6
37. Жоба рефератын және ол бойынша ғылыми есеп беруді (баспа
және/немесе электрондық нысанда) өтінім берушінің және/немесе автордың
келісімін сұратусыз жариялау құқығы мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі
заңнаманың талаптарын сақтаумен Орталыққа беріледі.
38. Жоба шеңберінде алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелері Орталықта
заңнамада белгіленген тәртіппенмемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі
заңнама талаптарын сақтауменміндетті мемлекеттік есепке алуға жатады.
39. Конкурс жеңімпаздарымен гранттық қаржыландыруға ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаны іске асыруға арналған шарт өзгерістер мен
толықтырулар енгізілуі мүмкін 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
7
2019 – 2021 жылдарға арналған
ғылыми және (немесе) ғылыми-
техникалық жобалар бойынша
гранттық қаржыландыруға
конкурстық құжаттамаға
1-қосымша
2019-2021 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
жобаларды гранттық қаржыландыруға конкурсқа қатысуға өтінімнің нысанына
талаптар
1. Гранттық қаржыландыруға конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ілеспе хат;
2) жоба бойынша ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы, сондай-ақғылыми этика
қағидаттарын сақтау, атап айтқанда ғылыми этиканы бұзу фактілеріне(ғылыми деректерді
зерттеу деректерін бұрмалауға, плагиатқа және жалған тең авторлыққа, қайталауға, өзгелердің
нәтижелерін иемденуге әкелетін ойдан шығару, бұрмалау, және т.б.) жол бермеу, бұрын
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың болмауы туралы өтініш. Осы жобаның
орындаушылары осы конкурс шеңберінде басқа ғылыми ұйымдардан немесе жоғары оқу
орындарынан конкурстық жобаларды/өтінімдерді толық немесе ішінара бермегеніне кепілдік.
Жетекшінің диссертация қорғаған ғылыми мамандығы, сондай-ақ оның ғылыми жұмыс
тәжірибесі ғылыми жобаның бейініне сәйкес келетініне кепілдік.
Жоба бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті, оның ішінде іске асырылатын жоба
шеңберінде оларды сатып алу және жалға алу жоспарланған ғылыми жабдықты, материалдар
мен лицензияларды ескере отырып, материалдық-техникалық базаның бар болуы мен
қолжетімділігіне кепілдік;
3) жобаның қысқаша сипаттамасы;
4) конкурсқа қатысуға өтінім;
5) өтініш берушіні аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі.
2. Ілеспе хат мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады, заңды тұлғаны мемлекеттік
тіркеу туралы анықтаманың (заңды тұлғалар үшін), жеке куәліктің (жеке тұлғалар үшін),
аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелерімен бірге тігіледі, тігілген және нөмірленген
парақтар саны жазылатын қағаз пломбамен бекітіледі, гранттық қаржыландыру туралы
конкурсқа қатысушының уәкілетті адамы қолтаңбасын қояды және мөр бедері (бар болған
жағдайда) қойылады.
3.
Өтінімнің, ілеспе хат пен қысқаша сипаттаманың мәтіндері нақты тұжырымдалған
және келесі параметрлерді ескере отырып, бірдей қаріппен жазылуға тиіс («Microsoft Word»
мәтіндік редакторын қолданумен):
сол жақ жиегі – 2,5 см, оң жақ жиегі – 1,5 см, үстіңгі және астыңғы жиегі – 2 см;
қаріп – «TimesNewRoman», өлшемі 12 (қосымшаларда өлшемі кіші, бірақ 10-нан кіші
емес қарпі қолданылуы мүмкін);
жоларалық аралық – біреу;
абзац шегінісі (бірінші жол шегінісі) – 1,25 см;
тақырып пен мәтін, мәтін және қолтаңба арасындағы аралық – жоларалық бір аралық;
өтінім және оған қосымшалардың парақтары нөмірленуге тиіс;
өтінім көлемі А4 форматты 20 (жиырма) парақтан аспауға тиіс;
өтінімнің электронды нұсқасы мен жобаның қысқаша сипаттамасы Microsoft Word
форматында (*.doc немесе *.docx) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленеді, бұл
ретте өтінімнің атауы жоба тақырыбының алғашқы бес сөзін пайдаланумен көрсетіледі.
4. Гранттық қаржыландыруға өтінімнің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі
мәтіннің мазмұны бірдей болуға тиіс.
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі өтінімнің электрондық нұсқасы
(диск-жеткізгіште, сондай-ақ ЖТН алу үшін өтінімді тіркеу кезінде «Ұлттық мемлекеттік
8
ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның ақпараттық жүйесіне енгізілген), жобаның
қысқаша сипаттамасының, сондай-ақ ілеспе хаттың электрондық нұсқасы олардың қағаз
нұсқасымен бірдей болуға тиіс. Түпнұсқа өтінімнің қағаз нұсқасы болып табылады.
Гранттық қаржыландыруға өтінімдердің электрондық нұсқалары, ілеспе хат және
жобаның қысқаша сипаттамасының жалпы көлемі бес мегабайттан аспауға тиіс.
Белгіленген тәртіппен бөлек тігілетін конкурстық өтінімнен басқа осы талаптардың
1-тармағына сәйкес дайындалған құжаттама белгіленген тәртіппен тігіледі.
Барлық құжаттарды 2 данада ұсыну қажет. Электрондық жеткізгіштер арнайы
конверттерге салынып, қағаз тігетін папканың ішкі жағынан бекітіледі.