8. Рефлекторлы доға бөлімдеріне .... кіреді. В) синапстық және орталық С) орталық және эфференттік Д) рецептор және эффектор Е) афференттік және орталық
9. Жұлынның 3-12-кеуде сегменттерінен адамда иннервацияланады:
сезімтал талшықтарымен дене терісін және бұлшық еттерін
қозғалғыш талшықтарымен дене бұлшық еттерін
қозғалғыш және сезімтал талшықтарымен қолдың терісін және бұлшық еттерін
қозғалғыш талшықтарымен аяқтың терісін және бұлшық еттерін
дұрыс жауабы жоқ
10. Адам жұлынының бел сегменттерi ... иннервациялайды. А) табан жамбас В) кеуде, жамбас С) жамбас, аяқты Д) ано- генитальды аймақ, жамбас Е) бет, ано- генитальды аймақ,
11.Антагонист бұлшықеттердiң мотонейрондарында пайда болатын тежелудi ... деп атайды.
реципрокты /қарама-қарсы/
пресинаптикалық
постсинаптикалық
қайтымды
пессимальдi
12. Тежеушi медиаторларына ... жатады.
ГАМК, глицин
энкефалиндер, Р- субстанция
ацетилхолин, адреналин
эндорфиндер, ГАМК
эндорфиндер, адреналин
13. Тiзе рефлекстi қамтамасыз ететiн нейрондар ... орналасады.
II-IV бел сегменттерiнде
жұлынның сегiзкөз бөлiмiнде
жұлынның кеуде сегметтерiнде
Х-ХII кеуде сегменттерiнде
жұлынның мойын сегменттерiнде
14. ОЖЖ-iндегi тежелудi алғаш рет... ашқан.
Сеченов И.М.
Павлов И.П.
Анохин П.К.
Декард Р.
Шерингтон Ч.
15. ОЖЖ-нiң физиологиясында терiс керi байланысты ... тежелу көрсетедi.
қайтымды
cеченовтың
реципрокты
прессинаптикалық
постсинаптикалық
16. Жүйке орталықтарының негiзгi қассиеттетiнiң бiрi доминанта, оны ... ашқан.
Ухтомский А.А.
Введенский Н.Б.
Быков К.М.
Парин В.В.
Анохин П.К.
17. Сезгiш жолдарды кесiп тастаса жүйке орталықтың тонусы ... .
жойылады
жоғарлайды
төмендейдi
өзгермейдi
фазалық түрiнде өзгередi
18. Сеченовтың тежелуi дегенiмiз ... .
Реншоу жасушаларының қозуы, қышқыл рефлексi уақытының ұзаруы
Реншоу жасушаларының , рефлекс мотонейрондарының мембранасының
гиперполяризациясы
Реншоу жасушалары қозуы, мембрана деполяризациясы
Реншоу жасушалары қозуы, қышқыл рефлексi уақытының қысқаруы
Реншоу клеткаларының тежелуi, постсинаптикалық мембрананың гиперполяризациясы
Әдістемелік нүсқау № 4.
1.Тақырыбы: Вегетативтік жүйке жүйесіне функционалды сипаттама.
2.Мақсаты: ВЖЖ-нің симпатикалық және парасимпатикалық физиологиясын оқып үйрену,
3.Оқыту мақсаты:
ВЖЖ-ң парасимпатикалық бөлімінің орталық, преганглионарлы талшықтар, ганглилер, постганглионарлы талшықтарды сызбадан көрсете алу;
Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің құрылысының сызбасын сызу;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Симпатикалық жүйке жүйесінің орталықтық және шеткі бөлімдері туралы түсінік.
2. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталықтық және шеткі бөлімдері туралы түсінік.
3. Вегетативтік және соматикалық жүйке жүйесі бөлімдерінің бірігуі:
4. Вегетативтік жүйкелендірудің маңызы;
5. Жүйкелендірілген ағзаның жағдайына қарай вегетативтік жүйкені тітіркендіруге тәуелділігі.
6. Тері бездер және қан тамырларының жүйкелендіру ерекшеліктерін атаңыз.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырып бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындау, хаттамаларды дайындау.
Лабораториялық жұмыс №1.
Тыныс ырғағының бұзылу белгілері (Геринг рефлексі).
Зерттелуші адамның білегінен пульс жиілігін есептейді де, бірнеше рет терең дем алуын өтінеді (дискомфорт сезіміне дейін). Оны бастапқы алынған нәтижемен салыстырады. Тамыр соғысы 10-12 ретке баяулауы тиіс.
Вегетативтік жүйке жүйесінің рефлекстері бұзылған жағдайда, тамыр соғуы жиілеп кетеді.
Вегетативтік рефлексті орындау кезіндегі алынған мәліметтер ВЖЖ–нің ЖТЖ-не нақты әсерін көрсетеді.
6. Әдебиет. № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
1. Симпатикалық жүйке жүйесін тітіркендірсе:
А. жүрек жиырылуының жиілігі және күші жоғарылайды
В. асқазан қызметінің моторлық және секреторлық қызметін күшейтеді
С. жүрек жиырылуының жиілігі және күшін төмендетеді.
Д. сілекей бездері және тіл тамырларын кеңітеді
Е. көз қарашығын тарылтады
2.Симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы ... орналасқан
А.жұлынның торако-люмбальді бөлімінде
В.сопақша мида
С.жұлынның кеуде бөлімінде
Д.көпірде және мишықта
Е.ортаңғы мида
3. Жүйке жүйесі парасимпатикалық бөлімінің тонусы жоғарыласа көз қарашығы
А. тарылады
В. кеңейеді
С. кеңейеді, содан кейін тарылады
Д. өзгермейді
Е. тарылады, содан кейін кеңейеді
4. Жүйке жүйесі симпатикалық бөлімінің тонусы жоғарыласа көз қарашығы
А. кішірейеді
В. ұлғаяды
С. тарылады, содан кейін кеңейеді
Д. өзгермейді
Е. кеңейеді содан кейін тарылады
5. ... жүйке талшықтарын тітіркендірсе тамырларды тарылтады
А. симпатикалық және адренэргиялық
В. симпатикалық және холинэргиялық
С. парасимпатикалық және холинэргиялық
Д. парасимпатикалық және серотонэргиялық
Е. соматикалық және холинэргиялық
6. Кезбе жүйкесінің перифиялық бөлімін тітіркендірсе:
А. жүректің жұмысы баяулайды, АҚ жоғарылайды
В. жүректің жұмысы жиілейді, АҚ төмендейді
С. жүректің жұмысы баяулайды, АҚ төмендейді
Д. жүректің жұмысы жиілейді, АҚ жоғарылайды
Е. жүрек жұмысы және қан қысымы өзгермейді
7. Қыша қағазын қойғанда тамырлардың жергілікті кеңуі ... жүзеге асады
А.Бейнбридж рефлексімен
В.аксон рефлексімен
С.аорталық рефлекспен
Д.Цион-Людвиг рефлексімен
Е.Парин рефлексімен
8. Парасимпатикалық жүйкелерді тiтiркендiргенде сiлекей бездерiнiң секрециясы ... .
А. көбейедi
В. азаяды
С. өзгермейдi
Д. көбейеді,сонан кейін азаяды
Е. азаяды,сонан кейiн көбейедi
9. ...ішкі ағзалардың тамырлары кеңейеді
А. симпатикалық жүйке тонусын жоғарылатса, белсенді түрде
В. парасимпатикалық жүйке тонусын жоғарылатса, белсенді түрде
С. парасимпатикалық жүйке тонусын төмендетсе,енжар түрде
Д.соматикалық жүйке тонусын жоғарылатса, белсенді түрде
10.Тыныстың рефлекторлық реттелуі ... импульстердің түсуімен жүзеге асырылады
А. альвеоланың механорецепторлары,проприорецепторлардан
В. тамырлардың механорецепторлары және проприорецепторлардан
С. мұрын кілегей қабаты рецепторлары және қаңқа бұлшықет проприорецепторларынан
Д. сопақша ми хеморецепторлар және ішкі ағзалар интерорецепторларынан
Е. қаңқа бұлшықеттердің проприорецепторларынан
Әдістемелік нүсқау №5
1. Тақырыбы: Бүйрек үсті безінің қыртысты және милы қабаттары гормондарының физиологиялық маңызы.
2. Мақсаты: бүйрек үсті безінің мийлы және қыртысты заттының морфофункционалды сипаттамасын оқып үйрену.
3. Оқыту мақсаты:
ішкі сөлденіс бездерінің топографиясы
гормоналды реттелу нәтижесін бағалау
ішкі сөлденіс бездерінің қызмет бузылу барысындағы клиникалық белгілерін анықтау
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Эндокриді жұйенің құрылымдық функционалдық ұймдастыруы.
2. Гормондардын әсер ету механизімі
3. Эндокринді бездердің транс және парагипофизарлы реттелісі
4. ІСБ-ның жұйке жүйесімен байланысы.
5. ІСБ- ның әдісін оқып үйрену.
6. Өздігінен реттелістің жергілікті және гормоналды жүйелік.
7.Гипоталамо-гипофизарлы жүйе. Гипоталамус нейросекреттері: либериндер және статиндер.
8.Гипоталамустың гипофизбен функционалды байланысы.
9. Адено-нейрогипофиздың гормондары.
10.Қалқанша безі. Тиреоидты гормондардың және олардың организмдегі маңызы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамаларды дайындау.
6. Әдебиет. № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Есептер
1. Жеткіншектің жасы 10-да, бойы 178 см, салмағы 64-кг. Ол қандай эндокриндік без қызметінің бұзылу салдарынан?
2. Адамда қалқанша без белгісінің көлемдік ұлғайғаны анықталды. Топырағы мен су құрамын ескеріп тамақпен судағы қандай заттардың жетіспеушіліктері туралы айтуға болады?
3. Ағзаларды көшіргенде (жүрек, бүйрек) не мақсатта гормондық ем қолданады. Ол үшін қандай гормондарды қолдануға болады?
4. Көмір сулар алмасуын қайсы гормон реттейді?
5. Кальций мен фосфор тұздарын реттеуде қандай эндокриндік бездер қатынасады?
6. Су мен тұз алмасуын реттеуге қандай гормондар қатынасады?
7. Қандай эндокриндік бездер ақуыз алмасуы мен ағзаның өсуін реттеуге қатысады.
8. Науқасқа ұзақ мерзім ішінде қолданылатын гормонның әсерінен науқас терісінің қараюы, ұлпаның майлы қабатының жұқаруы байқалады.
Науқасқа қандай гормон қолданылатынын түсіндір.
Тесттер
1. Қалқанша маңы бездерiнiң гормонына ... жатады.
паратгормон
тирокальцитонин
инсулин
глюкагон
альдестерон
2. Паратгормонның қанға бөлiнуi ... тудырады.
кальцийдiң жоғарылауын
кальций төмендеуiн
амин қышқылдарының жоғарылауын
амин қышқылдарынын төмендеуiн
фосфордың жоғарылауын
3. Менструалды циклды бақылайтын гормондарға ... жатады.
ФСГ, эстрогендер, ЛСГ, прогестрон
меланотропин, андрогендер, ЛСГ, прогестрон
СТГ, ФСГ, прогестрон, эстроген
ФСГ, глюкагон, СТГ, паратгормон
ФСГ, инсулин, прогестрон
4. Инсулин ... .
гипогликемия тудырады, клеткалармен глюкозана пайдалануын жоғарлатады, гликогеннiң бауырда, бұлшықетте глюкозадан синтезiн тудырады
жасуша мембранасында глюкоза өткiзгiштiгiн жоғарлатады, гипергликемия тудырады, бауыр жасушаларында гликогенолиз тудырады, гликонеогенездi тежейдi
амин қышқылдары мен глюкоза өтуiн төмендетедi, глюкоза гликогенге айналуын тежейдi, гипергликемия тудырады
гликогенездi күшейтедi, глюкоза тотығуын күшейтедi, кетондық денелердiң түзiлуiн азайтады
ақуыздардың катаболизмін азайтады, гипергликемия тудырады, глюкоза мен амин қышқылдарына жасуша мембранасының өткiзгiштiгiн жоғарлатады
5. Ас қорыту жүйенiң гормондарына ... жатады.
вилликинин, бомбезин, секретин, мотилин
гастрин, секретин, АКТГ, ФСГ
вилликинин, бомбезин, тироксин, мелатонин
АКТГ, бомбезин, ФСГ, секретин
мотилин, адреналин, тироксин, гастрин
6. Әйелдердiң жыныстық гормондарына... жатады.
эстрон, эстрол, эстрадиол
паратгормон, серотонин, тирокальцитонин
серотонин, экстриол, брадикинин
тироксин, экстрон, тестотерон
тестотерон, тироксин, серотонин
7. Бүйрек үстi бездерiнiң қыртыс қабатын алып тастағанда ... байқалады.
су-тұз алмасуының бұзылуы
ақуыз алмасуының бұзылуы
май алмасудың бұзылуы
көмiрсулар алмасуының бұзылуы
витаминдер алмасуының бұзылуы
8. Тироксиннiң әсерiмен қордағы май мөлшерi ... .
азаяды
өзгермейдi
көбейедi
көбейедi, сонынан азаяды
азаяды, сонынан көбейедi
9. Микседема байқалады ...гипофункциясында.
қалқанша бездiң
бүйрек үстi бездерiнiң
ұйқы безiнiң
жыныс бездерiнiң
нейрогипофиздың
10. Бүйрек үсті безі милы қабатының гормондары.
тропты гормондар
глюкокортикоидтар
минералокортикоидтар
адреналин, норадреналин
релизинг-фактор
Әдістемелік нүсқау №6
1.Тақырыбы: Қанның құрамы. Қанның физика-химиялық қасиеттері. Қан топтары. Қанның резустық жабдықталуы.
2.Мақсаты: қан құрамын,қанның негізгі көрсеткіштері туралы оқып үйрену. Қанның негізгі константаларын, қан топтарын анықтауды үйрену.
3.Оқыту мақсаты:
қанның клинико-гематологиялық зерттеу әдістерін игеру.
ағзаның функционалдық жағдайын дурыс бағалау.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
1.Ағзаның сүйық ортасының жалпы сипаттамасы. Жасуша ішілік және жасушадан тыс суйықтықтары.
2. Қанның басты қызметтерін атап көрсетіңіз.
3. Қанның депосы, олардың саны және маңызы.
4. Қан плазмасының құрамы. Қан плазмасының ақуыздары, олардың саны және маңызы.
5. Қанның қорғаныс қасиеттері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері : Тәжірбиелік жұмыстарды орындау және талқылау, хаттама рәсімдеу
№2 Зертханалық жұмыс.
Қан топтарын анықтау. Қан тобын анықтауға арналған арнайы тостағаншаны аламыз, әртүрлі пипетка көмегімен I, II, III топ сарысуынан 1-2 тамшыны сәйкес ұяшықтарына тамызамыз. Белгілі әдіс бойынша саусақтан қан алып, таза таяқша арқылы стандартты сарысу тамшысының қасына тамызамыз. Сарысу мөлшерінен зерттелетін қанның мөлшері едәуір аз болуы тиіс. Қан тамшысын сарысумен ақшыл-қызыл түске боялғанша араластырамыз. Шыныны таяқшамен қозғай отырып, 1-5 минут бақылаймыз. Егер тамшы гомогенді, біркелкі боялса, онда гемагглютинация реакциясы жоқ(ГАР). Егер қызыл ұсақ түйін және мөлдір плазмасы ажыраса, онда ГАР бар. Қан тобын анықтау үшін қандай стандартты сарысу тамшысында ГАР жүрмегендігін белгілеу керек.
Қан топтарын анықтау барысында 4 нұсқаның біреуі алынуы тиіс.
ГАР сарысудың ешқайсысында жоқ. О(I) қан тобы.
I, III сарысуында ГАР А (II) қан тобы
I, II сарысуында ГАР В (III) қан тобы
I, II, III сарысуында ГАР АВ(IV) қан тобы
6. Әдебиет. № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Тесттер
1. Қан плазмасының құрамындағы ақуыздарға... жатады.
фибриноген, глобулин, альбумин
глобулиндер, миоглобин, фибрин
фибриноген, карбгемоглобин, альбумин
миоглобин, оксигемоглобин, альбумин
фибриноген, метгемоглобин, альбумин
2. Оксигемоглобин гемоглобиннiң ... қосылысы.
оттегімен
көмір қышқыл газымен
иiсті газбен
глюкозамен
сумен
3. Биологиялық гемолиз ... байқалады.
сәйкес келмейтiн қанды құйғанда
эфир, сiлтiлi,қышқылдың әсерiнен
жоғары t°-ның әсерiнен
плазманың осмостық қысымының төмендеуiнен
электрлiк тоқтың әсерiнен
4. Қанның ұюына кедергi жасайтын зат… .
гепарин
норадреналин
адреналин
кальций
пепсин
5. Қан жүйесiне... жатады.
қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, циркуляциялайтын қан, реттеушi аппарат
циркуляциялайтын қан, жүрек, қан тамырлары, реттеушi аппарат
қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, қан, жүрек
циркуляциялайтын қан, қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, реттеушi аппарат, жүрек
циркуляциялайтын қан, қан депосы, жiлiк майы, қан тамырлар
6. Қаның түстiк көрсеткiшi ... сипаттайды.
эрироциттердiң гемоглобинге қанығу дәрежесiн
эритроциттердiң темiрге қанығу дәрежесiн
қандағы гемоглобин мөлшерiн
эритроцит санының лейкоциттерге қатынасын
пiшiндi элементтер мен плазма қатынасын
7. Эритропоэтиндер... пайда болады.
бүйректе, бауырда, көк бауырда
жүректе, көк бауырда, бүйрек үстi бездерде
көк бауырда, гипофизде, бұлшықеттерде
өкпеде, ас қазанда, iшекте
iшекте, гипототаламуста, қызыл сүйек майында
8. Ересек адамдарда қанның жалпы мөлшерi ...тең.
6,5-7% дене салмағынан – 4-5 л
3-5% дене салмағынан – 1,5-2 л
9-10% дене салмағынан – 7-8 л
11-12% дене салмағынан – 8-9 л
13-15% дене салмағынан – 10-12 л
9. Тромбоциттер ... .
ретрактоэнзим, серотонин бөлiп шығарады, тромбопластин құрылуына жағдай жасайды
антидене бөлiп шығарады, оттегiнi тасмалдайды, топтық өзгешелiкке ие болады
аллергиялық реакцияларға қатысады, серотониндi бөлiп шығарады, суды тасымалдайды
тромбопластиннiң пайда болуына жағдай жасайды, фагоцитоздық қызметке ие болады
серотонин және гепарин бөлiп шығарады, қан ұюына кедергi жасайды
10. Карбоксигемоглобин гемоглобиннің ... қосылысы.
иiстi газбен
көмiр қышқыл газымен
оттегiмен
глюкозамен
сумен
Әдістемелік нүсқау № 7
1.Тақырыбы: Жүрек қызметін зерттейтін әдістер. ЭКГ. Жүреккайналымы. Жүрек қызметінің реттелуі.
2.Мақсаты: жүрек-тамыр жүйесінің морфофункционалды сипаттамасын оқып үйрену және оның зеріттеу әдістерін игеру. Жүрек қызметінің реттелуін оқып үйрену.
3.Оқыту мақсаты:
миокардтің және тамырлардың физиологиялық қасиеттерін білу
ағзаның функционалдық жағдайын дурыс бағалау.
ЭКГ-ны талдай алу
ВЖЖ-нің жүрекке әсерін білу
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары
1 Жүрек қақпақшаларыжәне олардың құрылысы.
2. Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеті және ерекшіліктері.
4. Кардиомиоциттер, олардың құрылысы.
5. Тәждік қан айналымы.
6. Электрокардиография (ЭКГ) маңызы.
7. Жүрек оралымы
8. ВЖЖ-нің жүрек реттелуіне әсері
9. Жүрек ішілік реттелу механизмінің физиологиясы.
10. Жасушу аралық өзәра реттелуі.
11. Жүректегі жүйке импульсының химиялық өткізгіш механизімі.
12.Жүрек қан-тамыр қызметінің жалпы рефлекторлық реттелу сипаттамасы.
13. Тамыр қозғалтқыш орталыгының орналасуы және тонусы.
14. Тамыр тонусының кортикалды реттелуі.
15. Тамырларға гуморалды әсер.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: Тәжірбиелік жұмыстарды орындау және талқылау, хаттама рәсімдеу
№1 Зертханалық жұмыс
Электрокардиограмманы талдау.
Электрокардиография дегеніміз —жүрек еті қозған сәтте пайда болатын электр құбылысын жазып алу әдісі. Электрокардиографпен жазып алынған қисық сызық – электрокардиограмма д.а. Ол латын алфавитінің соңғы әріптерімен (P, Q, R, S, T) белгіленеді. Р-тісі екі жүрекше қозған кезде туған ток жиынтығын көрсетеді. P мен Q тісшелері қозудың атриовентикулярлық түйінінен ГИС шоғырына өту жылдамдығын көрсетеді. QRS тісшелер комплексі қарыншалардағы қозу үрдістерін көрсетеді. Т тісшесі қозудың «СӨНУІН» реполяризациясын көрсетеді.
I тіркеу
II тіркеу
III тіркеу
Электрокардиограммамен зерттеу кезінде қолданылатын стандартты тіркемелер
ЭКГ көрсеткіштері жүректің ырғағын бағалауға және миокардтың ( өткізгіш жүйесін қоса) зақымдалуының әр түрлі деңгейін, кардиотроптық дәрілердің әсерін бақылауға мүмкіндік береді.
№2 Лабораториялық жұмыс
Көз-жүректік рефлекс (Ашнер рефлексі).
Зерттелуші адамның білегінен пульс жиілігін санайды. Содан кейін адамның жұмылған көздерін бармақтарымен 10-30 с бойы ауыртпай басып тұрып, жібергеннен кейін тамыр соғысын тағы да санайды. Жұмысты 3-4 рет қайталайды.
Рефлекстік әсерден кейін пульс сирейді ( минутына 8-10 ретке).
Вегетативтік рефлекстің көрсеткіштері ВЖЖ –нің ЖТЖ-не нақты әсерін көрсетеді.
6. Әдебиет. № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Тесттер
1. Жүректiң жиырылу жиiлiгi 75-ке тең болғанда жүрек циклiнiң ұзақтығы нешеге тең болады:
0,8 сек.
0,4 сек.
0,6 сек.
1,0 сек.
1,1 сек.
2. Жүрек бұлшықетiне сипатты жиырылу:
жеке дара
тоникалык
тетаникалык
пластикалык
фазалык
3. Инотропты әсерден жүректің ... өзгередi.
күшi
жиiлiгi
қозушылығы
өткiзгiштiгi
жиырылғыштығы
4. Электрокардиограмма сипаттайды:
қозу мен өткiзгiштiктi
қақпақшалардың жабылғанын
жиырылғыштық пен өткiзгiштiктi
жиырылғыштық пен тонусты
тонус пен жүрек дүрсiлiн
5. ЭКГ Р тiсшiсi ... көрсетедi.
екi жүрекшенiң қозғанын
қарыншаларда қозу процесiнiң аяқталуын
қарыншаларда қозудың басталуын
сол жак жүрекшенiң қозғанын
қозудың жүрекшеден қарыншаға ауысуын
6. Жүрек қызметiн ... тежейдi.
К- иондары
Са- иондары
адреналин
тироксин
глюкокортикоидтар
7. Атриовентрикулярлық қақпақшалардың жабылуына байланысты ... пайда болады.
I-тон
II-тон
III-тон
IV-тон
I және II-тондар
8. Жүрек бұлшықеттерiнiң қызметтерi ... бағынады.
«бәрi немесе ештеңе емес» заңына
күш заңына
жекелеп өткiзу заңына
аккомадация заңына
конвергенция заңына
9. Фонокардиограмма ... сипаттайды.
жүрек дыбыстарды
кеуде бөлiгiнiң ығысуын
электрлiк құбылыстарды
механикалық құбылыстарды
контрасты зат енгiзгенде жүрек көлемiн
10. Жүрек қарыншалардың диастоласының ... кезеңдерi болады.
босаңсу және қанға толу
ширығу және айдап шығару
ширығу және босаңсу
қанға толу және айдап шығару
қанға толу және босаңсу
11.Франк- Старлинг заңы жүрек жиырылуы кезiнде ... тәуелдiлiктi ескередi.
диастола кезiнде жүрек бұлшықетiнiң созылуы мен қанға толу көлемiне
қан қысымыың көлемiне
қозу жылдамдығына
қозу күшiне
рефрактерлiк кезеңнiң ұзақтығына
12. Дромотропты әсерден жүректің ... өзгередi.
өткiзгiштiгi
күшi
жиiлiгi
қозушылығы
жиырылғыштығы
13. Жүрек қызметiн ... тежейдi.
К- иондары
Са- иондары
адреналин
тироксин
глюкокортикоидтар
14. Кезбе жүйкесін кесiп тастағанда жүректiң жиырылуы:
жиiлейдi
баяулайды
өзгермейдi
жүрек жұмысы тоқтайды
баяулайды, кейiн жиiлейдi
15. Спортсмендердегi старт алдында жүрек жұмысының күшеюiнде жататын механизмi … .
шартты рефлекторлық
гуморальдi
креаторлы
эндокриндi
миогендi
16. Интракардиалды реттеуге ... жатады.
жасуша аралық, жасуша iшiлiк механизмдер, жүрек iшiндегi рефлекстер
креаторлық байланыстар, вагальды рефлекстер
жүрек iшiндегi вегетативтi рефлекстер
нексустардың қарым-қатынасы, гуморальдық әсер
қозғалтқыш жүйкелiк және соматикалық әсерлер
17. Хронотропты әсерден жүректегi өзгеретiн оның ... .
жиiлiгi
күшi
қозушылығы
өткiзгiштiгi
қозбаушылығы
18. Адреналин жүректiң жиырылу жиiлiгiн ... .
жоғарлатады
төмендетедi
өзгертпейдi
фазалык әсер етедi
жүректi тоқтатады
19. ЭКГ-дағы тiстер бiр-бiрiнiң артынан... орналасады.
PQRST
QRSTP
RSTPQ
STPQR
TPQRS
20. Кезбе жүйкенi тiтiркендiргенде жүректiң жиырылуы ... .
баяулайды
өзгермейдi
жиiлейдi
тоқталады
фазалық түрiнде өзгередi
Әдістемелік нүсқау № 8
1. Тақырыбы: Қан қысымы. Пульс. Қан тамырлар тонусының реттелуі.
2. Мақсаты: гемодинамика түсінігін оқытып үйрету, гемодинамиканың заңдылықтарын және қанның қысымын, артериалды қысымды,сфимографияны зерттеу әдістерін игеру.
3.Оқыту мақсаты:
қанның тамырда қозғалысын биофизикалық негіздері білу.
артериалды қанның қысымын Коротков әдісңмен өлшеу.
тамыр соғының анықтау, оның көрсеткіш сипаттамасын білу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Гемодинамиканың тусінігі.
2. Гемодинамиканың негізгі заңдылықтары.
3.Организмдегі қан қозғалысын қамтамасыз ететін артериолалардың маңызы.
4. Қанның минуттық көлемі.
5. Қанның сызықшалы ағу жылдамдылығы.
6. Қанның көлемдік жылдамдылыңы.
7. Қанның тамырдағы ағу жылдамдылығы.
8. Артериалды тамырдың соғуы, оның көрсеткіштері.
9. Сфимография әдісінің маңызы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: клиникалық-физиологиялық әдістемелердің игерілуі.
№1 Зертханалық жұмыс
Артериалдық пульсті анықтау.
Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.
Артериалдық пульс деп артериалық қысымның өзгеруіне байланысты, артерия қабырғасының ритмді тербелісін айтады. Артериалдық пульс жүрек қызметін, қан-тамырлардың жағдайын және артериалық қысымның деңгейін көрсетеді. Пульстың негізгі 4 қасиетін ажыратады: оған жиілігі, күші, жылдамдығы және серпімділігі жатады. Зерттелушінің білек артериясына төрт саусақты қойып лүпілдік нүктесін анықтайды. Ал пульсті жазатын аппаратты сфигмограф дейді.
Қалыпты – 60-80 соққы. мин.
№2 Зертханалық жұмыс
Адамның артериялық қан қысымың Коротков әдісімен өлшеу.
Коротков әдісі бойынша АҚ-ды сфигмоманометр құралымен өлшейді. Тоқпан жілікке манжетті орналастырып фонендоскоптың мембранасын артерия тұсына тақап, резеңке груша арқылы манжетке ауа үрлейді. Груша клапанын жәй босата отырып ауаны шығарады. Алғашқы лүпіл пайда болған манжеттегі қысым көрсеткіші систолалық қысымға сәйкес келеді. Манжеттегі қысым төмендегенде тамыр лүпілі жойылады, ол жүрек еті босаған сәтте диастолалық қысымды көрсетеді.
Қалыпты жағдайда систолалық қысым 120 мм с.б.б., диастолалық 80 мм с.б.б.
6. Әдебиет. № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Тесттер
1. Ренниннiң бөлiнiп шығуы жоғарлағанда қан қысымы ... .
жоғарлайды
өзгермейдi
төмендейдi
кенет төмендейдi
фазалық түрде өзгередi
2. Қан қысымының кенет төмендеуi ... байқалады.
артериолаларда
артерияларда
веналарда
капиллярларда
венулаларда
3. Флебограмма әдiсi деген – бұл ... тiркеп жазып алу.
веналардың пульстiк толқындарын
артериялардың пульстiк толқындардың
жүректiң биопотенциалдарын
көкiрек қуысының тыныс алу қозғалыстарын
қан қысымының қисығын
4. Қан қысымын анықтауға ... әдісі қолданылады.
Коротков-Рива-Роччи
реокардиография
капилляроскопия
плетизмография
фонокардиография
5. Систолалық қысым деген-бұл ... .
жүректен тамырларға қан айдап шығарылған кезде пайда болатын
максимальдi қысым
веналармен қолқа қысымының айырмасы
диастола кезiндегi тамырлардағы минимальды қан қысымы
қолқа мен капиллярлардың қысым айырмашылығы
айшық қақпақшалар жабылған кездегi пайда болатын қысым
6. Қан ағысына негiзгi кедергiні ... жасайды.
артериолалар
артериялар
веналар
капиллярлар
венулалар
7. Реограмма арқылы ... баға берiледi.
қанның толуына және тамырлардың тонусына
қанның толуына және систолалық қысымға
қанның толуына және диастолалық қысымға
қанның толуына және пульстiк қысымға
қанның толуына және ортаңғы қысымға
8. Қанның қысымы ... төмен болады.
веналарда
венулаларда
артериолаларда
капиллярларда
қуысты веналарда
9. Қан қысымы ең жоғары капиллярлар ... кездеседі.
бүйректе
мида
өкпелерде
бауырда
терiде
10. Веналар ... атқарады.
тасымалдауды, сыйымдылықты
қоректенуді, бөлiп шығаруды
тыныстық, алмасу
бөлiп шығару, тасымалдау
қоймалық, тыныстық
Кредит- №2.
Әдістемелік нүсқау №9
1.Тақырыбы: Тыныс алу кезеңдері. Сыртқы тыныс алуды зерттейтін әдістер. Өкпе, ұлпалардағы газдардың алмасуы.
2. Мақсаты: тыныс алу жүйесінің функционалдық ерекшеліктерін оқып үйрену және .
3. Оқыту мақсаты:
спирометр көмегімен сыртқы тыныс алуын анықтау
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Тыныс алу жүйесінің түсінігі. Оның маңызы.Тыныс алу үрдісінің кезеңдері.
2. Сыртқы тыныс алудың түсінігі. Оның ағзадағы маңызы.
3. Тыныс булшық еттерінің тыныс алу үрдісіндегі маңызы.
4. Тыныс алу және тыныс шығару механизімі.
5. Өкпе көлемдері және сыйымдылықтары, олардың зеріттеү.
6. Өкпелі және альвеолярлы желдету. ТМК анықтайтын әдістер.
7. Өлі кеңістік, оның маңызы.
8. Өкпенің анатомиялық және гистологиялық құрылысы. Өкпенің құрылымдық – функционалды бірлігі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: клиникалық-физиологиялық әдістің игерілуі
№1 Зертханалық жұмыс
Спирометрия
Жұмыстың мақсаты: Спирометрдің құрылысымен танысу және өкпенің тіршілік сыйымдылығының, оны құрайтын көлемдерді анықтау әдістерін игеру.
Жұмысқа қажетті: Сулы немесе құрғақспирометр, мұрын қысқыш, ауызға киетін құрал, (загубник), ұш жолды кран, спирт, мақта. Зерттеу объектісі – адам.
Жұмыс барысы: Спирометрдің мундштугн спиртке малынған мақтамен сұртеді. Зерттелуші максималды дем алғаннан кейін спирометрге максималды терең дем шығарады. Спирометр шкаласы арқылы ӨТС анықтайды. ӨТС-ның көлемін анықтау үшін тәжірибені бірнеше рет қайталап, оның орташа өлшемін алу керек. Әрбір қайталаған сайын спирометр шкаласын бастапқы сызыққа қойып отыру керек. Ол үшін сулы спирометрдің ішкі цилиндірінен тығынды алып, цилиндрді төмен түсіреді, ал құрғақ спирометрде өлшейтін шкаланы айналдырып, нөлдік белгіні сызықпен теңестіреді. Зерттелушіні тұрғызып, жатқызып және физикалық жүктемеден кейінде анықтайды. Әр түрлі өлшеу қорытындыларын бір-бірімен салыстырады.
ӨТС құрайтын өкпе көлемдерін өлшеу үшін спирометрді үш жолды кранмен ауызға киілетін клапанды қондырғымен жалғастырған тиімді. Зерттелуші мұрнын мұрын қысқышпен жауып, ауыз қуысындағы клапанды қондырғы арқылы дем алады. Алдымен үш жолды кранды дем шығаратын ауа атмосфераға шығарылатындай етіп орналастырады. Зерттелуші ауызға киілетін құрал арқылы дем алуға бейімделгенде, үш жолды кранды дем шығарған ауа спирометрге баратындай етіп орналастырады. Тыныстық қозғалыстар саны анықталады. Спирометр көрсеткішін спирометрге шығарылған дем шығару санына бөліп, тыныстық ауа көлемін анықтайды.
Дем шығарудың резервтік көлемін анықтау үшін әдеттегі кезекті дем шығарудан кейін спирометрге терең дем шығаруды сұрайды. Спирометр шкаласынан дем шығарудың резервтік көлемін анықтайды. Анықтауды бірнеше қатар қайталап жасағаннан кейін, зерттеулердің орташа мәнін табады.
Дем алудың резервтік көлемін екі тәсәлмен анықтайды. Есептеу және спирометрмен өлшеу. Есептеген кезде өкпенің тіршілік сыйымдылығынан тыныстық ауа көлемі мен дем шығарудың резервтік көлемі қоындысын шегеру арқылы табады. Екінші тәсілде спирометрге белгілі көлемде ауа ендіріледі де , қалыпты дем алғаннан соң зерттелушінің спирометрден максималды терең дем алуын сұрайды. Спирометрдегі әуелдегі ауа көлемі мен терең дем алғаннан кейінгі ауа көлемдері айырымы резервті дем алу көлеміне сай келеді.
Қалдық көлемді анықтайтын тура әдісі жоқ болғандықтан, оны жанама әдіспен анықтайды. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш ӨТС 25-30 % құрайды деп есептейді.
Жұмыс нәтижесі және оны өңдеу: Алынған көрсеткіштерді дәптерге тіркеңіздер. Спирометрдің көмегімен алынған ӨТС көрсеткіштерін , номограммада табылған болуға тиісті (жынысына, жасына, бойына, салмағына) ӨТС көлемдерімен салыстырып қорытынды жасаңыздар.
6. Әдебиет. № 1 қосымшаны қараңыз.
8. Бақылау
Тесттер
1. Пневмография-бұл әдiс... тiркейдi.
көкiрек қуысының тыныс алу қозғалыстарын
өкпе экскурсиясын
тыныс алу көлемдерiн
диафрагманың қозғалыстарын
қабырға аралық бұлшықеттердiң жиырылуы
2.Эйпноэ- бұл... тыныс алу.
қалыпты жағдайда
жиi
сирек
бұлшықет жұмысында
үзiлмелi
3. Тыныс алу орталығын қоздыратын өзгеше фактор болып ... есептеледi.
көмiрқышқыл газы, сутегі ионы
көмiр қышқыл газы, азот
адреналин, натрий бикарбонаты
ацетилхолин, оттегi
азот, оттегi
4. Пневмотахометрия әдiсiмен... анықтайды.
тыныс алу бұлшықеттердiң күшiн
тыныс алу көлемдерiн
қандағы газдардың мөлшерiн
тыныс алу қозғалыстарын
плеврааралық қуыстағы қысымды
5. Өкпенiң жалпы сыйымдылығын ... құрайды.
өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы, қалдық ауа
дем алу сыйымдылығы, резервтiк дем шығару ауасы
қалыпты тыныс ауа және қалдық ауа
қызметтiк қылдық ауа, резервтiк дем алу ауасы
өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы, қалыпты тыныс ауасы
6. Өкпенiң тыныс алуда пассивтi роль атқаруын меңгеретiн ... моделі.
Дондерс
Дуглас
Холден
Баркрофт
Сеченов
7.Тыныс алу тоқталады, егер... кесiп тастаса.
сопақша мидың астынан
Варолиев көпiршенiң алдыңғы шетiнен
Варолиев көпiршенiң төменгi шетiнен
жұлынның белдiк бөлiмiнiң деңгейiнде
аралық мидың деңгейiнен
8. Өкпенiң функциональдық бiрлiгi болып ...саналады.
ацинус
бөлiк
альвеола
сегмент
зона
9. Қалыпты жағдайда бiр минутта тыныс алу жиiлiгi..тең.
16-20
5-10
20-25
27-35
40-50
10. О2 минутына қолдану ... тең.
250-350 мл
100-200 мл
400-500 мл
600-800 мл
850-950 мл
Әдістемелік нүсқау № 10
1. Тақырыбы: Ішек-қарын түтігі қызметтерін зерттейтін әдістер. Ішек-қарын түтігінің әр түрлі бөлімдеріндегі астың қорытылуы. Асқорыту сөлдерінің құрамы
2. Мақсаты: ауыз қуысындағы, қарында және ішіектегі ас қорытылу қызметтерінің маңызын түсіндіру.
3. Оқыту мақсаты:
ас қорыту механизімін және оның реттелуін оқып білу
қарын, өт т.б. сөлдерінің лабораториялық зерттеу нәтижесін бағалау.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Ішек-қарын жолдарының құрлысы және оның қабырғаларының қабаттары.
2. Ауыз қуысының құрлысы. Ауыз қуысындағы сілекей бездері.
3. Жұтқыншақ құрлысының ерекшеліктері.
4.Қарынның плорикалық және кардиальдық бөлігінің морфологиялық ерекшелігі.
5. Қарындағы бездер, түрлері.
6. Ішек бөлімдегі бездер.
7. Экзокриндік бездердің эндокриндік бездерден айырмашылығы.
8.Ашығу және тойыну физиологиялық теориясы. Ас қорыту орталығы жайындағы И.П. Павловтың көзқарасы. Тәбет. Қандағы қоректік заттар тұрақтылығын сақтайтын функциональдық жүйелер.
9. Ас қорытудың зерттеу әдістері. Адамдағы зерттеу әдістері.
10. Асқазанның ас қорытылуы. Сілекей құрамы мен қасиеттері оның бөліну реттелісі. Сілекей сөлінісіне парасимпатикалық және симпатикалық жүйенің әсері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамаларды дайындау
№ 1 Лабораториялық жұмыс
Қарын шырынының /сөлінің/ ферменттік қасиеттерін зерттеу
Адамның қарны тәулігіне 2-2,5 л сөл шығарады. Сөл құрамында қышқыл сілті тепе-теңдігін /рН/ қалыптастырып отыратын тұзқышқылымен белок /ақзат/ ыдырататын ферменттер/ пепсин, гастрикспи, камезин/ болады. Қарын сөлінің белок ыдырату қабілетінің шамамен 95-% пепсинмен гастриксинге байланысты. Мұнымен қатар қарын сөлінің құрамында май ыдырататын липаза деген фермент бар.
Жұмыс төрт пробиркада атқарылады.
№1 пробиркаға 2 мл қарын сөлі,
№2 пробиркаға 2 мл қайнатылған қарын сөлі.
№3 пробиркаға рН сілтілі реакцияға айналғанша /қызыл лакмус қағаз көкшіл болғанша/ сонда /NaНCO3/ ерітіндісі қосылған 2 мл қарын сөлі
№ 4 пробиркаға 2 мл 0,5%-тіік тұз қышқылы құйылады. Төрт пробирканың төртеуіне де 0,1-0,3 г фибрин қосып, температурасын 38° ұстайтын термостатқа қойылады 30-40 минуттан соң пробиркаларды термостаттан алады да, ішіндегі фибринде қандай өзгерістер болғанын анықтайды. Тәжірибе нәтижесін кестеге жазып алыңыздар.
Пробирка №
|
Пробирка ішіндегі заттар
|
Фибриннің қалпы
|
Фибриннің өзгеру себептері
|
№1
|
2мл қарын сөлі + фибрин
|
|
|
№2
|
2 мл қарын сөлі/ қайнаған/ + фибрин
|
|
|
№3
|
2 мл қарын сөлі +NaНCO3 ерітіндісі + фибрин
|
|
|
№4
|
2мл қарын сөлі +0,5%НСl + фибрин
|
|
|
6. Әдебиет. № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Тесттер
1. Парасимпатикалық жүйкелерді тiтiркендiргенде сiлекей бездерiнiң секрециясы ... .
көбейедi
азаяды
өзгермейдi
екi кезектi
азаяды,сонан кейiн көбейедi
2. ... ең ұзақ уақыт асқазан сөлiн бөледi.
Нан
Ет
Сүт
Сай
Жемiс-жидектер
3. ... сiлекей бездерi көбiнесе ұйыма сұйық секрет бөледi.
Шықшыт
Жақасты
Тiласты
Жұмсақ таңдайдың ұсақ
тiлдiң түбi
4. Адамнан таза сiлекейдi ... алуға болады.
Лешли-Красногорский капсуласының көмегiмен
электрогастрография әдiсiмен
Абель бойынша вивидиффузия әдiсiмен
Лондон бойынша ангиостомия әдiсiмен
рентгенологиялық әдiсiмен
5. Асқазандағы сөл бөлiнудi ... күшейтедi.
энтерогастрин
гастрон
секретин
вилликинин
энтерогастрон
6. Панкреатикалық сөлдiң рН ортасы ...тең.
7,8-8,4
1,5-2,0
3,5-4,0
4,5-6,0
6,5-7,5
7. Ұйқы безiнен таза сөлдi ... арқылы бөлiп алады.
ұйқы бездiң өзегiне фистула қою
Тири-Велла фистуласының көмегi
12-елi iшектiң фистуласы
12-елi iшекке канюля еңгiзу
Лешли-Красногорский капсуласы
8. Ақуыздарды ыдыратуға қатыспайтын ферменттерге ... жатады.
амилаза
пепсин
трипсин
химотрипсин
гастриксин
9. Асқорыту жүйесiндегi сiңiрiлудi зерттеушi әдiс – бұл ... фистуласы.
Экка-Павловтың
Соловьев-Бакурадзе
Басовтың
Павлов-Глинский
Робинсон
10. Шайнау қозғалыстарды тiркейтiн ... әдiсі.
мастикоциография
баллонографиялық
электромиография
гнатодинамометрия
электрогастрография
Әдістемелік нүсқау № 11
1. Тақырыбы: Организмнің энергия шығыны. Тәуліктік тамақ рационын құрастыру ерекшеліктері.
2. Мақсаты: ағзадағы ақуыз, май, көмірсу, минералдық заттар және судың сонымен қатар энергия алмасу үрдістерін және тамақтанудың физиологиялық нормасын үйрету.
3. Оқыту мақсаты:
ағзадағы энергиялық алмасудың негізін үйрету;
функционалдық жағдайына байланысты, адамның энергия шығынын анықтау, түсіндіру және бағалау.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Негізгі алмасу дегеніміз не? Негізгі алмасуға қандай факторлар әсер етеді?Олардың қандай анықтау әдістерін білесіз?
2. Физикалық және ми жұмысымен айналысқанда энегрия алмасуы қалай өзгереді?
3. Ақуыз, көмірсу, липидтердің, минералдық заттардың биологиялық құндылығы қандай?
4Ассимиляция, диссимиляция дегеніміз не?
5. Тағамның арнайы динамикалық әсерінің мәні неде?
6. Ақуыздардың каллориялық құндылығы неге тең?
7. Майлардың каллориялық құндылығын неге тең?
8. Көмірсулардың каллориялық құндылығы неге тең?
9. Негізгі қоректік заттар қандай ферменттердің көмегімен ыдырайды;
10. Тамақтанудың физиологиялық негіздері атаңыз.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырып бойынш тәжірибелік жұмыстарды талқылау, қорытындылар бойынша хаттамаларды дайындау, тест тапсырмаларын шешу. Кестамен жұмыс жасау.
№ 1 Зертханалық жұмыс
Гаррис- Бенедиктаның кестесі бойынша негізгі алмасудың есебі
Алмасудың негізгі – жүректің,мидың,бауырдың,өкпенің жұмысына қажетті жасуша метаболизмінің қажеттілігін қамтамасыз ететін энергияның минималды мөлшері.Негізгі алмасуды толық физикалық және эмоционалды тынық күйінде,аш қарынға,сыртқы қоршаған ортаның ыңғайлы температурасында нәруызсыз диетаны 3 тәулік ұстағаннан кейін анықтайды.
Адамдардағы негізгі алмасудың аумағын анықтаудың негізгі факторының бірі жынысы,дене салмағы,бойының ұзындығы,жасы болып табылады.Осы деректерден негізгі кесте бойынша негізгі алмасудың аумағын есептеуге болады.
Жабдықталуы: бой өлшеуге арналған құрал,еденге қойылған таразы,негізгі алмасуды анықтауға арналған кесте (кесте 30.1)
Жұмыстың мазмұны: зерттелушінің бойын,ден салмағын анықтаңыз.Жынысына дене салмағына және жасына қарай кестеден сәйкестікті анықтап,негізгі алмасудың аумаған табыңыз.
Есептеу үлгісі: Еркек жасы 25 те,бойы 180см,дене салмағы 75 кг.Есептеу кестесі екі бөліктен тұрады А және Б. А кестесінен зерттелушінің дене салмағын (75кг) табады және солға қарама-қарсы (1098) саны бар. Б кестесі бойынша көлденеңінен жасын (25 жас),тігінен бойын (180 см) және екеуінің қиылысындағы сан 732. А кестесіндегі – 1098 және кесте Б – 732 сандарын қосады.Негізгі алмасудың орташа статистикалық деңгейі – 1830 тәулігіне / ккал құрайды.
Хаттаманы толтыру. Кесте бойынша өзіңіздің негізгі алмасуыңызды есептеңіз.
6. Әдебиет № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
1 Ағзадағы көмiрсулардың ролі ... .
негiзiнде энергетикалық
негiзiнде пластикалық
пластикалық және энергетикалық бiрдей
реттеушi
тасмалдаушы
2. Терiс азотты баланс ... байқалады.
тамақтағы ақуыз мөлшерiнiң тым азаюы
екi қабат кезде
өсу кезеңiнде
тамақтағы ақуыз мөлшерiнiң тым жоғарлауы
көмірсудың жоғарылауында
3. Оң азотты баланс ... болады.
өсу кезiнде, аяғы ауыр әйелдерде
қартайғанда , дене tº жоғарлағанда
ашыққанда, сыртқы ортаның төмен tº
ауыр жұмыстарда,балаларда, қартайғанда
аяғы ауыр кезде, инфекция ауруында, ашыққанда
4.Адам ағзасында оң азотты баланс ... байқалады.
өсу кезiнде
қартайғанда
ашаршылықта
ұзақ уақытты жоғары физикалық жұмыстарында
өте көп көмiрсулар қабылдағанда
5. Негiзгi зат алмасуды көбiнесе жоғарлататын ... гормоны.
тироксин
адреналин
норадреналин
соматотропин
глюкагон
6. Терi бетiнен 1 г су тотығуы кезiнде ... жылу жоғалтады.
0,56 Ккал
56 Ккал
5,6 Ккал
0,056 Ккал
0,68 Ккал
7. Майдың калориялық коэффициентi ...тең.
9,3ккал (38.9кДж)
4,1ккал (17,2кДж)
5,4ккал (22.7кДж)
7,6ккал (31.9кДж)
10,3ккал (44кДж)
8. Жанама калориметрия әдiспен энергия шығынын анықтау үшiн алмасуды меңгеру үшін ... қолданылады.
Крог спирометрi, Дуглас-Холден әдісі +
Этуотер мен Бенедикт камералары,шатерниковтың респирациялық камерасы
Шатерников пен Лихачев камералары
Этуотер-Бенедикт камерасы, электронды прибор қолдану
спирограф
9. Негiзгi алмасуды күшейтетiн гормондарға ... жатады.
адреналин, тироксин
альдостерон, кортизон
кальцитонин, глюкагон
тироксин, вазопрессин
инсулин, вазопрессин
10. Жылылықтың пайда болуын күшейтетiн ... гормоны.
тироксин
глюкагон
минералокортикоид
паратгормон
эстроген
Әдістемелік нүсқау № 12
1.Тақырыбы: Сыртқа шығару ағзалары. Нефрон – бүйректің құрылымдық,қызметтік бірлігі несептің түзілу механизмі.
2.Мақсаты: Бүйректің нейрогумаралдық реттелуінің қызметін,несеп түзілуін оқып уйрену.
3. Оқыту мақсаты:
Зәр құрамын анықтау
Диурезге АД-ның әсерін анықтау
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Нефрон- бүйректің марфофункцианалдық бірлігі ретінде.
2. Зәр түзілуінің негізгі процестері(фильтрация,реабсорбция және секреция)
3. Алғашқы несептің құрамы.
4. Соңғы несеп және оның құрамы.
5. Бүйректің қызметін клинико-физиологиялық әдіспен зерттеу.
6. Шумақтық сүзілудің нейрогумаралдық реттелуі.
7. Түтікшенің реабсорбцияның реттелуі.
8. Диуретиктердің әсер ету механизмі
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
Зертханалық жұмыс № 1
Минора әдісі мен адамдағы тер бөлінуінің зерттеу әдістері.
Тері бездері,тер секрециясы маңызды орын алып жатыр.
1) Ағзадан зат алмасудың соңғы өнімінің шығарылуы.
2) Терморегуляцияда тері булануының себебі тері бөлінудің факторы болып табылады.
3) Ағзада тұз-су алмасуы,тері минералдық заттардың бөлінуі және суды тұрақты ұстап тұрушы осматикалық қысымды реттейді.
Тер бездері тері асты клетчаткасында орналасқан.Ең көбі олар аяақтарда, буындарда, қолтық асты қабаттарында. Тердің тәулігінен бөліну мөлшері орташа 5000мл құрайды. Секрециялық жүйке, терілік бездер, симпатикалық жүйке болып табылады.
Адамдағы тер бездерінің интенсивтілігі және оның бұзылысын йод-крахмалды әдісі минора тәсілімен.
Жұмыстың мақсаты: Оқшауланған тер бездерін қадағалау және тер бөлінуінің интенсивтілігін тері аймағында зерттеу.
Жұмысқа қажетті жабдықтар: Минора сұйықтығы( спирт, йод араласқан сұйықтық және кастор майы), крахмал, мақта, грелка.
Жұмыстың жүргізілуі: Минора сұйықтығымен алақанның жоғарғы терісіне сипап зерттейді. Ол сіңгеннен кейін ол жоғарғы жағы кепкеннен кейін крахмалмен жылытады. Әзірше крахмал құрғақ, йод оған әсер етпейді. Тері бөлінуі басынан крахмал суланады және йод пен көк түске боялады.
1 дәрежеде оқшауланған тер бездерін көруге болады. Тері бөлінуінің интенсивтілігіне байланысты бірінші дәрежеден екінші дәрежеге ауысқанын көруге болады.
Минор тәжірбиесінде бояуының жоқтығы тер бөлінуінің бұзылысын көрсетеді. Минора әдісімен тер бөлінуінің мөлшерін анықтауға болмайды.
1 2 3
Рис1. Стадии потоотделения в опыте Минора
1) маковых зерен; 2) островковая, 3) сплошного слияния островков (наблюдается потемнение кожи).
6. Әдебиет № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
1. Тәулiк iшiнде түзiлген алғашқы несеп мөлшерi ... тең. А. 90-110 л В. 170-180 л С. 50-60 л Д. 70-80 л Е. 130-160 л 2. Тәулiкте бөлiнетiн несептiң мөлшерi ... . А. 2500- 3000 мл В. 1000- 1500 мл С., 500- 750 мл Д. 4000- 5000 мл Е. 5500- 6000 мл 3. Генле iлмегiнің төмендеуші бөлімінде ... , өрлеуші бөлімінде ... қайта сорылады А. люкоза, натрий В. су, натрий С. калий, натрий Д. мочевина, су Е. натрий, су 4. Нефронның түтiкшелерiнде ... қайта сорылмайды. А. глюкоза В. сульфаттар С. креатинин Д. витамин Е. натрий 5. Нефронның түтiкшелерiнен натрий сiңiруiн жоғарлататын ... гормоны. А. инсулин В. альдостерон С. паратгормон Д. АДГ Е. ренин 6. Судың қайта сорылуын қамтамасыз ететiн ... гормоны. А. глюкагон В. соматотропин С. антидиуретикалық Д. паратгормон Е. инсулин 7. Алғашқы несептiң сүзiлуiне ... көмектеседі. А. қан плазмасының онкотикалық қысымының жоғарлауы В. капсула мен түтiкшелерде фильтраттың гидростатикалық қысымының жоғарлауы С. шумақтың капиллярларында қан қысымының жоғарлауы Д. плазмадағы белоктардың мөлшерiнiң жоғарлауы Е. қан қысымының төмендеуi 8. Табалдырықсыз заттарға ... жатады. А. креатинин, глюкоза, инулин В. креатинин, глюкоза, сульфаттар С. креатинин, инулин, сульфаттар Д. креатинин, инулин, фосфаттар Е. амин қышқылдар, инулин, су азаюы 9. Белсендi реабсорбция механизмi ... тән. А. натрий, глюкоза, су, амин қышқылдарына В. натрий, глюкоза, хлор, амин қышқылдарына С. натрий, глюкоза, витамин, амин қышқылдына Д. микроэлементтер, глюкоза, хлор, аминқышқылдарына Е. хлоридтер, калий, амин қышқылдар, кальцийге 10. Несеп түзiлу негiзiне ... үрдістері жатады. А. шумақтық реабсорбция, түтiкшелiк сүзiлу мен секреция В. шумақтық секреция, түтiкшелiк реабсорбция мен сүзiлу С. шумақтық сүзiлу, түтiкшелiк реабсорбция мен секреция Д. шумақтық секреция мен сүзiлу, түтiкшелiк реабсорбция Е. шумақтық реабсорбция мен секреция, түтiкшелiк сүзiлу
Әдістемелік нүсқау № 13
1.Тақырыбы: Физикалық және химиялық жылу реттеліс.
2.Мақсаты: жылу реттеліу физиологиямын оқып уйрену.
3. Оқыту мақсаты:
жылу реттелу маңызын оқып білу.
дене температурасын анықтау.
жылу өндіру және жылу шығарту механизімін тусінтіре білу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Адам температурасының тәуллікттік ауытқуы.
2. Жылу реттелу, түсінігі, түрлері
3. Химиялық жылу реттелуінің сиппаттамасы.
4. Физикалық жылу реттелуінің сиппаттамасы
5. Жылу шығару механизімі. Жылу рецепторлары.
6. Беткелі және терең, ыстық және суық жылу рецепторлары.
7. Адамның ішкі ортасының және тері жабындысындағы әртүрлі аймақтарының температурасы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Адам дене температурасының өлшеу әдістерін студенттерге таныстыру, тест тапсырмаларын шешу.
№ 1 Зертханалық жұмыс
Термометрия әдісі.
Дене температурасын күніне 2 рет (таңертең 7-9 сағат аралығында және кешке 17-19 сағат аралығында) өлшейді. Жүйелі түрде дене температурасын күніне 2 рет өлшеу тәуліктік ауытқуы туралы мәлімет береді.
Дене температурасын әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
қолтық астынан: 36,3-36,90 С
шап аймағынан: 37, 00 С
ауыз қуысынан: 36,8-37,30 С
құлақ каналынан: 37,5-37,70 С
тік ішектен: 37,3-37,70 С
қынаптан өлшеуге болады. 36,7-37,50 С
Термометрия үлкен диагностикалық маңызга ие.
6. Әдебиет № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Тесттер
1. Термореттеушi орталық ...орналасады.
гипоталамуста
сопақша мида
ортаңғы мида
Варолиев көпiрiнде
таламуста
2. Жылылықтың пайда болуын күшейтетiн ... гормоны.
тироксин
глюкагон
минералокортикоид
паратгормон
эстроген
3. Терi бетiнен 1 г су тотығуы кезiнде ... жылу жоғалтады.
0,56 Ккал
56 Ккал
5,6 Ккал
0,056 Ккал
0,68 Ккал
4. Майдың калориялық коэффициентi ... тең.
9,3ккал (38.9кДж)
4,1ккал (17,2кДж)
5,4ккал (22.7кДж)
7,6ккал (31.9кДж)
10,3ккал (44кДж)
5.Сыртқы орта температурасы жоғарлаған кезде гомойотермдi жануарларда жылу бөлiну мен жылу шығарудың өзгерiстерi ... байқалады.
төмендейдi, жоғарлайды
жоғарлайды, төмендейдi
төмендейдi, төмендейдi
жоғарлайды, жоғарлайды
төмендейді
6.Термореттелудiң негiзгi орталығы ... орналасқан.
гипоталамуста
таламуста
мишықта
қыртыс асты ганглийлерде
жұлында
7.Химиялық жылу ретелуiне ... процестері кіреді.
зат алмасудың жылдамдылығының өзгеруi
жылуды өткiзу
жылудың шығару
конвекция
булардың шығуы
8. Ауыр жұмыспен айналасқан адамдарда энергия жұмсалуы ... тең.
5000 ккал
2000 ккал
3000 ккал
8000 ккал
10000 ккал
9. Изотермия дегеніміз:
дене температурасының жоғарылауы
дене температурасының тұрақсыздығы
дене температурасының тұрақтылығы
зат алмасудың өзгерісі
дене температурасының төмендеуі
10. Гипертермия денегіміз:
дене температурасының жоғарылауы
дене температурасының тұрақсыздығы
дене температурасының тұрақтылығы
ат алмасудың өзгерісі
дене температурасының төмендеуі
Әдістемелік нүсқау №14.
1. Тақырыбы: Талдағыштар туралы түсінік, бөлімдері. Көру және есту талдағыштарының жалпы физиологиясы.
2. Мақсаты: Көру және есту талдағыштарының құрылымдық ерекшеліктерін оқып уйрету.
3. Оқыту мақсаты:
оқу кестелер және муляждар арқылы талдағыштардың құрылымдарын көрсету
Сивцев кестенің көмегімен көз қырағылығын анықтау
Форстер периметриялық аппараттың көмегімен көру аймағын анықтау
есту зерттеу әдістерін қолдану
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Көздің сыртқы қабықшасының құрылысы және қызметі
2. Көздің ортанғы қабықшасының құрылысы және қызметі
3. Көздің қарашығы жане оның саңлауның реттелуі. Көздің қарашығын кеңейтетін және тарылтатын еттердегі М-холино және α-адренорецепторлары.
4. Көздің бейімделуі.
5. Жарықтықты сындыратын көздің құрылымы.
6. Көздің оптикалық жүйесі.
7. Көздің рефракциясы және оның ақаулары.
8. Көздің аккомодациясы және оның механизімі.
9. Көздің өткірлігі.
10. Көру алаңы.
11. Сыртқы қулақ физиологиялық маңызы және құрылыс ерекшеліктері.
12. Ортаңғы қулақтың жалпы қурылысы және физиологиялық маңызы.
13. Ішкі қулақтың жалпы қурылысы және физиологиялық маңызы.
14. Дыбысты Қабылдау теориясы.
15. Есту талдағышының орталық және рецепторлық, өткізгіш бөлемдері.
16. Есту зеріттеу әдістері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Тәжірбиелік жұмыстарды орындау және талқылау, хаттама рәсімдеу, тест тапсырмаларын шешеу,. Жағдайлық есептерді шешу.
№1 Зертханалық жұмыс
Көздің өткірлігін анықтау.
Көздің өткірлігін анықтау әдісі көз ауруларын емдеу жұмысында қолданады.Сырттағы заттардың бейнесін анықтау үшін оларды түсі мен реңіне қарай бөлумен қатар, сол заттардың жеке бөліктерін де анықтайды. Көзге көрінген зат неғұрлым ұсақ болса, көздің өткірлігі соғұрлым жоғары болады. Көздің өткірлігі деп көздің бір- біріне өте жақын орналасқан нүктелердің әрбіреуін қабылдау қабілетін айтады. Орталық көру аймағы, яғни көру ағзасының кеңістіктегі заттың пішінін анықтау қабілеті сары дақ қызметіне байланысты.
Жұмыстың мақсаты: Көздің өткірлігін анықтау әдісін үйреніп алу.
Жұмысты орындау: Көздің өткірлігін анықтау үшін доктор Сивцевтің 12 түрді жолдан тұратын кестесі пайдаланылады. Әдетте 1 жолдағы әріптер 50 м. 10 жолдағы әріптер 5 м жерден көрінеді. Еестенің сол жағында әр жлдың тұсында әріптердің қалыпты жағдайда қандай қашықтықтан (д) көрінетіні жазылған. Көздің өткірлігін анықтау үшін кесте жерге іліп қойылады да, көз тексерілетін адам сол кестеден 5 м қашық жерге отырғызылады. Егер зерттелуші адам 10 жолдағы әріптерді анық көріп таныса, көздің өткірлігі 1-ге тең деп саналады. Ал ол 1- ші жолдағы әріпті ғана көрсе көздің өткірлігі 0,1 ге тең болады: 5 м: 50 м : 0,1. Көздің өткірлігі (ү) кестенің оң жағында жазылған.
№2 Зертханалық жұмыс
Дыбыстың сүйек пен ауа арқылы өту дәрежесін анықтау.
Құрал жабдықтар: камертон жиынтығы, мақта.
Дарылдап тұрған камертонның табанын бастың төбе бөлігіне тақап қояды. Бастапқы кезде қатты естіліп тұрған дыбыс біраздан кейін бәсеңдейді, бара-бара мүлдем жоғалып кетеді. Осы кезде камертонды сыртқы есту тесігіне жақындатса, дыбыс қайтадан естіле бастайды. Егер 1 құлақтың тесігін тампонмен жауып, үндетіп тұрған камертонды қайтадан орнына қойса, жабылған құлаққа дыбыс қаттырақ естіледі.
Сүйектік өткізгіш ауалыққа қарағанда күштірек.
6 . Әдебиет№ 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Тесттер
1. Көздiң максимальды өткiрлiгi ... болады.
сары дақта
соқыр дақта
торлы қабатының шеткi аймағында
орталық шұңқырда
көру жүйкесiнде
2. Көру өткiрлiгiн анықтау үшiн ... қолданылады.
Сивцов-Головиннiң кестесi
Форстер периметрі
Анфимов кестесi
офтальмоскоп
Рабкиннiң кестесi
3. Соқыр дақ деген – бұл ... ең үлкен жиынтығы.
көру жүйкесiн құрайтын ганглиозды жасушалардың аксондарының
сауытшалардың
таяқшалардың
пигменттi жасушалардың
дендриттердің
4 Астигматизм пайда болғанда көздiң рефракциясының коррекциясына ... шыны қажет.
цилиндрлiк
екi жағы ойыс
екi жағы дөңес
горизонталды
квадратты
5 Көру алаңын анықтау үшiн ... қолданылады.
периметр
аудиометр
эстезиометр
Вебердiң циркулi
офтальмоскоп
6. Көру өткiрлiгi деген – бұл ... көру мүмкiндiгi.
әр түрлi ара қашықтықта әр түрлi объектiлердi максимальді ажыратуды
объектiлердi әр түрлi ара қашықтықта
жақын тұрған объектiлердi
нәрселердi тесiрейiп қараумен
қараңғыда
7. Қараңғыда фоторецепторлардың сезiмталдығы ... .
жоғарлайды
өзгермейдi
жойылады
төмендейдi
фазалы өзгередi
8. Анализаторлардың орталық бөлiмi болып ... саналады.
қыртыс оталығы
таламикалық ядролар
ортаңғы ми
мишық
лимбиялық құрылыс
9. Фоторецепторлардың сезiмталдығы өте жарық жағдайда ... .
төмендейдi
өзгермейдi
жойылады
жоғарлайды
фазалық түрде өзгередi
10. Торлы қабықта жарық әсерiнен таяқшаларда фотохимиялық процесте родопсин ... ыдырайды.
ретинол мен опсинге
йодопсин мен ретинольға
эритролаб және вит.А
хлоралаб және опсинге
вит. А және йодопсинге
11. Иiрiм түтiктiң жоғарғы арнасы… толтырылады.
перилимфамен
эндолимфамен
жасуша iшiлiк сұйықтықпен
физиологиялық ерiтiндiмен
лимфамен
12. Вестибулярлы аппараттың рецепторларына …жатады.
макулалар, кристалар
таяқшалар, сауытшалар
талшықты жасушалар
пачиниев денесi, мейснеров денешiгi
Руффини денешiгi, Краузе таяқшасы
13.Ортаңғы құлақты iшкi құлақтан бөлiп тұратын қабырғада ... орналасады.
сопақ терезе, домалақ терезе
сопақ терезе, негiзгi мембрана
домалақ терезе, негiзгi мембрана
сопақ терезе, текториальды мембрана
домалақ терезе, текториальды мембрана
14. Иiрiм түтiктiң ортаңғы арнасы ... толтырылады.
эндолимфамен
перилимфамен
физиологиялық ерiтiндiмен
лимфамен
жасуша iшiлiк сұйықтықпен
15. Вестибулярлы талдағыштың перифириялық бөлiмi ... тұрады.
кiреберiстен, жарты иiрiмдi түтiктерден
кiреберiстен, иiрiмдi түтiктерден
иiрiмдi түтiктерден, жарты иiрiмдi түтiктерден
кiреберiстен, отолиттерден
жарты иiрiмдi түтiктерден, отолиттерден
16. Миопия кезiнде сәулелердi сындыру кемiстiгiн түзету үшiн ... шыны қолданылады.
екi жағы дөңес
цилиндiрлiк
екi жағы ойыс
вертикальдi ойыс
горизонтальдi ойыс
17. Көздiң аккомодациясы деген ... .
әр түрлi қашықтықта нәрселердi анық көру қасиетi
торлы қабығындағы бейнелеу нүктесiнiң анық болмауы
көз бұршағының орталық және шеткерi сәулелердi сындыру күшiнiң әр түрлi дәрежесiнде болуы қасиетi
жарық әсерiнен торлы қабығының элементтерiнiң сезiмталдығының өзгеруi
қараңғыда көру мүмкiншiлiгi
18.Көру өткiрлiгi деген – бұл ... көру мүмкiндiгi.
әр түрлi ара қашықтықта әр түрлi объектiлердi максимальді ажыратуды
объектiлердi әр түрлi ара қашықтықта
жақын тұрған объектiлердi
нәрселердi тесiрейiп қараумен
қараңғыда
19.Көру алаңын анықтау үшiн ... қолданылады.
периметр
аудиометр
эстезиометр
Вебердiң циркулi
офтальмоскоп
20. Температуралық сезiмталдықты зерттеуге ... қолданылады.
термоэстезиометр
периметр
аудиометр
Вебердiң циркулi
Офтальмоскоп
Әдістемелік нүсқау №15.
1. Тақырыбы: Шартты рефлекстер. Қыртыстық тежелу, оның түрлері. ЖЖЖ типтері.
2.Мақсаты:
3. Оқыту мақсаты:
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Тәжірибелік жұмыстарды орындап, талқылап, хаттамаларын толтыру
№1 Зертханалық жұмыс
Қонырауға адамның шартты вегетативті Қарашық рефлексінің жасалуы және жоғалуы.
Құрал – жабдықтар: қонырау, қара, тығыз қағаз.
Жұмыс барысы: жұмысқа топтың барлық студенттері бірдей қатысады. Студентердің бір тобы – зерттелушілер, екіншісі – экспериментаторлар. Экспериментаторлар көздің қарашығын жарыққа қонырауды қосқанда тексереді. Сонымен вегетативті қарашық рефлексін қонырауға қосуға кіріседі. Қонырауды қосарда тексеру барысында көзді қатты қағазбен жауып қояды. Қонырауды өшіргенде көздін ашқаның тексереді. Экспериментаторлар жайлап қарашықтың жарыққа жиырылуын тексереді. Егер қонырауды 10 рет қараңғылықта жарияласа, онда 11 рет. Тек қонырауды қосқанда көленкесіз шартты рефлекторлық көздің көздің қарашығын шақырады. Шартты вегетативті көздің қарашығың рыфлекстарың зайырлау қоздырушымен – қараңғылаумен тоқтатылады. Әр түрлі зерттеулі – шартты вегетативті көз қарашығың рефлекс қонырауы арқылы шартты қоздырғышының әр сонының оңаша әрекетімен сөнеді. Шартты рефлекстің әлсіреуінің жылдамдығы ішкі тежеудің үдерісінің күшімен анықталады.
Жұмыстың жасалуы: Шыққан қорытындыны мына кестеге енгізіңіз.
Тітіркендіргіштің
реттік көмірі
|
Қонырау-тітіркендіргіш
|
Шартсыз тітіркендіргіш
|
Шартсыз жауап
|
Шартты жауап
|
1.
|
+
|
-
|
|
|
2.
|
+
|
+
|
|
|
.
|
|
|
|
|
.
|
|
|
|
|
.
|
|
|
|
|
10.
|
+
|
+
|
|
|
11.
|
+
|
+
|
|
|
12.
|
+
|
-
|
|
|
13
|
+
|
-
|
|
|
14.
|
+
|
-
|
|
|
15.
|
+
|
-
|
|
|
Қоздырғыштың ұйқасын қай сан тіркесінен кейін - қоңырауға шартсыз зайырлы нығаюдың, шартты вегетативті көз қарашығының рефлексі, сонымен қатар оның сөну шартын белгілеңіз.
6. Әдебиет№ 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Тесттер
1. Адамға ғана тән жоғарғы жүйке iс әрекеттерiнiң типтерi:
А. ойшыл, өнерпаз, аралас
В. ұстамсыз, сабырлы әлсiз
С. өнерпаз, әлсiз,сабырлы
Д. сабырлы, сангвиник, холерик,
Е. ойшыл, күштi, аралас
2. Үлкен жарты шарлар зақымдалуында бағытталған әрекеттің бұзылуы:
А. апраксия
В. агнозия
С. афазия
Д. аграфия
Е. амнезия
3. Инстинкт – бұл:
А. күрделi шартсыз рефлекстер
В. қарапайым шартты рефлекстер
С. бiрiншi реттiк шартты рефлекстер
Д. жақсы дамыған шартты рефлекстер
Е. iздi шартты рефлекстер
4. Қыртысты тежелудi ... көмегімен анықтайды.
А. Анфимов кестесi
В. номограмма
С. Рабкин кестесi
Д. Головин кестесi
Е. Сивцев кестесi
5. Сөйлеу мен сөйлемдердi құрастырып, жүзеге асыратын Брок орталығы ... орналасады.
А. қыртыстың үшiншi қатпаларында
В. қыртыстың алдыңғы орталық қатпаларында
С. бас-ми жүйкелерінің қозғалтқыш ядроларында
Д. қыртыстың шүйде аймағында
Е. қыртыстың самай аймағында
6. Бiрiншi сигналды жүйе – бұл жүйе:
А. шартты және шартсыз рефлекстер
В. шартты рефлекстер
С. шартсыз рефлекстер
Д. абстракты ойлау
Е. вербальдi сөйлеп бiр-бiрiмен қатынасу
7. ІІ сигналды жүйе-бұл жүйе:
А. вербальді қарым-қатынас
В. инстингтер
С. шартты рефлекстер
Д. шартсыз рефлекстер
Е. талдағыштар
8. Тамырлық шартты рефлекстердi ... әдісімен зерттейдi.
А. плетизмография
В. осциллография
С. реография
Д. сфигмография
Е. флебография
9. Биологиялық маңызына қарай шартты рефлекстер ... болып бөлiнедi.
А. тағамдық, қорғаныш, жыныстық
В. қарапайым, күрделi, жыныстық
С. жасанды, табиғи, тағамдық
Д. тiзбектi, жинақталған, қорғаныш
Е. висцералды, экстрорецептивтi, бағдарлау
10. Жоғары жүйке iс-әрекетi қызметiн ... атқарады.
А. қыртыстың үлкен жарты шарлары
В. жұлын
С. ретикулярлы формация
Д. лимбиялық жүйе
Е. таламус, гипоталамус
11. Жоғары эмоциялар ... байланысты.
А. қоғамдық және парасат қажеттіліктерді қанағаттандыруға
В. гоместаз және интелекттік (парасат) қажеттіліктерін қанағаттандыруға
С. жыныстық инстингті және моральді қажеттіліктерді қанағаттандыруға
Д. эстетикалық және өзіндік сақтау қажеттіліктерін қанағаттандыруға
Е. эстетикалық және парасат әрекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға
12. Есте сақтауды толық сипаттайтын үрдіске ... жатады.
А. ақпаратты сақтау, қайталау
В. ақпаратты сақтау
С. ДНҚ мен РНҚ-мен ақпаратты сақтау
Д. қозудың айналуы
Е. қозудың айналуы мен ақпаратты ДНҚ, РНҚ сақтау
13. Гиппократ бойынша күштi, қозғалғыш, ұстамсыз жүйке жүйесiнің типi:
А. холерик
В. сангвиник
С. меланхолик
Д. флегматик
Е. интраверт
14. Афазия:
А. сөйлеудің бұзылуы
В. танудың бұзылуы
С. бағытталған әрекеттің бұзылуы
Д. көрудің бұзылуы
Е. қимыл-әрекеттің бұзылуы
15. Шартты тежелуге ... жатады.
А. кешiктiрiлетiн, ажыратылатын, өшетiн, шартты тежелу
В. кешiктiрiлген, шектен тыс ,ажыратылатын, синаптикалық тежелу
С. ажыратылатын, сыртқы, шектен тыс,пресинаптикалық тежелу
Д. ажыратылатын, шектен тыс, өшетiн, сыртқы тежелу
Е. өшетiн, қорғайтын, шектен тыс, iшкi тежелу
16. Зерденiң ... түрлерi.
А. интеллектi, қысқа мерзiмдi, эмоционалды
В. кенеттен, ерiксiз, интеллектi
С. сенсорлы, қысқа және ұзақ мерзiмдi
Д. эмоциональды, сенсорлы, интелекттi
Е. кенет, сенсорлы, ерiктi
17. Көбiнесе неврозға ұшырайтын жоғары жүйке қызметiнiң темпераментiне жататын адамдар:
А. холерик, меланхолик
В. флегматик, меланхолик
С. сангвиник, холерик
Д. флегматик, сангвиник
Е. меланхолик, сангвиник
18. Әртүрлi орталыққа бiрнеше тiтiркендiргiшпен бір уақытта әсер ету кезiнде оқу үдерісі:
А. төмендейдi
В. жоғарылайды
С. күрт жоғарылайды
Д. өзгермейдi
Е. жойылады
Қосымша №1.
Әдебиет
Қазақ тілінде:
Негізгі әдебиеттер:
Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы (Оқулық). – Алматы.: Издательство «Дәуір», 2005. 663 б.
Қалыпты физиология. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар /Жауапты ред. Махамбетова М.Б., Жумакова Т.А., Байжанова Н.С. – Алматы, 2007.
Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004 ж. – 78 бет.
Қосымша әдебиеттер:
Рымжанов К.С., Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы. Оқулық. Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясы, Алматы, 2000.
Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.
Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері.Ибраева С.С.. - Астана, 2006
Тағам туралы толғау. А.А.Покровский. Алматы, Қайнар, 1990. - 288 б.
Орыс тілінде:
Негізгі әдебиеттер:
Логинов А.В. Физиология с основами анатомии человека. – М.:Медицина, 1983.
Общая физиология. Методические указания для студентов./Под ред.А.Д. Соколова. – Алматы, 2006.
Частная физиология (методическая указания для студентов)./Под ред. А.Д. Соколова - Алматы, 2007.
Физиология человека: Учебник /Под ред. В.М.Покровского, Г.Ф.Коротько. – 2-е изд., перераб и доп. – М.: Медицина, 2003. – 656 с.
Алипов Н.Н. Основы медицинской физиологии. Учебное пособие. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Практика, 2012. – С. 15-39.
Нормальная физиология: учебник для студентов вышс. мед. проф. образования/ под ред. В.М.Смирнова. – 3-е изд., перераб. И доп. – М.: Издатльски центр «Академия», 2010. – 480с.
Қосымша әдебиеттер:
Нормальная физиология: Учебник./ Под ред. Р.-С.Орлова, А.Д.Ноздрачева. - М.:Геотар-Медиа», 2006.
Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М.,2002.
Атлас по нормальной физиологии /Под ред. А.В.Коробкова, А.С.Чеснокова. - М.: Высшая школа, 1986.
Основы физиологии человека /Под ред. Б.И.Ткаченко. - С.-Петербург, 2005. Т.I,II.
Секреты физиологии //Гершел Рафф. Санкт-Петербург, 2001 г. Стр. 15–62.
Шмидт Р.Ф. «Физиология человека» М., «Мир», 1996, т.1.
Нормальная физиология //под ред. Яковлева В.Н. Москва «Академия», 2006 г.
Основы физиологии человека //Агаджанян Н.А., Власова И.Г., Ермакова Н.В., Торшин В.И. Москва, 2003 г.
Методы исследования физиологических функций (принципы методов) //Яковлев В.Н. и соавт. Воронеж, 1991 г.
Данилова Н.Н., Крылова А.Л. «Физиология высшей нервной деятельности». М. Московский университет, 1989г.
Блум Ф., Лайзерсон А., Хофстедтер Л. «Мозг, разум, поведение», М.Мир, 1988г.
Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ред. Ю.В. Наточина, В.А. Ткачука. - М.: Геотар-Медиа». 2007.
Судаков К.В. Курс лекций. М.: Медицина, 2000.
Ағылшын тілінде:
Негізгі әдебиеттер:
1. Guiton / Hall. Medical physiology /Eddited by W.B. Saunders company. - 2006.
Қосымша әдебиеттер:
K.Sembulingam, Prema Sembulingam (eds.). Essentials of Medical Physiology. 2-nd Ed. Jaypec Brothers publ., New Deili, 2000.
L.K.Mattews (ed). Cardiopulmonary Anatomy and Physiology. Phyladelphia – New York, 1996.
Marion Bennion (ed.). Science of food. New York – Toronto – Singapore. John Wiley & Sons, 1980.
Relating Theory and Data: Essays of human Memory. NewJersey - London, 1991.
Достарыңызбен бөлісу: |