|
Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансыӨндіріс практикасында эмульсияны бұзу үшін келесі процестер қолданылады
|
бет | 30/93 | Дата | 13.04.2023 | өлшемі | 6,39 Mb. | | #42139 | түрі | Лекция |
| Өндіріс практикасында эмульсияны бұзу үшін келесі процестер қолданылады:
Механикалық – фильтрлеу, ультрадыбыспен өңдеу;
Термиялық – мұнайды сумен қыздыру жəне суыту, ыстық сумен шаю;
Электрлік – алмасу немесе үздіксіз токта электр көзімен өңдеу;
Химиялық – əртүрлі деэмульгаторлармен өңдеу.
МӨЗ-на мұнайдағы су эмульсиясы түседі. Олар аса тұрақты болып табылады және көптеген жағдайда тек ауырлық күші әсерінен қабаттарға ажырамайды. Сондықтан да соқтығысқанда су глобулалары іріленіп, бірігуі мүмкін болатындай және мұнай ортасынан бөлініп шығатындай жағдай жасау қажет. Неғұрлым тамшылар қозғалуына жағдай қолайлы болған сайын, соғұрлым эмульсиялар оңай бұзылады. Әртүрлі мұнайлардың эмульсия түзу қабілеті (эмульсиялығы) де әртүрлі болады және пайыз түрінде өлшенетін осы көрсеткіші жағынан олар үш топқа бөлінеді: жоғары эмульсиялы (эмульсиялығы 80-нен 100 % дейін), аралық (эмульсиялығы 40 %), төмен эмульсиялы (эмульсиялығы 1,3-8,0 %). Мұнайлардың эмульсиялығын бағалау оларды сусыздандыру мен тұзсыздандырудың оңтайлы режимін және процесс схемасын таңдауға мүмкіндік береді.
Әдетте эмульсияға әсер етудің бірқатар әдістер үйлесімін қолданады. Мысалы, үйлестіру эмульсияның ең жылдам және тиімді қабаттарға ажырауын қамтамасыз етеді. Іс жүзінде негізінен эмульсияларды бұзудың термодинамикалық және электрлік тәсілдерінің үйлесімі қолданылады.
Температураның жоғарылауымен қатар фазалар бөліну шегінде адсорбцияланып, тамшылар айналасына жинақталатын табиғи эмульгаторларды дисперсиялайтын және пептизациялайтын, сонымен бірге бірден «брондаушы» қабаттардың құрылымдық-механикалық беріктігін төмендететін деэмульгаторларды енгізуді де қолданады. Температура және деэмульгаторлармен үйлестіре әсер еткенде су тамшылары қарқынды түрде ауырлық күші әсерінен жылдам тұнбаға түсетін және мұнайдан бөлінуге қабілетті ірілеу тамшыларға бірігеді.
Деэмульгатор əсерімен қабат бұзылады. Деэмульгатор ретінде əртүрлі жоғары активті заттар пайдаланылады.
Деэмульгаторлар – бұл арнайы синтезделген химиялық қосылыстар, оларға келесі талаптар қойылады:
мұнай қасиеттерін өзгертпеу және су молекуласымен реакцияға түспеу қабілеті;
аз шығын жұмсай отырып жоғары деэмульсиялау қабілеті;
мұнайдан бөлінген ағызынды судан қарапайым бөліп алу;
құрал-жабдыққа қатысты уытсыздық, инерттілік, құнының арзандау, қолжетімді болуы.
Деэмульгаторлардың екі типі бар – электролитті емес және коллоидты типтес. Электролитті емес деэмульгаторларға мұнай эмульгаторларын ерітетін және сонымен бірге оның тұтқырлығын төмендететін органикалық заттар (бензол, спирты, керосин) жатады. Бұл су тамшыларын жылдам коаленсценциялануына және олардың тұнуына ықпал етеді. Оларды ең бастысы лабораториялық және зерттеулік іс-тәжірибеге қолданады. Мұнайды сусыздандырудың өнеркәсіптік технологиясында көп жұмсалуына және құнының жоғарылығы, сондай-ақ суды тұндырған соң мұнайдан бөліп алудың қиын болуы салдарынан электролит еместерді қолданбайды. Өнеркәсіпте коллоидты типтес БАЗ ең көп қолданады. Олар үш түрлі болып келеді: анион-активті, катион-активті және ионогенді, яғни суда иондар түзбейтіндер. Анион-активтілер (сульфанол, карбон қышқылдары) су қатысуында көмірсутекті бөлігінің теріс зарядталған иондарына және сутегі мен металдың оң иондарын диссоциалайды. Катион-активтілер су қатысуында оң зарядталған радикал мен теріс зарядталған қышқыл қалдығына ыдырайды. Деэмульгаторлар ретінде сирек қолданылады. Ионогенді емес түрлері мұнайларды сусыздандыру технологиясында кеңінен қолданылады.
БАЗ мұнайлар құрамындағы табиғи эмульгаторлармен салыстырғанда жоғарылау беттік активтілікке ие. БАЗ қолданып мұнай эмульсияларын бұзу келесі жайттардың нәтижесі болуы мүмкін:
1) су глобуласы бетінен эмульсияны тұрақтандыратын эмульгаторды адсорбциялық ығыстырып шығару;
2) қарама-қарсы типтегі тұрақсыз эмульсияларды түзу;
3) адсорбциялық үлбірді химиялық еріту.
Сумұнайлы эмульсияларды тұрақсыздандыру өтеді. Тұрақты түрден түзілген тұрақсыз эмульсиялар сосын судың ірі глобулаларына коалесценцияланады және дисперсионды ортадан (мұнайдан) тұнады. Осы тұрақсыздандыру сатысы мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандырудың лимиттеуші қосынды процесі болып табылады. Ол өз кезегінде келесі екі этаптан тұрады:
а) деэмульгаторды эмульсия бетіне жеткізу, яғни диффузиялық процесс болып табылатын тасымалдау сатысы;
б) мұнай эмульгаторымен түзілген брондаушы қабықшаны бұзу, немесе кинетикалық саты.
Суда ерігіштігіне қарай ионогенді емес деэмульгаторларды шартты түрде суда еритін, мұнайда еритін және суда да, мұнайда да еритін деп бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|