«Компьютер архитектурасы және кеңселік технология»Жүйелік тақшада мынандай компоненттер орналасады
Жүйелік шина және кеңейту тақшаларының ұялары. Интерфейс. Аналық тақшада және адаптерлер тақшасында оларды құрайтын жеке компоненттерінің арасында деректерді алмастыру мүмкіндігін шиналар арқылы іске асырады. Шина көмегімен процессор компьютердің барлық құрылғыларымен байланыс жасап, арнайы сигналдар алмасады. Компьютердің барлық компоненттерінің арасында өзара түсіністік болу үшін олардың ортақ интерфейсі болу керек. Аппараттық және бағдарламалық интерфейстер физикалық немесе логикалық бақылау желілерінің, өзара байланысқан құралдардың, бағдарламалық қосымшалардың жұмыстарын үйлестіріп отырады. Шиналар жүйелік (системалық) және сыртқы (периферийлік) болып бөлінеді. Жүйелік шиналардың әртүрлі типтері бар: ● ISA (Industrial Standard Architecture) 80 - жылдары РС/Ат – 286 компьютерлерінде қолданылған, ол 8 немесе 15 биттік (разрядты) деп аталатын 8 немесе 16 каналдан бір мезгілде деректер бере алады. Оның түсі қара және ұзын болып жасалынады. Оның өткізгіштік қабілеті 16 мб / с, қазіргі кезде де қолданылады. ISA стандартындағы ұяшық 98 немесе (62+ 36) контактілі немесе екі қатарлы ұядан тұрады. ● EISA (Extended ISA ) – ISA-ның өзгертілген түрі, қымбаттылығына қарай кең таралмаған. Ол файл – серверлерде, қуатты станцияларда қолданылады. ●VLB ( VESA LOCAL Вus) -VESA (VIDEO Equipment Standartds Assotiation) ассоцациясы жасаған 32 разрядты, деректер алмасуы жылдам контроллерлер мен ақпарат сақтағыштар, бейнеадаптерлерде қолдануға арналған, түрлі–түсті шина. Ол сыртқы құрылғыларды тікелей процессормен жалғастырады, сондықтан оны локальдық шина деп атайды. Шина орталық процессорлар тактісінің жиілігінде жұмыс істейді де 486 компьютерлерінде қолданылады. Жүйелік тақшада оған үш слот бөлінген, тактілік жиілігі 50 мГц–тен артық процессорлар үшін 2 шинадан артық қолдануға болмайды. VLB шинасының бағасы арзан, өткізгіштік қабілеті –132 Мб/с VLB ұяшығы екі бөліктен тұрады: 1 – ISA, VLB тақшасын бағдарламалау үшін 2 – 128 контактілі VLB – ұясы. ● PCI (Peripheral Component Interconnect) – Intel фирмасы шығарған Pentium процессорларында қолданылады. VLB–дан айырмашылығы 33 МГц жиілікте жұмыс істеп қосылған құрылғыларды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беріп Plug and Play режимінде жұмыс істейді. Өткізгіштік қабілеті VLB–дан 20 % жоғары, онда 64 разряд бар. Қазіргі кезде жүйелік шиналар ISA (EISA) + PCI, ISA (EISA) + VLB, ISA (EISA) + VLB + PCI кездеседі. Аналық тақшадағы шиналар. Процессорлық шина: (Prosessor bus ) – процессор немесе бірнеше процессордан, кэш – контроллерінен және кэш – жадтан тұрады. Ол шинаның өткізгіштігі жоғары, 66 Мгц, 64 разрядты шинаның төмендегідей сипаттамалары болады: 66 Мгц х 64 бит = 4224 Мбит / с 4224 Мбит / с / 8 = 528 Мбайт / с Жад шинасы (memory bus) – процессормен жедел жад арасындағы байланысты орнатады. Оған шина контроллері, жедел жад және деректерді сақтайтын буфер кіреді. Бұл шинада екі портты жад орналасуы мүмкін. Ол контроллер жады, процессор мен ендіру/шығару (УВВ) құрылғысының талаптарына жауап беруге сәйкестеніп тұратындығын білдіреді. Екі портты жадта 64 немесе 128 разрядты деректер шинасын ұйымдастыруға болады. Жады шинасы: Жүйелік шина – жүйе архитектурасы бойынша анықталады. Оларға ISA, PCI, EISA және олардың комбинациялары жатады. Сигнал тоқтату контроллерлері және жадты тікелей анықтау. Жүйелік шинаға қосылған қондырғылар процессор көмегімен немесе қосылған ендіру / шығару порты көмегімен және жад адресімен анықталуы мүмкін. Орталық процессор кез – келген өзгерісті сигналдар көмегімен анықтайды. Оны үзу (тоқтату) сигналдары деп атайды да, ол берілгенде алғашқы орындалуын жатқан операция тоқтайды да, сигналға сәйкес басқа операция орындалады. Үзу сигналдары аппараттық (сыртқы құралдарға байланысты) және бағдарламалық болып бөлінеді. Жүйелі блокта үзу сигналдарының контроллерінің микросхемасы орналасқан, оның бірнеше кіріс сигналдарына арналған бөліктері бар. Алғашқы компьютерлерде сегіз линиялы (IRQO – IRQ7) микросхема қолданылды. Онан соң 15 шиналы қосымша микросхема қолданылады. Ол 15 әрекеттің кез – келген біреуіне сәйкес процессордың жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Үзу сигналдарының ММІ линиясы үлкен приоритетке ие бола алады, онан соң приоритет кемиді. IRQ 0, IRQ 1, IRQ 8 – IRQ 15, IRQ 3 – IRQ7. Қазіргі ІВМ типтес компьютерлерде 7 каналды жоғары жылдамдықты деректер беру қолданылады. (ДМА0 – ДМА6). Жүйелік үзу (Hardware Interrupts)
Аналық тақшаға қосылатын құрылғылардың өзара әсерін қарастырайық. Жүйелік шина “сол түстік көпірдегі ” шипсет микросхемасына орналастырған контроллердің басқаруымен жұмыс істейді. Ол контроллерлер екі интерфейстік шинадан: PСI - периферийлік компоненттері қосуға арналған және AGР жылдамдатылған графикалық порттан тұрады. PСI шинасы орталық процессорды желі тақшаларымен, қосымша видеоадаптерлермен, ал AGР шинасы графикалық инфорамацияны тікелей жедел жадыға беру үшін қоладанылады. AGР шинасының PСI шинасына қарағанда өткізгіштік қабілеті жоғары. PСI шинасына интерфейстік шинаға жалғастыруға арналған контроллер орналасқан. Онда: ISA- өндірістік стандартты архитектура, USВ- әмбебап(универсаль) тізбекті шина және IEEЕ –1394- инженерлер институтының электротехника мен электроникадан №1394 стандартты шинасы орналасады. Баяу жылдамдықта жұмыс істейтін шиналардың жұмысын басқаратын контроллерлерді “оң түстік көпір” деп атайды. 3,5 дюймдік дискеттің дискіқозғағышы ISA шинасына жалғастырылады. ISA шинасы USВ шинасына қарағанда баяу жұмыс істейді. Интерфейстік USВ шинасының пайда болуы компьютерлерге қосылатын басқа құрылғылардың интерфейстік шинасының стандартын өзгертуді қажет етеді. Аналық тақшаларға арналған чипсеттердің сипаттамалары. Әр бір аналық тақшада өзіне тән ортақ процессорды орнатуға болады. Оларда Socket7, Slot16, Socket370. стандартты ұяшықтары қолданылады. Қазіргі кездегі процессорлардың шығарушы INTEL корпоарациясы болғандықтан шығарылатын чипсеттерді соған сәйкестендіріліп жасалуы керек. Қазіргі кезде INTEL корпорациясы шығарған INTEL 430ТХ чипсеті қолданылады . Ол 2 микросхемадан тұрады: 82439ТХ жүйелік контроллердің және PSI IDE/ISA контроллерінің микросхемасы. 430ТХ чипсеті АТ және АТХ стандартына сәйкес келе береді және Pentium, AМD К5 процессорлары үшін қолданылады. INTEL фирмасы PENTIUМ2, PENTIUM3, РЕNTIUM4 процесорлары үшін негізгі микросхемаларды жасайтын корпорация. жүктеу 9,01 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |