Тіректер түрлерін таңдау
5.1 Аралық тіректерді таңдау
Тіректің түрлері тіректің биіктігіне, мұздың қалыңдығына және аралықтың ұзындығына байланысты таңдалынды. Мен осы курстық жобамда келесі тірек түрін таңдадым, яғни іргетастың кез келген жеріне екі қатарлы тіреу
Тіректің атауы
|
Тіректің жоғарғы биіктігі, м
|
Аралықтың ең ұзындығы, м
|
Мұздың
неғұлым қалыңы, м
|
Ескерту
|
Іргетастың кез келген жеріне екі қатарлы тіреу
|
10
|
42
|
0,8
|
|
1.5.1 сурет – Іргетастың кез келген жеріне екі қатарлы тіреу
5.2 Жағалау тіректерді таңдау
Жағалау тіректер шашылмаған және шашылған болуы мүмкін. Шашылмаған түріндегі тіректе конус тіреудің өз ұзындығының шегі мен оның табанында орналасады. Шашылған тіректерге үйіндінің конусы аралыққа енуі тән. Шашылған тірек бетонды аз шығындайды, бірақ берілген ауқымда көпірдің ұзындығы ұлғаяды. Шашылмаған тіректер ретінде көбінесе артқы қабырғасы бар тіректер қолданылады. 6 м дейінгі үйінді биіктігінде дұрыс болады. Қирау конусының шегінен тыс орналасқан анкерлі тақтамен бекітілген, тіреп тұратын қабырға түріндегі құрамалы темірбетон тіреулер қолданылуы мүмкін. Топырақтың жанама белсенді қысымын ұстап тұру үшін іргетасқа тірелетін артқы қабырғалар орнатылады. Кішірек шеткі аралықтар үшін шашылған тіреулер ретінде тіреулік және бағаналы тіреулер қолданылады. Үлкен аралықтар мен биік үймелер кезінде шашылған монолитті тіреулер қолданылады. Бірақ, қазіргі уақытта құрамалы тіреулер қолдануға ұмтылады. Тіреу немесе бағанадан тік қабырғасы және бағаналы қабықшасы бар тіреулер қолданылады. Мұндай тіреулерді қолдану тіреуге топырақтың белсенді қысымын азайтады. Қабырғаның немесе бағананың үстінен темірбетон ригель салынады. Тік тіреуден басқа үйменің едеуір биіктігінде аз көлденең қиманың көлбеу тіреулерін қолданады. Диван түріндегі тіреулер кесінді аралық құрылымда және үйменің аз шөгіндісінде қолданады.
Шашылған тіреулерде тіреудің алдыңғы шегімен конус бетінің қиылысу сызығы 0,5 метрден кем емес ГВВ-дан жоғары орналасу керек.
Көпірге бір қалыпты кіру үшін және топырақ қысымынан тіреуге салмақты азайту үшін ауыспалы тақталар орналастырады.
Тіреу артына үйменің конусы құрғақ топырақтан құйылады. Мұндай құйманың ұзындығы үйме биіктігінен плюс 2 м, астынан 2 м кем болмауы қажет.. Конустың еңісі үйменің бар биіктігімен бекітілуі керек. Тіреудің артқы шегінен 10 м қашықтықтағы үйменің ені көпірдің әр жағынан таяныштар арасындағы қашықтық плюс 0,5 метрден кем болмау қажет.
Мен осы курстық жобамда жағалау тірегі ретінде отырғыш тік тұрушы тіреуді таңдадым.
Тіреудің атауы
|
Тіреудің жоғары биіктігі, м
|
Үлкен аралықтар, м
|
Отырғыш тік тұрушы
|
10,0
|
40
|
5.2 сурет – Отырғыш тік тұрышы тірек
Достарыңызбен бөлісу: |