Лабораториялыќ жўмыстарєа алдын ала


Тақырыбы: “Тұрақты электр тогы” қорытындылау сабағы. Мақсаты



жүктеу 430,45 Kb.
бет3/4
Дата04.12.2017
өлшемі430,45 Kb.
#3204
1   2   3   4

Тақырыбы: “Тұрақты электр тогы” қорытындылау сабағы.
Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз-өзіне баға беруге,

өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға

үйрету.

Осы тарауда нені білді, қандай шамалармен танысты, алған



білімдерін одан әрі қарай дамыту.

Оқушыларды тез ойлауға, тез есептеуге, шапшаңдыққа, жи-

Нақтылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын туғызу.

типі: қорытынды сабақ

түрі: сайыс

көрнекілігі: топтың аттары, бағалау парақтары, портреттер, интер

белсенді тақта, приборлар (амперметр, вольтметр, ток күзі,

кедергі, кілт, сымдар).

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет
Сабақ барысы: Барлығы 30 балл.

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, басшысын анықтау. (I топ Ток күші, II топ Кернеу. III топ Кедергі).

1. Виктариналық сұрақтар

2. Есеп


3. Тәжірибе

4. Шығармашылық жұмыс (топ басшыларымен)

5. “Сен білесің бе?” формулалар бойынша физикалық диктант

6. Қорытынды

7. Үйге тапсырма, бағалау.
I. Виктариналық сұрақтар. Жауап нақты, тез болу керек. Әрбір сұрақ

5 балл. Дұрыс жауабын топтағы әр оқушы интербелсенді тақтаға жазады.
1. Алғаш рет “электр тогы” түсінігін физикаға енгізген ғалым.

2. Өткізгіш бойымен ток жүргенде, онда магниттік қасиеттер туындайды. Қарапайым магнит сияқты ол өзіне ұсақ темір денелерді тартады. Бұл токтың қандай әрекеті?

3. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы:

4. Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күші қалай өрнектеледі?

5. Ток күшін өлшейтін құрал қалай аталады?

6. Тарихта бірінші болып ток көзін ойлап тапқан итальян ғалымы:

7. Өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құрал:

8. Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шама

9. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын кім ашты?

10. Тізбектегі кедергіні өлшеуге арналған құрал:

11. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шама:

12. Меншікті кедергінің белгіленуі

13. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

14. Ом заңынан кедергі неге тең?

15. Электр тогының жұмысын анықтайтын формула

16. Электр тогының қуаты неге тең?

17. Қуаттың өлшем бірлігі неге тең?

18. Джоуль-Ленц заңының формуласы қандай?


II. Есеп шығару. Есептер деңгеймен берілген. Оқушылар есептерді өздері таңдайды. Дұрыс жауабын жұппен тексеру. I деңгей – 3 балл, II деңгей – 4балл, III деңгей - 5 балл.

1. Электр шамының қыл сымы арқылы 10 минутта мөлшері 300 Кл электр өтеді деп алып, шамның ток күшін анықтаңдар. (3)

2. Электр шамының кедергісін анықтау үшін оқушы электр тізбегін құрады. Кернеуі 220 В тізбек тұйықталғанда амперметр 0,5 А-ді көрсетті. Шамның кедергісі неге тең? (3)

3. Кедергісі 0,25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30 А болу үшін қандай кернеу түсіру керек? (3)



4. Ұзындығы 5 км, көлденең қимасының ауданы 65 мм2 болатын мыстан жасалған трамвай өткізгішінің кедергісін есептеңдер. (0,017). (4)

5. Кернеуі 120 В электр шамында 0,5 минут ішінде 900 Дж энергия (А) шығындалған. Шамдағы ток күшінің неге тең екенін анықтаңдар. (4)

6. Шамдар бірдей кернеуге есептелсе, онда олардың қайсысының қылсымының кедергісі көп: қуаты 50 Вт шамның ба, әлде қуаты 100 Вт шамның ба? (5)

7. Тізбектегі ток күші 0,012 А болса, оған 2 мин қосылған гальванометр орамынан өтетін электр мөлшері қандай? (3)

8. Қалта фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі 4,5 В батареяға қосылса, онда осы қалта фонарының электр шамынан өтетін ток күші неге тең болар еді? (3)

9. Амперметрдің паспортында кедергі 0,1 Ом деп көрсетілген. Амперметр 10 А ток күшін көрсетсе, оның қысқыштарындағы кернеуді анықтаңдар. (3)



10. Көлденең қимасының ауданы 2 мм2, ұзындығы 8 м константан сымының кедергісі неге тең? (). (4)

11. Қуаты 100 Вт электр двигателі 6 В кернеуде жұмыс істейді. Электр двигателіндегі токтың күшін анықтаңдар. (4)

12. Бір электр шамының цоколінде 220 В, 25 Вт, ал екіншісінің цоколінде 220 В, 200 Вт деп жазылған. Қай шамның кедергісі көп және неше есе көп? (5)

13. Электр плитасы жарықтандыру желісіне қосылған. Егер плитаның спираліндегі ток күші 5 А болса, оған 10 мин қосылған бауындағы заряд қандай? (3)

14. Егер электр плитасының спиралінің жұмыс уақытындағы кедергісі 24 Ом болса, онда кернеуі 127 В тізбекке қосылған осы плитаның спираліндегі ток күші неге тең болады? (3)

15. Ток күші 0,4 А болатын өткізгіштің кедергісін 20 Ом деп алып, оның ұштарындағы кернеуді анықтаңдар. (3)



16. Егер Алматы мен Жамбылдың ара қашықтығы 650 км болса, ал осы қалалардың арасына тартылған телеграф сымы көлденең қимасының ауданы 10 мм2 темір сымнан жасалса, онда осы телеграф сымының кедергісі қандай?

() (4)

17. Электр трактордың қуаты 38 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр двигателінің тұтынатын ток күшін анықтаңдар. (4)



18. Екі электр шамының қуаты бірдей. Бұлардың бірі 110 В-қа, ал екіншісі 220 В-қа есептелген. Шамдардың қайсысының кедергісі көп? Неше есе көп? (5)
жүктеу 430,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау