"Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім" кафедрасының отырысында бекітілді." " 200 ж. № хаттама


Пәннің оқу - әдістемелік қамтылу картасы



жүктеу 1,15 Mb.
бет5/10
Дата19.11.2018
өлшемі1,15 Mb.
#20855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4. Пәннің оқу - әдістемелік қамтылу картасы.




Әдебиетатауы

Барлығы

Ескерту

кітапханада

кафедрада

Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі

1

2

3

4

5

6

7

1

А. Т. Труханова «Основы технологии швейного производства». Москва: Высшая школа, 2001г.

5

=

23

-




2

И. К. Валышков «Оборудование швейных изделий». Москва: Просвещение, 1994г

15

-

68

-




3

О. В. Суворова «Швейное оборудование». Ростов – на – Дону: Феникс, 2000г.

5

-

23

-




4

Орленко Л. И. Терминологический словарь одежды. – М.: Легпромбытиздат, 1988г.

5

-

23

-




5

Стельмашенко В. И., Розаренова Т. В. Материалы для изготовления и ремонта одежды. – М.: Высшая школа, 1997г.

10

-

47

-




6

Эксплуатационные свойства материалов для одежды и методы оценки их качества: Справочник\ К. Г. Гущина и др. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1984г.

5

-

23

-





5. Дәрістік кешен:

3 семестр

1 дәріс

Тақырып: Кіріспе.

Дәрістің мазмұны:

  1. Пәнің мақсаттары мен міндеттері

  2. Тігін бұйымдарының ассортименттері.

  3. Тігін бұйымдарын дайындаудағы негізгі түрлері.

Мақсат: Материалды технологиялық өңдеу пәніне жалпы сипаттама беру. Бұйымның классификациясын көрсету.

1. Пәнің мақсаттары мен міндеттері.

Курс мақсаты:

Болашақ мамандарды, күнделікті тұрмыстағы тұтыну бұйымдарын, құрастырып пішу, киім топтарын дайындау және оларды көркемдеп –сәндеу барысында қолданылатын тігін машиналарының түрлерін толық меңгеріп тігін ісіне орынды пайдалану, қол және машина тігістерін, бұйымның негізгі торын тұрғызу, машина кестелерін, дымқылды –жылумен өңдеу жұмыстарының түрлерін киімнің негізгі және сән беруші бөліктерін өңдеу барысында қолдануға үйрету.



Курс міндеті:

Студенттерді тігін ісінің құрал жабдықтарымен жұмыс жасауға бейімдеу;



  1. сапалы еңбек өнімін шығаруға білімі мен іс -әрекет ептілігін, алғашқы дағдысын қалыптастыру;

  2. киім өндірісінде қолданылатын машина, қол тігістерінің түрлерін орындау;

  3. киім бөлшектерін өңдеу тәсілдерін үйрену әрі меңгеру;

  4. әр адамның дене бітісіне, жаңа үлгіде, бұйымды құрастырып –үлгілеу;

  5. еңбек етуге шығармашылық қабілетін дамыту;

  1. Тігін бұйымдарының ассортименті.

Ассортимент - әр түрлі товарлар жинағы. Киім ассортименті – тұтынушылар сұранымын қанағаттандыру үшін түрі мен мақсаты алуан түрлі бүйымдардың жиынтығы.

Киім жалпы белгілері бойынша: тұрмыстық, спорттық, өндірістік және формалық түрге бөлінеді.

Маусымдық белгілері бойынша киімді жазғы, қысқы, барлық маусымға бірдей және көктем мен күз маусымдарына арналған киімдер деп бөледі.


  1. Тігін бұйымдарын дайындаудағы негізгі түрлері.

Үлгі бойынша құрастыру – бейнелеу және техникалық шешімдерді байланыстыратын, шығармашылық қиын процес.

Шығармашылық шешімінің міндетінде бұйымның түр пішіні мен қалпы болса, техникалық міндет есеп – графигі көмегімен денеге қонымды, ыңғайлы бұйым пішінін жасау. Сызбаның негізгі мақсаты бұйымды тиімді пішіп денеге ыңғайлы да қонымды ету. Құрастырудың негізгі торын адам дене бітіміне байланысты тұрғызады. Бұйым негізін тұрғызбас бұрын алдымен дене өлшемі мен дене бітісіне анализ жасап, қажетті қосымша мен фасонын негіздейміз. Бұйым сызбасының қосымшалары негізінен матасына, фасонына байланысты.



Кілттік сөздер: құрастыру бұйымдары, карсеттік бұйымдар, сыртқы киімдер.

Бақылау сұрақтары:

1. Бұйымның классификациясын атаңыз?

2. Өндірістік бұйымдараға нелер жатады?

3. Жасқа байланысты киімдерді бөлу?



Әдебиет:

  1. О. В. Суворова «Швейное оборудование». Ростов – на – Дону: Феникс, 2000г, стр. 3 – 13.

  2. А. Т. Труханова «Основы технологии швейного производства». Москва: Высшая школа, 2001г, стр. 3 – 6.

  3. И. К. Валышков «Оборудование швейных изделий». Москва: Просвещение, 1994г. стр.


2 дәріс

Тақырып: Қол жұмысының негізгі түрлері.

Дәрістің мазмұны:

1. Тігістердің түрлері.



Мақсат: Қол тігісінің түрлеріне түсінік беру.

1. Тігістердің түрлері.

Киімді дайындау кезде қол жұмысы, машина жұмысы, үтіктеу жұмыстары атқарылады. Бөліктерді біріктірудің үш тәсілі бар: жіппен, желіммен және дәнекерлеу арқылы. Өнеркәсіптік өндірісте және тігу үрдісінде, негізінен, жіппен біріктіру (тігіндік біріктіру) қоланылады.



Тігіндік біріктіру дегеніміз - материалдың екі немесе одан да көп қабатын бір болмаса бірнеше тігіс арқылы қосу.

Тігіс дегеніміз - бір немесе бірнеше қабат материалдағы тігінің жүйелі қатары.

Тігім дегеніміз - инешаншымның жүйелі қатар .

Инешаншым машинамен және қолмен атқарылады. Инешаншымды арнайы машинада орындған барынша тиімді.Бөліктердің біріктірілуі сапасы мен бұймның сыртқы түрі инешаншым мен тігімнің орындалуы сапасына байланысты болады.

Тігін бұйымдары бөліктерін біріктрудің негізгі тәсілі-машиналық жіптік тігіс.Машиналық тігіске жоғары тұтынушылық және өндірістік талаптар қойлады.

Тігістің жоғарғы сапасы операцияны орындауда тігістің ені, тігім саны мен олардың арасындағы өзара арақашықтық, инешаншым жиілігі және оны тігімге тарту деңгейі, жіп пен иненің нөмірі секілді техникалық шартарды сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.



Кілттік сөздер: тігістің түрлері, жіптік жалғастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Тігіс деп нені атайды?

2. Қол тігістерін орындауда қандай түрлерін қолданады?

Әдебиет:


  1. О. В. Суворова «Швейное оборудование». Ростов – на – Дону: Феникс, 2000г.

  2. А. Т. Труханова «Основы технологии швейного производства». Москва: Высшая школа, 2001г, стр. 3 – 6.

  3. И. К. Валышков «Оборудование швейных изделий». Москва: Просвещение, 1994г. стр.


3 дәріс

Тақырып: Қол жұмысының негізгі түрлері.

Дәрістің мазмұны:

1. Қиғаш тігістер



Мақсат: Қиғаш тігістерінің түрлері мен орындалуы.

1. Қиғаш тігістер

Қиғаш тігістер киім бөлшектерін уақытша және біржолата біріктіру үшін қолданылады.

Матаның бетіне қиғаш бағытта түседі. Ал теріс жағынан түзу тіке тігістер пайда болады. Қиғаш тігіспен бұйымның үстіңгі жағасының шеттерін, өңір астының шеттерін, астар аралыққа бекіту. Қиғаш тігісті тіккенде инені 60 – 700 бұрамыз. Сыртқы тігісерді тігістің ұзындығы 0,3 – 0,7 см. Сыртқы тігістерді жібек жіптер, лавсан жіптермен тігеміз. Номер 18 – 33 – 65 жібек жіп.

Кілттік сөздер: Торлау, қиғаш, көктеу, қондыруып көктеу, қосып көктеу.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қиғаш тігістердің түрлерін атаңыз?

  2. Қолдануына байланысты қиғаш тігістердің түрлерін атаңыз?

Әдебиет:

  1. О. В. Суворова «Швейное оборудование». Ростов – на – Дону: Феникс, 2000г, стр. 3 – 13.

  2. А. Т. Труханова «Основы технологии швейного производства». Москва: Высшая школа, 2001г, стр. 3 – 6.



4 дәріс

Тақырып: Қол жұмысының негізгі түрлері.

Дәрістің мазмұны:

  1. Айқас және торлау тігістер

Мақсат: Айқас және торлау тігістерінің түрлері мен орындалуы.

  1. Айқас және торлау тігістер

Айқас тігісі – пальтолердің, көйлектердің, юбкалардың етектерін қайырып, жапсырып тігу үшін қолданылады.

Айқас тігіс – бұл тігістің үстіңгі жағы айқасып келеді. Астынан параллель бағытта екі жай тігіс түседі. Тігістер біркелкі болып түсу үшін үйрепін кеткенше тігістерді санап есептеу керек. Бұл тігіс жағаның ашық шеттерін тез тарқалатын матаның шеттерін осы тігіспен тігеді. Тігіс солдан оңға қарай тігіледі. Тігістің ұзындығы 0,5 – 1 см, тігістің ені 0,4 –0,7 см.

Торлау тігіс – бұл тігісті тігерде мата сол қолмен ұсталуы керек. Ине жоғары шаншылып, жіптің арасынан өтеді. Бұл тігіс матаның сетінеуінен сақтайды.

Кілттік сөздер: айқас және торлау тігістері, көшірме тігістері, жөрмеп тігістері, тепшіп тігістері.

Бақылау сұрақтары:


  1. Айқас тігістердің түрлерін атаңыз?

  2. Қолдануына байланысты торлау тігістерін атаңыз?

  3. Торлау тігістерінің орындалуын атаңыз?

Әдебиет:

1. О. В. Суворова «Швейное оборудование». Ростов – на – Дону: Феникс, 2000г, стр. 3 – 13.



  1. А. Т. Труханова «Основы технологии швейного производства». Москва: Высшая школа, 2001г, стр. 3 – 6.

  2. И. К. Валышков «Оборудование швейных изделий». Москва: Просвещение, 1994г. стр.


5 дәріс

Тақырып: Қол жұмысының негізгі түрлері.

Дәрістің мазмұны:

  1. Арнайы және бекітпе тігістерінің түрлері.

Мақсат: Арнайы және бекітпе тігістерінің түрлеріне мәлімдеме беру.

1. Арнайы және бекітпе тігістерінің түрлері.

Арнайы тігістер – ілмектерді торлағанда, түймелерді қадағанда, арнайы бекітпелер жасағанда қолданылады.

Бекітпелер – бұл тігіс қалталардың бұрыштарын, безендіргіш ретінде қолданылады.

Сыртқы киімді дайындауда арнай тігін машинасы болмаған жағдайда ілмекті қол тігісімен жүргізеді.

Бекітпені ілмектің сонына қою үшін және қалтаға, бетпе – бет орналасқан қиықтарға қолданады.

Кілттік сөздер: тік бекіттпе, ілмек, түймені қадау, ілмекті торлау.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қандай жағдайда ілмекті тігісті қолданады?

  2. Ілмекті торлаудың түрлерін атаңыз?

  3. Қандай жағдайда бекітпені қолданады?

Әдебиет:

  1. О. В. Суворова «Швейное оборудование». Ростов – на – Дону: Феникс, 2000г, стр. 3 – 13.

  2. А. Т. Труханова «Основы технологии швейного производства». Москва: Высшая школа, 2001г, стр. 3 – 6.


6 дәріс

Тақырып: Тігін машинасының негізгі құрлысы.

Дәрістің мазмұны:

  1. Тігін машинасының шығу тарихы. Тігін машинасының классификациясы.

  2. Тігін машинасының негізгі құрлысы.

Мақсат: Тігін машинасының құрылысын үйрену және оның классификациясы.

  1. Тігін машинасының шығу тарихы.

Тігін машинасының классификациясы.

Тігін машиналарының шығу ХVII ғасырда басталады. Қолмен сырудың көшірмесін жүргізетін алғашқы тігін машиналарын 1775 жылы ағылшын К. Вейзенталь ойлап тапқан. Осыған ұқсас машинаны Т. Сент 1790 жылы жасады. 1830 ж. Францияда жаңа тігін машинасын Б. Тимонье құрастырды. Бірак ол машиналар әлі жетілмеген еді: тігісі жиі сетініп, тігу жылдамдығы төмен болды. Босап кетпейтін шөрігі бар алғашқы тігін машинасын 1845 ж. Америкада өнертапқыш Э. Гау жасап шығарады. Бұл машина минутына 300 тігіс жаса алады. Өндірістің дамуы анағұрлым жетілдірілген жылдамдығы жоғары машиналарды қажет еткендіктен, Зингер мен Гиббе сияқты.



2. Тігін машинасының негізгі құрлысы.

Тігін өндірісінде арнайы операцияларды өңдейтін арнайы машиналар бар. Олардың жасайтын операциялары: етекті бүгіп тігу, жеңдерді қолтық ойындысына отырғызып қондыру, бұйымды кестелеу.

Шөлмек – инедегі жіпті іліп алып, кеңейтіп, қайықтың сыртынан айналдырып, үстіңгі жіп пен астыңғы жіп өріліп тігіс пайда болуын айтады.

Жіп тартқыш – инеге және шөлмекке жоғарғы жіпті жіберіп, тепшімді тартып отыру.

Мата жылжытқыш – тігілетін матаны белгілі бір тігіс ұзындығымен жылжып қозғалуын қамтамасыз етеді.

Кілттік сөздер: жіп тартқыш, табан, шөлмек, ине, шөлмектік және шынжырлы тігіс.

Бақылау сұрақтары:


  1. Тігін машинасының негізгі ішкі бөлшектерін қолдануы.

Әдебиет:

  1. О. В. Суворова «Швейное оборудование». Ростов – на – Дону: Феникс, 2000г, стр. 3 – 13.

  2. А. Т. Труханова «Основы технологии швейного производства». Москва: Высшая школа, 2001г, стр. 3 – 6.

  3. И. К. Валышков «Оборудование швейных изделий». Москва: Просвещение, 1994г. стр.



7 дәріс

Тақырып: Челноктік тігіс

Дәрістің мазмұны:

  1. Челноктік тігістің қасиеті.

  2. Челноктік айқасудың құрылымы

Мақсат: Челноктік айқасудың құрылымының қасиеті.
1. Челноктік тігістің қасиеті.

Екі жіпті челнокті тігіс екі жіптен құралады – үстіңгі және астыңғы олып бөлінеді. Үстіңгі жіп ине арқылы орналасады, ал астыңғы жіп челноктін ішінен шпулькадан өтеді. Машина тігісі үстіңгі жіптің инемен бірге төмен түсіп матадан өтуі, оған шпульдік қалпақшаның жіппен бірге жақындауы арқылы жүргізіледі. Үстіңгі жіп оны иіп әкеліп, астыңғы жіпті іліп әкетеді. Қос жіптің айқасуынан тігіс пайда болады. Кез келген жіптің еркін қозғалып, тігіс жолдарында ілгешектер пайда болмауы үшін жіптердің жоғары және төмен тартылуын реттейді: үстіңгісін жіптің жоғары қарай тартылуын реттегіш арқылы, тігіс астыңғысын пластинкадағы шпульды қалпақшалар винтінің көмегімен жасайды



2. Челноктік айқасудың құрылымы

Машина тігісі үстіңгі жіптің инемен бірге төмен түсіп матадан өтуі, оған шпульдік қалпақшаның жіппен бірге жақындауы арқылы жүргізіледі. Үстіңгі жіп оны иіп әкеліп, астыңғы жіпті іліп әкетеді. Қос жіптің айқасуынан тігіс пайда болады. Кез келген жіптің еркін қозғалып, тігіс жолдарында ілгешектер пайда болмауы үшін жіптердің жоғары және төмен тартылуын реттейді: үстіңгісін жіптің жоғары қарай тартылуын реттегіш арқылы, тігіс астыңғысын пластинкадағы шпульды қалпақшалар винтінің көмегімен жасайды.



Кілттік сөздер: челноктік айқасуы, шпулька, ілмек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Челноктік тігістің қасиеті қандай?

  2. Челнокті тігіс неше жіптен тұрады, жібі қай жерде орналасады?

Әдебиет:

  1. О. В. Суворова «Швейное оборудование». Ростов – на – Дону: Феникс, 2000г, стр. 3 – 13.

  2. А. Т. Труханова «Основы технологии швейного производства». Москва: Высшая школа, 2001г,

  3. И. К. Валышков «Оборудование швейных изделий». Москва: Просвещение, 1994г.

8 дәріс

Тақырып: Тігін машинасының техниикалық сипаттама және құрастырылуы.

Дәрістің мазмұны:

  1. Машина инесінің классификациясы.

  2. Тігін машинасына сипатама.

Мақсат: Тігін машинасына сипаттама беру және машина инесінің классификациясы.

  1. Машина инесінің классификациясы.

Ине - №1 - 12 номерге дейін болып келеді. 1 - 3 дейінгі инелер жұқа киім тігуге арналған, 3 - 12 дейінгі аралықтағы инелер қалың киім тігуге арналған. Ине - ұшты, түзу таттанбаған болуы керек. Инені тігіп жатқанда бұйымға тастауға немесе ауызға салуға болмайды.

Тігін машинасының инесі арнайы ГОСТ пен дайындалады. Машина инесінің барлық түрлері төрт нөмерден тұрады. Мысалы: 0052, 0077, 0873.



  1. Тігін машинасына сипатама.

1022 класс тігін машинасы пальто, шинель, маталарын тігуге арналған. “Шөлмек ” арқылы тігіс жасалынады. Тігіс ұзындығы 0 - 5 мм, бұл машина 5 мм қалыңдықты матаны тіге алады. № 90 – 150 инемен жұмыс жасайды. Машина бір орталықтан майланады. 1022 класс машинасының базасында көптеген тігін машиналары шығарылады. Олар 1022 – 3 класс машинасы балалар және жеңіл әйелдердің шеткі бөлшектерін көмкеріп тігу.

1022 – 4 класс машинасы пальто және қалың маталардың шетін қайыруға арналған.



Кілттік сөздер: машина инеіс, диаметр, ұзындығы, ені, габарит, салмағы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ине түрлерін атаңыз?

  2. Тоқыма полотносын тігуге арналған ине түрі?

  3. 1022 М кл тігін машинасы қандай тігіс түрлерін тігу үшін қолданады?

Әдебиет:

  1. О. В. Суворова «Швейное оборудование». Ростов – на – Дону: Феникс, 2000г.

  2. А. Т. Труханова «Основы технологии швейного производства». Москва: Высшая школа, 2001г.



9 дәріс

Тақырып: Тігін машинасының техникалық қызмет көрсету.

Дәрістің мазмұны:

  1. Тігн машинасының жөндеу түрлері.

  2. Тігін машиналарын баптау.

Мақсат: Тігін машинасының жөндеу түрлеріне жалпы сипаттама беру және тігін машиналарын баптау.

1. Тігін машинасының жөндеу түрлері.

Тігін машинасы адам еңбегінің жеңілдететін көптеген машиналардың қатарына жатады. Қазіргі тігін машиналарыматалардың кесінділерін қайып тігіп қана қоймай, сонымен бірге ыдыраған қиықтарды көктеп тігуге, түймелерді қадауға, ілгектер жасауға, жамауға, қайта тігуге және басқа да толып жатқан әр түрлі операцияларды орындағу мүмкіндік береді.

Тігін машиналары мынадай негізгі түрлерге бөлінеді:

Қысып – буатын машиналар;

Мамандырылған машиналар;

Түйме қадауға, бекіткіш жасауға, ілгек көктеуге арналған жартылай автоматты машиналар;

Жүйелеп өндейтін жартылай автоматты машиналар.

Үй жағдайында электр жетегімен жұмыс істейтін тұрмыстық машинаны пайдаланады. Мұндай машина ана ғұрлым тез тігеді әрі қазіргі талапқа сай келеді.



2. Тігін машиналарын баптау.

Тігін машинасының жұмыс жасауы машинаны күтіп – баптауға байланысты. Тігін машинасының дұрыс жұмыс жасауы үшін жұмыс басында төмендегідей болуы керек:



  1. Тігін машинасының дауысын тексеру;

  2. Иненің дұрыс орналасуын тексеру;

  3. Тігін машинасының жіпті өткізуін тексеру;

  4. Материалға байланысты тігін жібін таңдау;

  5. Тігін машинасын тазалау және майлау;

  6. Тігін машинасының тігісн қасиетін анықтау.

Кілттік сөздер: күрделі және жай жөңдеу, тазалау, машинаны майлау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тігін машинасының жөндеу түрлерін атаңыз?

  2. Күрделі жөндеу деп нені атаймыз?

  3. Тігін машинасының майлау және тазалау қалай өтеді?

Әдебиет:

  1. О. В. Суворова «Швейное оборудование». Ростов – на – Дону: Феникс, 2000г.

  2. А. Т. Труханова «Основы технологии швейного производства». Москва: Высшая школа, 2001г.

10 дәріс

Тақырып: Бір және екі инелі машинаның челноктік тігісі.

Дәрістің мазмұны:

  1. Бір және екі инелі машинаның жалпы сипаттамасы.

Мақсат:: Бір және екі инелі машинаның жалпы сипаттама беру.

1. Бір және екі инелі машинаның жалпы сипаттамасы.

597 класс машинасы синтетика және мақта маталарынан жасалған бұйымдарды тігу үшін арналған. Жылдамдығы минутына 4500 айналу жиілгі. Бұл машинаның ерекшелігі тігіс отырғызылмай тігілу үшін ине де матаның қозғалуына қатысады горизонтальды.

97 - классты машина жібек, мақта, жүн маталарынан жасалған бұйымдарды тігу үшін арналған. Бір инелі, челнок арқылы сырып тігетін машина. Тігіс реттеуші арқылы орташа қалыңдықтағы маталарды тігеді, сэндік тігістерді жүргізе алады, қалаған тігістің ұзындығын таңдап алуға болады.Қолданылатын иненің номері № 90-100, қолданылатын жіптің номері №65. Жылдамдығы минутына 500 айналым. Ремен арқылы жұмыс жасайды.

Кілттік сөздер: рейка, табан, ине, табанды орнату, жіп тартқыш.

Бақылау сұрақтары:


  1. 597 м кл. қандай тігістерді орындайды?

  2. 597 М Кл машина, 97 А Кл машинаның айырмашылығы неде?

Әдебиет:

1. О. В. Суворова «Швейное оборудование». Ростов – на – Дону: Феникс, 2000г.



  1. А. Т. Труханова «Основы технологии швейного производства». Москва: Высшая школа, 2001г.

  2. И. К. Валышков «Оборудование швейных изделий». Москва: Просвещение, 1994г.

11 дәріс

Тақырып: Зигзакты тігіске арналған машина.

Дәрістің мазмұны:

  1. Зигзактік тігіс.

  2. Зигзак тігісінің құрылымының принциптері.

Мақсат: Зигзактік тігіс машинасына жалпы сипаттама беру.

жүктеу 1,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау