Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-5
|
83 282
|
112 431
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мекен-жайы, индекс 080012, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ленин көшесі, 25, 5 кабинет, анықтама телефондары: 8 (7262) 43-15-07, 43-54-16, l.abdraimova@minfin.gov.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:
Кадр және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы-бас есепшісі (уақытша, негізгі қызметкердің балаға күтім жасау жөніндегі демалыста болған кезеңіне, 16.06.2019 ж. дейін), С-О-5 санаты, 1 бірлік, №ІМАД-1-3.
Қызметтік міндеттері: Бухгалтерлік есепті жүргізу; ақша қаражаттарын, негізгі қорды және тауарлы–материалды құндылықтарды түгендеу; бухгалтерлік есепті, Салық және статистикалық есептерді тапсыру; «Бухгалтерлік есеп» Ақпараттық Жүйесіне бухгалтерлік мәліметтерді енгізу; Департаменттің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыру; бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау; теңгерімді және бухгалтерлік есептің басқа да нысандарын жасау; Департаменттің жиынтық теңгерімін жасау және оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне ұсыну; Департаменттің жұмыс істеуі үшін тауарларды, қажетті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру; төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыру; қаржылық есептілікті жасау; төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізу; Департамент бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектің жай-күйін бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер, Департамент басшысының және бөлім басшысының басқа да берген тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.
Мамандығы: Экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы", Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Жеке компьютерде MS Word, MS Excel бағдарламалары бойынша, Интернетпен, Интранет-порталмен, және электрондық почтамен жұмыс істей алу.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi:
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде, 080012, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ленин көшесі, 25, 7 кабинетте қабылданады, анықтама телефондары: 8 (7262) 45-66-43, 43-54-16, Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарды мына электрондық мекенжайға жібере алады: l.abdraimova@minfin.gov.kz Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |