Курстық ЖҰмыс пән атауы : Геодезия (баға)


  3.6.1 Теодолиттік түсірілім кезінде камеральдық жұмыстар



жүктеу 1,91 Mb.
Pdf просмотр
бет23/36
Дата07.09.2023
өлшемі1,91 Mb.
#43253
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Курсавой

 


36 
3.6.1 Теодолиттік түсірілім кезінде камеральдық жұмыстар
Жұмыс мақсаты және оны орындауға қойылатын негізгі талаптар
 
Жұмыс мақсаты: студенттерге теодолиттік жүрісті өлшеу нәтижелерін 
камеральдық өңдеу бойынша машықтар сіңіру. Осыған орай тапсырманы 
орындау кезінде студент келесі есептерді шығаруы керек:
1. Теодолиттік жүрістің бастапқы қабырғасының дирекциялық бұрышын 
есептеу.
2. Тұйықталған полигонның бұрыштық үйлеспеушілігін есептеу және 
бұрыштарға теңестіру жасау.
3. Полигонның келесі жақтарының дирекциялық бұрыштарын есептеп 
шығару.
4. Румбтарды немесе кестелік бұрыштарды есептеп шығару.
5. Координаталар биікайырымын есептеп шығару.
6. Абсолютті сызықтық және салыстырмалы жүріс үйлеспеушілігін есептеу.
7. Координаталар биікайырымында үйлеспеушілікті бөлу.
8. Полигонның барлық шыңдарының координаталарын есептеу.
9. Теодолиттік түсірілім жоспарын құрастыру және сызу.
Есептер тушьпен немесе қарындашпен орындалатын сұлбалармен және 
қысқаша түсіндірме жазбалармен қатар жүруі керек.
Есептеуге арналған бастапқы деректерді оқытушы тапсырады. Әрбір 
студентке жеке тапсырма беріледі.
 
 3.6.2 Теодолиттік жүріс пункттары координаталарын есептеу бойынша 
камеральдық жұмыстар
 
Теодолиттік жүрісті өлшеу нәтижелерін өңдеу далалық журналды 
тексеруден басталады. Осыған орай журналда орындалған есептеулерді 
тексереді, өлшеу нәтижелерінің бекітілген шектерге сәйкестігін бақылайды.
Қатені тапқан кезде дұрыс емес нәтижені сиямен бір сызықпен сызып тастайды 
және үстіне дұрыс мәнін жазады. Журналды тексерген тұлға оған қол қояды.
Сызықтар 
ұзындығын 
өлшеу 
нәтижелері 
бойынша 
горизонталь 
қашықтықтарды есептейді. Таспамен өлшенген ұзындықтарды нұсқауларға 
сәйкес көлбеу үшін, салыстыру үшін және температура үшін түзетулермен 
түзетеді.
Тірек желісіне байланыстырудың күрделі жағдайларында теодолиттік 
жүрістің бастапқы пункт координаталарын (21-сурет) және бастапқы 
қабырғаның 1 -2 дирекциялық бұрышын есептейді.
Кез келген ыңғайлы масштабта теодолиттік жүрістердің сұлбасын, 
өлшенген бұрыштар мен қабырғаларының ұзындығын пайдалана отырып 
құрастырады.
Теодолиттік түсірілім бойынша камеральдық жұмыстар жүргізу үшін 
бригада төмендегілерді пайдаланады:
1) нүктелер координаталарын есептеу ведомостары және горизонталь 
салынулар журналы;


37 
2) горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу журналы;
3) тригонометриялық функцияның алты мәнді кестелері; 
4) координаталар биікайырымының кестелері; 
5) калькуляторлар;
6) 1:5000, 1:2000, 1:1000, 1:500 масштабтарының топографиялық 
жоспарларына арналған шартты белгілері;
7) Дробышев сызғышы;
8) сызу тақтасы, қағаз, сызу аспаптары мен керек-жарақтары.
Камеральдық жұмыстарды далалық журналдардағы есептеулерді және 
горизонталь бұрыштардың орташа мәндерін есептеуді мұқият тексеруден 
бастайды, тек осыдан кейін далалық журналдар деректерін одан арғы 
есептеулер үшін пайдаланады.

жүктеу 1,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау