Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?



жүктеу 37,02 Kb.
Дата05.01.2018
өлшемі37,02 Kb.
#6995

Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?
Мақсаты:
а) Білімділігі:
Жыл мезгіліндегі өсімдіктер өмірінде болатын өзгерістер жөнінде түсінік беру. Өсімдік мүшелерінің ішінде жапырақтың атқаратын қызметі, түрлері туралы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылығы:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып дүниетанымын кеңейту, өз бетінше жұмыс істеп, қорытынды шығаруға үйрету, өз ойларын еркін айтуға баулу.
б) Тәрбиелілігі:
Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншілігін ояту, оларды қорғай білуге, табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сабақ - презентация.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, көрініс.
Көрнекілігі: Суреттер, плакат, жапырақтар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық.
- Бүгінгі біздің дүниетану сабағымыз қандай болсын деп ойлайсыңдар? (көңілді өтсін, жақсы бағалар алайық, сәтті болсын, әдепті болайық)
- Олай болса, келісіп алайық. Сабағымыз сәтті өтсін десеңдер біз бір - бірімізді сыйлауымыз керек. Бір - бірімізді тыңдап отыруымыз керек. Тыныштықты сақтайық. Келістік пе?
ІІ. Өтілген материалды пысықтау.
а)«Миға шабуыл»
- Өсімдіктер қандай табиғатқа жатады?
- Неліктен тірі табиғатқа жатады?
- Өсімдік өсуі үшін қандай жағдайлар қажет?
- Өсімдіктің мүшелерін ата.
ә) Әр топқа тапсырма беру.
1 - топ. Сұрақтары:
Тамыр деген не?
Тамырдың атқаратын қызметі қандай?
Тамырдың түрлерін ата.
Тамыр неге тереңге кетеді?
Тамыры ұзарып өсетін өсімдіктер қандай жерлерде өседі?
2 - топ. Сұрақтары:
Сабақтың атқаратын қызметі қандай?
Сабақта өсімдіктің қандай мүшелері орналасқан?
Сабақтың қандай түрлері болады?
3 - топ. Сұрақтары:
Жапырақ қандай қызмет атқарады?
Жапырақтың қандай түрлері болады?
Ағаштар жапырағына байланысты қалай бөлінеді?
Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?
б) Ойын «Адасқан жапырақтар»
Шарты: Әр ағашты жапырағымен дұрыс байланыстырады, ағаштың атын айтып, жапырақ пішіндерін айтады.
Сергіту жаттығуы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақты шешкенде «Жапырақ» деген сөз шығады.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күзде жапырақ неге сарғаяды және түседі»
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ә) Жыл мезгілдерін еске түсіру.
Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат көріністерінің суреттерін көрсету.
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Алтын сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
б) Проблемалық сұрақ.
- Күзде жапырақтар неліктен сарғаяды?
в) Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы мәтінді бөліктерге бөліп оқыту, мазмұнын түсіндіру.
г) Көрініс: «Жапырақтың түсі неге жасыл немесе ол неге күзде сарғаяды?»
Көктем келді. Ағаштарда жапырақтар көбейді. Олар күннің көзіне жылынып өсе берді. Бір күні жапыраққа хлорофилл келді:
- Жапырақ, көмектес маған. Менің мекенім, тұратын үйім жоқ. Мені өзіңмен қоса алшы, - деп жалынды.
- Жоқ, сен маған керек жоқсың. Мен сенсіз - ақ та өмір сүремін, сенсіз де әдемімін, - деп хлорофилді қуып жібереді. Хлорофилл жылап әрі қарай кете береді.
Біраз уақыт өтеді. Жапырақтың түсі өзгеріп, бозарып кетіпті. Әлгі әдемі, жасыл түсінен түк те жоқ. Оған сонда ағаш айтады:
- Сен өткенде бекер хлорофиллді қуып жібердің. Онсыз сенің түсің бозарып, сарғайып кетіпті. Қазір күз емес қой.
Сонда жапырақ біраз ойланады да, хлорофилге барып кешірім сұрайды:
- Шырағым, хлорофилл, кешірші мені. Менің сенсіз күнім жоқ екен. Кел, екеуміз бірге өмір сүрейік.
Содан бастап хлорофилл жапырақпен бірге өмір сүріп, оған әдемі, жасыл түс береді екен.
Күндерден күн өтіп жатады. Міне күз мезгілі де келді. Жаз бойы күннің жылуына еркелеген жапырақ күннің көзіне зар бола бастайды. Себебі күзде күн суытып, жаңбыр жиі жауа бастайды. Бұның салдарынан хлорофилл де әлсізденіп қалады. Бір күні ол жапыраққа былай дейді:
- Жапырақ, міне күз келді. Күннің көзінің қызуы азайды. Мен де өз еліме қайтайын. Келесі көктемде біз міндетті түрде кездесеміз, - деп қоштасып кете береді. Ал жапырақ хлорофиллсыз жасыл түсін жоғалтып, сарғайып, қурап қалады.
д) Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмысы.
Хлорофилл - жапыраққа жасыл түс беретін зат.
Көзге арналған жаттығулар.
ІҮ. Сабақты бекіту.
а) Өз біліміңді тексер.
1. Жапырақтың түсі неліктен жасыл болады?
Өйткені су жеткілікті.
Өйткені оларға күннің сәулесі жақсы түседі.
Өйткені жылу жеткілікті.
Оның құрамындағы хлорофилл жапыраққа жасыл түс береді.
2. Күзде жапырақ неліктен сарғаяды?
Күн сәулесі жылуды аз бөледі.
Жарық аз.
Жапырақта хлорофилл түзілмейді.
3. Былтырғы жапырақтар қандай күйге ұшырайды?
Шіриді де топырақтың құнарлылығын арттырады.
Жылдан жылға жинала береді.
Жаңбыр суы шайып кетеді.
4. Жапырақтар қандай қызмет атқарады?
Көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі.
Су ішеді, ауамен демалады.
Қант және крахмал өндіреді.
ә) Оқушылар суретке қарай отырып күзде ағаш жапырақтарының неге сарғаятыны туралы өз бетінше қорытынды шығарады.
б) Қатесін табу.
Қыста – жапырақтар түседі.
Күзде - өсімдіктер көктеп шығады.
Көктемде - өсімдіктер пісіп жетіледі.
Жазда - өсімдіктердің өсуі тоқтайды.
в) Ойын: «Ағаштағы жапырақты жинау»
- Балалар, біздің ағашымызда біраз жапырақтар қалып қойыпты. Қане, соны біз теріп алайық. Егер ағашта жапырақ қалып қойса не болады? (Қар жауғанда қардың салмағымен ағаш сынып кетуі мүмкін)
- Олай болса, біз ағашта қалып қойған жапырақты жинап, ағашқа көмектесейік. Бірақ бұл жай ағаш емес, бұның жапырағының артында бізге берілген сұрақтар бар екен. Қане, соны орындап көрейік. Егер біз оны орындасақ, онда ағашқа көмектесеміз.
Сұрақтар:
1) Жапырақтағы жасыл бояу қалай аталады?
2) Қандай ағаштың жапырағы жүрек тәрізді?
3) 40 метр биіктікке дейін өсетін және жеті жүз жылдан астам өмір сүретін қай ағаш?
4) Өсімдік қандай топырақта жақсы өседі?
5) Қураған шөптер мен жапырақтың қандай пайдасы бар?
6) Жапырағын күзде түсіретін қылқанжапырақты ағашты ата.
Ү. Қорытынды:
а) Мақалдың мәнін түсіндіру.
Адам көркі – шүберек,
Ағаш көркі – жапырақ.
Мұғалім:
- ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы Заңы бар. Сол Заңның 38 - бабында табиғатты қорғау, оны таза ұстау әр адамның міндеті делінген. Балалар, келешекті көркейтетін сендерсіңдер. Сондықтан айналамызды көгалдандыруға, табиғатты қорғауға ат салысайық.
ә) Топтастыру.
- Бүгін жапырақ туралы не білдік?
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:
жүктеу 37,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау