Лауазымның функционалдық міндеттері



жүктеу 80,5 Kb.
Дата27.12.2019
өлшемі80,5 Kb.
#25062
түріКонкурс



Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Б» корпусының D-O-2 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін барлық мемлекеттік органның қызметкерлері арасында өтетін ішкі конкурс (2 кезең) жариялайды
Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 31 А, кабинет 212.

Анықтамалар үшін телефон: 32-48-13, электрондық пошта: ukzsp_atyrau@mail.kz
Басқарма басшысының орынбасары (1 бірлік), D-О-2 санаты бойынша лауазымдық айлық ақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 163 233 теңгеден 220 698 теңгеге дейін.

Лауазымның функционалдық міндеттері: Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру, оның орындалуын үйлестіру, әдістемелік жағынан қамтамасыз ету; жұмыссыздық деңгейін азайту және кедейшілік ауқымын кеміту, еңбекақы төлеуді жетілдіру бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар алу. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және облыс әкімі мен әкімдігінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқа мерзімді жоспарын әзірлеуге қатысу. Облыс халқының әлеуметтік әлжуаз топтарына және аз қамтамасыз етілген бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты Қазақстан Республикасының Заңдарын және нормативтік актілерін орындау барысында уәкілетті органдарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Жұмыс орындарын ашу, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, еңбекке орналастыруға жәрдемдесу, жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық дерекқор базасын құру және қолдау мәселелері енгізілген жұмыспен қамту бағадарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін басқа да іс шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету. Нарықтық қатынастар жағдайында және еңбек рыногындағы қажеттілікке сәйкес жұмыссыздарды кәсіби даярлаудың мемлекеттік тапсырысын қалыптастыруға қатысу. Инвестициялық бағдарламалар бойынша ұсыныстарды қараған кезде еңбек рыногының жағдайын ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашу қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу және енгізу. Ақпараттық технологиялар мен программалық қамту жөнінде және халықтың әлеуметтік осал жіктері мен еңбек рыногының ортақ ақпараттық дерекқорын қалыптастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру. Басқарма бөлiмдерiнiң, оның қалалық және аудандық бөлiмдерiнiң жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық жасау. Бұқаралық ақпарат құралдарына берілетін құжаттарды қадағалау. Мемлекеттік стратегияны жүзеге асыруда, қала, аудандық бөлімдерден жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және басқа да салалар бойынша түскен ақпараттық материалдарға талдау жасалуын және оларды жинақтауын қадағалау. Халықты жұмыспен қамту, шетелдік жұмыс күшін тарту, ақпараттық-талдау бөлімдерінің жұмыстарын тікелей қадағалау және үйлестіру. Әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы жоғары органдарға ақпараттар беру. Жұмыспен қамту, әлеуметтік және еңбек мәселелері жөнінде облыстық бағдарламалар әзірлеуге қатысу. Бірлескен міндеттерді шешу мақсатында басқа да жергілікті және аумақтық үкімет органдары, кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасау. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзіне жүктелген басқа да қызметтерді орындау. Басқарма комиссияларының жұмысын үйлестіру. Азаматтардың арыз-шағымдарына қолданыстағы заңдарға сәйкес уақтылы жауап берілуін қадағалау. Жеке мәселелерi бойынша азаматтарды қабылдау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті өз құзыреті шегінде қадағалау. Аумақты дамыту бағдарламасының көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді; кезекті қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру көрсеткіштерінің орындалысын қамтамасыз етеді; мемлекеттік көрсетілетін қызметті өз құзыреті шегінде қадағалайды. Басқарма басшысының жүктеген басқа да міндеттерін нақты және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары: құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару); қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесу өткізудің орны мен мерзімі:

Аталған құжаттар конкурс өткізу туралы интернет-ресурста хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы қабылдау мерзімінде бере алады. Сонымен қатар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды бере алады. Электрондық почта не «E-gov» электронды үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 21.02.2017ж., №40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, оның ішінде конкурс комиссиясы қалыптастырған сұрақтар тізбесіне кірмейтін сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
_________________________________ (мемлекеттік орган)


Өтініш

Мені________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар: _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________ _______________________________________________________________________________ ________________ _____________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))


«___»_______________ 20 __ ж.


 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан


 "Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)









ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

жүктеу 80,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау