«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы
«Қарағанды облысы Жаңаарқа
ауданы әкімінің аппараты» MM -нің хабарландыруы
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
E-G-3 санатына: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:
Санаты
|
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
|
|
min
|
max
|
E-G-3
|
69957
|
94108
|
«Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты» MM (100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік көшесі, 5, анықтама телефоны: 8 (71030) 26194, факс: 8 (71030) 26288, электрондық пошта: zhanaarka_akimat@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1.«Жаңаарқа ауданының С.Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы (№ 23-1, E-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Бас есеп кітабын жүргізу, материалдық құндылықтарды есепке алу, баланстың кірісі мен шығыс жақтарының орындалысын қамтамасыз ету. Бюджеттік сұраныстар мен ұсыныстар құжаттарын дайындауға және қаржылық сұрақтармен жұмыс жасау, қазынашылық басқармасымен, экономика және қаржы бөлімімен және салық басқармаларымен жұмыстар жасау, мекемелер аралық есептерді үнемі қадағалау және ақша айналымын бақылау, бухгалтерлік есептермен электронды түрде жұмыс істеу және құжаттарды электрондық сараптаудан өткізу, аудандық статистика мекемесіне тоқсандық және жылдық есептер беру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын,«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды
ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты» ММ -де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан
Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені________________________________________________________
____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс
телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |