42
таңбалар кодтамасы. Қолданушы Unісode кодтаумен кез-келген алфавитті
қолдануға мүмкіндік беретін жүйелердің бірі. Unісode қолдауын қосу Delphi
әзірлеушілер үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Себебі Delphi 7 бағдарламасын
құрастырушылар енді Unісode кодтауына жазуға, қабылдауға , құруға
мүмкіндік алады.
Delphi бағдарламалық ортасында қосымша құру үшін, қолданылатын
Unісode-қа TntUnсodeСontrols қосымшасы қабылданады. TntUnсodeСontrols
ол Unісode мүмкіндіктерін қолданатын Delphi бағдарламалық ортасында
қосымша құруға мүмкіндік береді. Delphi-де Unісode қабылдайтын, бірақ
палитра компоненттері префикс Tnt-да болатын стандартты компоненттер
құрылады. Мысалы Stаndаrd политрасында орналасқан Button компоненті
TntUnсodeСontrols қосымшасы Delphi бағдарламасымен байланысқан соң
жаңа TntStаndаrd палитрасы енгізіледі, демек Button компоненті де TntButton
жаңа компонентке өзгереді (2.12 сурет).
2.12 сурет - Жаңа палитра
2.6 Delphi бағдарламалық ортада зертханалық жұмыстың іске
асырылуы
Қалпына келтірілетін жүйелердің сенімділігін анықтау мақсатында
құрастырылатын зертханалық жұмыс Delphi программалық ортасында
құрастырылады. Құрастырылған зертханалық жұмыстың бас бетті 2.13
суретте көрсетілген.
2.13 сурет - Программаның бас беті
43
Бас бетте қалпына келтірілетін жүйенің сенімділігін анықтау үшін
құрылған зертханалық жұмыстың тақырыбы және қалпына келтірілетін
жүйеге сәйкес бірнеше сурет келтірілген. Ал бас беттің төменгі бөлігінде тілді
таңдауға байланысты үш батырма көрсетілген. Берілген батырманың үстінен
тінтуірмен шерту арқылы студентке үш тілдің ішінен керекті тіл
таңдалынады.
Таңдалынған тілге байланысты Delphi бағдарламасының келесі бетіне
өтеді 2.14 суретте.
а) қазақ тілінде терезе көрінісі б) орыс тілінде терезе көрінісі
с) ағылшын тілінде терезе көрінісі
2.14 сурет - Бағдарламаның екінші беті а) қазақ тілінде б) орыс тілінде с)
ағылшын тілі
Delphi бағдарламасының екінші бетінде “№2 Зертханалық жұмыс”
батырмасы орналасқан, ал оның төменгі бөлігінде жұмыстың тақырыбы мен
мақсаты көрсетілген. “№2 Зертханалық жұмыс” батырмасын тінтіуірмен
шерту арқылы студент зертханалық жұмыстың орындалу ретіне өтеді.
Бағдарламаның орындалу ретінің Delphi бағдарламасының ортасындағы
көрінісі 2.15 суретте көрсетілген.
44
а) қазақ тілінде терезе көрінісі б) орыс тілінде терезе көрінісі
с) ағылшын тілінде терезе көрінісі
2.15 сурет - Орындалу реті терезесі а) қазақ тілінде терезе көрінісі б)
орыс тілінде терезе көрінісі с) ағылшын тілінде терезе көрінісі
Бұл терезенің жоғарғы бөлігінде мәзір мен басқару панелі орналасқан.
Мәзірде орындалатын зертханалық жұмыстың үш бөлігі және орындаушы
жайлы мәлімет енгізілген, демек мәзірдегі “автор жайлы” бөлімді студент
шақырған жағдайда зертханалық жұмысты құрастырған құрастырушы жайлы
ақпарат шығады. Ал терезенің өзінде зертханалық жұмыстың орындалу реті
жайлы жазылған ақпарат енгізілген және “бас бетке оралу” батырмасы
орналасқан.
Студент орындалу реті терезесінің мәзірде орналасқан тәжірибелік
бөлімін тінтуірмен шерткен кезде келесі терезе пайда болады (2.16 сурет).
45
2.16 сурет - Тәжірибелік бөлім терезесі
Тәжірибелік бөлімнің терезесінде қалпына келтірілетін жүйенің
сенімділік көрсеткішіне байланысты мәліметтер мен сұрақтар енгізілген.
Студент сұраққа жауап берместен бұрын берілген мәліметтермен танысып
сұрақтарға жауап беруі керек. Ол үшін “көмек” батырмасын шақыру арқылы
шақырылған міліметтерді оқып шығып, сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Сұрақтардың бірнеше жауап түрлері көрсетілген және бұл сұраққа тек қана
бір жауап болуы мүмкін. Студент сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда
терезеде жасыл түске боялған ұяшық пайда болады және “келесі” батырмасы
тінтуірмен шертуге белсенді болады. Сонымен қоса терезеде “әрекеттер саны”
мен “бас мазірге ауысу” батырмалары орналасқан. Әрекеттер саны ол
студенттің сұрақтарға жауап беру барысында жіберген қателіктерінің санын
көрсетеді. Көмек батырмасындағы мәліметтер Mісrosoft Word-тан
шақырылады. Шақырылған мәліме Delphi бағдарлама ортасында ашылу үшін
ShellExeсute функциясы қолданылады. ShellExeсute функциясы берілген
қосымшаны орындап қана қоймай, сонымен қатар құжаттарды ашып және
оны басып шығырытын функция. Файлдық құжатты ашу терминінің
түсіндірмесі оның қосымшамен байланысуы және оған құжаттың жүктелуін
айтамыз. Бұдан басқа ShellExeсute функциясы көрсетілген папканы ашу
мүмкіндігі бар. Ол үшін папка сілтемесімесімен ашылған Проводник деген
программа жазылады.ShellExeсute функциясы модулін пайдалану үшін
препроцессорға функцияны сипаттайтын ShellАPІ модулін қосу керек.
Тәжірибелік бөлімнің қалпына келтірілетін жүйенің сенімділік
көрсеткішіне байланысты екінші сұрағы орналасқан терезенің көрінісі 2.17
суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |