Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



жүктеу 100,83 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі100,83 Kb.
#14021
түріКонкурс

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

Е-4


77 452

104 935

«Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050066, Алматы қаласы, Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2А, анықтама үшін телефондар: 384-27-63, e-mail: site.zhetysu@a-a.kz, d.imanova@almaty.gov.kz, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:



  1. Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Аудан әкімінің азаматтарды қабылдауы бойынша іс жүргізуді ұйымдастырады және әкім орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауының ұйымдастырылуына бақылау жүргізеді. Азаматтардан келіп түскен хат-хабарларды тіркейді. Аудан әкімі аппаратына азаматтардан келіп түскен өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Сенім телефоны арқылы түскен азаматтардың өтініштерінің есебін жүргізеді. Бөлімнің аяқталған іс жүргізу құжаттарын өңдейді және сақтау үшін мұрағатқа өткізеді. Аудан әкімінің есептік кездесулері жөніндегі жұмысын ұйымдастырады және аталған тапсырмалардың орындауын бақылау жүргізеді. Отырыстардың, кеңестердің хаттамаларын жүргізеді және олардың орындалуының бақылауын қамтамасыз етеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе білім беру немесе қызмет көрсету немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

  1. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер:

Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бағдарламасының орындалуын іске асырады. Аудан әкімінің және жоғары тұрған органдардан түскен шешімдерін, өкімдері мен басқа да құжаттардың орындалуын іске асырады. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша өткізілетін алқа отырыстарына, кеңестерге, дөңгелек үстелдерге, «Кәсіпкер күніне» қатысады. Азаматтардан, кәсіпкерлерден түскен құжаттарды, ұсыныстарды және үндеулерді уақтылы қарастырады. Қызмет және азық-түлік жүйе саласындағы шағын және орта бизнес қызметкерлерінің сұрақтарын үйлестіреді. Заңсыз орналасқан жабайы сауда орындарын жою бойынша комиссиясында, жұмыс тобында қатысады. Өнеркәсіп кәсіпорындардың өндірістік қаржылық сараптауын жүргізеді және мәліметтер жинақтайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімі бойынша ақпаратты физикалық-индекс көлемінің есебінде мәлімет жинайды. Алматы қаласы Әкімдігі, Алматының Кәсіподақ одағының және қалалық өнеркәсіп және жұмыс берушілер одағының арасындағы келісім шартты жүзеге асыру аясында жұмыс жүргізеді. Өнеркәсіп ұйымдарын қоғамдық және мәдени іс-шараларға қатысуына жұмылдырады. Ай сайын ауданда жаңа құрылған және қайтадан жаңғырылған жұмыс орындары туралы мәліметтерді дайындайды. Аудандық салық комитетімен қызмет етеді. Салық бойынша тапсырмалар мен болжамның орындалуын бюджет түсімдерінің жағдайы туралы жедел ақпаратты талдайды және жинайды. Өндірістік саладағы кәсіпорындардың қызметінің сараптамасын жасайды. Идаралық бағыныстағы нысандардың мәліметтерін жинайды. Әкім аппаратымен өткізілетін іс-шараларға қатысады.



Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технология немесе қызмет көрсету немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындауы бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді. Тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және өзге де кадр мәселелері жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастырады. Аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді. Мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу түрлерін және оларды қолдану тәртібін әзірлейді. Мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерінің, оларды бағалау, аттестаттау және оқуға бару нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Алматы қаласы және аудан әкімінің аппараты өткізетін іс-шараларға қатысады. Бөлімде іс жүргізуді ұйымдастырады..

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе білім беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:



  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күннің ішінде, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратына (Алматы қаласы, Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі 2А үй, 407 бөлмеге) тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратына (407 бөлме) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 02 қарашасынан 10 қарашасы аралығында жүргізіледі.
жүктеу 100,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау