Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми
басшысы туралы мәліметтер
1. Басымдылықтың және мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы.
2. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның (БҒТБ) атауы.
2.1. Ғылыми басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
2.2. Туған күні (санмен көрсетіледі – күні, айы, жылы).
2.3. Азаматтығы.
2.4. Ғылыми дәрежесі, берілген жылы.
2.5. Өтініш берілген кездегі негізгі жұмыс орны – лауазымы, ұйымның толық атауы (ұйымның қысқаша атауы).
2.6. Ғылыми мүдделерінің саласы – түйінді сөздер (15 сөзден артық емес түйінді сөздер келтіріледі)
2.7. Ғылыми мектеп туралы мәліметтер (ғылыми басшы басқаратын ғалымдар ұжымының негізгі ғылыми жетістіктері көрсетіледі).
2.8. Осыған ұқсас ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибесі туралы мәліметтер (конкурстың алдындағы бес жылда басшы қатысқан ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың атауы және олардың орындалған мерзімдері көрсетіледі).
2.9. Басшының жарияланған негізгі ғылыми жұмыстарының (10-ға дейін) (монографиялар, ғылыми басылымдар, заңмен қорғалатын зияткерлік қызметтің нәтижелері және т.б.), соның ішінде конкурстың алдындағы бес жыл ішінде шетелдерде импакт-факторы нөлдік деңгейде емес журналдарда жарияланған және/немесе алынған халықаралық патенттердің тізімі, және бұл талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне қатысты қолданылмайды.
2.10. Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға және бағдарламаларға басшылық жасау: ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың атаулары және кейінгі 5 жылдағы орындалу мерзімдері көрсетіледі.
2.11. Пошталық мекенжайы
2.12. Байланыс телефоны
2.13. Электрондық мекенжайы (E-mail)
2.14. Қосымша ақпарат (түйіндеме, берілген сала басшысының пікірі бойынша бағдарламаны қаржыландыру туралы шешім қабылдау үшін пайдалы басқа да қосымша ақпарат).
Конкурстың шарттарымен таныстым және келісемін. Өзімнің НҒТБ-ға басшылық жасағанымды растаймын.
Бағдарламаның ғылыми басшысы қолы / тегі /
2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің конкурстық құжаттамасының
5- қосымшасы
Бағдарламаны орындаушылар ұжымының (зерттеу тобының) біліктілігі, жұмыс тәжірибесі және ғылыми жетістіктері туралы
мәліметтер
1. Ғылымды дамыту басымдығының және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағытының атауы
2. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның (НҒТБ) атауы
2.1. Бағдарламаны орындаушылар ұжымының (зерттеу тобының) біліктілігі және жұмыс тәжірибесі, төмендегілер көрсетіледі:
1) ғылыми дәрежелері мен атақтары;
2) Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, соның ішінде халықаралық және конкурстың алдындағы бес жыл ішіндегі бағдарламаның белгілі бір саласындағы жобалар (жүзеге асыру кезіндегі басшылық ету және/немесе қатысу);
3) Бағдарламаның табысты жүзеге асырылуы үшін қатысушылар санының негізділігі және құрамының теңгерімділігі.
3. Бағдарлама орындаушылары ұжымының (зерттеу тобының) ғылыми жетістіктері, төмендегілер көрсетіледі:
1) басылып шығарылған ғылыми жұмыстардың (монографиялар, ғылыми мақалалар, ғылыми конференцияларда жарияланған баяндамалар және т.б.), соның ішінде бағдарламаның пән саласындағы жұмыстардың саны мен деңгейі;
2) зияткерлік қызмет нәтижелері (өнертапқыштыққа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патент (куәлік) алу үшін берілген өтінімдер саны, алынған патенттер, куәліктер саны);
3) өндіріске енгізілген орындалған ғылыми зерттеушілік және тәжірибелік құрастырушылық жұмыстардың нәтижелерінің саны.
Бағдарлама орындаушылар ұжымы (зерттеу тобы) конкурс шарттарымен танысты және олармен келіседі.
Бағдарламаның ғылыми басшысы қолы / тегі /
2018-2020 жылдарға арналған
бағдарламалық-нысаналы
қаржыландыру шеңберінде
ғылыми зерттеулер жүргізуге
арналған конкурстық құжаттамаға
6-қосымша
Зерттеулердің қысқаша сипаттамасы
Реферат
Бөлімде бағдарлама мақсатының, міндеттерінің, қолданылатын әдістемесінің, күтілетін нәтижелерінің сипаттамасы бар бағдарламаның қысқаша мазмұны берілген (1200 сөзден артық емес).
Түйінді сөздер.
Бөлімде бағдарламамен байланысты 10-ға (онға) дейін түйінді сөздер көрсетіледі.
Мысалы: 1. Ауыл шаруашылығы дақылдары; 2. Селекция; 3. Тұқым шаруашылығы; 4. ХХХ.
Зерттеу саласы
Бұл бөлімде зерттеудің негізгі саласы және осы саладағы ең кемінде үш бағыт айқындалады.
Мысалы: Зерттеудің негізгі саласы: өсімдік шаруашылығы. Бағыты: селекция, агротехнология, агрохимия, өсімдік қорғау.
2018-2020 жылдарға арналған
бағдарламалық-нысаналы
қаржыландыру шеңберінде
ғылыми зерттеулер жүргізуге
арналған конкурстық құжаттаманың
7-қосымшасы
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми,
ғылыми- техникалық бағдарламаны жүзеге асыруға Өтінім
Жалпы ақпарат
1. Орындалуына өтінім берілетін нысаналы бағдарламаның атауы (бұдан әрі – нысаналы бағдарлама).
2. Жүзеге асыруға берілетін өтінімнің мақсатты бағдарлама шарасының атауы.
3.Бағдарламаның басталуы және аяқталуы мерзімінің болжамды күні.
4. Ғылыми зерттеу саласының атауы (токсикология, оптика, робототехника және т.б.).
5. Мемлекетаралық ғылыми техникалық ақпарат (ҒТА) рубрикаторының коды (xx.xx.xx; xx.xx.xx;…).
6. Зерттеу түрі (экспериментальдық емес фундаментальды, эксперименттік фундаментальды, қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстар).
7. Бағдарламаның жүзеге асырылу орны.
8. Жүзеге асырылған бағдарламаның жыл бойы қаржыландыруға талап етілген және жылдарға бөлінген шаралар (мың теңге) шараны қаржыландыруға бөлінген сомадан жоғары болмауы керек).
Бағдарлама сипаттамасы
Кіріспе бөлім [100 сөзден артық емес]
Бөлімде бағдарламаның негізгі қатысушылары (орындаушы ұйым, бағдарламаның ғылыми жетекшісі), ұйымның біліктілігі және ғылыми жетекшісі туралы қысқаша мәлімет беріледі.
2. Бағдарлама мақсаты
Нысаналы бағдарламаның ________________ ісшарасын жүзеге асыру.
3. Бағдарламаның міндеттемелері [500 сөзден артық емес]
Осы бөлімде бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу тәсілдері, қойылған тапсырмалар және олардың жүзеге асырылуы, күтілетін нәтижелер және олардың нысаналы бағдарлама шараларының жүзеге асырылуының бекітілген нәтижелеріне сәйкестігі туралы қысқаша түсініктемелер берілген.
Бағдарламаның ғылыми өзектілігі және маңыздылығы [2000 сөзден артық емес]
Бөлім келесі ақпараттан тұрады:
1) бағдарламаны әзірлеу туралы ғылыми бөлім, ғылыми жаңалықты негіздеу, және бұл кезде зерттелетін тақырыпқа қатысты әлемде әлдеқашан өткізілген зерттеулер және олардың ағымдағы бағдарламамен қарым қатынасы міндетті түрде қайта қарастырылуы керек (мәнмәтінде шолуда қолданылған әдебиетке сілтемелер болуы керек, ал олардың түсініктемелері 8 «Библиография» бөлімінде берілуі қажет). Бар болған жағдайда алдын-ала нәтижелері көрсетіледі;
2) білімнің тиісті салаларындағы трендті қоса алғанда, нысаналы бағдарлама шарасының зерттеуге сәйкес келетіндігі, оның ұлттық және халықаралық машстабтағы маңыздылығы, ғылыми және технологиялық қажеттіліктерді қайта қарастыру (қажет болған жағдайда әлеуметтік сұраныс пен (немесе) экономикалық және индустриалдық қызғушылықты қоса алу);
3) зерттеулердің кандай технологиялық мәселелерді/ тапсырмаларды орындауға бағытталғандығы, алынған нәтижелердің ғылым мен технологияның дамуына әсері және күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділігі.
Бұл бөлімнің сипаттамасында келесі ұстанымдарға назар аудару ұсынылады:
1) бағдарлама идеяларының мен қолданыстағы аналогтарынан айырмашылығын сипаттау қажет;
2) зерттеу идеясы немесе нәтижесі Қазақстаннан басқа барлық әлемде болса, бағдарламаға салынған неге пайдалы екендігін ақтау қажет;
3) егер бағдарламаның түпкі нәтижесі өнім болса, бағдарламаның пәндік саласында осы саланың қазіргі жағдайын, отандық және шетелдік өндірушілердің жетістіктері туралы мәліметтерді сипаттау қажет;
4) ғылыми-техникалық жобалар үшін технологиялар бойынша зерттеулер мен даму саласындағы жетекші топтарды, бағдарламаның негізін құрайтын бәсекелес және/ немесе балама технологияларды көрсету қажет.
3. Зерттеу әдістері және әдеп мәселелері (1500 сөзден аспайтын)
Бөлімде келесі ақпараттардан тұрады:
1) бағдарламаның мақсаттарына жету жолдары ретінде қолданылатын ғылыми тәсілдердің сипаттамасы, берілген жолды негіздеу;
2) критикалық нүктелер, бағдарламаны жүзеге асырудың баламалы жолдары;
3) ғылыми этиканың принциптері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз ету үшін қолданылатын әдістер, яғни, этикалық басқару процедуралары, атап айтқанда, интеллектуалды тұтастықтың жоғары стандарттарын сақтау және деректерді дайындау, деректерді жасау, плагиат, жалған қос авторлық, жеке қатысушылар тарапынан ұжымдық зерттеулерді пайдалану, басқа қатысушылардың келісімінсіз зерттеу барысында алынған мәліметтер мен қорытындыларды;
4) адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулердің егжей-тегжейлі тәртібі мен механизмі, жоспарланған зерттеулердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі туралы сипаттама;
5) Зерттеу нәтижелеріне зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай жолын таңдауға болатындығын көрсету қажет).
4. Бағдарламаны жоспарлау және басқару [1500 сөзден көп емес]
Бөлімде келесі ақпарат болу керек:
1) зерттеу тобы құрамының сипаттамасы, олардың лауазымы, біліктілігі және бағдарламада жасайтын жұмыс бағыттары;
2) бағдарлама жоспары, қойылған міндеттері, олардың өзектілігі мен мақсаттарына негізделген, мақұлданған нысаналы индикаторлармен және индикаторлармен, Гант диаграммасымен (тапсырмалар * уақыт (айлар) тағайындалған) өзара әрекеттестікті қамтитын жұмыс жоспары;
Жұмыс жоспары осы Конкурстық құжаттаманың 8-қосымшасының талаптарына сәйкес жүзеге асыру шараларын қамтуы тиіс.
3) Бағдарламаның жалпы құны (мың теңгемен), бағдарламаның әр жылы үшін міндетті түрде түсіндірілуін және шығын сметасын негіздеу. Ағылшын тілінде рәсімделген өтінімдерде, курсын долларын көрсете отырып, АҚШ долларында жататын шығыстардың баптары көрсетіледі, ол АҚШ долларына қатысты теңгенің айырбас бағамын (өтінім беру күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша) көрсетеді.
Бағдарламалық бюджет осы бағдарламаға қатысы жоқ шығындардың басқа баптарына бағытталмайды. Барлық баптардың шығыстардың жалпы сомасы қаржыландыру сұралған сома болып табылады және «Жалпы ақпарат» бөлімінің 10-тармағында көрсетілген сомаға эквивалентте болуы тиіс.
Бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру құралдары ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығындарға бағытталады.
Келесі жұмсаулар мынадай шығындарға жатады:
1) еңбекақы - барлық салықтар мен шегерулерді ескере отырып, ғылыми зерттеулерді жүргізуге қатысатын ғылыми қызметкерлердің еңбегі үшін сыйақы;
2) ғылыми іссапарлар – зерттеулер жүргізуге байланысты іссапарлар;
3) жақтаушы ұйымдардың қызметтері – ұжымдық пайдалану ғылыми зертханалар қызметтері, зерттеулерді орындау үшін, оның ішінде конференцияға қатысу үшін қажет ұйымдық жарналар, өзге де ұйымдардың көрсететін қызметтері;
Жақтаушы ұйымдардың қызметтері, соның ішінде зерттеу және дамыту (аутсорсинг) жұмыстарды орындау, олар жұмысты орындаушылар мен жұмыс түрлерін, көлемдерін, күтілетін нәтижелерін көрсете отырып берілуі тиіс;
4) материалдар сатып алу – зерттеулер жүргізуге жұмсалатын материалдарды сатып алу;
5) жабдықтар және бағдарламаны қамтамасыз етуді (заңды тұлғалар үшін) сатып алу.
Егер бір құралдың құны 4000 АЕК-тен асса, онда оны сатып алу қажеттілігін негіздейтін мемлекеттік ұйымдар қарамағында жұмыс жасайтын ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханаларда оның жоқтығы туралы жазбаша растау беріледі.
Мемлекеттік емес ұйымдар жобаны аяқтағаннан кейін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын 4000 АЕК-тен асатын жабдықты алты айдың ішінде мемлекеттік мекеме қарамағында жұмыс жасайтын ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханасы балансына ауыстырады;
6) ғылыми және ұйымдастырушылық сүйемелдеу – басып шығару, аналитикалық материалдарды патенттеу және сатып алу, сондай-ақ жобаны қолдау жөніндегі өзге де қызметтер бойынша шығындар;
7) үй-жайды (жеке тұлғалар үшін) жалға алу;
8) жабдық пен техниканы жалға алу;
9) зерттеуді жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жабдық пен техниканың эксплуатациялық шығындары.
Бағдарламаны Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде бюджетке бөлу үшін түзетулер енгізуге болады.
5. Зерттеуші топ [1000 сөзден артық емес]
Бөлімде ғылыми жетекші және бағдарламаның негізгі орындаушылары туралы келесі ақпараттардан тұрады:
1) түйіндеме және ғылыми бітеме (мұнда зерттеуші туралы қысқаша мәлімет және берілген зерттеудің бұрынғы ғылыми зерттеулермен байланысы сипатталады);
2) бағдарлама тақырыбына қатысты бес негізгі басылым туралы ақпарат;
3) патенттер туралы ақпарат;
4) негізгі басылымдар (10-ға дейін), патенттер мен авторлық куәліктер;
5) бағдарламадағы жұмыспен қамтылудың сипаттамасы мен мерзімі;
6) бағдарламаның жетекшісі жоспарланған қызметкерлер құрамының кем дегенде 70% -ын (негізгі қызметкерлердің) дербес деректерін көрсетеді, ал қызметкерлердің қалған 30% -ы қаржыландыруға басталғаннан кейін бағдарламаға қатысады (көмекші қызметкерлер).
6. Зерттеу ортасы [500 сөзден көп емес]
Бөлімде келесі ақпараттардан тұрады:
1) өтініш берушінің зерттеу жүргізу үшін материалдық-техникалық базасының сипаттамасы;
2) отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу инфрақұрылымдарын (зертханаларды) түсіндіру арқылы пайдалану;
3) басты отандық және халықаралық қатынастар, шетел ғалымдарының бағдарламаға қатысуы;
4) жас ғалымдардың, PhD-докторанттардың бағдарламаға қатысуы;
5) мобильдікті негіздеу: бағдарламаны жүзеге асыру үшін басқа орында жұмыс кезеңінде қатысудың салдары мен жұмыс істеу ықпалы.
7. Күтілетін нәтижелер [250 сөзден артық емес]
Бөлімде келесі ақпараттардан бейнеленеді:
1) бағдарламаның нәтижелерінің нысаналы бағдарлама шараларын іске асыруға, нысаналы индикаторларға қол жеткізуге және нысаналы бағдарлама көрсеткіштеріне қол жеткізуге қалай ықпал ететіні;
2) күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық тиімділігі;
3) алынған ғылыми нәтижелердің қолданылуы; ұсынылатын өнім / технологияны толыққанды нәтижеменен нарыққа шығару үшін қандай іс-шаралар қажет екендігі;
4) алынған нəтижелердің мақсатты тұтынушылары;
5) тәуекелдер бар серпінді нəтижелер үшін мүмкіндіктер; ғылым мен техниканың дамуына әсер етуі;
6) шетелдік рейтингі жоғары ғылыми журналдарда (бағдарлама шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелері жарияланатын және таратылатын болса), нәтижелерді әлеуетті пайдаланушыларға, ғалымдар мен жалпы қоғамдастыққа кеңінен тарату;
7) патент алу;
8) осы Конкурстық құжаттардың 8-қосымшасына сәйкес кәсіпорындарды іске асыру, қамтуды қамтамасыз ету, шаруашылықтардың тиімділігін арттыру жөніндегі көрсеткіштерге қол жеткізу;
9) іске асыру көрсеткіштері (лицензиялық келісімдер, ҒЗТКЖ тікелей сату).
8. Библиография
Бөлімде «Бағдарламаның сипаттамасы» бөлімінінің «Ғылыми жаңалығы және бағдарламаның маңыздылығы» деген 4-тармағында басылымдарға сілтемелер көрсетілген.
Әрбір басылымда журналдың толық атауы, шығарылым нөмірі, жарияланған жылы, бет нөмірі, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының атаулары болуы тиіс.
2018-2020 жылдарға арналған
Бағдарламалық-мақсатты
қаржыландыру шеңберінде
ғылыми зерттеулер жүргізуге
конкурстық құжаттамаға
8-қосымша
2018-2020 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі - ҒЗТКЖ)
қалыптастыру және іске асыру туралы техникалық сипаттама
ҒЗТКЖ орындалуы 2018 жылғы 10 қаңтардағы Елбасының «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Жолдауына,
2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қажеттіліктеріне бағытталуы тиіс.
2018-2020 жылдары іске асыруға ұсынылып отырған ҒЗТКЖ кешенді, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған пәнаралық тәсіл негізінде интеграциялануы тиіс.
ҒЗТКЖ іске асыру кезінде мынадай факторлар ескерілуі тиіс:
- шешілетін міндеттердің экономикалық мақсаттылығы мен практикалық қажеттілігі;
- АӨК саласындағы цифрландыру және нақты ауыл шаруашылығындағы жаңа жоғары тиімді технологияларды трансферттеу, бейімдеу, енгізу;
- отандық, шетелдік ғылыми-техникалық әлеуетті және техникалық құралдарды барынша пайдалану;
- осы бағытта зерттеулер жүргізуге байланысты, меншік нысанына қарамастан аймақтық ғылыми ұйымдармен және университеттермен интеграциялау;
- демонстрациялық технологиялық алаңдарды құру;
- ҒЗТКЖ жүзеге асыру үшін жас мамандарды, магистранттар мен докторанттарды тарта отырып, жоғары білікті мамандарды даярлау;
- ұсыныстар, мақалалар мен жарияланымдар әзірлеу және басып шығару (отандық және шетелдік), оның ішінде рейтнингтік ғылыми басылымдарда.
«Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігінің» басым бағыты бойынша
«Қарқынды мал шаруашылығын дамыту» арнайы бағыты бойынша ҒЗТКЖ мынадай міндеттерді шешуі тиіс:
Модельді шаруашылықтарды мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиялық процестерді автоматтандыру бойынша технологияларды трансферттеу және бейімдеу:
50 бастан басталатын етті ірі қара мал шаруашылығының модельді фермасы:
- жаңа жабдықтарды қолданудың экономикалық тиімділігін, оның ішінде баламалы энергия көздерін қолдану және фермада су беру арқылы өндірістің шығынын азайтуға тигізуін анықтау;
- жайылымдарды жақсарту әдістерін енгізу, тиімді жайылым айналымын, малды суландыруды енгізу, жайылым кезеңін ұлғайту бойынша ғылыми негіздерді енгізу;
- фермада етті баспен тиімді жұмыстардың тәсілдерін әзірлеу (жануарлардың тиімді ветеринарлық өңдеу тәсілдері мен оларды өлшеу);
- препараттар мен азықтық қоспаларды қолданумен қарқынды азықтандырудың әр топтағы төлдердің бойы мен салмағына тигізу тиімділігін зерттеу;
- өндірісте цифрлеу жүйесін пайдалану тиімділігін бағалау;
- өндіріске жаңа технологиялық жабдықтар мен технологияларды енгізу, оларды қолданудың экономикалық тиімділігін анықтау, өзіндік құнға тигізетін әсері, еңбек ресурсін тиімді пайдалану;
- ветеринарияның заманауи тәсілдерін енгізу (жануарларға әр түрлі вакциналар мен дәрілердің әсерін зерттеу, вакцинация жоспарын жасау);
- жануарларды азықтандыруды ғылыми сүйемелдеу (балансты рацион жасау, ең өнімді малдарды анықтау үшін жеген азықты өлшеу мен бақылау, азықтық қоспалардың тиімділігі);
- өндірісті, маркетингті және менеджменті жүргізу экономикалық бағалау жүйесін енгізу;
- білікті мамандарды жұмылдыру арқылы жаңа технологиялық шешімдерді енгізу;
- шет ел сарапшыларын жұмылдыру арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру;
1 модульдік фермадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағасы 48,8 млн. теңгеден аспайды.
Әр модульдік фермада ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін тарату мақсатында басқа қожалықтардан мамандарды жұмылдырып 3-тен кем емес семинарлар ұйымдастырылады.
Әр модельдік фермада зерттеулік жұмыстар жүргізілгенде 2-ден кем емес студент жұмылдырылады.
500 аналық бастан басталатын қой шаруашылығының модельді фермасы:
- жаңа жабдықтарды қолданудың экономикалық тиімділігін, оның ішінде баламалы энергия көздерін қолдану және фермада су беру арқылы өндірістің шығынын азайтуға тигізуін анықтау;
- жайылымдарды жақсарту әдістерін енгізу, тиімді жайылым айналымын, малды суландыруды енгізу, жайылым кезеңін ұлғайту бойынша ғылыми негіздерді енгізу;
- фермада етті баспен тиімді жұмыстардың тәсілдерін әзірлеу (жануарлардың тиімді ветеринарлық өңдеу тәсілдері мен оларды өлшеу);
- препараттар мен азықтық қоспаларды қолданумен қарқынды азықтандырудың әр топтағы төлдердің бойы мен салмағына тигізу тиімділігін зерттеу;
- өндірісте цифрлеу жүйесін пайдалану тиімділігін бағалау;
- өндіріске жаңа технологиялық жабдықтар мен технологияларды енгізу, оларды қолданудың экономикалық тиімділігін анықтау, өзіндік құнға тигізетін әсері, еңбек ресурсін тиімді пайдалану;
- ветеринарияның заманауи тәсілдерін енгізу (жануарларға әр түрлі вакциналар мен дәрілердің әсерін зерттеу, вакцинация жоспарын жасау);
- жануарларды азықтандыруды ғылыми сүйемелдеу (балансты рацион жасау, ең өнімді малдарды анықтау үшін жеген азықты өлшеу мен бақылау, азықтық қоспалардың тиімділігі);
- өндірісті, маркетингті және менеджменті жүргізу экономикалық бағалау жүйесін енгізу;
- білікті мамандарды жұмылдыру арқылы жаңа технологиялық шешімдерді енгізу;
- шет ел сарапшыларын жұмылдыру арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру;
1 модульдік фермадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағасы 36,8 млн. теңгеден аспайды.
Әр модульдік фермада ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін тарату мақсатында басқа қожалықтардан мамандарды жұмылдырып 3-тен кем емес семинарлар ұйымдастырылады.
Әр модельдік фермада зерттеулік жұмыстар жүргізілгенде 2-ден кем емес студент жұмылдырылады.
100 бастан басталатын сүтті ірі қара мал шаруашылығының модельді ферма:
- өз төлінен көбеюдің биотехнологиялық әдістердің әр түрлі тәсілдерін қолданудың салыстырмалы анализі;
- буаздықты жедел анықтау және өз төлінен көбею функцияларының ауруларын диагностика жасау технологияларын енгізу;
- сүтті кезеңде бұзауларды суық тәсілмен бағу технологиясын қолданудың тиімділігін зерттеу;
- жаңа жабдықтарды қолданудың экономикалық тиімділігін, оның ішінде баламалы энергия көздерін қолдану және фермада су беру арқылы өндірістің шығынын азайтуға тигізуін анықтау;
- егістікті жақсарту және малды суландырудың тиімді ғылыми әдісін енгізу;
- фермада сүтті баспен тиімді жұмыстардың тәсілдерін әзірлеу (жануарлардың тиімді ветеринарлық өңдеу тәсілдері мен оларды өлшеу);
- қорадағы микроклиматтың сиырларды өз төлінен көбею қабілеттілігіне әсерін зерттеу;
- фермада тиімді көнді жинау жүйесін енгізу, көнді қайта өңдеудің экономикалық тиімділігін бағалау;
- препараттар мен азықтық қоспаларды қолданумен қарқынды азықтандырудың әр топтағы төлдердің бойы мен салмағына тигізу тиімділігін зерттеу;
- өндірісте цифрлік технология арқылы «Табынды басқару» жүйесін қолданудың тиімділігін бағалау;
- өндіріске жаңа технологиялық жабдықтар мен технологияларды енгізу, оларды қолданудың экономикалық тиімділігін анықтау, өзіндік құнға тигізетін әсері, еңбек ресурсін тиімді пайдалану;
- ветеринарияның заманауи тәсілдерін енгізу (жануарларға әр түрлі вакциналар мен дәрілердің әсерін зерттеу, вакцинация жоспарын жасау);
- жануарларды азықтандыруды ғылыми сүйемелдеу (балансты рацион жасау, ең өнімді малдарды анықтау үшін жеген азықты өлшеу мен бақылау, азықтық қоспалардың тиімділігі);
- өндірісті, маркетингті және менеджменті жүргізу экономикалық бағалау жүйесін енгізу;
- білікті мамандарды жұмылдыру арқылы жаңа технологиялық шешімдерді енгізу;
- шет ел сарапшыларын жұмылдыру арқылы бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру;
1 модульдік фермадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағасы 64,8 млн. теңгеден аспайды.
Әр модульдік фермада ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін тарату мақсатында басқа қожалықтардан мамандарды жұмылдырып 3-тен кем емес семинарлар ұйымдастырылады.
Әр модельдік фермада зерттеулік жұмыстар жүргізілгенде 2-ден кем емес студент жұмылдырылады.
1000 бастан басталатын сүтті ірі қара мал шаруашылығының модельді ферма:
- өз төлінен көбеюдің биотехнологиялық әдістердің әр түрлі тәсілдерін қолданудың салыстырмалы анализі;
- буаздықты жедел анықтау және өз төлінен көбею функцияларының ауруларын диагностика жасау технологияларын енгізу;
- сүтті кезеңде бұзауларды суық тәсілмен бағу технологиясын қолданудың тиімділігін зерттеу;
- жаңа жабдықтарды қолданудың экономикалық тиімділігін, оның ішінде баламалы энергия көздерін қолдану және фермада су беру арқылы өндірістің шығынын азайтуға тигізуін анықтау;
- егістікті жақсарту және малды суландырудың тиімді ғылыми әдісін енгізу;
- фермада сүтті баспен тиімді жұмыстардың тәсілдерін әзірлеу (жануарлардың тиімді ветеринарлық өңдеу тәсілдері мен оларды өлшеу);
- қорадағы микроклиматтың сиырларды өз төлінен көбею қабілеттілігіне әсерін зерттеу;
- фермада тиімді көнді жинау жүйесін енгізу, көнді қайта өңдеудің экономикалық тиімділігін бағалау;
- препараттар мен азықтық қоспаларды қолданумен қарқынды азықтандырудың әр топтағы төлдердің бойы мен салмағына тигізу тиімділігін зерттеу;
- өндірісте цифрлік технология арқылы «Табынды басқару» жүйесін қолданудың тиімділігін бағалау;
- өндіріске жаңа технологиялық жабдықтар мен технологияларды енгізу, оларды қолданудың экономикалық тиімділігін анықтау, өзіндік құнға тигізетін әсері, еңбек ресурсін тиімді пайдалану;
- ветеринарияның заманауи тәсілдерін енгізу (жануарларға әр түрлі вакциналар мен дәрілердің әсерін зерттеу, вакцинация жоспарын жасау);
- жануарларды азықтандыруды ғылыми сүйемелдеу (балансты рацион жасау, ең өнімді малдарды анықтау үшін жеген азықты өлшеу мен бақылау, азықтық қоспалардың тиімділігі);
- өндірісті, маркетингті және менеджменті жүргізу экономикалық бағалау жүйесін енгізу;
- білікті мамандарды жұмылдыру арқылы жаңа технологиялық шешімдерді енгізу;
- шет ел сарапшыларын жұмылдыру арқылы бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру;
1 модульдік фермадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағасы 386 млн. теңгеден аспайды.
Әр модульдік фермада ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін тарату мақсатында басқа қожалықтардан мамандарды жұмылдырып 3-тен кем емес семинарлар ұйымдастырылады.
Әр модельдік фермада зерттеулік жұмыстар жүргізілгенде 20-ден кем емес студент жұмылдырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |