Курстық жоба тақырыбы: Темірбетон көпірін жобалау Орындаған: Кеңес Жасұлан Тобы: 21-дск-1 Тексерген: Кангалакова К. Ж



жүктеу 320,68 Kb.
бет3/6
Дата30.12.2022
өлшемі320,68 Kb.
#40825
1   2   3   4   5   6
Кеңес жасұлан.

Көпірді аралықтарға бөлу

Көпірді аралықтарға бөлу аралықтың таңдалған ұзындығы есебімен берілген ауқым бойынша жүргізіледі. Арқалықтардың биіктігі аралық ұзындығының 1/16 – 1/20 – ға тең қабылданады. Көбінесе, арқалықтың әртүрлі ұзындығы кезінде біркелкі қорама қалыпты қолдану үшін 3.5,3-12 типтік жоба бойынша аладын ала кернеу арқалықтарының биіктігі 12 және 15 м – 0,9 м; 18,21 және 24 м - 1,2 м; 33 м – 1,5 және 1,7 м.
Көпірді аралықтарға бөлу үшін ең алдымен төсеме бойынша көпірдің мөлшерлі ұзындығын анықтау қажет Lн (1.3 сурет). Бұған тіректің болжамды қалыңдық есебімен алынған ауқымның соңғы нүктесінен арқалықтың астына қиылысқанға дейін 1:1,5 еңістікпен конустың сызығын жүргізу керек. А нүктесі төсеме бойынша көпірдің ұзындығының басын анықтайды. Және төсеме бойынша көпір ұзындығының сол жақ нүктесі де анықталады.
Жоғары мұз жүру деңгейінен аралық құрылымның астын көтеру қызылсу мұзы құбылысы мен тамырлы ағаштар ағу болғанда 0,5 метрден 1,5 метрге дейін қабылданады.
Аралықтар ұзындығын құрылыс модульдігі мен үйлестірушілік принциптерін қадағалаумен бекіту қажет. Типтік аралық құрылымның ұзындығы 3,0 м : 12, 15, 18, 21, 24, 33, 42 м. еселігінде қабылданады.
Төсеме бойынша көпір ұзындығы Lн таңдалған ұзындықтағы арқалықтармен жабылады. Мұнда, таңдалған ұзындықтағы арқалықтардың толық саны ұзындыққа сыймайды Lн. Төсеме бойынша көпір ұзындығының ұлғаюы не кемуімен арқалықтар ұзындығының толық саны талап етілетін ұзындықтан 10-20% -дай қабылданады. Егер бұл шарт қанағаттандырылмаса, онда конустар шегінде аз ұзындықтағы арқалықтар орналасады.
Оң және сол жақ конустардағы су тереңдігі бірдей болғаны абзал.
Аралықтарға бөлген соң көпірдің шынайы ауқымын анықтайды. Ол жоғары су деңгейі бойынша есептелген жарықтың аралықтар ұзындығының шамасына тең. Шеткі аралықтарда қашықтық конустан тірекің қырына дейін есептеледі.

1.3 сурет – Төсеме бойынша көпір ұзындығын анықтау

  1. Іргетас түрін анықтау

Берілген геологиялық шарттар мен арнадағы су тереңдігі бойынша іргетас түрін анықтаймыз.
Мен осы курстық жобамда қабықша-қадалы іргетасты таңдадым.
Қабықша-қадалы іргетастарды (1.4 сурет) 3-тен 10 метрге дейін арнадағы су тереңдігінде, тірекке едәуір салмақ салатын, қада қағылмайтын топырақта (30 метрден астам аралықта), сонымен қатар бағаналы ростверксіз тірек жағдайында қолданған тиімді. Тастың диаметрінің өлшемі 0,3 м дейін топырақтан басқа кез келген топыраққа диаметрі 1,6 және 2 м болатын қабықшалардың енуіне мүмкіндік береді. 0,8 м дейін қойтас өлшемі бар қойтасты-қиыршықты топырақта диаметрі 3,0 м болатын қабықшалар қолданылады. Қабықшадан топырақты алу қиындығына байланысты батпақты топырақта тірек-қабықшаларды қолдануға нұсқау берілмейді. Қабықшадағы іргетастар биік және төмен ростверк түрінде қолданылады.
Үйіндінің ұсақтайтын әрекетінен қабықшаны қорғау үшін құрыш қаптама немесе эпоксидті шайыр негізіндегі жабын қолданылады. Қабықшаның суға бату тереңдігі есептеумен анықталады. Курстық жұмыста суға бату тереңдігі ірі құмды, қиыршық тасты, қойтасты топырақта, сонымен қатар аққыштық көрсеткіші 0-0,2 болғанда батпақты топырақта 12 м-ге тең қабылданады. Аққыштық көрсеткіші 0,5-0,8 болғанда сазды топырақта, ұсақ және шаңды құмда суға бату тереңдігі 18 м-ге тең қабылданады. Қабықшаның суға батудың аз тереңдігі жергілікті жырынды сызығынан 4 м-ге төмен болады. Егер жартас топырағына қабықшаның жету кезінде оның суға бату тереңдігі 4 метрден кем болса, онда 1,5-2 м тереңдікке жартасқа қабықшаны бұрғылайды.
Көлемі Г-7 – Г -11,5 және қабықша диаметрі 1,6 м кезінде іргетастағы тіреудің болжамды санын келесідей қабылдауға болады: 20 м аралықта – 2, 40 м аралықта – 4. Басқа диаметр кезінде қабықшалар саынн қабықшалар қимасынының ауданына пропорциональды қабылдау керек.


    1. сурет – Қабықша-қадалы іргетас


  1. жүктеу 320,68 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау