Бұл жобалық жүктеме жағдайындағы ЖЭҚ-ның қалақшалары айналмай тоқтап тұрады , не болмаса бос жүру күйінде болады. 6.1 , 6.2 және 6.3 ЖЖЖ-да (жобалық жүктеме жағдайы) қарастырылған жағдай желдің экстремалды жылдамдықтары үшін.6.4 ЖЖЖ үшін турбуленттіліктің қалыпты моделі қарастырылуы тиіс.Желдің экстремалды жылдамдығына сәйкес келетін ЖЖЖ-ын экстремалды стационар жел ағыны ретінде қарастыруға болады , сонымен қатар экстремалды желдің турбулентті моделін де алуға болады.Егер желдің экстремалды жылдамдығының турбулентті моделі қолданылатын болса , онда сипаттамалар толық масштабты динамикалық модельдеуге негізделуі тиіс немесе дауыл мен динамикалық реакцияларға сәйкес квазистатикалық анализ негізінде жүзеге асуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |