықпаған газдардың қондырғыларына және газдан мақсатты компоненттерді алудың қолданылатын схемасы бойынша - конденсациялық-компрессиялық және абсорбциялық қондырғыларға бөлінеді. Конденсациялық-компрессиялық типті қондырғыларда да, абсорбциялық типті қондырғыларда да газдан алынған көмірсутектердің сұйық қоспасы одан кейін фракцияларға немесе ректификацияны қолдана отырып жеке көмірсутектерге бөлінеді. Қаныққан газдардың қондырғысына ( сурет 23.1) АҚ және АВҚ-дан газ, каталитикалық риформинг пен алғашқы айдаудағы тұрақтандыру колоннасының басы келіп түседі. Қондырғы компрессия және ректификация блоктарынан тұрады.
Тікелей газды C-1 сепараторы арқылы ЦК-1 компрессорымен қысуға беріледі. Қысу кезінде газ 120С дейін қыздыралады. Сығылған газ одан кейін XK-1 су конденсатор-тоңазытқышында және ХК-2 конденсатор-тоңазытқышында, салқындатылатын буланатын аммиакпен конденсацияланады. XK-1 суыту мен конденсациялау 50°С, ал ХК-2 - 4оC аяқталады. Конденсацияның әрбір сатысынан кейін газ сұйықтығы қоспасы С-2 және С-3 сепараторларындағы газға және сұйықтыққа бөлінеді. C-I, С-2 және С-3 сепараторларынан алынған газ конденсаттары бастапқы айдау және риформинг қондырғыларын тұрақтандыру бастарымен бірге ректификация блогына беріледі.
I - мұнайды тікелей айдау қондырғыларының газы; II - мұнайды алғашқы өңдеу қондырғыларының тұрақтандыру басы; III - каталитикалық риформингті тұрақтандыру басы; IV - пропан фракциясы; V - изобутан фракциясы; VI - бутан фракциясы; VII - изопентан фракциясы; VIII - пентан фракциясы; ІХ - газ бензині (С6 және одан жоғары); Х - құрғақ газ; ХІ - аммиак.
Сурет 23.1- Конденсациялық-компрессорлық-ректификациялық типті газофракциялайтын қондырғылар
Көмірсутекті шикізаттан ректификация блогында алдымен метан мен этан жойылады. Жою ректификациялық колоннада болады, ол деэтанизатор деп аталады. Бұл колоннаның жоғарғы өнімі - метан және этан, төменгі - деэтанизирленген фракция. Деэтанизатордың жоғарғы өнімі жасанды суытушы агент - аммиакпен салқындатылады.
K-1 колоннасынан этанизирленген фракция К-2 депропанизаторға түседі, оның жоғарғы өнімі пропан фракциясы, ал төменгі депропандалған фракциясы болып табылады. Жоғарғы өнім ХК-4 ауа конденсатор-тоңазытқышында конденсацияланғаннан және соңғы тоңазытқышта салқындатылғаннан кейін алдын-ала сілтілі тазартудан өтіп, қондырғыдан шығарылады. К-2 депропанизаторынан алынған төменгі өнім К-3 дебутанизаторына беріледі.
К-3 колоннасының ректификаты бутан мен изобутан қоспасы, ал қалдық — дебутанизацияланған жеңіл бензин болып табылады. Ректификат ХК-5 конденсатор-тоңазытқышта конденсацияланады, содан кейін К-4 бутан колоннасына бөлуге беріледі. К-3 колоннасынан қалған қалдық К-5 депентанизаторға өтеді.
Бутан колоннасы бутан қоспасын қалыпты бутанға және изобутанға бөлу үшін, ал К-5 колоннасы (депентанизатор) - К-6 колоннасына ректификациялауға берілетін газ бензинінен пентандарды бөлу үшін қызмет етеді. Депентанизатордың төменгі өнімі-C6 және одан жоғары фракциясы қондырғыдан шығарылады.
Сонымен бірге, каталитикалық крекингтің бензинін тұрақтандыруға, каталитикалық крекингтің газын күкіртсутектен тазартуға, газдан C3-С4 көмірсутектерін шығаруға, оспаларынан пропан-пропилен және бутан-бутилен фракцияларын бқлу мақсатында қолданылатын қондырғылар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |