2. «КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ» КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
2010-2011 оқу жылының 2-семестрі 3 кредит
Оқытушы туралы мәлімет:
Аты-жөні: Имангалиев М.М. оқытушы
Офис: жалпы педагогика және информатика кафедрасы
Мекен-жайы: Студенческая 1б, ғимарат № 8, 314-кабинет.
Пән туралы мәлімет:
Семестр 15 апта оқу үрдісі мен 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптаға 2 кредит сағаты жоспарланады, оның 2 сағаты дәріс, 1 сағаты практикалық сабақ. Сонымен бірге 3 сағаттан СОБӨЖ жүргізіледі.
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
1 дәріс
|
50 мин
|
СОБӨЖ
|
50 мин
|
1 дәріс
|
50 мин
|
СОБӨЖ
|
50 мин
|
1 практика
|
50 мин
|
СОБӨЖ
|
50 мин
|
Кредит саны-3
Өту орны: № 8 оқу ғимараты, 306-311 ауд., сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит
саны
|
Дәрістер
|
Зертханалық
жұмыс
|
СӨБӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
3
|
6
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
Курстың мақсаты мен міндеттері
Курс қысқаша сипаттамасы:
Адамзат өркениетінің даму қарқынының негізгі сипаттамаларынын бірі қазіргі уақытта индустриалдық қоғамнан ақпараттық қауымға, ноосферадан инфосфераға өтуі болып отыр. Жаппай компьютерлендіру жаңа ақпараттық технологияларды оқыту саласында, бизнесте, өндірісте, ғылыми зерттеуде және әлеуметтік өмірде кеңінен қолдану дамудың жаңа денгейін жасайды.
Заман талабына сәйкес ақпараттандыру өмірдін талабы болып отыр. Электронды техникаларды және программалық жабдықтарды қолдана отырып, ақпараттарды ретгеп, жинақтап және талдайтын кадрлардың жетіспеушілігі ақпараттандыру үдерісін барынша тежеуде. Бұған дүние жүзі бойынша компьютерлік, телефондық, спутниктік, т.с.с. желілерді қолданылған тиімді. Соңғы жарты ғасыр ішінде ақпарат құны қашыктықтан тәуелсіз болады. Бұл көрсеткіш қоғамның дамуына едәуір септігін тигізері сөзсіз. Қазіргі уакытта ол көптүрлі бағытта жұмыс істеу үшін, алдымен компьютерлік желілер негіздерін меңгеру қажет.
«Компьютерлік желілер» пәні профильді пәндер блогына жатады да «Информатика» мамандығын игергенде кәсіби білім, іскерліктерін құрайды. Қазіргі қауымда қарқынды пайда болып жатқан жаңа технологиялардың барлығы комп’ютер желілерін жобалау, құру мәселелерімен ұштасып дамып жатыр. Адамның қызмет ету салаларында компьютер желілері әр түрлі мақсаттармен қолданады. Көбіне желіні шашырап жатқан ресурстарды бірже қолдану үшін қолданады. Компьютер желілері басқару процестерін жылдамдатады. Өйткені, орталықтан қашықтықта орналасқан аумақтардан деректерді тез жинап, тез өңдеп, тез шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Курс мақсаты:
Компьютерлік тораптардың ұйымдастырылуы мен жұмыс атқару негіздерін, дербес компьютерлердің торапта жұмыс істеу ерекшеліктерін үйрену, қазіргі кездегі тораптық технологиялармен танысу, жергілікті тораптардың жұмысын игеру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
Қазіргі заманғы торпатық технологиялардың ерекшеліктерін, компьютерлік тораптардың классификациясын, компьютерлік тораптардың аппараттық және программалық қамтамаларын игерту;
Қазіргі кездегі операциялық жүйелерде тораптық-аппараттық және жабдықтарды орнатуды және олардың күйлерін өзгерту әдістерін қолдану жолдарын түсіндіру;
Жергілікті торапты жобалау, ақпаратты жеткізу, сақтау, іздеу, өңдеу және ұсыну үрдістерімен байланысты қазіргі кездегі тораптық технологиялардың даму тенденциялары туралы жүйелі білім беру.
Курс мазмұны
Байланыс жолдардың үлгілері және аспабы. Кабельдердің стандарттары.
Компьютерлік желідегі коммутация әдістері. Пакеттердің коммутация принциптері
Хаттама, интерфейс, коммуникациялық хаттамалардың стегі ұғымдары.
Коммуникациялы хаттамалардың стандартты стектері.
Үлестірілген желілер түсінігі мен түрлері
Желілі программалық қолданбаларды құру принциптері. Сервер. Желілер қызметі. Желіні топтастыру және негізгі мінездемелері.
Негізгі топологиялар. Желіде қолданылатын аттар мен адрес принциптері.
Байланыс жолдардың үлгілері және аспабы. Кабельдердің стандарттары.
Компьютерлік желідегі коммутация әдістері. Пакеттердің коммутация принциптері
Ethernet технологиясы
FDDI технологиясы
Желілі адаптерлердің функциялары, мінездемелері және күйге келтіру параметрлері. Қайталауыштар және концентраторлар.
Виртуальды жергілікті желінің технологиясы
Маршрутизация принциптері мен алгоритмдері. Маршрутизаторларды топтастыру және негізгі мінездемелері.
Функция және архитектурасы. Жергілікті және үлестірілген ресурстарды басқару
Қазіргі замандағы операциялық жүйелерге шолу.
UNIX операциялық жүйелер тобы.
IP протоколы. IP протоколының құрылымы. IP желідегі адрестер. IP адрес кластары.
Маска қолдану. Маскасыз доменді маршрутизация технологиясы.
Қолданбалы деңгейдің протоколдар және қызметтері.
Басқарушы функциялары және басқару құралдары. Желі архитектура деңгейлері және желі протоколдары. Пайдаланушыларды басқару.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін архитектура.
Мәліметтерді қорғау әдістері. Аутентификация әдістері және рұқсаттарды басқару.
Компьютерлік тораптардың қысқаша даму тарихы.
Компьютерлік тораптардың жіктелуі.
Жергілікті және ауқымды тораптар.
Тораптық элементтердің топологиялық жіктелуі.
Негізгі түсініктер: тораптар түйіндері, кабельді сегмент, тораптық сегмент, логикалық торап, бұлттар, активті және пассивті коммуникациялық құрылғылар.
Физикалық және логикалық топология. Бірлік ортасына қатынас құру әдістері.
Стандарттар көзі.
Ашық жүйелер қарым-қатынасын ұйымдастырудың базалық моделі.
«Ашық жүйе» түсінігі. Функцияналдық деңгей түсінігі.
Физикалық, каналдық, тораптық, транспорттық, сеанстық және қолданбалы деңгейдің негізгі функциялары.
OSI, TCP/IP, IPX/SPX, NETBIOS/SMB, SNA, DECnet IEEE802.х стектері.
Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі.
Коммуникациялық тораптардың негізгі түрлерінің функциональды аттары, байланыс желілері, тораптық адаптерлер, қайталағыштар мен конденсаторлар, көпірлер мен конденсаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар.
Коммуникациялық құралдардың OSI модель деңгейіне сай келуі.
Серверге, жұмыс станциясына және торапқа жалпы қойылатын талаптар.
Ethernet технологиясы. CSMA/CD қатынас құру әдісі.
Ethernet кадр форматтарының сипаттамасы.
10BASE-5,-2,-T,-F, Fast, Ethernet, Gigabit Ethernet стандарттары.
Жергілікті тораптардың басқа технологиялары.
Tolken Ring, FDDI, CDDI, 10VG-AnyLAN, ARChet, TolkenBus, Lokal Talk стандарттары.
Ауқымды тораптарды құру функциялары мен құралдарының жалпы сипаттамасы.
Ауқымды тораптардың жалпы құрылымы.
Ауқымды тораптардың түрлері: бөлініп алынған каналдар, каналдары коммутацияланған ауқымды тораптар, пакеттері коммутацияланған ауқымды тораптар.
Телефондық тораптар және оларды тасымалдау үшін қолдану.
Аналогтық коммутацияланған және бқлініп алынған желілер.
Тораптық технологиялардың даму тенденциялары мен перспективалары.
Біррангтық компьютерлік тораптардың операциялық жүйелері.
Бөлініп алынған сервердің тораптық операциялық жүйелері.
Тораптарды басқару және талдау құралдарына шолу.
Ақпаратты сақтау, іздеу, өңдеу және көрсетудің қазіргі кездегі технологиялары мен программалық құралдарына шолу.
Оқыту әдістемесі:
Пәнді оқыту негізінен дәріс, зертханалық жұмыс, СОБӨЖ және өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны дәрісте беріліп, теориялық білім түсініледі.
Компьютерлік желі пәні бұрын оқытылған пәндер негізінде оқытылады:
Операциялық жүйелер
Программалар
Схемотехника негіздері
Дискреттік математика
Деректер құрылымы мен алгоритмдері
Осы аталған пәндерде алынған білім компьютерлік желілерін құру, қолдану сауалдарын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, әртүрлі операциялық жүйелер желі арқылы ақпарат алмасуда әр түрлі интерфейстерді қолданады. Оны дұрыс қолдана білу үшін операциялық жүйе жайында бастапқы білім қажет. Компьютер желілерінің аппараттық құралодар жұмысын түсіну үшін «Схемотехника» пәнінен базистік білімдер керек. «Дискреттік математика» пәні желінің логикалық байланысын маршрутизация алгоритмдерін түсінуге мүмкіндік береді. Ал ақпараттарды кодтау, тасымалдау, қорғау сауалдарын дұрыс игеру үшін «Деректер құрылымы мен алгоритмдері» атты пәнде алынған білімдер қажет болады. Таралған жүйелерде тұтынушы мен қолданбалар жұмыстарын дұрыс баптай алу үшін студенттің программалау негіздерін білгені көмек етеді.
«Компьютерлік желі» пәнін оқыту барысында «Жүйелік программалау», «Тиімділік әдістері мен операцияларды зерттеу» пәндері оқытылуы ортақ сауалдарды барлық жағынан талдап, дұрыс түсінуге көмек етеді. Оқытушы басшылығымен өткізілетін жұмыста оқу материалының теориялық қосымша сұрақтары талданады, қосымша берілген практикалық жұмыс тексеріледі және талқыланады. Зертханалық жұмыс бойынша бақылау сұрақтарының жауаптары тексеріледі. Студенттің үй жұмысында бұрын алған білімдерін бекітуге арналған тапсырмалар берледі. Студенттердің білімін тексеру практикалық жұмыс, өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауы, шығармашылық жұмыс, коллоквиум, тестілеу түрінде ұйымдастырылады.
Пререквизит:
Берілген курсты игеру үшін студенттер келесі пәндер бойынша білімдері болуы қажет:
Алгоритмдеу және бағдарламалау тілдері
Бағдарламалау технологиясы
Компьютерлік жүйелердің архитектурасы
Операциялық жүйелер
Программалар
Схемотехника негіздері
Дискреттік математика
Постреквизит:
Пәнді оқып үйрену негізінде студенттер төмендегілерді білулері керек:
Арнайы қажеттілік бойынша дұрыс топология мен хаттамаларды талдай алу
Желіге қажет болған ресурстарды табу
Тұтынеушылар арасында ресурстарға ие болу құқысын анықтап беру
Негізгі бағдарламаларды талдай алу
Компьютер желілерін дұрыс пайдалана білу
Достарыңызбен бөлісу: |