Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-r-4 санаты үшін: жоғары білім



жүктеу 109,5 Kb.
Дата16.04.2020
өлшемі109,5 Kb.
#29841
түріКонкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-R-4 санаты үшін:



жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;



2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

С-R-5 санаты үшін:

жоғары немесе ортадан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-R-4

73 288

99 106


C-R-5

64 960

88 279



І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, 24-28-85, факс 51-24-34, электрондық мекенжайы: uralsk@taxwest.mgd.kz, gihsanova@taxwest.mgd.kz, sbuketova@taxwest.mgd.kz, s.buketova@kgd.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

1. Камералды бақылау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне, 2019 жылдың 12 ақпанына дейін), (C-R-4 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: салық салу объектілері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдардан түскен ақпараттар және салық төлеушілердің тапсырған салық есептіліктері негізінде салық міндеттемесінің толық орындалуына камералды бақылау жүргізу, салық төлеушілерге уақытында хабарламаларды жолдау және табыстау, Департаментке салық төлеуші ретінде тіркелуін заңсыз деп таныған жалған кәсіпкерлік материалдарын жолдау, мемлекеттік тапсырыс аясында ақша алған, кеден одағы мемлекеттерінен импорттаушы салық төлеушілерге камералды бақылау жүргізу, камералды бақылау нәтижесі бойынша орындалмаған хабарламаларға уақытында әкімшілік шараларды қолдану, автоматтандырылған камералды бақылау бойынша хабарламалардың уақытылы және сапалы өңдеу, жалған кәсіпкерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару білімі. Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. Камералды бақылау бөлімінің жетекші маманы (C-R-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Салық салу объектілері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдардан түскен ақпараттар және салық төлеушілердің тапсырған салық есептіліктері негізінде салық міндеттемесінің толық орындалуына камералды бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге уақытында хабарламаларды жолдау және табыстау. БҚО МКД-не салық төлеуші ретінде тіркелуін заңсыз деп таныған жалған кәсіпкерлік материалдарын жолдау. Мемлекеттік тапсырыс аясында ақша алған, кеден одағы мемлекеттерінен импорттаушы салық төлеушілерге камералды бақылау жүргізу. Камералды бақылау нәтижесі бойынша орындалмаған хабарламаларға уақытында әкімшілік шараларды қолдану. Автоматтандырылған камералды бақылау бойынша хабарламалардың уақытылы және сапалы өңдеу, жалған кәсіпкерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару. Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 18 тамызынан бастап 2016 жылдың 26 тамызын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде мына мекен жайы бойынша 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, 24-28-85, факс 51-24-34, электрондық мекенжайы: uralsk@taxwest.mgd.kz, gihsanova@taxwest.mgd.kz, s.buketova@kgd.gov.kz sbuketova@taxwest.mgd.kz жүзеге асырылады.
II.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шыңғырлау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы, Қылышев көшесі, 87 үй, анықтама телефоны: 8(71137) 33-6-54, факс 33-3-01, электрондық мекенжайы: cingirlay@taxwest.mgd.kz, jsagynov@taxwest.mgd.kz, J.Sagynov@kgd.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

Салық төлеушілермен жұмыс және өндіру бөлімінің жетекші маманы (C-R-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету. Салық тексеруі нәтижесінде анықталған салық міндеттемесінің орындалуын бақылау, салық төлеушілерге камералды бақылау жүргізу, автоматтандырылған камералды бақылау хабарламаларын жіберу және олардың орындалуын бақылау, әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс, тақырыптық және қарсы салық тексерулерін ұйымдастыру және жүргізу, уәкілетті органдармен жұмыс. Салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану және салық төлеушілердің салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша жұмысты жүзеге асыру, салық тексерулері нәтижелері бойынша салық міндеттемесінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды толық және уақытылы ұстау, есептеу және аударуды бақылау. Салық заңнамасымен белгіленген барлық шараларды қолданғаннан кейін «Оңалту және банкроттау туралы» ҚР Заңына сәйкес талап ету жұмыстарын жүргізу. Өндірістік емес төлемдерді, соның ішінде, жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын әкімшілендіру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар дайындау, EUSS бағдарламасына Ф1-АП карточкаларының енгізілуін бақылау, 2-Н тоқсандық статистикалық есебін дайындау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе техникалық ғылымдар және технологиялар: ақпараттық жүйелер. Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 18 тамызынан бастап 2016 жылдың 26 тамызын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде мына мекен-жай бойынша 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы, Қылышев көшесі, 87 үй, анықтама телефоны: 8(71137) 33-6-54, факс 33-3-01, электрондық мекенжайы: jsagynov@taxwest.mgd.kz, cingirlay@taxwest.mgd.kz, J.Sagynov@kgd.gov.kz жүзеге асырылады
III. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090302, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, 2 шағын аудан, 7/1 үй, анықтама телефоны: (871133) 31-0-26, 35-7-35, факс 31-0-26, электрондық мекенжайы: aurazaeva@taxwest@mgd.kz, E.Algaziev@kgd.gov.kz, byrlin@taxwest.mgd.kz, a.urazaeva@kgd.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

1. Өндірістік емес төлемдер бөлімінің жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне, 2019 жылдың 20 сәуіріне дейін), (C-R-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салық міндеттемесінің орындауына салықтық бақылау жүргізу, мемлекет меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өндіру тәртібінің сақталуына бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Өндірістік емес төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық міндеттеменің орындалу мәселесімен жоспарлы тақырыптық тексерулерді жүргізу, тексеру актілерінде көрсетілген бұзушылықтардың жойылуына және қосымша есептелген сомалардың уақытында бюджетке түсуіне бақылау жасау. ҚР ҚМ СК-нің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1793 бұйрығына сәйкес мәліметтердің берілуіне бақылау жасау, уәкілетті органдардың және мемлекеттік мекемелердің салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді есепке алумен байланысты міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асыру. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдардар толтыру, 2-Н тоқсандық статистикалық есебін дайындау, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселесі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу. Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық: құқықтану. Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы», есептеу және талдау бөлімінің жетекші маманы (C-R-5 санаты, 1 бірлік)



Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызмет көрсету, салықтық есептілік нысандары мен өтініштерді қабылдау, ақпараттық жүйеге салық есептіліктердің уақтылы енгізілуіне және салық төлеушілердің дербес шоттарына есептелген салықтардың таратылуына бақылау жасау, салық төлеушілердің дербес шоттарын дұрыс жүргізу. Берілген өтініштерге сәйкес салық төлеушілерге дербес шоттары көшірмелерін, салыстыру актілерін, бюджетке салық берешегінің бар, жоғы туралы анықтама беру, салық басқармасының қорытындысы бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер, кедендік төлемдер, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызу немесе қайтаруға тапсырмаларды дайындау. Салық төлеушілерден түскен салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын дербес шоттары бойынша тарату, 1-Н есебін жасау, салық түсіміне талдау жасау, қатаң есептілік бланкілер бойынша есеп жүргізу, салық төлеушілердің дербес шоттарын ашу және жүргізу, анықталмаған төлемдермен жұмыс, мерзімдік есептіліктерді жасау. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар толтыру, 2-Н тоқсандық статистикалық есебін дайындау, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселесі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу. Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе техникалық: техникалық ғылымдар және технологиялар:ақпараттық жүйелер. Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы (C-R-5 санаты, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Салықтық тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша салық міндеттемесінің орындалуына бақылау жасау, салық төлеушілерді камералдық бақылауды жүргізу, автоматтандырылған камералдық бақылау хабарламаларын салық төлеушілерге жолдау және олардың орындалуына бақылау жасау, әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс, облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне есептерді уақтытында табыс ету, тақырыптық және қарсы тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу, уәкілетті органдармен жұмыс; әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар толтыру, 2-Н тоқсандық статистикалық есебін жасау, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселесі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу. Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық: құқықтану. Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 18 тамызынан бастап 2016 жылдың 26 тамызын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде мына мекен жайы бойынша 090302, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, 2 шағын аудан, 7/1 үй, анықтама телефоны: (871133) 31-0-26, 35-7-35, факс 31-0-26, электрондық мекенжайы: aurazaeva@taxwest@mgd.kz, E.Algaziev@kgd.gov.kz, byrlin@taxwest.mgd.kz, a.urazaeva@kgd.gov.kz бойынша жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі)

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.



Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.



Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Құжаттарды қабылдау жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде C-R-4, C-R-5 санаттары бойынша Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, C-R-5 санаты бойынша БҚО, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы, Қылышев көшесі, 87 үй, БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, 2 шағын аудан, 7/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
жүктеу 109,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау