|
«Компьютер архитектурасы»Дәріс 3. ЭЕМ-ның логикалық негіздері
Мақсаты
|
бет | 6/8 | Дата | 01.01.2018 | өлшемі | 7,52 Mb. | | #6912 |
| Дәріс 3. ЭЕМ-ның логикалық негіздері
Мақсаты: Компьютердегі ақпараттардың берілу тәсілдерімен таныстыру.
Жоспар:
Ақпаратты кодтау тәсілдері, компьютерде ақпараттың берілуі;
Негізгі логикалық элементтер;
Алгебра логикасының негіздері;
Логикалық құрылымды синтездеу.
Арифметикалық үрділер: арифметикалық логикалық құрылғылар
АЛҚ келесі 4 функцияның біреуін есептеп шығара алады: А ЖӘНЕ В, А НЕМЕСЕ В, В және А+В (Сурет 1). Функцияны таңдау Ғо және Ғ, жол-дарына қандай сигналдар: 00, 01,10 және 11 түсетіндігіне байланысты.
Кестенің сол жақ астыңғы бұрышында 4 операция үшін қосу сигналдарын туғызатын екі разрядты декодер орналасқан. Кестенің сол жак үстіңгі бұрышында А ЖӘНЕ В, А НЕМЕСЕ В және В-ны есептеп шығару үшін арналған логикалық құрылғы орналасқан. Ең болмағанда осы нәтижелердің біреуі НЕМЕСЕ вентилінен етеді. Оң жақ астынғы бүрышта А және В қосындысын есептеуге және көшіруді іске асыру үшін қолданылатын толық сумматор орналасқан.
Сурет 1. Бірразрядты АЛҚ
Қазіргі кезде ЭЕМ-дерінде ақпаратты қабылдайтын, өңдейтін мыңдаған логикалық элементтер (электрондық схемалар) бар. Оларға информация электр сигналдары түрінде беріледі де, схемаларда жоғарғы деңгейлі кернеу (U) I-ге, төменгі деңгейлі кернеу 0-ге теңестіріледі. Логикалық элементтердің ең қарапайым түрлері: ЕМЕС, ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ. Осы элементтердің әрқайсысының белгілері бар. I - ші логикалық элемент-ЕМЕС (не,not). ЕМЕС элементінің белгілері: ЕМЕС қарсы мән беретін элемент, оның бір кірісі және бір шығысы бар. Егер кіріске сигнал берілсе, онда шығыста сигнал мүлдем болмайды. Ал кірісте сигнал жоқ болса, онда шығысқа сигнал түседі.
ЕМЕС элементінің логикалық жұмысы - кіріспе Х сигналының мәніне қарсы мән беретін Y сигналды өндіреді. Әдетте схемаларда ЕМЕС элементінде бір кіріс, бір шығысы бар.
II - ші логикалық функция - ЖӘНЕ (и, and). ЖӘНЕ конъюкцияны беретін элемент: онда екі немесе бірнеше кірістер және бір шығысы бар. Егер кірістерге сигнал берілсе, онда шығысқа да сигнал түседі. ЖӘНЕ элементінің көмегімен бірігетін А және В пікірлері логикалық көбейту немесе осы пікірлердің конъюкциясы деп аталады. Сонымен А және В пікірлерінің шындық мағынасы келесі шындық кестемен анықталады. ЖӘНЕ элементінің белгілері:
III-ші логикалық элемент - НЕМЕСЕ (или,OR). НЕМЕСЕ элементі дизъюкцияны береді:онда екі немесе одан да көп кірістер және бір шығысы бар.Егер кіріске бір сигнал берілсе, онда шығысқа сигнал түседі. НЕМЕСЕ элементімен біріккен екі пікір логикалық бөлу немесе дизъюкция деп аталады. А және В пікірінің дизъюкциясы мынадай жаңа пікірімен көрсетіледі: А v В. Сонымен А v В дизъюнкцияның шындық мағынасы А және В шындық мағынасынан тәуелді келесі шындық кестемен анықталады.
Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Логикалық құрылғы деген не?
Аргументі n=3, n=6 болатынлогикалық құрылғы үшін о және 1 типті бинарлық комбинацияны қалай алуға болады?
79 санын екілік санау жүйесіне көшіру мысалын келтір.
НЕМЕСЕ логикалық опрециясының қабылеттілігін көрсет.
ЖӘНЕ- ЕМЕС логикалық операцияларының қасиеттері.
НЕМЕСЕ- ЕМЕС логикалық операцияларының қасиеттері.
ЖӘНЕ логикалық операцияның қасиеттері.
ЕМЕС логикалық операцияның қасиеттері.
Ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне көшу ережесін / бөлу арқылы/ айтып беріңіз.
Ақпараттың өлшем бірлігінің («бит», «байт») сандық бағалауын айтып бер?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|