Конкурсты өткізуге дайындық; конкурсты өткізу



жүктеу 170,63 Kb.
Дата05.03.2018
өлшемі170,63 Kb.
#11374
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің м.а.

2011 жылғы «11» шілде

№303 бұйрығына

2 қосымша




Білім беру гранттарын тағайындау бойынша

жұмыстарды ұйымдастыру

нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер





        1. Білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру келесі кезеңдерді қамтиды:

  1. білім беру гранттарын тағайындау конкурсына (бұдан әрі - конкурс) қатысуға құжаттарды қабылдау;

  2. конкурсты өткізуге дайындық;

  3. конкурсты өткізу;

  4. гранттарды тағайындау туралы куәліктерді (бұдан әрі - куәлік) басу және тарату.

        1. Осы нұсқаулық:

  1. Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі - ҰТО);

  2. базасында тестілеу өтетін базалық жоғары оқу орны (бұдан әрі - ЖОО) қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, техникалық хатшысы мен программисінің (бұдан әрі – базалық ЖОО);

  3. базасында тестілеу өту үшін өтініш қабылдайтын ЖОО қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, техникалық хатшысы мен программисінің (бұдан әрі – желілік ЖОО);

  4. талапкерлердің іс-әрекеттері мен негізгі функцияларын айқындайды.

        1. Жоғарыда көрсетілген тұлғалар өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын (бұдан әрі – Үлгі ереже), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін (бұдан әрі - Ереже), осы Нұсқаулықты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.



2. Конкурсты ұйымдастыру





        1. Конкурсты ұйымдастыру жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), ҰТО, Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссиясы (бұдан әрі – конкурстық комиссия), ЖОО жауапты хатшысының, программисі мен техникалық хатшысының бірлескен қызметтерін қарастырады.

  1. ҰТО конкурсқа енгізілген өзгерістерге сәйкес, конкурсқа қатысуға тілек білдірген талапкерлердің деректерін енгізуге арналған «Конкурс» автоматтандырылған жұмыс орнын (бұдан әрі - АЖО) бейімдеп, әзірлейді және базалық ЖОО-на электрондық тасымалдағышта немесе телекоммуникациялық желі арқылы жібереді;

  2. ЖОО-да «Конкурс» АЖО-сы Ережеде белгіленген мерзімде орнатылады және толтырылады;

  3. талапкер желілік ЖОО-да, «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4991 нөмірімен тіркелген) үлгіде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш бланкісін (бұдан әрі – өтініш бланкісі) толтырады;

  4. базалық ЖОО-да өтініш бланкілерін сканерлеу жүргізіледі және «Конкурс» деректер базасы (бұдан әрі - ДБ) құрылады;

  5. желілік ЖОО-да осы нұсқаулықтың 1 қосымшасына сәйкес үлгіде талапкердің конкурсқа қатысу туралы анықтамасы (бұдан әрі - анықтама) басып шығарылады, ресімделеді және талапкерлерге беріледі;

  6. базалық ЖОО программисі осы нұсқаулықтың 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес конкурсқа өтініштерді қабылдау барысы жөнінде статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы күн сайын сағат 17.00-ге дейін ҰТО-ға жіберуді жүзеге асырады және ҰТО-да конкурсқа өтініштерді қабылдаудың республика бойынша статистикалық мәліметтері құрылады;

  7. өтініштерді қабылдаудың соңғы күні осы нұсқаулықтың 5 қосымшасына сәйкес өтініштерді тіркеу журналдары (бұдан әрі – тіркеу журналы) жабылады;

  8. конкурстық комиссия білім беру гранттарын (бұдан әрі - грант) тағайындауды жүргізеді;

  9. конкурстық комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін ҰТО-да гранттарды тағайындау туралы куәліктері (бұдан әрі - куәлік) басылады;

  10. желілік ЖОО-да грантқа ие болған азаматтарға куәліктер беріледі.



3. ҰТО функциялары





        1. Конкурсты ұйымдастыру процесін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ҰТО келесі функцияларды жүзеге асырады:

  1. Министрлікпен бірлесе отырып, базалық ЖОО-ның жауапты хатшыларын конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау туралы оқыту сабақтарын ұйымдастыру;

  2. «Конкурс» ДБ қалыптастыру үшін базалық ЖОО-ларды өтініш бланкілерімен қамтамасыз ету;

  3. «Конкурс» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды және оны алып жүруді ұйымдастыру;

  4. базалық ЖОО-да өтініш бланкілерін сканерлеу процессіне бақылау жасау;

  5. конкурсқа қатысатын талапкерлердің саны туралы күнделікті статистикалық мәліметтерді жинау және қалыптастыру;

  6. «Конкурс» ДБ жабуды ұйымдастыру;

  7. конкурсқа қатысатын талапкерлердің саны туралы қорытынды статистикалық мәліметтерді жинау және қалыптастыру;

  8. конкурстық комиссия үшін материалдар дайындау;

  9. конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес білім беру гранттарын тағайындау туралы куәліктерді және куәліктерді беру тізілімін басып шығару;

  10. білім беру грантарын тағайындау туралы куәліктер мен куәліктерді беру тізілімдерін базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына беру;

  11. Министрлікпен бірлесе отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында білім беру гранттарына ие болған талапкерлер тізімін жариялау.



4. ЖОО-ның жауапты хатшысының функциялары





        1. Базалық ЖОО-ның жауапты хатшысының функциялары:

  1. желілік ЖОО-ның жауапты хатшыларын оқытуды ұйымдастыру;

  2. базалық ЖОО-ның және осы базалы ЖОО-на бекітілген желілік ЖОО-ның техникалық хатшылары мен программистерін оқытуды ұйымдастыру;

  3. желілік ЖОО-ларды өтініш бланкілерімен қамтамасыз ету;

  4. әрбір желілік ЖОО үшін өтініш бланкілерін сканерлеу кестесін жасау;

  5. ҰТО-ға қабылдау барысы туралы ақпараттардың күнделікті жіберілуін бақылау;

  6. республика масштабында статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі бойынша қабылдауды және оны желілік ЖОО-ға беруді бақылау;

  7. техникалық құралдар кешені орналасқан орын-жайға бөтен адамдардың кірмеуіне бақылау жасау;

  8. талапкерлердің жеңілдіктерге және басым құқыққа ие екендігін растайтын құжаттарды ЖОО-ның қабылдау комиссиясының қарауына енгізу;

  9. осы нұсқаулықтың 6 қосымшасына сәйкес базалық ЖОО-ның өтініштер журналын жабуды ұйымдастыру;

  10. ҰТО-ға конкурсқа өтініштерді қабылдаудың барысы туралы қорытынды мәліметтерді жіберуді бақылау.

        1. Желілік ЖОО-ның жауапты хатшысының функциялары:

  1. техникалық хатшыларды жұмыс орындармен қамтамасыз ету;

  2. бағдарламаларды инсталляциялау мен орнатуды бақылау;

  3. программистің жұмыс орындарын ұйымдастыру;

  4. өтініш бланктерін күнделікті сканерлеуді ұйымдастыру;

  5. анықтамаларды беруді ұйымдастыру;

  6. талапкерлердің басым құқыққа немесе жеңілдіктерге ие екендігін ЖОО-ның қабылдау комиссиясының қарауына енгізу;

  7. тіркеу журналдарын жабуды ұйымдастыру;

  8. техникалық құралдар кешені орналасқан бөлмеге бөтен адамдардың кірмеуіне бақылау жасау;

  9. техникалық хатшылардың функцияларының орындалуына бақылау жасау.

5. Техникалық хатшының функциялары





        1. Техникалық хатшы құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, сақтауды, беруді және қабылданған құжаттардың растығын бақылауды жүргізеді.

        2. Техникалық хатшының негізгі функциялары:

  1. құжаттарды қабылдау, өтініш бланкілерін толтыру, тіркеу журналымен жұмыс істеу бойынша оқытудан өту;

  2. жауапты хатшыдан өтініш бланкілерін, тіркеу журналдарын алу;

  3. құжаттарды тіркеу мен қабылдау және осы нұсқаулықтың 7 қосымшасына сәйкес құжаттарды сақтауға алғандығы туралы қолхат беру;

  4. тіркеу журналын жүргізу;

  5. өтініш бланкілерін дұрыс толтыруды бақылау;

  6. ағымдағы күннің өтініш бланкілерін сканерлеуге беру;

  7. талапкерлерге анықтама беру;

  8. конкурс өткізу барысында басым құқыққа және жеңілдіктерге ие талапкерлер жөнінде жауапты хатшыға хабарлау;

  9. талапкердің деректеріне өзгерістер енгізу;

  10. «Конкурс» ДБ-ның жағдайын бақылау;

  11. өтініштерді тіркеу журналын жабу;

  12. конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда немесе конкурс аяқталғаннан кейін талапкерге құжаттарды қайтарып беру.


6. ЖОО программистінің функциялары





        1. Базалық ЖОО программисінің негізгі функциялары:

  1. базалық ЖОО арналған барлық АЖО дайындау және бағдарламалық қамтамасыз етуге келтіру;

  2. желілік ЖОО программистерін желілік ЖОО-ның АЖО-мен жұмыс істеуге оқыту және осы желілік ЖОО-ның аталған АЖО жұмысына бақылауды қамтамасыз ету;

  3. өтініш бланкілерін сканерлеу, «Конкурс» ДБ алып жүру;

  4. өтініштерді қабылау барысы туралы күнделікті статистикалық мәліметтерді жіберу;

  5. өтініштерді қабылдауды соңғы рет өңдеу және «Конкурс» ДБ жабу;

  6. базалық ЖОО-ның өтініштер журналын қалыптастыру және беру ;

  7. конкурсқа өтініштерді қабылдау барысы туралы қорытынды мәліметтерді ҰТО-ға жіберу

  8. ҰТО-ға қажетті мәліметтерді жіберу.

        1. Желілік ЖОО программисінің негізгі функциялары:

  1. желілік ЖОО АЖО-ны инсталляциялау;

  2. желілік ЖОО-ның ерекшелігіне қарай бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау және келтіру;

  3. техникалық хатшыларға қажетті нысандарды дайындау;

  4. тіркеу журналын қалыптастыру және беру;

  5. желілік ЖОО ДБ қалыптастыру;

  6. осы нұсқаулықтың 1, 8, 9 қосымшаларына сәйкес анықтамаларды, өтініш бланкілерін сканерлеу есебін, анықтамаларды тарату тізілімін күнделікті қалыптастыру және беру;

  7. өтініштерді қабылдау барысы туралы статистикалық мәліметтерді күнделікті қалыптастыру және беру;

  8. осы нұсқаулықтың 10 қосымшасына сәйкес желілік ЖОО-ның техникалық хатшысының өтініштер журналын қалыптастыру және беру.



7. «Конкурс» ДБ құру





        1. «Конкурс» ДБ құру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

  1. желілік ЖОО-ның жауапты хатшысы техникалық хатшыларды тіркеу мақсатында, бекітілген техникалық хатшылар тізімін базалық ЖОО-ға ұсынады;

  2. техникалық хатшылар Ережелер, нұсқамалық құжаттары және Министрліктің басқа да нормативтік құқықтық актілері бойынша оқытылады;

  3. әрбір желілік ЖОО техникалық хатшылар арқылы талапкерлерден конкурсқа өтініштер қабылдайды. Талапкер өтінішті ағынды сканерде оқуға арналған арнайы бланкте толтырады;

  4. өтініш бланкілері сканерлеу және базалық ЖОО-ның ДБ қалыптастыру үшін күнделікті базалық ЖОО-ға жеткізіледі;

  5. әрбір желілік ЖОО-ның бланкілерін сканерлеу нәтижесі желілік ЖОО-ның ДБ қалыптастыру үшін желілік ЖОО-ға қайтарылады;

  6. желілік ЖОО-да талапкерлерге анықтамалар дайындалып, техникалық хатшылар талапкерлерге береді. Анықтамада қате табылған жағдайда, техникалық хатшы оны түзетеді және өтініш бланкісін қайта сканерлеуге жібереді.

  7. өтініштер қабылдау кезеңі аяқталғаннан кейін желілік ЖОО-да техникалық хатшыларына өтініштер журналдары беріледі. Бұл журналдар желілік ЖОО қабылдау комиссиясы арқылы жабылады;

  8. базалық ЖОО-да базалық ЖОО өтініштер журналы беріледі. Бұл журнал базалық ЖОО қабылдау комиссиясы арқылы жабылады. Талапкерлердің жалпы саны туралы статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі бойынша ҰТО-ға жіберіледі.



8. Конкурсқа құжаттарды қабылдау, тіркеу және қолхат беру





        1. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуы үшін талапкер тапсырады:

  1. өтініш бланкі;

  2. білімі туралы құжат (диплом немесе аттестат) (түпнұсқа);

  3. Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты;

  4. жеке куәлігінің көшірмесі;

  5. 3х4 көлемді фотосурет – 2 дана;

  6. 086-У нысандағы медициналық анықтама;

  7. талапкердің басым құқыққа ие екендігін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).

        1. Ауыл квотасын қолдану барысында келесілер есепке алынады:

  1. талапкер бітірген оқу орнының Қазақстан Республикасының колледждері, кәсіптік мектептері, мектептердің анықтамалығына сәйкес ауылдық статусы болғанда;

  2. талапкер таңдаған мамандық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 мамырдағы №211 «ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары арнайы білім беру және бакалавриат мамандықтарының тізбесін және ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесін бекіту туралы» бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №7674 нөмірімен тіркелген), ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары арнайы білім беру және бакалавриат мамандықтарының тізбесінде болғанда.

        1. Талапкерлердің құжаттары өтініштерді тіркеу журналына тіркеледі. Тіркеу журналдары нөмірленіп, тігіледі және оған мөр қойылады.

        2. Тіркеу журналының барлық бағандары қолмен толтырылады. Қабылданған құжаттар талапкердің құжат тігетін папкасына салынады. Құжат тігетін папканың алдыңғы бетіне талапкердің жеке коды (бұдан әрі – ТЖК) мен аты-жөні, жоғарғы оң бұрышына техникалық хатшының коды жазылады.

        3. Талапкерге өзінің құжаттарын тапсырған соң, қабылданған құжаттардың тізбесі бар, техникалық хатшының қолы қойылған қолхат беріледі және ол тіркеу журналының сәйкесінше бағанында қол қояды.



9. Өтініш бланкісін толтыру





        1. Өтініш бланкілері түзету мүмкіндігіне ие болу үшін қарындашпен толтырылады. Өтініш бланкісі келесі тәртіппен толтырылады:

  1. 1-секторда жоғарғы бос торкөздерге көлденеңінен талапкердің тегі жазылады. Талапкердің тегіндегі әрбір әріптің астындағы торкөздердегі әріпке сәйкес дөңгелекшелер боялады;

  2. 2-секторда сол сияқты жоғарғы бос торкөздерге көлденеңінен талапкердің сертификатында көрсетілген ТЖК жазылады. Әр санның астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекше боялады;

  3. 3-секторда бос торкөздерге көлденеңінен талапкерге берілген сертификаттың баспаханалық нөмірі толтырылады. Әр санның астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады;

  4. 4-сектордағы талапкер қалаған оқу түрі боялады;

  5. 5-секторда бос торкөздерге аттестаттағы (дипломдағы) бағалар саны жазылып, боялады.

  6. 6, 8, 10, 12 секторлар – бұл конкурс секторлары, оның жоғарғы бос торкөздеріне талапкер грант арқылы оқығысы келетін 1, 2, 3, 4 - мамандықтарды сандық түрде жазады және оған сәйкес дөңгелекшелерді бояйды;

  7. 7, 9, 11, 13 секторлар – бұл конкурс секторлары, оның жоғарғы бос торкөздеріне талапкер грант арқылы 1, 2, 3, 4 мамандықтар бойынша оқығысы келетін ЖОО-ның кодын жазады және бояйды;

  8. 14, 15, 16, 17, 18 секторларды жетім, I-II топтағы мүгедек, соғысқа қатысушылар мен мүгедектері, үздік аттестат (куәлік, диплом) категориялары бойынша жеңілдіктері бар талапкерлер бояйды;

  9. 19 секторды «Алтын белгі» жалпы орта білім аттестаты иегерлері бояйды;

  10. 20 секторды жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сонымен қатар ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда бояйды;

  11. 21 секторды осы тармақтың 9), 10), 19) тармақшаларында көрсетілген басым құқық иегері болып табылатын талапкерлер бояйды;

  12. 22 секторда талапкер жеңімпаз болған олимпиада пәнінің, ғылыми жарыс секциясы және орындаушылық конкурстың сандық түріне сәйкес келетін дөңгелекшелерді бояйды;

  13. 23 және 24 секторларға шығармашылық мамандыққа түсетін талапкерлер шығармашылық емтиханның балдарын жазады және оған сәйкес дөңгелекшелерді бояйды;

  14. 25 секторды техникалық хатшының коды толтырылады және техникалық хатшының өзі бояйды;

  15. 26 секторда талапкер тіркелген ЖОО-ның коды жазылады және соған сәйкес дөңгелекшелер боялады;

  16. «Техникалық хатшының қолы» секторына техникалық хатшы қол қояды;

  17. «Талапкердің қолы» секторына талапкер қолын қояды;

  18. 27 сектор техникалық хатшымен өтініш бланкісін жою кезінде ғана толтырылады;

  19. 29 секторды дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар талапкерлер толтырады.

        1. Өтініш бланкісі толтырылғаннан кейін «Сканерлеуге берілетін өтініш бланктері» папкісіне салынады.

10. Ағымдағы күннің бланкілерін сканерлеуге беру





        1. Жұмыс күнінің соңында «Конкурсқа өтініш бланкілері» папкасы сканерлеуге беріледі. Өтініштер бланктерін сканерлеуді базалық ЖОО жүргізеді.

        2. Бланктерді сканерлегеннен кейін техникалық хатшы:

    1. «Сканерлеуге берілетін өтініш бланктері» папкасын;

    2. анықтамалар мен түбіртектері;

    3. анықтамаларды тарату тізілімін;

    4. өтініш бланктерін сканерлеу есебін алады.



11. Қателермен жұмыс жүргізу





        1. Өтініштерді толтыру кезінде жіберілген қателер «Өтініш бланкілерін сканерлеу есебінің» Қателер хаттамасы бөлімінде көрсетіледі. Жіберілген қателер қою рамкамен белгіленеді. « / » (қисық сызық) белгісінен кейін осы нұсқаулықтың 11 қосымшасына сәйкес қате коды көрсетіледі, бірнеше қате үтір арқылы көрсетіледі.

        2. Өтініш бланкісіндегі қателерді талапкер түзетеді.

        3. Қателері түзетілген бланкілер «Сканерлеуге берілетін өтініш бланкілері» папкасына қайтадан сканерлеу үшін салынады.



12. Анықтамаларды ресімдеу және беру





        1. Анықтамаға және анықтама түбіртегіне жауапты хатшы қол қойып, мөр басады.

        2. Өтініш бланкісі сканерлеуден өткеннен кейін талапкерге анықтама беріледі. Анықтама, анықтаманы тарату тізіліміне талапкер қол қойғаннан кейін беріледі. Түбіртекке талапкер қол қояды және оны жауапты хатшыда қалдырады.

        3. Талапкер анықтамадағы мәліметтердің дұрыстығын тексереді. Анықтамада талапкерлердің деректерінде қате жіберілген жағдайда ол ондағы қателердің түзетілуін және анықтаманы ауыстыруды талап ете алады.

13. Талапкердің деректеріне өзгерістер енгізу





        1. Қателерді түзету кезінде конкурсқа қатысу өтініш бланкісінің 1,2,3-секторларынан басқа кез-келген секторларына өзгерістер енгізуге болады.

        2. Талапкердің өтініш бланкісіне жоғарыда көрсетілгендей тиісті өзгерістер енгізіліп, «өзгерген» дөңгелекшесі (Сектор 28) боялады және бланк қайтадан сканерлеуге беріледі.

14. Конкурсқа берілетін өтініштерді тіркеу журналын жабу





        1. Өтініштерді тіркеу журналын жабу өтініш қабылдаудың соңғы күні жүргізіледі. Соңғы өтінішті қабылдап, сканерлеуге жібергеннен соң, техникалық хатшы өтініштерді тіркейтін журналдың қалған бос жолдарын «Z» белгісімен сызып, оған қабылдау комиссиясының мүшелеріне қол қойдырады.

        2. Техникалық хатшы тексереді:

  1. осы нұсқаулықтың 12 қосымшасына сәйкес асым құқық иегері жеңілдіктері бар талапкерлер тізімін;

  2. осы нұсқаулықтың 13 қосымшасына сәйкес соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектері, I-II топтағы мүгедек, бала кезден мүгедек, мүгедек-балалар, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін бөлінген квота бойынша және үздік категориясы бойынша жеңілдіктері бар талапкерлер тізімін;

  3. осы нұсқаулықтың 14 қосымшасына сәйкес ауыл квотасы бойынша жеңілдіктері бар талапкерлер тізімін;

  4. осы нұсқаулықтың 15 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалар үшін бөлінген квота бойынша жеңілдіктері бар талапкерлер тізімін;

  5. Техникалық хатшының өтініштер журналының алғашқы нұсқасы берілгеннен кейін, оны тіркеу журналымен салыстыру.

        1. Қателер табылған жағдайда техникалық хатшы оларды түзетеді.

        2. Деректер базасы жабылғаннан кейін, барлық өтініш бланкілері техникалық хатшылар бойынша құжат тігетін «Өтініш бланкілерін жинақтау» папкісіне синхронды жолдары жоқ жағынан тігіледі.



15. Базалық ЖОО өтініштер журналын жабу





        1. Базалық ЖОО өтініштер журналын жабу үшін келесі іс-шаралар орындалады:

  1. өтініш қабылдаудың соңғы күні барлық әр желілік ЖОО-ның техникалық хатшыларының қағаз түріндегі тіркеу журналдары жабылады;

  2. әр техникалық хатшының тіркеу журналдарын желілік ЖОО техникалық хатшысының өтініштер журналымен салыстырылып, табылған қателер жөнделеді;

  3. желілік ЖОО техникалық хатшысының өтініштер журналының соңғы нұсқасы шығарылып, журналдар жабылады;

  4. осы нұсқаулықтың 16 қосымшасына сәйкес техникалық хатшылар бөлінісінде конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау жайында статистикалық мәліметтер беріледі;

  5. базалық ЖОО-ның өтініштер журналы беріледі;

  6. ДБ жабу. ДБ жабу базалық ЖОО-да іске асырылады, ол үшін базалық ЖОО-ның программисі ҰТО-дан пароль алып, соның көмегімен жабады. ДБ жабылғаннан кейін сканерлеу тоқтатылады;

  7. Ережеде белгіленген мерзімде базалық ЖОО гранттарды тағайындау конкурсына қатысатын талапкерлер саны туралы ақпаратты ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді қамтамсыз етеді.





жүктеу 170,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау