Красота души и тела от Спорта! Жан мен тән сұлулығының басы -спорт!



жүктеу 236,66 Kb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата18.05.2018
өлшемі236,66 Kb.
#14255
1   2   3   4   5

3

Спорты


жамбыл

19 қаңтар, 2015 жыл

№1-2 (279-280)

ЖЫЛДЫҢ ЖҰМЫС      ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

командасына ойыншылар дайындауды мақсат етіп 

отырмыз.

Тағы  бір  мәселе,  спорт  объектілерінің 

жетіспеушілігі.

Өйткені,  спорттық  базасыз  үлкен  жетістіктерге 

жету мүмкін емес.

Бұл арада Байзақ, Меркі, Жамбыл және Қордай 

аудандарынан спорт кешендерін салу міндеті тұр.

Облыста  мүмкіндігі  шектеулі  адамдардың 

спортпен шұғылдануы назардан тыс қалған емес. 

Жалпы,  мүмкіндігі  шектеулі  адамдардың  саны 

36  121  адамды  құрайды.  Оның  646-сы  неме-

се  1,8  пайызы  дене  шынықтыру  және  спортпен 

шұғылданып келеді.

Дене  мүмкіндігі  шектеулі  адамдар  үшін  спорт 

клубы жұмыс істеп тұр.

Спорт  резерві  және  халықаралық  дәрежедегі 

спортшыларды  даярлау  жұмыстары  аясында  об-

лыста 46 спорттық мекемелер жұмыс атқаруда. 

Есепті  мерзім  аралығында  облыста  3  спорт 

мекемесі ашылды.

Олардың қатарына «Бұқаралық спорттық шара-

лар өткізу орталығы», Қазақ күресі клубы, Жаңатас 

қаласында  балалар-жасөспірімдер  бокс  мектебі 

бар. 


  Ал,  2014  жылдың  25  тамызында  Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

«Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері 

арасында өкілдіктердің аражігін ажырату жөніндегі 

шаралар туралы» №898 Жарлығына сәйкес, спорт 

мектептерінің  қызмет  ету  функциясы  облыстық 

атқарушы биліктен алынып, тікелей аудандардың 

қарамағына беру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған  байланысты  басқармаға  қарасты  26 

спорт  мектебі  алдағы  уақытта  аудандық  бюджет-

тен қаржыландырылатын болады. 

Жалпы  облыстық  спорт  мекемелерінде 

спорттың 42 түрі қамтылып отыр. 

Оның ішінде 21 олимпиадалық, 12 олимпиадалық 

емес және 8 ұлттық спорт түрі бар. 

Соңғы жылдары өңір спортшылары Әлем, Азия 

чемпионаттары мен халықаралық, республикалық 

ірі жарыстарда едәуір жетістіктерге қол жеткізуде.

Өткен  жылы  спорт  мекемелеріндегі  1  269 

спортшы әр деңгейдегі халықаралық жарыстарға, 

3  677  спортшы  республикалық  деңгейдегі  және 

8  304  спортшы  облыстық  деңгейдегі  жарыстарға 

қатысты.

Облыс  спортшылары  Әлем,  Азия  чемпионат-

тарында  (Кубогында)  2013  жылы  86  медальға 

(38 алтын, 25 күміс, 23 қола), ал, 2014 жылы 128 

медальға (66 алтын, 28 күміс, 34 қола) қол жеткізді.

Сонымен  қатар,  есепті  жылы  ел  чемпионат-

тарында  591  медаль,  оның  ішінде  195-алтын, 

151-күміс, 245-қола медельды жеңіп алды. 

Спорт  түрлері  бойынша  облыстан  Қазақстан 

Республикасының  ұлттық  құрамасына  327  спорт-

шы енді. 

Оның  ішінде:  ұлттық  құрамаға  77  спортшы, 

жастар  құрамасына  119  спортшы,  жасөспірімдер 

құрамасына 131 спортшы.

Есепті  жылы  1  -  жаттықтырушы  Қазақстан 

Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 

1  спортшы  -  Қазақстан  Республикасының  еңбек 

сіңірген  спорт  шебері,  7  спортшы  -  Қазақстан 

Республикасының  халықаралық  дәрежедегі  спорт 

шебері, 75 спортшы - Қазақстан Республикасының 

спорт шебері нормативін орындады. 

Спорттағы 

жоғарғы 

жетістіктері 

үшін 

халықаралық  дәрежедегі  спорт  шеберлері  мен 



спорт  шеберлеріне,  тиісінше    40,0  мың  теңгеден 

70,0 мыңға,  20,0 мың теңгеден 50,0 мыңға стипен-

дия тағайындалып, үздік 56 спортшы осы стипен-

дия иегері атанды.

Спорттағы  нәтижені  жақсарту  үшін  оқытушы-

жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру - негізгі 

мақсат.  (спорт  мекемелерінде  795  оқытушы-

жаттықтырушы,  оның  460-ы  аудандық  спорт 

мектептерінде). 

Осыған  орай,  Қазақтың  спорт  және  туризм 

академиясында,  Республикалық  Ұлттық  ғылыми 

практикалық дене тәрбиесі орталығында және Та-

раз  гуманитарлық  университетінің  базасында  34 

оқытушы-жаттықтырушы, 4 әдіскер біліктілігін арт-

тырды. 

2014  жылы  өткен  Азия  ойындарына  облыстан 



22  спортшы  Қазақстан  Республикасының  құрама 

командасы сапында өнер көрсеті. 

Нәтижесінде  Елдос  Сметов  дзюдодан,  Гу-

залия  Гафурова  каратэдодан  «Алтын»,  Азиз 

Қалқаманұлы  дзюдодан,  Светлана  Иванчукова 

жеңіл  атлетикадан  «Күміс»,  Линария  Мингазо-

ва  дзюдодан,  Нигора  Нурматова  регбиден  және 

«Айша  бибі»  су  добы  клубының  қыздары  «Қола» 

медальға ие болды.

Осы 


орайда, 

аталған 


спортшылардың 

жаттықтырушыларының қажырлы еңбектерін атап 

өткім келеді.

Сонымен  қатар,  ПарАзия  ойындарында  облы-

стан 5 спортшы қатысып, жүзуден Зульфия Габиду-

лина әлем рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды.

Ал,  Өмірәлі  Нышан  партаэквондодан  Әлем 

біріншілігінде ел тарихында бірінші болып алтын-

нан алқа тақты.

Өткен жылдың ең соңғы зор табысымыз Алма-

ты қаласында өткен Әлем чемпионатында ұлттық 

спорт  тарихында  ауыр  атлетикадан  тұңғыш  рет 

чемпион атанған Жасұлан Қыдырбаевтың жарқын 

жеңісі өңірдің атын тағы да бір рет көкке көтеріп та-

стады. 

Жасұланның  жеңісі  2016  жылы  Бразилияда 



өтетін жазғы олимпиадаға облыс атынан алғашқы 

лицензияны алып берді.

Есепті  жылдың  қараша  айында  Шымкент 

қаласында  өткен  ересектер  арасындағы  дзюдо-

дан  Қазақстан  Республикасының  чемпионатында 

Ертуған  Төренов  (73  кг),  Дәулетхан  Жақыпов  (81 

кг),  Айбол  Айтбек  (90  кг)  жеңімпаз  атанса,  Жеңіс 

Сайлаубай  (63  кг)  қола  медальға  ие  болды.  Бұл 

облыс тарихында дзюдодан алғашқы командалық 

жеңіс.


Ал, 4 желтосан күні Тараз қаласында аяқталған 

бокстан  ересектер  арасындағы  Қазақстан 

Республикасының  чемпионатында  Жамбыл  бокс 

мектебі өзінің жеңісті жолын жалғастырды.

Серік Қонақбаев, Болат Жұмаділов, Болат Ни-

язымбетов, Ермахан Ыбрайымов, Бахтияр Артаев 

сынды  даңқты  боксшыларымыздың  ізбасарлары 

Олжас  Сәттібаев  (52  кг),  Алмас  Жақыпов  (56  кг) 

және  Асланбек  Шымбергенов  (69  кг)  жеңімпаз 

атанды. 


Сондай-ақ,  1  боксшы  күміс,  5  былғары  қолғап 

шебері қола медальге ие болды. 

Нәтижесінде облыстың 10 боксшысы Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  құрама  командасына 

енді.

Осы спортшылардың жеңісінен үлкен үміт күтіп 



отырмыз.  Сондықтан,  аталған  спортшылар  мен 

олардың  жаттықтырушылары  Рио-де-Жанейрода 

өтетін олимпиада ойындары алдындағы дайындық 

циклына үлкен жауапкершілікпен қараулары керек.

Өйткені, барлық табыс - еңбекпен, барлық жеңіс 

- жігермен келеді. Ал, Жамбыл өңірінде жасампаз 

жеңістердің жарқын дәстүрі бар.

Сондықтан,  жұмыстың  сапасы  жүйелі  түрде 

жоспарланған шараларға тікелей байланысты.

Ендігі  жерде  біз  өз  тарапымыздан  барлық 

мүмкіндіктерді  пайдаланып  оң  нәтиже  көрсетуге 

тиіспіз.


Бұл – ортақ мақсат.

P.S.  Басқарма  басшысының  аталған  есебінен 

кейін облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжу-

ов  өз  тарапынан  бірқатар  сұрақтар  қойып,  баян-

дамада  көрсетілген  статистикалық  мәліметтердің 

шынайылығына 

күмәнмен 

қарайтындығын 

жеткізді.  Мәселен,  Е.Нұрбапаұлы  ұлттық  спорт 

түрлері  оның  ішінде  асық  атудан  әулиеаталық 

жасөспірімдердің үлесі қандай дәрежеде екендігін 

сөз  етті.  Сонымен  қатар,  аймақ  басшысының 

орынбасары 

Г.Қайнарбековке 

кәмелетке 

толмаған  «Қиын»  тобындағы  балалармен  жұмыс 

істеуді  қатаң  қадағалауында  ұстауды  тапсыр-

ды.  Ол  өз  сөзінде:  «Мұндай  қиын  балалар  білікті 

жаттықтырушылардан  үйренген  спорттық  айла-

тәсілін басқа мақсатта қолданулары әбден мүмкін. 

Сондықтан, алдымен оларды елін, жерін, Отанын 

сүюге тәрбиелеу қажет. Сонда ғана бұл балалар-

дан  болашақта  жақсы  нәтиже  күтуге  болады,»  - 

деді. 


Сондай-ақ,  аталған  жиын  барысында    Жу-

алы  ауданы  әкімдігінің  дене  шынықтыру  және 

спорт  бөлімінің  басшысы  Мақсұтбек  Арзымбетов, 

«Айша  Бибі»  су  добы  клубының  директоры  Алан 

Балфанбаев  және  спорт  ардагерлері  бастауыш 

ұйымының  төрайымы  Мария  Лобановалар  сөз 

алып, өз баяндамаларын жасады. Олар, осы күнге 

дейін өздеріне лайықты қолдау көрсетіп жүрген об-

лыс  әкімдігіне  алғыстарын  жеткізіп,  өткен  жылы 

атқарылған жұмыстарына тоқталып өтті. 

Ал,  басқосудың  соңында  облыс  әкімінің  орын-

басары  Е.Манжуов  баяндама  жасаған  барлық 

басшыларға тапсырмалар беріп, өздері басқарып 

отырған  спорттық  нысандардағы  жасөсіпірім 

жергілікті спортшылардың жеткен жетістігі баспасөз 

беттерінде  жариялануын  қатаң  түрде  бақылауда 

ұстау керектігін ескертті.

Есен САҒЫНАЙҰЛЫ

«Жамбыл Спорты»



жүктеу 236,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау