|
Курстың андатпасы
|
Дата | 28.11.2017 | өлшемі | 11,49 Kb. | | #2364 |
| - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
- Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
-
- Ә. Ж. Бүркітбаев атындағы өнеркәсіптік инженерия институты
- Полиграфия өндірісінің технологиясы және машиналары кафедрасы
-
- Оқытушы:
- Лектор: Медетбекова З.О.
- Педагогикалық өтілі - 17жыл
- Ғылыми-пелагогикалық өтілі - 17 жыл
- 3 курс
- Мамандығы : 5B072200 – «Полиграфия»
- Кредит: 3
- Семестр: 5
- Алматы 2016
Курстың андатпасы - «Полиграфиядағы шығын материалдары» пәнін оқытудың мақсаты:
- пәнінің мақсаты студенттерге қазіргі заманда кеңінен қолданылатын полиграфиялық материалдардың қасиеттері, оларға қойылатын талаптар, оларды технологиялық операцияларда тиімді түрде қолдану жолдары, оларды дайындау технологиясы қарастырылған.
Пәнді оқытудың негізгі мәселелері: - “Полиграфиядағы шығын материалдары” пәнін оқып-үйренудегі негізгі мәселе 5В072200 – Полиграфия мамандығының бакалавриаты бойынша оқитын студенттерді полиграфиялық материалдардың негізгі және қосымша түрлерін біліп тану, олардың түрлері мен қасиеттерімен танысу, полиграфиялық өндірісте қолдану аймағын ажырата білу, шығарылатын өнімнің түріне байланысты материалдардың жаңа түрлерін таңдап, олардың қажетті шығынын есептей алуына өз үлесін қосу
Күтілетін нәтижелер: - полиграфиялық материалдардың номенклатурасын түсіну;
- полиграфиялық өндірістің технологиялық процесінде қолданылатын полиграфиялық материалдарды қолдану;
- жаңа полиграфиялық материалдарды қолданып баспа өнімін дайындау.
Әдістері және оқыту түрі - Пререквизиттері: Химия.
- Полиграфия өндірісінің негіздері
- Постреквизиттері:
- Полиграфиялық жабдықтарды пайдалану.
- Инженерлік коммуникацияларды жобалау
| | | - Академических часов в неделю
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | - Пәнді оқып үйренудің нәтижесінде студенттер келесі мәселелерді білуі керек:
- полиграфиялық өндірісте қолданылатын өнімдердің түрлерін;
- материалдардың құрамы мен қасиеттерін;
- полиграфиялық өндірістің негізгі және қосымша материалдарын;
- қазақстандық мекемелерде қолданылатын жаңа материалдардың түрлерін.
- Меңгеру керек:
- полиграфиялық материалдардың номенклатурасын түсіну;
- полиграфиялық өндірістің технологиялық процесінде қолданылатын полиграфиялық материалдарды қолдану;
- жаңа полиграфиялық материалдарды қолданып баспа өнімін дайындау.
- Пәнді білу келесі мамандыратын кәсіби пәндерді меңгеруге мүмкіншілік туғызады.
Бағалау формасы: Ағымды бақылау: семестр бойынша 13 рет (7 зертханалық жұмыс, 6 СӨЖ ) Аралық бақылау:семестр бойынша 2 рет Емтихан: емтихандық сессия кезенінде семестр бойынша 1 рет Бағалау критериі: Ағымды бақылау 49 % Аралық бақылау 11% Емтихан 40% - «ПӨТ және М» каф.лекторы
- Полиграфиялық жұмыс өтілі 17 жылдан астам.
- Педагогикалық еңбек өтілі - 17 жыл.
- Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 17 жыл.
- Дипломдық жобаның/жұмыстарының жетекшісі.
- Курстары бойынша оқитын үлгерімнің орташа балл туралы ақпарат 90%
Баға қою саясаты: - СӨЖ бағасының критериясы: таңдалған тақырыпты түсіну; материалды анық, нақты айтып беру; технологиялық процестерді жобалау, материалдың презентациясының жақсы болуы.
- Соңғы емтихан бойынша баға қою критериясы: берілген альтернативты жауаптарды таңдау дұрыстығы, тәжірибелік мәселелереді шешу әдептілігі.
-
Курстың саясаты келесі талаптардан құралады: - Сабақтан қалмау және кешікпеу керек, сабақ үстінде ұялы телефонды өшіру керек, ұқыпты және міндетті болу керек. 20 %астам сабақтан қалу судентті пәннен алып «F» бағасын қоюға әкеледі. Егер де дәлелді себептермен дәріс сабағына, аралық бақылауға, емтиханға келе алмаса оқытушыны алдын ала ескертуге міндеттісіз. Себепсіз сабақтан, аралық бақылаудан немесе емтиханнан қалу қайта тапсыру құқығынан айырылады.
- Силлабуста көрсетілген уақыттан асып кеткен жағдайда тапсырманың барлық түрі қабылданбайды және бағаланбайды.
-
Академиялық тәртіппен этиканың саясаты: - Өзгенің пікірін сыйлаңыз, шыдамды болыңыз. Қарсылық пікіріңізді әдепті түрде білдіріңіз.
- Плагиатқа және де әділетсіз жұмыстарға жол берілмеу керек. Аралық бақылау, емтихан кездерінде сыбырлап айтуға, көшіріп алуға, бөтен жауапты көшіруге, емтиханды басқа студенттің тапсыруына жол берілмеу тиіс. Курстың қандай да ақпараттын жасандылық жасағаны /фальсификация/ дәлелденген студентке «F» бағасы қойылады.
- Көмек: пән бойынша өзіндік жұмысты орындау және тапсыру немесе қорғау үшін сонымен қатар өткен тақырыптарға байланысты қосымша ақпаратты алуға байланысты оқытушының кеңселік сағатына қарай кеңес алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|