Коучинг тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау – маңызды мәселелерді ой елегінен өткізудің оңтайлы тәсілі



Дата15.02.2020
өлшемі45 Kb.
#29178

Шығыс Қазақстан облысы. Абай ауданы. Жүрекадыр ауылы.

«Жалпы білім беретін Ш.Абенов атындағы орта мектебі» КММ

Технология пәнінің мұғалімі, қосымша білім беру педагогы Алжасарова Жанар Қабдиқызы

Коучинг тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау – маңызды мәселелерді ой елегінен өткізудің оңтайлы тәсілі.

(шеберлік сынып)

Мақсаты: Мұғалімнің өз бойындағы сын тұрғысынан ойлау қабілетінің бар екендігіне сендіре отырып оны іс-тәжірибеде іске асыра алатынына ықпал ету.

Мұғалімдерді топтық жұмысқа қатыстыра отырып,тапсырма орындау барысында сыни ойландыру,материалды өмірмен байланыстыруына,тәжірибені ой елегінен өткізуіне түрткі болу.



Күтілетін нәтиже: Сын тұрғысынан ойлау модулінің әр түрлі әдіс- тәсілдері туралы біледі,оларды оқу процесінде мақсатты түрде қолданады.

Түйінді идеялар: Оқушының қызығушылығын, қалай оқу керектігін біледі.

Шеберлік сынып сабағының барысы:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Ұстаздардың іс-әрекеті:

Ресурстар

Психологиялық ахуал қалыптастыру және топтастыру

«Танысу ойыны»

Талқылау:

1.Қай ойыншының есімі,сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталады?

2.Несімен жақсы сақталады деп ойлайсың?

3.Қай қатысушыны еске түсіруі қиынға соқты?

4.Не үшін қиын болды деп ойлайсың?

5.Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай әсер етті? Және тағы басқа

Материктерге мемлекеттердің аттарын сәйкестендіру арқылы топқа бөлу.


Мақсаты: топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату,қарым-қатынастың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу,меңгеру.

-Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз:дөңгелене отырып,сағат тілі бойынша,кезек-кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші,екінші адамның айтқанын қайталап,сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді.






Тапсырма

«Әріптер сөйлейді»

Мақсаты: Әріптестер кез келген әріпті таңдап алып,қойылған сұраққа қолдарындағы әріптен басталатын сөзбен жауап беруі тиіс. Ұстаздар орындарына отырғаннан кейін слайдтан көрген түсін айтады.

*Бүгінгі көңіл күйіңіз қандай?

*Оқушының пәнге деген қызығушылығын қалай оятасыз?

*Сабағыңызда қандай әдіс-тәсілдер қолданасыз?

*Үш деңгейлік курсқа барғыңыз келе ме?

*Курстан өзіңізге керекті әдіс-тәсілдер ала аламын деп ойлайсыз ба?

*Коучингке не мақсатпен келдіңіз?

*Коучингтен кездескен сұрақтарға қалай жауап беремін деп ойлайсыз?






Ой қозғау

«Сыни ойлау» дегенді қалай түсінесіз?

Сыни ойлаудың қандай тәсілдерін білесіздер? Блум таксономиясы туралы не білесізер?



Сұрақтарды топтық талқылауға салады. Әр топ өз идеяларын білдіреді(идеялар қайталанбау керек)




Тапсырма

«Қазақстан барысы» мультфильмін көрсету.

Ұстаздар осы мультфильм бойынша топта сұрақтар құрастырып блум таксономиясына салады.




Сергіту сәті

. . .

. . .


. . .

Қатысушылар 9 нүктені қаламсапты көтермей қосу керек




Тапсырма

Осы тәсілді сіз сабағыңызға қалай қолданар едіңіз? Сіз одан қандай нәтиже күтесіз? Бұл тәсілді қаншалықты тиімді деп ойлайсыз?

Топтағы ұстаздар өз пікірлерін білдіреді.




Кері байланыс

Егер сізге коучинг ұнаса маған 3рахмет айтыңыз және себебін жазуды ұмытпаңыз. Сіз маған коучинг бойынша 2 ұсыныс айтыңыз.







Коучинг сабағы бойынша не сәтті болды?

1.Сыни ойлау туралы толық мәлімет алуы.

2.Мұғалімдердің тапсырмаларды ынтымақтастықта пікірлесіп,белсенділікпен орындауы.

3.Тапсырмалар орындау барысында уақытты тиімді пайдалануы.

4.Топтастыру және сергіту сәті.

Коучинг сабағы бойынша не сәтсіз болды?

1.Кейбір ұстаздар «Қазақстан барысы» мультфильміне сұрақтар құрастырғанда қиналды.

2.Топтарға теориялық тапсырмалар бергенде бір топ өз ішінде дұрыс талқылай алмады.

Мұғалімдер не үйренді?

1.Топтық жұмысты ұйымдастырып,өз тәжірибесіне енгізуді үйренді.

2.Сын тұрғысынан ойлау модулі туралы түсінік алды.

3.Жаңашыл мұғалім қалай сабақ өткізу керек екенін үйренді.

4.Коучинг сабағы не екенін үйренді.

Болашақта не өзгертемін?

Болашақта осы коучинг сабағын қайта өткізу үшін төмендегідей толықтыру енгіземін:



1.Кең әрі ауқымды көлемде өткізудің жоспарын құрамын.

2.Ғаламтордан ізденіп,әріптестеріме критерий бойынша бағалаудың ең тиімді әдістерін ұсынамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау