З. Оқу процесін түсіну және сезіну
Бұл принцип саналы оқу принципіне қайшы келмейді. Саналы оқу дегеніміз берілетін білімді ұғынуға бағытталған. Ал, оқуды түсіну (сезіну) оқушы өз бойындағы оқудан алған өзгерістерді байқауы: бұған дейін мен мынаны білуші едім, осы пәнді оқу арқылы мынадай жаңа нәрсе ұйрендім дегенді сезіну. Осы тұрғыдан алғанда саналы оку мен оқу процесін түсіну, сезіну әртүрлі психикалық іс-әрекетпен байланысты. Мысалы: шығарма кейіпкерінен үлгі алуға тырысады. Оның жақсы қасиеттерін үйреніп, соған жету үшін өздерін өздері дайындайды. Осыған байланысты " Жаяу Мұса" әңгімесі бойынша мынадай сұрақтарды беріп, балаларға ой тастауға болады.
Мысалы:
а) Шоқан неге Жаяу Мұсаға оқуы үшін ақшаны өзі төледі? Әлде оған қарыздар ма? Ол нені жоғары қойьш отыр? (достық, адамгершілік, қамқоршы болу, дарындылықгы өнер биігіне шығару т.б.)
ә) Шоқанның осындай қасиеті сендерге ұнай ма? Сендер достықты бағалай білесіңдер ме? Жалпы достық деген не? Ақша қымбат па, әлде достық па? (Достық туралы мысалдармен байланыстырып, өмірден достыққа байланысты деректер келтіріледі)
Оқу процесін түсіну (сезіну) баланы өз-өзіне қорытынды жасауға, сын көзбен қарауға тәрбиелейді. "Мен қандаймын?", "Мен не білуші едім, не үйрендім ?", "Маған нені білу (үйрену) қызық болды?" деген рефлексия дамиды.
4. Сабақ материалын жеделдете өту
Бұл принципке қарсылық білдірушілер табылуы мүмкін. Өйткені, әр тақырыпқа, әр тарауға берілген сағат саны бар, одан асып қайда барамыз деуі мүмкін. Дей тұрғанмен егер оқушылар білім деңгейі, сынып ерекшелігі мүмкіндік туғызып тұрса, бір мақсатты көздейтін жаттығулар, есептер орындаумен уақыт кетіру қателік сияқты. Бала өз табиғатында жаңалыққа қүмар, жаңа нәрсе білуге ұмтылып тұрады. Ендеше мақсаты, мазмұны бір тақырыппен мезі қылу бала дамуын тежейді. Бұдан қайталаулар санын қысқарту керек, жаттығулар санын азайту керек деген ұғым тумаған дұрыс. Жүйе әрбір жұмыс түрін орындауға жаңаша көзқараспен қарауға, баланың дамуына әсер ететін жағын ойластыруды көздейді. Мүмкін болған жерде қазақ мектептерінде қосымша материалдар, қызықгы есептер, жаттығулар дайындап келіп, сабақта Орындату окулықтардағы олқылықтарды толтырар еді. Бұдан білім алу сапасы артары сөзсіз.
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жұмыс істеу
Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ерекшелігі сынып окушыларын " жақсы "жаман" деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді.
6. Оқытушы мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас орнату
Осы кезге дейін ұстанып келген мұғалімнің сыныпта беделі болуы, ол беделді балаларды қорқыту, зеку, айтқанын қалайда орындату (баламен санаспай) арқылы жинау, баланың дамуына үлкен кедергі жасап келді.
Қарапайым ғана мысал: Сұраққа дұрыс жауап бермеген балаға "отыр,- білмейсің" деген қатал үн қандай әсер етеді. Ол бала енді дұрыс жауапты ойламайды, жауап беруге құлшынбайды. Осылай бірнеше рет қайталанған ,ескерту әлгі баланы жасқаншақ, өз ойын айтуға қорқатын, бірте-бірте ақыл-ойы төмендеген, белсенділігі жоқ оқушыға айналдырады. Ендеше оқушыны кішкентай бала емес, адам деп қарау, оның жан дүниесін сезіне білу, көзқарасымен, пікірімен санасу, құрметтеу, білім алуға қажетті фактордың бірі болып есептеледі. Бала кездегі қарым-қатынастар, анасының, мұғалімнің, жолдастарының түсіністігі, сыйластығы есейген кезде әртүрлі жағдайда өзін дұрыс ұстауға, еркін сезінуге тәрбиелейді. Баланың әрбір жетістігін көріп, оны ынталандырып отыру, оны жоғары эмоциялық көңіл күйге бөлейді. Ол жауап беріп тұрған кезде мұғалім қызыға тыңдап, қалған оқушыларды да соған жұмылдырып, сыныпта ерекше жағдай жасауға тырысуы керек. Қате айтылған жауапты да әдеппен "Сен осылай айтқың келіп тұр ғой" деп демеп жіберсе , бала бойында сенім пайда болады.
Мұғалім әрбір пәннің ғылыми негізін дұрыс түсініп, берілетін материалды ғылыммен негіздеу, қосымша материалдармен байыту жағына баса көңіл бөлгені жөн. Әсіресе, тіл, дүниетану, эстетикалық циклдағы пәндерді оқытуда оқушыларды сол оқып отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіруге үйрету олардың дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін байытады. Әрбір берілген тапсырма еңбек етуге, тынымсыз ойлауға, ақыл-ой белсенділігін арттыруға бағытталуы тиіс. Бала өзі орындаған жүмысынан, жеңген қиындығынан ләззат алуы керек. Ойланатын, ойландыратын тапсырмалар ғана баланың ішкі резервтерін ашуға мүмкіндік береді.
Кейде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға тапсырмалар беруге болады. Мысалы: 26-ны 3-ке көбейту. Бұл өтілмеген материал, бірақ мұғалім балаларды "сендер орындай аласыздар деп ойлаймын" деп рухтандырып, дем беріп қояды.
Тапсырма алған оқушылар ізденуді бастайды. Бірі таблицадан тыс жолмен көбейтеді, екіншілері бірліктерінен бастап көбейтеді, ал үшіншілері қосу амалы арқылы табуға тырысады. Міне, нағыз шығармашылық, содан, соң мұғалімнің басшылығымен қай жол жеңіл, ыңғайлы екенін дәлелдеп, жұмыс қорытындыланады.
Дәстүрлі сабақ беру әдісімізде сұрақ-жауап әдісі көп қолданылады [17]. Көп жағдайда қойылған сұрақгар өте жеңіл болып жатады. Мысалы: Мына дыбыс дауысты ма? Дауыссыз ба? Немесе әңгіменің кейіпкері не істеді? Қайда барды? Қайдан келді? сияқты болып келеді. Бұл сұрақгар баланы ойландырмайды, тек естеріне түсіруді талап етеді. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақгарда сұрақ қоюға үлкен мән беріледі. Әрбір оқушы ақылын, ойын дамытуға лайықталып беріледі. Мысалы: "Мына дыбыс туралы не білесіңдер?", "Оқыған әңгімедегі оқиға туралы өз ойларыңды айтындар", т.б. Оқушы жауап бергенде де "Менің ойымша", "Мен мынаны қосқым келеді", "Мен келіспеймін" деп жауап беруі керек, солай талап еткен дұрыс. Бұл балаларды бірін-бірі толықтыруға, сыйлауға, түзетуге үйретеді. Күнделікті сабағымызда, сыныптан тыс жүмыстарда, топсеруендер кезінде баланың ішкі сезімдеріне әсер ету, көру арқылы байқағыштық қабілетін дамытуға көңіл бөле бермейміз.
Байқау-қоршаған ортамен байланысу деген сөз. Ал, ортаны білу, тану көп жағдайда үстірт болып жатады. Мысалы: табиғат туралы оның тек бала өзі көріп, біліп жүрген тек сыртқы белгілерін ғана сөз етеміз, қүстар туралы да тек олардың суреттерін көрсетіп, аттарын атаумен шектеліп келдік. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Бағдарламадан тыс ешнәрсе айтуға болмайтын еді. Бұл баланың жүгін ауырлату деп есептелінді [2].
Бірақ бүгінгі күні біздің алдымызда отырған баланы осыдан 10 тіпті 5 жылғы баламен салыстыруға болмайды. Бүгінгі оқушы өмірдің өзінен көп білім алып келеді, радио, теледидар басқа да ақпарат құралдары кеңінен жұмыс істеп мағлұматтар нөпірі ағылуда. Осындай кезенде біз сабағымызды қарапайым, жеңіл-желпі біліммен шектелс, баланың рухани күші төмендеп, даму саябырлайды. Ендеше баланың ішкі мүмкіндіктерін ескере отырьш, оның ойлау қабілетін арттырып, адамгершілік, көркемдік сезімдерін, басқа да қасиеттерін, байқағыштығын дамытуға бағытталған тапсырмалар ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шығармашылықгы талап етеді.
Байқағыштық деген не? Затты (суретті), көріністі қарауда негізгі нәрсе-қабылдау. Соңдықтан көрген нәрсенің әрбір ерекшелігін байқауға үйрету керек. Өмірде қарап түрып, ешнәрсе көрмейтін адамдар бар.
Мұндай кемшілік олардың рухани дүниесінің кедейленуіне әкеп соғады, көп жағдайда ұтылыста қалдырады. Ақын мен ғалым суреткерлердің байқағыштық қабілетінің жоғары болуы текген тек емес. Чарльз Дарвин өз өмірбаянында "Мен ойжүректігіммен, үшқырлықпен емес кейбір адамдар байқамай қалатын , назардан тыс қалатын нәрселерді көріп, талдай алуыммен ерекшеленемін деп ойлаймын" деп жазған екен. Ал байқамаудан жіберілетін қате қаншама. Математика кеңестер одағында көп қате ұқыпсыздықтан, жеке назар аудармаудан кетіп жатса, тіл сабағында грамматикалық ережелерді қолдану үшін, сөзді сөз елегінен өткізуге тура келетін кездер өте көп.
Еңбек, бейнелеу өнері, дүниетану сабақгарынан да көптеп мысалдар келтіруте болады. Демек, бастауыш сынып окушыларының байқағыштық қабілетін дамыту көрнекілікпен жұмыс істеу кезінде басты назарда болғаны дүрыс. Тіпті арнайы жұмыстар жүргізуге болады. Мысалы, оқушылар алдында оларға белгісіз құстың тұлыбын, өсімдіктің кептірілген гербарийін қойып, ұқыптылыкпен қарап, суреттеуге тапсыруға болады. Алдын ала тапсырмалар берілмеуі шарт. Осылай ғана олардың байқауының қандай дәрежеде екенін анықтауға болады.
Қоршаған ортаны тануды, жаңа ұғымдар беруде көрнекі құралдардың маңызы зор. Әсіресе бірінші, екінші сыныпта баланың сабаққа қызьтғушылығын арттыру үшін көрнекіліктің мол, көркем, ашық болғаны дұрыс [9].
Бірақ көп жағдайда көрнекілік атын кез келген сапасы төмен, білімдік, танымдық жағынан берері аз дүниелер жамылып жатады. Бірақ сабақта бірнеше сурет, альбом, диафильм т.б. көптеген нәрселер бірінен соң бірі баланың көз алдында зуылдап ағылып жатады. Олармен жасалған жұмыстар да қарапайым ат үсті дәрежеде.
Оның орнына қажетіне қарай орынды, сабақ мақсатына сәйкес, әсіресе дамытушылық мақсат көздейтін көрнекіліктер қолданудың жөні басқаша. Өзін көре алмайтын, қолымен ұстай алмайтын заттардың көрнекілік ретінде сабақган орын алғаны дұрыс. Көрнекілікпен жұмыс істегенде де мұғалім барлық мәліметтерді өзі айтып бермей, балалардан сұрап, көзін жеткізіп, дәлелдетіп отыруға дағдыландыру керек. Осылай жұмыс істету арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамытуға, белсенділігін арттыруға болады.
Дамыта оқыту жүйесі дидактикалық принциптерінің ішінде "Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы" жайлы ешнәрсе айтылмайды. Өйткені оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, құлықтылығын қалыптастыру арнайы жарияланбағанымен тұгас жүйе, .оның құрамдас бөліктері, әдістері арқылы іске асып жатуы ойластырылған.
Дамыта оқыту жүйесінде арнайы, жаңадан ойлап табылған әдіс-тәсіл жоқ. Өзіміз қолданып жүрген әдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады. Сондай-ақ жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың мәні зор. Мысалы: дәстүрлі сабақтардағы сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері балалардан таныс нәрсені сұрап білуге негізделеді. Ана тілі сабақтарында тақырыптық мазмұны бойынша, қазақ тілі, математикада материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау мақсатында сұрақ қойылып, жауап алынып жатады. Бір ғана жауабы бар сұраққа жауап та, тек бір сөзді қосып қайта айтып беруыен қайтарылады. Мысалы:
-Балалар қайда барады?
-Балалар мектепке барады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруте дағдыланады. Мысалы: "Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың?" деген сұрақ.
Көрнекілік т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле, күрделендіріле пайдаланылады.
Дамыта оқыту сабақгарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөледі. Өйткені, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді.
Талдау-бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мүғалім әр баланың көңіл -күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Әсіресе оқу сабақгарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады [10].
Бұл жүйедегі баланы ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі-салыстыру әдісі. Салыстыру деген не? Философиялық сөздікте "салыстыру объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Қорытудың алғы шарты",- делінеді. Салыстыру неғұрлым қарапайым, бірақ аса мәнді ойлау операциясы, оқушының талдау, жинақтау қызметінің маңызды жағы заттар мен құбылыстарды салыстырмайынша олардың елеулі белгілерін анықтау мүмкін емес.
Айналаны тануда салыстырудың мәні зор. Бұл туралы К.Д.Ушинский [3]: "... салыстыру ойлаудың және қабылдаудың негізі" - деген.
Дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Заттарды салыстыра отырып түсіну тек адамға ғана тән. Балалар салыстыру тәсілдерімен мектепке келгенге дейін де біршама танысады. Ал, мектепке келген соң, оқудың алғашқы күнінен бастап бұл тәсіл тұрақты пайдаланыла бастайды.
Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын оңай, көрнекі етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгілі мен белгісіз арасындағы көпір сияқгы, оқушыларға өмірінен тысқары білімді меңгеруге көмектеседі. Салыстыра отырып, оқушы заттар мен объектілердің байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықгауға үйренеді. Баланың байқампаздығьт артады. Ал байқампаздық- баланың жалпы дамуындағы негізгі психологиялық компонент болып табылады. Оқушы салыстыра отырып, бұрынғы өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренеді. Неғұрлым салыстыру жұмысы тиімді ұйымдастырылса, соғұрлым білім алудағы формализм жойылып, ең негізгісі оқуға деген қызығушылық арта түседі.
Заттарды салыстыра отырып, тек ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызып қоймай, олардың себептерін айқындатудың бала да. уы үшін маңызы зор. Біріншіден, заттардың әртүрлі белгілерін таба білуге үйренсе, екіншіден қабілеттері дамиды. Бастауыш сынып оқушылары салыстыра білмейді, сондықтан бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Ол үшін оның кезеңдерін, неден басталып, немен аяқталатынын,белгілерін білу керек. Белгі дегеніміз-заттарды басқа заттардан ажырататын көрініс. Бұл жұмыстың нәтижесінде жоғарыда айтылып кеткен байқампаздық арта түседі [11].
Достарыңызбен бөлісу: |