санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
91. Кір жуу орны және химиялық тазалау орындары жеке оқшауланған қоғамдық ғимараттарда және өндірістік кәсіпорындарының тұрмыстық корпустарында орналастырылады. Көп функционалды ғимараттарда орналасқан жағдайда қабатаралық будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.
92. Кір жуу орындарының сәулеттік-жоспарлау шешімі технологиялық процестің ағындығының сақталуын көздейді, таза және кір заттардың жанасуына, қиылысуына жол бермейді.
93. Кір жуатын орынның үстінде қоғамдық үй-жайлардың терезелері орналасқан жағдайда, кір жуатын және кептіретін үй-жайлардың терезелері фрамугалар мен желкөзсіз қатты жабылуы тиіс.
94. Аурухана төсек жабдықтарын жуу кезінде, аурухана төсек жабдықтарының басқа заттармен жанасу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы технологиялық желі бөлінеді.
95. Таза және кір заттарды сақтау үй-жайларында стационарлардың функционалдық бөлімшелерінің атауы көрсетілген стеллаждар бөлінеді.
Терапиялық, хирургиялық, обсервациялық, инфекциялық бейіндегі бөлімшелердің заттары бір-бірінен бөлек сақталады. Төсек ауыстырған сайын стеллаждардың үсті дезинфекцияланады.
96. Инфекция жұқтырылған төсек жабдықтары өңделетін кір жуу орындары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
инфекция жұқтырылған төсек жабдықтарын қабылдау үй-жайы басқа үй-жайлардан оқшауландырылады;
төсек жабдықтарын қабылдау, іріктеу және жуу үй-жайлары дербес сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады;
инфекция жұқтырылған төсек жабдықтарын суға жібітіп қою төсек жабдықтарын іріктеу бөлмесінде жүргізіледі;
жуу алдында және жуу кезінде төсек жабдықтары зарарсыздандырылады;
ағын сулар жергілікті тазалау қондарғыларымен тазаланым залалсыздандырылады.
97. Кір және таза киім-кешекті тасуға арналған жеке легендер, арбалар таңбаланады және мақсат бойынша қолданылады.
98. Негізгі және қосалқы өндірістік үй-жайлардың қабырғасы, төбесі және едені зиянды химиялық заттардың жиналуына жол бермейтін, сіңірмейтін материалдармен өңделеді
99. Едендер химиялық берік және су өткізбейтін материалдармен жабылады, еден құрылысы сұйық заттың төгілуі және үй-жайларды ылғалды жинау кезінде төгінділердің өткізілмеуін қамтамасыз етеді.
100. Өндірістік, қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар ғимараттарда орналасқан химтазарту орнының желдету жүйесі осы ғимараттың желдету жүйесінен дербес жабдықталады.
101. Химиялық заттар бөлу көздері бар жұмыс орындары, сондай-ақ дақтарды кетіру, ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстары жергілікті сыртқа тарату құрылғылары болған жағдайда жүргізіледі.
102. Химтазарту орнында ауа рециркуляциясына жол берілмейді.
103. Жабдықтардан сарқынды суды ағызу жабық тәсілмен жүргізіледі. Сарқынды суды өндірістік үй-жайлардың еденіне, су бұру жүйесіне ағызуға арналған ашық науаларға жіберуге жол берілмейді.
104. Еріткіштерді қолдану арқылы бұйымдарды құрғақ химиялық тазалау жүргізілген кезде үздіксіз және тұйық айналым бойынша барлық операциялардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
105. Жабдыққа қызмет көрсету, еріткіштерді жеткізу, мөлшерлеу және салу, сүзуге арналған ұнтақтарды жағу және сүзгі элементтерін механикалық жолмен тазалау бойынша өндірістік операциялар жеке қорғаныш құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі.
106. Бұйымдарды химиялық тазартудың технологиялық процестерінде сапасы және қауіпсіздігі туралы құжаттары бар реагенттер, заттар және препараттар қолданылады.
107. Химиялық реагенттер, заттар мен препараттар жергілікті сыртқа тарату желдеткішімен, стеллаждармен, тұғырықтармен жабдықталған, қышқылдар мен сілтілердің әсеріне төзімді едені бар қоймаларда сақталады.
108. Таза киім мен бұйымдарды жабық қаптар немесе пакеттерде тасымалдау жүзеге асырылады, тұтынушыға бұйым қаптамаланған түрде беріледі.
8-тарау. Халыққа косметикалық және шаштараздық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
109. Осы санитариялық қағидалардың талаптары реконструкциялау пластикалық хирургия, тері және тері асты ауруларын емдеу медициналық қызметтеріне, денсаулық сақтау объектілері құрамындағы косметологиялық, массаж кабинеттеріне қолданылмайды.
110. Нысандар тұрғын үйлерде жеке кіреберісі болған жағдайда орналастырылады. Жертөле қабаттары қосалқы және көмекшi үй-жайлар ретінде пайдаланылады.
111. Сәулет-жоспарлау шешімдері объектілерді және үй-жайларды көрсетілетін қызметтердің тізбесі және олардың қуатынан айқындайды.
112. Косметикалық кабинеттерде ыстық және суық су жүргізілген раковинамен жабдықталған, бір рет қолданылатын аспаптар қоры мен материалдар, косметикалық құралдармен жабдықталады.
Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, шашты, тырнақты, теріні күту құралдарын қолдану, сақтау және оны келушілерге өткізуге қолданылатын өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттары болған жағдайда жүргізіледі.
113. Косметикалық қызмет көрсету клиенттердің денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз болуы керек. Қызмет көрсету кезінде клиенттердің денсаулығына қарсы келетін және жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
114. Үльтракүлгін аппараттарының сәулеленуі (соляриев) ультракүлгін шамдарды тік және көлденең орналасқан, олардың әртүрлісі (жоғары және төмен қысымды) кез-келген комбинациясын солярийде пайдалануға жол беріледі.
115.Солярийлерде барлық аппараттардың (солярий) техникалық паспорттары, нұсқаулықтары болуы керек және сондай-ақ тәртіппен қолданылатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттар белгіленген.
116. Солярийлерді пайдалануға арналған үй-жай механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарату сағатына 3-4-еселік ауа алмасатын желдеткішімен жабдықталады. Жеке желдету жүйесімен жабдықталған жағдайда, үй-жайды табиғи ауаның ағымымен желдету ұйымдастыруға жол беріледі.
117. Солярий кабинасында ауа температурасы мен ылғалдылығы осы аппарат техникалық құжаттамасы талаптарына сәйкес келуі керек, бірақ +28 °C аспауы керек. Солярий кабинасы орналасқан үй-жайдың ауа температурасы +18 - 24 °C.
118. Солярийдің шамдарын ауыстыру журналда міндетті түрде белгілей отырып, техникалық паспортта көрсетілген нормативті сағат орындалған жағдайда жүргізіледі. Келесі ауыстыру туралы ақпарат солярий кабинетінің клиенттеріне қол жетімді болуы және көрінетін жерде орналасуы тиіс. Істен шыққан шамдар мамандандырылған ұйымдарға жойылуы үшін жіберіледі.
119. Әкімшілік клиенттердің назарына солярийді пайдаланудың қарсы көрсетілімдері мен шектеулері және сеанстарды жүргізу ережелері туралы ақпаратты жеткізеді.
120. Әрбір сеанстан кейін келуші жанасқан солярий кабинасының барлық үстіңгі беттері дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Тік солярийді қолданған кезде келушілерге жеке сүлгі мен аяқ киім ұсынылады.
121. Аппарат ішіндегі желдеткіш тесіктері ластанған сайын кезеңді түрде тазартылады.
122. Солярийдің персоналы мен келушілерге әсер ететін физикалық факторлар деңгейі мынадай гигиеналық нормативтерден аспайды:
1) электромагниттік өрістің кернеуі кемінде 25 вольтметрден;
2) токтың электрлік өрісінің өнеркәсіптік жиілігінің кернеуі 50 Герц - кемінде 0,5 киловольтметрден.
123. Маникюр және педикюр кабинеттерінің жұмыс орындары жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастыру жолымен жарықтандырылады.
124. Таза заттар мен парфюмерлік-косметикалық заттарды сақтауға арналған үй-жайлар стеллаждармен немесе шкафтармен, кір заттарға арналған қақпағы бар ыдыстармен жабдықталады. Қолданылған кір және таза заттарды араластыруға жол берілмейді.
125. Қиылған шаштан бұйым жасау жұмыстары оқшауланған үй-жайда жүргізіледі.
126. Әрбір келушi дербес қолдануы үшін таза заттар қорымен (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) қамтамасыз етіледі. Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір рет қолданылатын жаға, астылық лентамен қолданылады. Таза, қолданылған заттар, парфюмерлік-косметикалық заттар, сондай-ақ жуу және дезинфекциялау құралдары бөлек сақталады.
127. Шаштараз залында таза киім, парфюмерлік-косметикалық құралдары жабық шкафтарда сақтауға жол беріледі. Іш киімді қайта пайдалануға жол берілмейді.
128. Тарақтар, щеткалар, шаш қиюға арналған қайшыларды әрбір клиенттен кейін ағынды сумен жуады, қолдану жөніндегі нұсқаулығы бар зарарсыздандырғышқа немесе дезинфекциялау ерітіндісіне толық салады немесе УКС/ультракүлгін сәулесімен/ кейін әрбір клиенттің қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес.
129. Электр бритваның алмалы-салмалы пышақтары, косметикалық жабдықтар мен аспаптартардың электродтарын екі рет (аралығы 15 минут) батырылған мақта тампонмен залалсыздандыру ерітіндісімен сүртеді.
130. Педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртіледі.
131. Аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң жууға арналған заттармен тазартылады..
132. Маникюр, педикюр, косметикалық қызметтер жеке жинақтары (көрсетілетін косметикалық қызмет түріне) болған жағдайда жүргізеді.
133. Тері, шырышты беттердің зақымдалуы мүмкін манипуляция жүргізудің барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Маникюрді, педикюрді, пирсингті, татуажды жүргізуден бұрын және одан кейін тері беті және зақымдалған жерлер зарарсыздандырылады.
134. Маникюр, педикюр, сондай-ақ басқа да жұмсалатын материалдарды бу, ауа немесе зарарсыздандыру химиялық әдісімен зарарсыздандырылғаннан кейін микроорганизмдермен екінші рет контаминациялануын болдырмау жағдайында сақтайды.
135. Тері және шырышты қабаттары зақымданған жағдайда (маникюр, педикюр, косметикалық қызметтер) қолданылатын құрал-саймандарды дезинфекциялау, зарарсыздандыру алдында тазарту және зарарсыздандыру нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес жүргүзіледі.
136. Эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыру мен бақылау және маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг, пилинг және косметикалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын құралдарды дезинфекциялау, зарарсыздандыру алдында тазалау және зарарсыздандыру режимін күн сайын бақылау объектінің әкімшілігіне немесе шаруашылық жүргізуші субъектіге жүктеледі.
137. Терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi жұмысқа кiру кезiнде және жыл сайын В және С вирусты гепатит маркерлеріне тексерiледi.
138. Парентералдық гепатитін және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында, жүргізілу барысында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі. Персоналда ашық микрожаралар, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған жағдайда, қорғаныш заттарымен (саусаққа кигішпен, лейкопластырьмен) оқшауланбаған жұмыскерлер клиенттермен жұмыс істеуге жіберілмейді.
139. Жұмыскерлермен жеке бас тазалығы сақталуы керек.
140. Қанмен ластанған қол немесе қолғаптар сабынды қолдана отырып, ағынды сумен жуылады, кейіннен дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Қанмен ластанған қолғап дезинфекциялау ерітіндісіне малынады кейіннен жойылады.
9-тарау. Қоғамдық дәретханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
141. Қалаларда, курорттық жерлерде, аудан орталықтарында және басқа да елді мекендерде қоғамдық дәретхана (әжетхана) орнатылады.
142. Дәретханалар жеке орналасқан дербес объектілер ретінде немесе қоғамдық ғимараттарға, қалалық құрылыстарға салынған(тұрғызылған) орналастырылады.
143. Дәретханалар мынадай жерлерде орнатылады:
1) алаңдарда, темір жол, өзен және автовокзалдарда, әуежайларда, метрополитенде;
2) алаңдарда, көп жаяу жүрушілері бар көшелерде;
3) қоғамдық іс-шараларды өткізу орындарында;
4) жаппай халықтың демалу орындарында;
5) сауда орталықтары, базарлар, жәрмеңкелер, көрмелер аумағында;
6) құрылыс алаңдарында объектісін салу кезеңінде;
7) зиратта;
8) жанар май станцияларында;
9) жолдарда (автомагистральдарда);
144. Қоғамдық дәретханаларды тұрғын ғимараттарда орнатуға жол берілмейді.
145. Жағажайлардың аумақтарында дәретхана бір орын 75 келушіге есептелу бойынша орналастыру қажет. Жағажайлардың аумақтарында қоғамдық әжетханалар орнатылады, қоғамдық дәретхана мен шомылатын орынның арақашықтығы кемінде 50 м және 200 м дейін болуы керек.
Базарларда, дәретхана кем дегенде әрбір 50 сауда орнына біреу болуы керек.
Саябақтарда дәретханалар жаппай демалушылар жиналатын орындарынан 50 м қашықтықтан жақын емес жерде, негізге есептеу бойынша: 500 адамға бір орын орналастырады.
146. Мобильдік жылжымалы дәретхана қоғамдық іс-шаралар кезеңінде ғана пайдалануға жол беріледі.
147. Күндізгі және кешкі уақытта дәретханалар орналасқан жерлері және оларға келу жолдары арнайы байқалатын көрсеткіштермен белгіленеді.
148. Ішкі қабырғалар, еден жуу және дезинфекциялау құралдар әсеріне төзімді материалдан жасалады. Дәретхана едені тайғақ емес, су өткізбейтін, кәріздік траптарға еңіс етіп қарастырылады.
149. Дәретхана, санитарлық аспаптар техникалық жарамды күйде ұсталады. Жөндеу жылына бір реттен кем емес жүргізіледі.
150. Дәретханалар қоғамдық ғимараттарда орнатылған жағдайда негізгі ғимарат желдету жүйесімен қосылмаған жеке сорып –шығару желдетумен жабдықталады. Сору жүйесі кем дегенде, де 5 еселік ауа алмасуын қамтамасыз етуі керек, ағынды кемінде 2,5 еселеніп алмасады.
151. Кәрізделген дәретханаларда мынадай үй-жайлар көзделеді:
1) үй-жай үшін есіктермен жабылатын жеке кабиналар; ерлерге арналған бөлімшесінде писсуарлар үй – жайы;
2) жуынатын раковина орнатылған шлюздер;
3) жинау мүкәммалын сақтау, жуу және дезинфекциялау құралдары үшін үй-жайлары.
152. Дәретханалар таза күйде ұсталып, күн сайын жиналуы керек.
153. Кәрізденбеген аудандарда әжетханалар су өткізбейтін шұңқырлармен жабдықталады.
154. Кәрізденбеген дәретханалар және қазылған шұңқырлар он күнде 1 рет, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген препараттармен зарарсыздандырылады.
Қазылған шұңқырлар, септиктер көлемінің кемінде үштен екі бөлігі толтырылуы бойынша уақтында тазартылады, дезинфекцияланады. Жергілікті тазарту құрылғылары өндірушінің техникалық құжаттамасына сәйкес жабдықталады.
155. Жылжымалы дәретханаларды пайдалану кезінде лас қалдықтарды химиялық ыдырату және жағымсыз иістердің пайда болуына, таратылуына кедергі болу үшін бактарды дайындаушы-зауыттар ұсынған арнайы реагенттермен өңдеу жүргізу қажет.
Жылжымалы дәретханалар қалдықтарын алу және оларды төгу пунктіне тасымалдау үшін, дәретханаларды жууға және тазалауға арналған қосымша таза суы бар ыдыстармен жабдықталған арнайы вакуумды автокөлік пайдаланылады.
156. Дәретханалар үй-жайларының терезелеріне жазғы уақытта жәндіктерден қорғайтын тормен жабылады.
157. Дәретханалар сабын, электрлі орамал немесе қағаз сүлгі, дәретхана қағазымен қамтамасыз етіледі. Кабиналарында сырт киімге арналған ілмектер, қоқыс салғыштар болуы керек.
10-тарау. Жаппай демалу орындарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
158. Урналар саны кемінде 800 квадрат метр ауданына бір урна есебінен орналастырылады. Саябақтардың бас саяжолдары мен жағажайлар аумағында урналар арасының арақашықтық 40 м көзделеді.
Урналар ұсақ сауда объектілері және қоғамдық тамақтандыру орындарында орнатылады.
Урналарды күту келесілерді қамтиды: қоқысты шығару, кірден тазарту, жуу, бояу. Урналарды тазалау олардың толуына қарай жүргізіледі.
159. Негізгі жинау саябақ жабылғаннан кейін жүргізіледі. Күндіз ағымдағы тазалық жұмыстары жүргізіледі, жасыл желектерді суару, қалдықтарды және түскен жапырақтарды жинау.
160. Демалыс және шомылуға (пляж) арналған аумағы қоқыстан, порттардан, шлюздерден, гидроэлектрстансиясынан, ағынды сулар торабынан, және мал қонысы мен суатынан және басқа да ластану көздерінен немесе жоғарыда көрсетілген ластану көздерінен кем дегенде 500 м қашықтықта орналасуы, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық-қорғаныш аймақтарынан тысқара жерлерде және қоршаған ортаның ластану, шу көздеріне қатысты жел соғатын жағында болуы керек.
Жағажайларды санитарлық қорғау аймағының шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерінің бірінші белдеу шекарасында орналастыруға жол берілмейді.
Жағажайдың жақсы инсоляцияланған алаңдары болуы тиіс, сазбалшықты учаскелерге жол берілмейді.
161. Жағажай аумақтары күнге қарсы қалқалар, жатақтар және орындықтар, шезлонгтер, шатырлар немесе көлеңке үшін шатырлармен жабдықталады.
Шешінуге арналған жалпы немесе жеке кабиналар 50 адамға бір киім ауыстыруға арналған кабина есебінен орнатылады.
Жағажай аумағында шағын бөлшек сауда объектілері, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету (жалға беретін катамарандар, су ойыншықтары және және ұқсас қызметтер) орындары орналастырылады.
162. Күнделікті жағажай жабылғаннан кейін жағалауды тазалау жүргізіледі, шешінетін орындарды, жасыл аймақтарды және дәретханаларды тазалау, дезинфекциялау. Күні бойы ағымдағы тазалау жүргізіледі. Жиналған қалдықтар дер кезінде шығарылады.
163. Құмды жағажайларда аптасына бір рет жиналған қалдықтарды жойып және құмның беткі қабатын механикаландырылған қопсыту жүргізіледі. Қопсытқаннан кейін құм тегістеледі. Құм немесе малта тас себу жыл сайын өткізіледі.
164. Жағажайларда кір жууға және жануарларды шомылдыруға жол берілмейді.
165. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қойылған контейнерлер жағажайлардан және демалушылардың көп жиналатын орындарынан (билеу алаңдары, эстрада, субұрқақтар, басты аллеялар, ойын-сауық павильондарынан) 50 м ден кем емес қашықтықта орналасады.
166. Суға шомылу маусымы басталар алдында нысандардың иелері, сондай-ақ ағымдағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүзеге асыру барысында, су айдындарының суы және жағажайлардың құмы нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына
1-қосымша
Қонақ үйлердің үй-жайларын жасанды жарықпен
жарықтандырудың ең төменгі нормалары
р/с
|
й-жайлардыҮң атауы
|
Шамдарды жаққандағы ең аз жарықтандыру (люкстерде)
|
Нормативтің қатысы бар беті
|
қызуы
|
люминисценттік
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Нөмірлер (тұрғын үй-жайлар)
|
30
|
75
|
еденнен 0,8 м
|
2
|
Вестибюль
|
50
|
100
|
Еден
|
3
|
Ортақ қонақ бөлмелер, холлдар, буфеттер, барлар және басқалар
|
75
|
150
|
еден
|
4
|
Қызмет көрсету бюросы, әкімшілік үй-жайлар, тұрғындарға қызмет көрсету үй-жайлары
|
75
|
200
|
еденнен 0,8 м
|
5
|
Негізгі баспалдақтар, ортақ дәліздер, орталық киім кептіру орны, шеберханалар, тазалау және үтіктеу бөлмелері
|
30 (50)*
|
100
|
еден
|
6
|
Ортақ санитариялық тораптар, нөмірлердегі (үй-жайлардағы) санитариялық тораптар
|
30
|
75
|
еден
|
7
|
Ортақ себезгілер
|
50
|
-
|
еден
|
8
|
Қызмет көрсететін персоналға арналған үй-жай
|
75
|
150
|
еденнен 0,8 м
|
9
|
Қойма үй-жайлары
|
20
|
-
|
еденнен 0,8 м
|
10
|
Техникалық үй-жайлар
|
30
|
-
|
еден
|
*жақша ішіндегі сан – шеберханалар үшін
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына
2-қосымша
Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайларының
микроклиматы параметрлеріне қойылатын талаптар
Р/с
|
Үй-жай
|
Су температурасы, 0С
|
Ауа температурасы, 0С
|
Салыстырмалы ылғалдылық %
|
1 сағаттағы ауа алмасу параметрлері
|
Ауа қозғалысының жылдамдығы (м/сек)
|
ішке сору
|
сыртқа тарату
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1
|
Ересектерге арналған ванна
|
24-26
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
2
|
Балаларға арналған ванна
|
30-32
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
3
|
Бассейн ванналарының залдары
|
-
|
Су температурасынан 1-2 жоғары
|
60 % көп емес
|
1 келушіге кемінде 80 м3/сағ,
1 көрерменге кемінде 20 м3/сағ.
|
0,5 көп емес
|
-
|
4
|
Оқу-дайындалу залы
|
-
|
18
|
-
|
1 келушіге кемінде 80 м3/сағ
|
0,2 көп емес
|
-
|
|
1 сағаттағы ауа алмасу жиілігі
|
5
|
Шешіну орны
|
-
|
25
|
-
|
Себезгілерді есепке ала отырып, тенгерім бойынша
|
2 (себезгілерден)
|
-
|
6
|
Себезгілер
|
-
|
25
|
-
|
5
|
10
|
-
|
7
|
Массаж бөлмесі
|
-
|
22
|
-
|
4
|
5
|
-
|
8
|
Хауыз камералары
|
-
|
120-ден көп емес
|
-
|
-
|
5 (адам жоқ кезде мерзімдік іске қосылатын)
|
-
|
9
|
Судың анализіне арналған зертхана
|
-
|
18
|
-
|
2
|
3
|
-
|
Ескертпе: ашық бассейндердегі судың температурасы жаз мезгілінде плюс 27оС деңгейінде, қыста плюс 28°С суда жүзіп үйренушілер үшін плюс 29оС болуы тиіс.
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына
3-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |