Компания туралы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет20/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44

ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
48
Адам ресурстарын тиімді басқарудың танылған халықаралық практикасына сәйкес бағалау рәсімі қызметкерлер есепті жыл 
ішінде алған қызметтің нәтижелілігін бағалау ескеріліп, қызметкерлердің іскерлік және көшбасшылық құзыреттерді бағала-
уға негізделеді.
Осылайша, 2015 жылы ҚМГ компаниялары тобының басшы қызметкерлерінің, басқарушы және әкімшілік персоналының жеке 
(іскерлік) құзыреттерінің үлгі моделі әзірленді. 
2015 жылы бекітілген құзыреттердің моделіне сәйкес ҚМГ компанияларының тобы бойынша менеджерлік құрамды бағалау жо-
басының 1-кезеңі іске асырылды. 2015 жылы бірінші кезеңнің шеңберінде ҚМГ мен ЕТҰ-ның 71 топ-менеджері және ҚМГ депар-
таменттерінің 36 директоры бағалаудан өтті. 2016 жылы екінші кезеңді іске асыру жоспарланып отыр. Бағалау қорытындылары 
бойынша жеке даму жоспарлары (ЖДЖ) мен ҚМГ мен ЕТҰ негізгі лауазымдарындағы сабақтастық жоспары жасалатын болады. 
Трансформация бағдарламаның Жол картасын іске асыру шеңберінде 2015 жылы ҚМГ компанияларының тобы бойынша 
Бірыңғай кадр резерві (БКР) 30 қызметкер санында қалыптастырылды, оның ішінде 12 – ЕТҰ қызметкерлері және 18 – ҚМГ қыз-
меткерлері. 30 резервистің ішінде 5-уінде мансаптық өсу нәтижелері бар. ҚМГ компания тобының резервистері үшін жеке 
даму жоспарын іске асыру мақсатында ҚБТУ-мен бірлесіп, арнайы модульдік оқу бағдарламалары әзірленді. 2015 жылдың қо-
рытындылары бойынша 29 резервист үшін 10 семинар өткізілді, сондай-ақ Executive МВА екі дипломдық бағдарлама бойын-
ша 6 резервист үшін оқу ұйымдастырылды. 
Еңбекақы жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде HAY Group компаниясының әдіснамасы бойынша лауазымдарды 
(Корпоративтік орталықтың әкімшілік қызметкерлерінен бастап операциялық ЕТҰ топ-менеджментіне дейін) бағалау бойын-
ша ең үздік әлемдік практика қолданылды. Осы жобаның қорытындылары:
 корпоративтік орталықтың және ЕТҰ топ-менеджерлерінің 300-ден астам лауазымдарына талдау және оларды сипаттау жүр-
гізілді;
 халықаралық әдіснама негізінде лауазымдарды бағалау жүргізілді және барлық лауазымдар деңгейлер (Грейдтер) бойын-
ша бөлінді;
 сыйақы жүйесін жақсарту бойынша талдау жүргізілді және ұсынымдар жасалды;
 ұйымдық құрылымды жетілдіру бойынша талдау жүргізілді және ұсынымдар жасалды.
Көлік бөлімшелерінің тиімділігін арттыру бөлігінде «Қызметке көліктік-техникалық қызмет көрсетуге қажетті «ҚазМұнайГаз» ҰК 
АҚ компаниялары тобы персоналының санын айқындау әдістемесін» (Әдістеме) сынау жүргізілді. Әдістеменің мақсаты ұйым-
дарды мұнай өндіру кәсіпорындарында көлік қызметтерін тарту шығындарын жоспарлауға мүмкіндік беретін тиісті тәсілдер-
мен және туынды деректермен қамтамасыз ету болып табылады. Әдістемені сынау барысында штат саны 9 мың қызметкер-
ден асатын көлік кәсіпорындарына/бөлімшелеріне талдау жүргізілді.
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау (ЕҚОҚ)
ЕҚОҚ жоғары көрсеткіштеріне (Халықаралық мұнай-газ өндіретін компаниялар ұйымының (IOGP) жоғары квартиліне кіретін 
компаниялардың деңгейіне) қол жеткізу үшін ең озық әлемдік практикаларға сәйкес ЕҚОҚ саласындағы тәсілдерді өзгертіп, 
басымдықтарды айқындау қажет, атап айтқанда:
 Өндірістік қызметтің нәтижелеріне қатысты адамның өмірі мен денсаулығы құндылығының басым болуы;
 ЕЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы барлық деңгейлер басшылығының көшбасшылығы;
 Қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауы үшін дербес жауапкершілік;
 Жазатайым жағдайлар мен оқиғаларға жол бермеуге бағытталған қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру (қауіпсіздік мәде-
ниетін арттыру);
 Барлық мүдделі тараптар арасындағы тиімді коммуникациялар;
 Энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану және энергия тиімділігі;
 Компанияның өндірістік объектілерінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін тиісті ең үздік халықаралық көрсеткіштер  деңгейіне 
дейін көтеру.
Сондықтан да, Компанияның трансформация бағдарламасының шеңберінде ЕҚОҚ басқару мәселелері бірінші кезекте транс-
формациялануы тиіс басым бизнес-бағыттар санына жатқызылды және осындай таңдау кездейсоқ жасалған жоқ. кез келген 
компания мен оның мердігерлерінің қызметі адамдар және қоршаған орта үшін қауіп ықтималды болып табылады және ак-
тивтерді зақымдау немесе жоғалту, өндіріс тиімділігінің төмендеуі, қаржы шығындары себебі болуы мүмкін және компания-
ның беделіне теріс әсерін тигізуі мүмкін.
ЕҚОҚ саласындағы жетістіктер
2015 жыл ұйымдастырушылық өзгерістер, қызметкерлердің мінез-құлығы мәдениетіндегі өзгерістерді бастау, ЕҚОҚ-тың 
ағымдағы жағдайды айқындау, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шынайы мақсаттар қою және осы мақсаттарға қол жеткізу-
дің ең озық тәсілі бойынша жоспарларды әзірлеу жылы болды.
Компаниядағы ЕҚОҚ трансформациясы бойынша бірінші қадамдар көп бейінді ұйымдық құрылымның құрылуына байланы-
сты болды, олар мынадай салалардағы мамандарды қамтиды: 
 денсаулық сақтау;
 еңбекті қорғау;
 өнеркәсіптік қауіпсіздік;
 өрт қауіпсіздігі және ТЖ;
 көлік қауіпсіздігі;
 эмиссияларды басқару;
 энергия менеджменті;
 орнықты даму.
ЕҚОҚ жөніндегі функционалдық комитет құрылды. Мыналар осы комитеттің функциялары болып табылады:
 ЕҚОҚ мүдделерін ғана емес, жоғары басшылықтың мүдделерін білдіру;
 Ұсынымдарды, іс-шараларды дайындап, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, денсаулық сақтау және қоршаған ор-
таны қорғау саласындағы Компанияның стратегиясын белгілеу;


49
 ЕҚОҚ бойынша мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге басшылық ету және 5 жылдық жоспарды орындау үшін қажетті ресур-
стармен қамтамасыз ету;
 ЕҚОҚ саласындағы тәуекелдер және мүмкіндіктер бойынша ұсынымдарды әзірлеу.
Келесі кезеңде ҚМГ компанияларының тобы бойынша ЕҚОҚ комитеттерінің жүйелерін енгізу жоспарланып отыр. ЕҚОҚ қыз-
метінің негізгі көрсеткіштері Компанияның корпоративтік ҚНК-ға енгізіліп, Компанияның барлық еншілес ұйымдарының бірін-
ші басшылары оларды каскадтады. Есептілік бойынша ашық және анық талаптар енгізілді (қанағаттанарлықсыз көрсеткіштер 
үшін жазаның орнына толық ақпарат беру кезінде ынталандырумен бірге). 
Басқарма төрағаның еңбек қорғау, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең озық инновациялық  идеяға 
конкурс іске қосылды. Осы конкурстың мақсаты – Компанияның қызметкерлеріне олардың еңбек жағдайын және қоршаған 
ортаның сапасын жақсартуға жеке қатысу маңыздылығын жеткізу, сондай-ақ Компанияның кейіннен ұсынылған идеяларды 
енгізу арқылы ЕҚОҚ көрсеткіштерін жақсартуды ұстануын көрсету. 
2015 жылы Компанияның тарихында бірінші рет, ЕҚОҚ саласындағы көшбасшылыққа оқыту бағдарламасын іске асыру кезін-
де еншілес компаниялардың басшыларына негізгі назар аударылады. 2015 жылғы қарашада Компанияның 70-тен астам бас-
шысының қатысуымен өткізілген бас директорлардың форумына қатысты оң ой-пікірлер айтылды. Осы форумдар әрбір бас-
шыға ол өндірісте қауіпсіздік мәдениетін арттыруда ойнайтын рольдің маңыздылығын түсінуге көмектесті. Өткізілген іс-шара 
табысына негізделе отырып, осындай форумдарды жыл сайын өткізу жоспарланды. 
Мыналар әзірленді және бекітілді: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Алтын қағидалар, Оқиғалар туралы 
 жариялау және оларды тергеу тәртібі туралы қағидалар және Алкогольге, есірткі құралдарына, психотроптық және осы секіл-
ді заттарға қатысты саясат. Осының барлығы ҚМГ компанияларының барлық тобы бойынша ЕҚОҚ мәселелеріне бірыңғай, 
 дәйекті және жаппай тәсілін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Компания ЕҚОҚ саласындағы көшбасшылыққа оқыту бойынша басшыларға арналған жоғары деңгейлі семинарларды, сон-
дай-ақ тәуекелділігі жоғары аймақтардағы қауіпсіздік (олардың ең маңызды – көлік қауіпсіздігі) бойынша бастамаларды іске 
қосты. 
Компания мұнай ілеспе газын кәдеге жаратуға байланысты тиімді жұмысты жүргізеді. Осы салада мынадай үлкен табыстарға 
қол жеткізілді: 2015 жылы газды кәдеге жарату деңгейі 88% болды және осы көрсеткіш 2016 жылдың аяғына қарай 95%-ке  дейін 
өседі деп күтіледі. 


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау