Ата-әкенің әкесі, ел-жұрт «ақсақал» деп құрмет тұтады. Мұндай кісілер төрден орын алады, әрқашан құрмет көрсетіледі.
Әже-әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын-ел анасы.
Әке-шеше, ата-ана- өзіңді өмірге әкелген ерлі-зайыпты адамдар.
Бала-ата-анадан тараған ұрпақтар, олар «ұл», «қыз» деп аталады. Ұл-шаңырақ иесі, ұрпақ жалғасы деп есептеледі.
Қыз- басқа елдің болашақ келіні, анасы.
Тұңғыш, ортаншы, кенже бала. Қазақ халқы бірінші туған баланы «тұңғышым», одан кейінгілерін «ортаншы», ең соңғы туғанын «кенже» деп атайды.
Немере-ұл-қыздың баласын «немере» дейді.
Шөбере-немеренің баласы.
Шөберенің баласы «шөпшек», шөпшектің баласы «немене» деп аталады.
Аға, апа-бір әке-шешеден туған(немесе туыстың) жасы үлкен жігіт- аға деп аталады.
Жеңге-ағаның әйелі. Жасы үлкендер үшін «келін», жасы кішілер үшін «жеңге» деп аталатын бұл адамның тәлім-тәрбиелік үшін орны бөлек.
Қайын іні, қайын сіңлі-жеңгелері үшін күйеуінен кіші ұл- «қайын іні», қыз -«қайын сіңлі» болады. Бұларды жеңгелері әрқашан еркелетіп ұстайды.
Іні, қарындас, сіңлі өзімен бірге туған жасы кіші ұл ағасы мен әпкесі үшін «іні», қыз бала «қарындас»(ұлға қатысты) не «сіңлі»(қызға қатысты) деп аталады.
Ағайындылар-бірге туған ағалы-інілі, апалы-сіңлілер.
Ағайын, туыс-бір рудың адамдары бір-біріне ағайын, туыс деп саналады. Бұлар бір-бірімен жеті атаға дейін қыз алыспайды.
Келін- інінің, баланың әйелі.
Күйеу- бір рудың қызын алған жігіт.
Нағашы-ананың туысы.
Құрдас-туысқандығы жөнінен алыс-жақынына қарамастан, бір жылғы туған адамдар.
Тамыр-екі ұлттың өкілі немесе ер адамдар бір-бірімен дос, сыйлас болып,алыс-беріс жасаса,құрмет тұтса, мұны «тамыр» деп атайды.Олардың бір-біріне сенімі мен достығы өте берік болады.
Дос – екі адамның бір-бірінен сыр жасырмай, сыйласып, қиын сәтте қол ұшын беріп пікірі мен мақсаты , арман-мүддесі бір жерден шығуы.
Нақыл сөздер/цитаты
Білген адам өкінбейді, мейірман адам мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды.Конфуций
Мен ұлы мұхиттың жағалауында бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын. Таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауымен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама.
И. Ньютон
Білімсіздік - ымырт, оны жамандық кезіп жүреді. Көшені жарықтандыруды ойласаңыздар, мархабат, ең бастысы ақыл – ойды ағартуды ойласаңыздар екен. В. Гюго.
Нағыз бақ еңбекке бітеді, өмір үйретіп данышпан етеді. Ақылым – атам, білімім – бабам. Киікбай би.
Күн табиғатқа қандай әсер етсе, ақыл – ой жұмыстары да адамға сондай әсер етеді. В. Гумбольд
Сұм өмір абақты ғой саналыға. М. Жұмабаев
Ақылды болуға жетелейтін үш жол бар: біріншісі, тәжірбие жолы – ең ащы жол, екіншісі, ұқсау жолы – ең жеңіл жол, үшіншісі, ойлау жолы – ең таза жол. Қытай мақалы.
Тоғышарлық – ақылдың түні, айсыз және жұлдызсыз түн. Цицерон
Қайғысыз - адамды сүйе білуге, адаспай - білімдар болуға, қорықпай - батырлыққа жетуге болмайды. Конфуций
Басқаны даттап, өзін мақтап тұрған адамға ешқашан сенбеңіз.
А. Н. Толстой
Өзіне өзі ғашық болу - адамның үлкен соры, бұл ең алдымен өзімшілдікті, күншілдікті туғызады. М. Әуезов
Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы. С. Смайлс
Жер бетінде адал адамнан өткен тамаша ештеңе жоқ. Р. Роллан
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. М. Әуезов
Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсе ашуға қабілетті болу деген ұғым. Әл – Фараби
Кітап - ақылыңа ақы сұрамайтын алтын қазына. Ә. Науаи
Ұлым, саған қалдырам жақсы кеңес – мұраны:
Білімдіге кез келсең – үлгі тұтып тұр оны.
Күнде барып біліп ал білімін де, бабын да.
Өр мінезді тастағын, оған қатты табын да. М. Қашқари
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын. Жұбанов
19. Ер – атымен, құс- қанатымен. М. Қашқари
20.Тәрбиелі - тәртіптің құлы,
Тәртіпті – елдің құлы. Б.Момышұлы
21. Сүйемін туған тілді- анам тілін,
Бесікте жатқанымда –ақ берген білім,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім...
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным. С.Торайғыров
22. Туған тілім- тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін.
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. Ә.Тәжібаев
23. Ана тілін білмеген
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас. Б.Сарноғаев
24. Тәрбие басы-тіл,
Өнер алды-тіл. М. Қашқари
25. Жастық өз уақытын білмейді. Р.Хорезми
26. Минут ұрыс тағдырын шешеді.
Сағат шайқас тағдырын шешеді.
Күн бүкіл мемлекет тағдырын шешеді. А.С.Суворов
27.Жер жайын жортқан біледі,
Мал жайын баққан біледі. Ғ. Мұстафин
28.Жоғары қарап оқ атпа,
Өзіңнің түсер қасыңа. Ы. Алтынсарин
29. Өнер-білім- бәрі де,
Оқуменен табылған. Ы. Алтынсарин
30. Қол батыр болмай, жүрек батыр болмас.М.Әуезов
31.Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды сауатты,
мәдениетті деуге болмайды.Мұхтар Әуезов
32.Сегіз қырлы, бір сырлы. А.Құнанбаев
33. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
А.Құнанбаев
34. Анық түсініктілік- сөйлеудің басты қасиеті.
Ақылы келте адамның, әдетте,тілі тым ұзын болады.
Аристотель
35. Шешендік- адамның көркі. Гораций
36. Көп сөйлеме, азбен келтір иінін,
Бір сөзбен шеш түмен сөзінің түйінін. Ж.Баласағұн
37. Көп біліп, аз сөйлеген-шешен,
Аз біліп,көп сөйлеген – мылжың. З. Қабдолов
Мақал – мәтелдер
Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ.
Ата – ананың ақылы сарқылмайтын көлмен тең.
Ана жақсылығын, ауырсаң білерсің.
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңлі өсер.
Басыңа іс түссе ,
Жақсы көмектеседі,
Жаман күліп кетеді.
Жаман дос көлеңке:
Басыңа күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың.
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.
Жаман аттан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық.
Адам досымен мықты,
Ағаш жапырағымен мықты.
Отанды сүю отбасынан басталады.
Ел – елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
11. Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.
12. Жері байдың – елі бай.
13. Сулы жер – нулы жер,
Бұлақты жер – тұрақты жер.
14. Көлдің көркі – құрақ,
Таудың көркі – бұлақ.
15. Егін ексең - тыңға ек,
Одан өнер өнім бар.
16. Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
17. Қоян көлеңкесінен қорқады.
18. Батар күннің атар таңы бар.
19. Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.
20. Құс жеткен жеріне қонады.
21. Өнерлі өрге жүзеді.
23. Өнерлінің өрісі кең.
24. Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
25. Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
26. Шебердің қолы көпке ортақ.
27. Ұста, ұстадан нұсқа.
28. Ұстамен жақын болсаң, ісің бітер.
29. Жеті рет пішіп,
Бір рет кес.
30. Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
31. Ерлік білекте емес, жүректе.
32. Ел ұлсыз болмас,
Жер гүлсіз болмас.
33. Көз- қорқақ, қол- батыр.
34. Туған жердей жер болмас ,
Туған елдей ел болмас.
35. Батыр туса- ел ырысы,
Жаңбыр жауса- жер ырысы.
36. Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
37. Бейнетсіз рахат жоқ.
38. Ел іші - алтын бесік.
39. Бейнетсіз бірлік жоқ.
40. Ер қанаты – ат.
41. Еңбексіз тапқан мал,
Есепсіз кетер.
42. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
43. Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
44. Жер – қазына,
Су – алтын,
Мал – байлық.
45. Өнер алды- қызыл тіл.
46. Бес саусақ бірдей емес.
47. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
48. Екеу болсаң, бір-біріңмен кеңес.
Біреу болсаң, қабырғаңмен кеңес.
49. Уәде алтыннан да қымбат.
50. Теңге үнемді сүйеді.
51. Тиыннан теңге құралады.
52. Ырыс алды-ынтымақ.
53. Байлық- байлық емес, бірлік-байлық.
54. Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар.
55. Жаманға жан жуымас.
56. Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар.
57. Жақсы- көпке ортақ.
58. Жақсы сөз –жарым ырыс.
59. Жақсы –ісімен жақсы.
60. Су-тіршілік көзі.
61. Судың да сұрауы бар.
62. Ата өнері- балаға мұра.
63. Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
64. Өнерімнің өрісі кең.
65. Басқа пәле- тілден.
66. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
67. Ғылым-теңіз, білім- қайық.
68. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер.
Залыммен жақын болсаң , басың кетер.
69. Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім.
70. Кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.
71. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
72. Жеті атасын білмеген-жетімдіктің салдары.
73. Жеті атасын білмеген-жетесіз.
74. Әке- балаға сыншы.
75. Балалы үй-базар, баласыз үй- қу мазар.
76. Әке-асқар тау.
Ана- бауырындағы бұлақ.
Бала-жағасындағы құрақ.
77. Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
78. Атаңа не қылсаң алдыңнан сол келер.
79. Әркімнің өз жері-жұмақ.
80. Туған жердің ауасы да шипа.
81. Еңбексіз өмір- сөнген көмір.
82. Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
83. Еңбек өмірді ажарландырады.
84. Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кетірер.
85. Еңбектің көзін ашқан
Байлықтың өзін табады.
86. Аз сөз-алтын, көп сөз- күміс.
87. Жақсының сөзі- шамдай жарық,айдай анық.
88. Көп ішінде сөйлеген-көсемдіктің белгісі,
Көпке сөзі ұнаған-шешендіктің белгісі.
89. Досың көп болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан.
90. Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
91. Дос таппай көңіл тыным таппас.
92. Жаңа дос келгенде,ескі достың көзінен жас шығады.
93. Дос тұтқанды қадірле.
94. Шешеннің сөзі-мерген,
Шебердің ісі-мерген.
95. Сөз сүйектен өтеді.
96. Тіл қылыштан да өткір.
97. Көп сөз- көмір, аз сөз-алтын.
98. Көппен көрген ұлы той.
99. Ер жігіттің екі сөйлегені- өлгені.
100. Әлін білмеген әлек.
101. Жері байдың елі бай.
102. Өмір-үлкен мектеп.
103. Мектеп-кеме, білім-теңіз.
104. Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
105. Ойлай білсең, дана боларсың,
Ойнай берсең дана боларсың.
106. Иттің бәрі тазы болмас,
Еттің бәрі қазы болмас.
107. Жек көре білмеген адам сүйе де білмейді.
108. Таза болсаң, судай бол,
Бәрін жуып кетірген.
Жақсы болсаң, жердей бол,
Бәрін шыдап көтерген.
109. Жақсы жолдас – жанға серік,
Жаман жолдас- малға серік.
110. Қайғың болса, досыңа бар.
111. Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
112. Ер жігіт үйде туып, жорықта өледі.
113. Жер гүлсіз болмайды,ел ерсіз болмайды.
114. Жауын жауса-жердің құты.
115. Ер туса-елдің құты.
116. Еңбек-адамның екінші анасы.
117. Өнер-ердің қанаты.
Өнерліге өлім жоқ.
118. Құссыз көл жетім, елсіз жер жетім.
119. Өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық.
120. Адамды заман билейді.
121. Ер- елінде, гүл- жерінде.
122. Ел бірлігі-ел теңдігі.
123. Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді.
124. Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
125. Теңге- тиыннан,
Ынтымақ-ұйымнан.
126. Ынтымақ болмай, іс оңбас.
127. Шашу-оңай, жинау-қиын.
128. Ағаштың тамыры- өскен жерінде.
Адамның жаны-туған елінде.
129. Қыс азығын жаз жина.
130. Мезгілі жетсе, мұз ерір.
131. Қыстың көзі-қырау.
132. Қыстың қамын жаз ойла.
133. Ат-адамның қанаты,
Ас-адамның қуаты.
134.Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
135.Есепсіз дүние жоқ.
136.Ел болам десең достас.
Қор болам десең, қастас.
137.Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді.
138.Жүйелі сөз-жүйесін табар,
Жүйесіз сөз-иесін табар.
139.Сауатсыздың сөзіне сүрініп құларсың.
140.Дерексіз сөз- нанымсыз.
141.Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.
142.Кітап-алтын қазына.
143.Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
144.Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
145.Ақыл-Алланың бергені,
Білім-адамның тергені.
Лексикалық тақырыптар бойынша жауап - кілттер
5- сынып, Атамұра
1. Астана қай жылға дейін Ақмола деп аталған? / 1998 жыл
2. Астана қаласының бұрынғы аты / Ақмола
3. 1 қыркүйек қандай күн? / Білім күні
4. Шахматты қашан, кім ойлап тапты ? /5 ғ. Үндінің ақылгөйі өзінің қожасы үшін ойлап тапқан.
5. ЭЕМ секундына қанша амалды шешеді?/ 1 млн.
6. Қазіргі ЭЕМ қанша мамандықты игерген?/ 2500-ден астам
7. Кәдімгі күн жарығы неше түстен тұратын жарық сәуле?/ жеті
8. Сансызбай Сарғасқаевтың қандай кітаптары бар?/ «Сұлутор балалары», «Біз төртеу едік»
9. Бір аптада неше күн бар?/жеті
10. «Ұжым» дегеніміз не?/ адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, оқуы
11. Ұжым түрі/ шағын және үлкен
12. Бірінші тәрбиеші/ ана
13. Екінші / мектеп, еңбек ұжымы
14. Ертіс өзенінің жағасында орналасқан қала/ Семей
15. Ең асыл бұйым не? / кітап
16. 1934 жылы Риддер қаласында елді таңғалдырған әнші кім?/ Әміре Қашаубаев
17. Небары 2 сыныптық білімі бар суретші кім?/Әбілхан Қастеев
18. Әбілхан Қастеевке суретшілік әліппесін үйретіп, қамқорлық жасаған суретші кім?/ Н.Г.Хлудов
19. Қазақтың атақты суретшісі/ Әбілхан Қастеев
20. Қазақ елінің бірінші ғарышкері кім?/ Тоқтар Әубәкіров
21. Екіншісі / Талғат Мұсабаев
22. Іле өзені қайда құяды?/ Балқашқа
23. Іле қайдан басталады?/ Тянь-Шань тауларынан
24. Ертістің ұзындығы / 4331 км
25. Ертіс ағып өтетін жерлер/ Шығыстан солтүстігіне қарай: Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы арқылы Батыс Сібір ойпаты.
26. Қара Ертіс /Зайсан көліне құйғанға дейін
27. Ертіске құятын өзендер/ Кендірлік, Күршім, Нарын,Бөкен, Бұқтырма,Үлбі
28. Компас пен карта не үшін керек?/ бағыт беруге
29. Тұңғыш Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрін ұйымдастырған кім? / Ахмет Жұбанов
30. 1936 жылы Мәскеуде өнер көрсеткен оркестр/ Құрманғазы атындағы оркестр
31. Ахмет Жұбанов кім?/ музыка зерттеушісі, сазгер, дирижер
32. Ғазиза Жұбанова кім? /қазақ композиторы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
33. Қазақтың музыкалық аспаптары/ шертер, шаңқобыз, домбыра, дауылпаз, жетіген, даңғыра, қылқобыз,сырнай, сазсырнай, асатаяқ, сыбызғы, адырна
34.Нұрғиса Тілендиев қандай оркестрді ұйымдастырған?/ «Отырар сазы»
35. Берлинде сымды мойнына галстук, беліне белбеу сияқты ораған қай палуан?/ Қажымұқан
36. Парижде түйені мойнына салып көтеріп шыққан кім?/Қажымұқан
37. Сахнаға 75 пұт жүгі бар арбаны тісімен сүйреп шыққан кім?/ Қажымұқан
38. Көп ақша жинап, соғысқа ұшақ сатып алған кім?/ Қажымұқан
39. Оқу жылы қашан аяқталады? / маусымда
6- сынып, Атамұра
1. Күз айларын ата / қыркүйек, қазан, қараша
2. Жыл мезгілдері / қыс, көктем, жаз, күз
3. Күнпарақ түрлері/ қабырға күнпарағы, үстел, қалта
4. Бір жылда неше күн бар? /365
5. Бір айда неше апта бар/ 4
6. Бір аптада неше күн бар/7
7. Бір тәулікте неше сағат бар?/24
8. Бір сағатта неше минут бар / 60
9. Бір минутта неше секунд бар/ 60
10. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы / Астана
11. Ол қайда орналасқан / Есіл өзені бойында, Сарыарқа
12. Елбасы Резиденциясы Парламент үйі қайда /Есіл өзені бойында , Астана
13. Астана қаласы тұрғындарының саны / 518 мың
14. Парламент үйі алдына кімдердің ескерткіштері қойылған / Төле би , Әйтеке би, Қазыбек би
15. «Тұлпар» деген метро станциясы қайда салынып жатыр/ Алматыда
16. Алматыда 25 қабатты, биіктігі 107 м, 942 орындық, 472 қонақ бөлмесі бар мейманхана / «Қазақстан» қонақ үйі
17. Алматы қаласының іргетасы қашан,қай өзен бойында қаланған/ 1854, Кіші Алматы бойында
18. «Медеу» спорт кешені қашан ашылған ?/ 1972
19. Мұз айдынның көлемі қанша метрдей?/ 11000м2
20. Трибуналары қанша мыңнан астам көрерменге арналған / 12000
21. ҚР Президенті болып Н.Назарбаев қашан, қай жылы сайланды?/ 1991,1.12
22. Қазақстан қайда орналасқан?/ Орталық Азияда
23. Халқының саны қанша? /17 млн.
24. Қазақстанның жер көлемі қанша?/ 27173 км -2,7 млн км2
25. Оның қанша пайызы өзен, көл, теңіз?/ 40
26. Қанша пайызы шөл мен шөлейт?/ 50
27. Таулы жері қанша пайыз?/ 10
28. Республика жері батыстан шығысқа қарай қанша километр?/ 3000
29. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ше?/6000
30. Батыста,солтүстік –батыс және солтүстікте қай елмен шектеседі?/Ресей
31. Оңтүстік және оңтүстік-батыста шекараларымыз/ Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, батыста-Каспий арқылы Әзірбайжан.
32. Республикада қанша ұлт өкілдері тұрады?/131
33. Әкімшілігі жағынан қанша облыстан тұрады?/14
34. Республикалық маңызы бар қанша қала бар?/ 2
35. Қазақстанда қанша қала, неше аудан, қанша ауылдық мекендер бар?/ 85 қала, 160 аудан,7719 ауылдық елді мекен бар
36. ҚР мемлекеттік тілі / қазақ тілі
37. Ұлттық валюта/ теңге
38. Жылдың ең қысқа күні мен ұзақ түні қай айда болады?/желтоқсан
29. Тәуелсіздік күні/ 16 желтоқсан
30. Көкшетаудағы әдемі көл/ Бурабай
31. Суы тұщы, айналасы қарағайлы, қайыңды орманды көл/Бурабай
32. Аңшылық түрлері/кәсіптік, спорттық-әуесқойлық, ғылыми
33. Дүниедегі ең өсімтал құс/ кекілік
34. Бұлан(лось) қайда кездеседі?/ Солтүстік Қазақстанда
35. Оның биіктігі неше метр?/ 2 м
36. Бұқаларының мүйіздері қашан түседі?/ қаңтар мен ақпанда
37. Жаңа мүйіз қашан шығады?/сәуір
38. Дүние жүзіндегі ең үлкен кит/көк кит, блювал – ұзындығы 28,7, салмағы 140
39. Көктемде қандай мерекелер бар?/ 8, 22 наурыздар мен 1-Ынтымақ күні және 9 мамыр- Жеңіс күні.
40. Күн мен түн теңелетін кез/ наурыз айында
41. Қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды?/518
42. Тұңғыш рет Батыр атағын алған қазақ қыздары/Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова
43. Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болған қазақстандықтар/Талғат Бигелдинов, С.Д.Луганский, И.Ф.Павлов
44. Қазақтың басты ұлттық тағамы не/ет
45. Жылқының етінен не дайындайды?/ қазы-қарта, жал, жая
46. Ұлттық сусындар/қымыз, айран, шұбат
47. Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий қайда орналасқан?/Көкшетау облысы, Бурабай
48. Ұлттық ойындар/Қыз қуу, асық ойнау, алтыбақан
7 -сынып, Атамұра
1.Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды немесе «Тіл туралы» заң қай жылы қабылданды?/ 1-рет 1989 ж.22 .09, 2-рет 1997 ж.11 шілде
2. Бұл заң қанша тарау, неше баптан тұрады?/6 тарау,27 баптан
3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?/ түркі тілдер тобына
4. «Ана тілім-әнім» өлеңінің авторы кім?/Қ.Қайымов
5. ҚР қандай мемлекет?/ егеменді, тәуелсіз
6. Мемлекеттік Ту қай жылы бекітілді?/1992 жылы
7. Авторы кім? / Шәкен Ниязбеков
8. Тудың түсі / көк
9. Елтаңбаның ортасында не?/ шаңырақ
екі жағында /қанатты пырақтар
жоғарғы жағында /бес бұрышты жұлдыз
төменгі жағында / «Қазақстан» жазуы
10. Авторлары/ Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов
11. Мемлекеттік Әнұран қай жылы өзгертілді?/2006 жылы
12. Сөзі/ Ж. Нәжімедденов
Әні/ Ш. Қалдаяқов
13. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқ ұшты?/1991 ж.
14. Қазақстанда газет қанша тілде шығады?/11
телехабарлар қанша тілде?/12
радио қанша тілде?/ 6
15. ҚР Тәуелсіз болып қай жылы жарияланды?/1991 ж.16.12
16. Ата заң қашан?/1995, 30 тамыз
17. Республика күні/ 25 қазан
18. Бұл күні не қабылданды?/ Егемендік туралы Декларация
19. «Конституция» сөзінің мағынасы/орнату, құру
20. Ол нені белгілейді?/ азаматтардың құқығын, бостандығы мен міндеттерін
21. Қазақ мемлекетінің тарихындағы соңғы Конституция /1995 жылғы
22. Оның маңыздылығы неде?/ Республика өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады
23. Ата заң неше бөлім, неше баптан тұрады?/ 9 бөлім, 98 баптан
24. Ата заңның нешінші бабында мемлекеттік тіл туралы айтылған?/ 7-бабында
25. Күн мен түн теңелген күн/22 наурыз
26. Қазақстанда неше өзен, неше көл, бұлақ бар?/ 7,5 мыңдай өзен, 40 мыңға жуық көл, мыңдай бұлақ
27. Қазақстандағы пайдалы қазбалар сан ы/90 –нан астам
28. Қазақстандағы ең ірі өзендер/ Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл, Жайық
29. Ең биік шың/ Хантәңірі
биіктігі/ 6995 метр
30. Қазақстандағы сүтқоректілер /158
құстар/ 485
балық/150-ге жуық
дәрі-дәрмектік өсімдіктер/ 150-ге жуық
31. Қанша мемлекеттік қорық бар?/9
32. Есіл өзенінің ұзындығы қанша ?/ 2450 шақырым
33. Алғашқы демалыс орны қай жылы,қай жерде ашылды?/1910 жылы Бурабай көлі жағасында
34. Қазақстан климаты қандай?/ шұғыл континенталды
35. Қазақстан облыстары қашан құрылды?/ 1932 жылы 20 ақпан
36. Ақмола облысы қашан құрылған?/ 1937 жылы
37. Оның жер аумағы/121,7 км2
38. Ақмоланың ірі өзені/Есіл
39. Салалары/ Қалқұтан, Жабай, Нұра
40. Облыстағы көлдердің қаншасы тұщы?/ 94-і
41. Солардың ішіндегі үлкендері/Қорғалжын, Қожакөл, Балықты
42. Аңдар мен жануарлар қанша жыл өмір сүреді?/піл-85, жылқы-22, түйе,
маймыл-44 жыл, ешкі -27 ж. қоян-10 жыл
43. Қостанайда қандай кен орны бар?/ «Соколов-Сарыбай» кен орны
44. Қазақстанда қанша көл бар?\ 48262 көл
45. Ең терең көл/Алакөл
46. Тереңдігі /54 м
47. Ең тұщы көл/ Марқакөл
48. Жайық өзенінің ұзындығы/ 2354 км
49. Арал теңізінің деңгейі қанша метрге төмендеді?/14,7 м
50.Қазақстандағы ең ірі көлдер/ Балқаш, Зайсан, Алакөл, Сасықкөл, Марқакөл
51. Қазақстанның оңтүстігінде қандай таулар бар?/ Тянь-Шань
52. Оңтүстік-Шығысында ше?/Жоңғар Алатауы
53. Тарбағатай тауының қай бөлігі кіреді?/ тек батыс бөлігі
54. Теңіздер/Каспий мен Арал
55. Жасыл көл деп аталатын қай көл?/Үлкен Алматы көлі
56. Ол қайда орналасқан? /Алатауда
57. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні/5 маусым
58. «Невада-Семей» қозғалысы қай жылы басталды?/1989 жылы
59. Ұйымдастырған кім?/Олжас Сүлейменов
60. «Табиғатты қорғау қоғамы» қашан құрылды?/1966 жылы
61. Қазақтың тұңғыш ұлтық театры қашан ашылды?/1926 жылы
62. Оны кім басқарды?/ Жұмат Шанин
63. Қазақстан кино өнерінің негізі қай жылы салынды?/ 1930
64. «Амангелді» киносы қай жылы түсірілді?/1938
65. Алғашқы рет оның рөлін кім ойнаған?/Өмірзақов
66. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы қай жылы қойылды?/1926 жылы
67. Қазақ киностудиясы кімнің атымен аталады?/ Шәкен Аймановтың
Оның аты қашан берілді?/1984 жылы
Шәкен Айманов қай жылдары өмір сүрген?/ 1914-1970
Қайда , қай күні/Баянауылда, 15.02
Оның мұражайы қашан ашылды?/ 1971
68. Ш. Айманов фильмдері/ «Махаббат туралы аңыз», «Алдаркөсе», «Атаманның ақыры», «Туған жер», «Менің атым- Қожа», «Көксерек»
69. Біздің заманымыздың композиторлары/ Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Ш. Қалдаяқов, Сейдолла Бәйтереков
70. «Біржан-Сара операсының» авторы кім?/ Мұқан Төлебаев
71. Ол қай жылы қойылды?/ 1946 жылы 7 қазанда Алматыдағы Қазақ опера және балет театрында
72. Қазақ музыка театрында қазақтың тұңғыш балеті «Қалқаман-Мамыр»қашан қойылды?/ 1938 жылы
73. Атақты күйшілер/Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нұрпейісова, Тәттімбет Қазанғапұлы
74. 1818-1889 ж. Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген күйші/ Құрманғазы
75. Оның шығармалары/ «Адай», «Кішкентай», «Көбік шашқан»
76. 1861- 1955 ж Орал облысында дүниеге келген күйші/ Дина Нұрпейісова
77. Оның шығармалары/ «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Той бастар»
78. 1815-1862 ж Қарағанды облысында дүниеге келген күйші / Тәттіқара
79. Оның шығармалары /«Салқоңыр», «Көкейкесті», «Сылқылдақ»
80. Құрманғазының ұстазы/Ұзақ
81. Құрманғазы мұражайы мен ескерткіші қайда?/ Астрахан облысы, Володар ауданы, Алтынжар ауылы
82. Дина Нұрпейісова Құрманғазы Сағырбаевпен неше жасында кездеседі?/9
83.Құрманғазы Динаға домбырасын қашан ұсынған?/ 1888
84. 94 жасында Алматыда дүние салған күйші/ Дина Нұрпейісова
85. Әбілхан Қастеев қай жылдар ыөмір сүрген?/ 1904-1973
86. Алматыдағы тәуелсіздік монументінің биіктігі неше метр?/28
87. Қазақтың қолөнеріне жататындар/ киіз басу, кілем тоқу, зергерлік
88. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?
89. 1845 жылы Семейде дүниеге келген ұлы ақын, композитор, философ,қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы кім?/Абай
90. Айтыс- қандай жанр?/ Ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр
91. Айтыскерлер/Әсет,Сара,Сүйінбай, Жамбыл,
92 Айтыстар / «Әсет пен Ырысжан», «Жамбыл мен Құлмамбет», «Біржан мен Сара»
93. Тұңғыш « Қазақ хрестоматиясын» жасаған ағартушы-педагог, қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан ұлы ұстаз, атақты ақын, білгір аудармашы кім?/Ыбырай
94. «Қазақ хрестоматиясы» қашан шықты?/1879 жылы
95. Ол қай жылы туған?/1841 жылы
96. ҚР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, тұңғыш академик кім?/ Қаныш Сәтбаев
97. Ол қай жылы туған?/1899-1964
98. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қай жылы , қай жерде дүниеге келген?/1946 ж. 2.07 Қарағандыда
99. Оған «Батыр» атағы қай жылы берілді?/1988 ж
100. Ол қай жылы, қандай экипажбен ұшты?/1991 жылы «Қазақстан-Австрия»
Достарыңызбен бөлісу: |