7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
№ 1 практикалық сабақ
Тақырыбы: Кәсіпорын-экономиканың негізгі буыны
Мақсаты: Тақырыптың мәні мен мазмұнын терең ұғндыру.Кәсіпорынның жұмыс жасау шарттарын, механизмін түсіндіру арқылы жеке іске баулу, кәсіпорынның ел экономикасында алатын орнын түсіндіру.
Негізгі сұрақтары:
Кәсіпорын өндірістік жүйе ретінде
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құқықтық формаларының құрылу және қызмет ету ерекшеліктері
Кәсіпорынның тиімді дамуына тосқауыл жасайтын қазіргі кездегі негізгі проблемалар мен оларды шешу жолдары
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Сабақты пресс-конференция әдісін пайдалану арқылы өткізу. Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
№ 2 практикалық сабақ
Тақырыбы: Кәсіпорынның даму стратегиясын таңдау
Мақсаты: Студенттердің тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру. Кәсіпорын стратегиясының мәні мен түрлерін терең ұғындыру.
Негізгі сұрақтары:
Жалпы сипаттама
Кәсіпорын стратегияларының мәні мен түрлері
Стратегияны таңдау процесі
Әдістемелік нұсқаулықтар: Дөңгелек үстел түрінде өткізу.
№ 3 практикалық сабақ
Тақырыбы:Өндірістік жүйенің ресурстық концепциясы
Мақсаты: Студенттердің пәнге деген құлшынысын арттыру, тақырыпқа деген қызығушылығын ояту.
Негізгі сұрақтары:
Экономикалық тәртіп және фирма стратегиясы
Жүйе түсінігі және заңдылықтары
Өндірістік жүйе құрамы
Фирманың стратегиялық потенциалының элементтері
Әдістемелік нұсқаулықтар: Сабақты пресс-конференция әдісін пайдалану арқылы өткізу.
№ 4 практикалық сабақ
Тақырыбы:Фирманың микро, макро ортасы, қызметі
Мақсаты: Студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру, тақырыптың мәнін, маңызын ұғындыру. Фирма, оның қызметі туралы түсінік қалыптастыру.
Негізгі сұрақтары:
1 Микро орта
2 Макро орта
3 Өндірістік профиль және фирма қызметі
Әдістемелік нұсқаулықтар: Дөңгелек үстел түрінде өткізу.
№ 5 практикалық сабақ
Тақырыбы:Бәсеке: түсінігі, түрлері, саясаты.
Мақсаты: Тақырыпты аша отырып, студенттерге сұрақ қою арқылы, білімін тексеріп қызығушылығын арттыру.
Негізгі сұрақтары:
Бәсеке және нарық құрылымы
Бәсекенің бес күшінің моделі.Негізгі жағдайлар
Бәсеке күресіне ықпал ететін факторлар
Әдістемелік нұсқаулықтар: Мәселелік сабақ түрінде өткізу.
№ 6 практикалық сабақ
Тақырып: Бәсекелестік артықшылықтың негізгі тоериялары
Мақсаты: Теориялық білімді практикада жүзеге асыруға баулу, студенттердің пәнге деген құлшынысын арттыра отырып, қосымша материалдар іздестіру арқылы дүние танымын кеңейту.
Негізгі сұрақтары:
Бәсекелестік артықшылық теориясы
Елдің бәсекелестік артықшылығының детерменанттары
Фирманың бәсекелестік артықшылығын қолдау
Әдістемелік нұсқаулықтар: Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
№ 7 практикалық сабақ
Тақырыбы:Фирманың экономикалық стратегиясы
Мақсаты: Студенттердің пәнге деген құлшынысын арттыру, тақырыпқа деген қызығушылығын ояту.
Негізгі сұрақтары:
Фирманың экономикалық стратегиясының түсінігі
Экономикалық стратегияның негізгі құрамы
Экономикалық стратегияның локальды мақсаты
Стратегиялық жоспарлау
Әдістемелік нұсқаулықтар: Сабақты пресс-конференция әдісін пайдалану арқылы өткізу. Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
№ 8 практикалық сабақ
Тақырыбы:Өткізу стратегиясы және тауарқозғалысын ұйымдастыру.
Мақсаты: Тақырыпты аша отырып, студенттерге сұрақ қою арқылы, білімін тексеріп қызығушылығын арттыру.
Негізгі сұрақтары: Өткізу стратегиясы және тауарқозғалысын ұйымдастыру.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
№ 9 практикалық сабақ
Тақырыбы: Фирманың тауар саясаты
Мақсаты: Студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру, тақырыптың мәнін, маңызын ұғындыру. Фирма, оның қызметі туралы түсінік қалыптастыру.
Негізгі сұрақтары:
Фирманың ішкі және сыртқы ортасының стратегиялық сегменттелуі
Шаруашылық жүргізудің стратегиялық аймақтарын бөліп қарастыру
Тауар ассортиментін қалыптастыру
Әдістемелік нұсқаулықтар: Дөңгелек үстел түрінде өткізу.
№ 10 практикалық сабақ
Тақырыбы: Инновация кәсіпорынның экономикалық стратегиясының негізі ретінде
Мақсаты: Теориялық білімді практикада жүзеге асыруға баулу, студенттердің пәнге деген құлшынысын арттыра отырып, қосымша материалдар іздестіру арқылы дүние танымын кеңейту.
Негізгі сұрақтары:
Инновация түсінігі мен түрлері
Инновациялар жүйесі мен процесі
Жаңа тауарды жобалау стратегиясымен олардың сапасын бағалау
Әдістемелік нұсқаулықтар: Сабақты пресс-конференция әдісін пайдалану арқылы өткізу. Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
№ 11 практикалық сабақ
Тақырыбы: Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
Мақсаты: Студенттердің пәнге деген құлшынысын арттыру, тақырыпқа деген қызығушылығын ояту.
Негізгі сұрақтары:
Инвестицияның бастапқы түсінігімен классификациясы
Инвесторлардың құқықтары мен міндеттері
Инвестициялық жобалар: сараптау мен бағалау
Әдістемелік нұсқаулықтар: Дөңгелек үстел түрінде өткізу.
№ 12 практикалық сабақ
Тақырыбы: Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
Мақсаты: Тақырыпты аша отырып, студенттерге сұрақ қою арқылы, білімін тексеріп қызығушылығын арттыру.
Негізгі мақсаты:
Инвестициялау көздері
Лизинг инвестициялық қызметінің формасы ретінде
Инвестициялық тәуекелдерді бағалау
Инвестицияларды қайтару кепілдігі
Әдістемелік нұсқаулықтар: Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
№ 13 практикалық сабақ
Тақырыбы:Инновациялық –инвестициялық қызметтік құқықтық қамтамасыз ету
Мақсаты: Теориялық білімді практикада жүзеге асыруға баулу, студенттердің пәнге деген құлшынысын арттыра отырып, қосымша материалдар іздестіру арқылы дүние танымын кеңейту.
Негізгі сұрақтары:
Инвестициялауды реттеу
Инвестициялауды ынталандыру
Инновациялық-инвестициялық қызметке салық салу
Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау
Әдістемелік нұсқаулықтар: Сабақты пресс-конференция әдісін пайдалану арқылы өткізу. Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
№ 14 практикалық сабақ
Тақырыбы: Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің стратегиясы
Мақсаты: Студенттердің пәнге деген құлшынысын арттыру, тақырыпқа деген қызығушылығын ояту.
Негізгі сұрақтары:
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің формалары
Сыртқы экономикалық қызмет сферасын жоспарлау
Халықаралық сауда келісімдері
Әдістемелік нұсқаулықтар: Дөңгелек үстел түрінде өткізу.
№ 15 практикалық сабақ
Тақырыбы: Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің стратегиясы
Мақсаты: Тақырыпты аша отырып, студенттерге сұрақ қою арқылы, білімін тексеріп қызығушылығын арттыру.
Негізгі сұрақтары:
Төлем түрлері
Сыртқы сауда жүктеріне көлік экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Аралас қатынаста көлік логистикасын пайдалану мен жүктерді жеткізудің экономикалық тиімділігі
Әдістемелік нұсқаулықтар: Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
ГЛОССАРИЙ
Кәсіпорын стратегиясы пәні бойынша глоссарий
(пән атауы)
Акционерлік қоғам (АҚ) – жарғы қоры бар кәсіпорын, оның капиталы көптеген жеке капиталдарды біріктіру нәтижесінде, акцияларды шығарып, сату арқылы құралады және оның пайдасын акционерлер дивиденд түрінде бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігі оның акцияларының құнымен шекелген.
Акцепт (лат. acceptans – қабылдаушы) – ішкі және халықаралық тауар айналымында құжаттарды немесе төлеуді кепілдікке алуға келісу; екінші жақ ұсынған талаптар негізінде шарт жасасуға келісу, төлемшінің аударма векселді төлеуге келісу.
Акциз (фр. accise из лат. аccidere – кесу) – көбінесе көпшілік тұтынатын заттарға (арақ, шарап, темекіге және зергерлік бұйымдарға, балықтың бағалы түрлерінен жасалған жеңсік өнімдерге, фарфор мен хрустальдан жасалған жоғары сапалы бұйымдарға, кілемдерге және кілем бұйымдарына т.б.) саналатын, тауар бағасына кіретін және сатып алушы төлейтін жанама салық түрі. Мемлекеттік бюджет кірісінің маңызды көзі.
Акция (лат. аction – бағалы қағаз) – акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, банкілер, кооперативтер шығаратын осы қоғамдарды және т.б. дамыту мақсатымен акция иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаздың түрі.
Амортизация (лат. amortisatio – өтеу) – негізгі қорлардың (ғимараттардың, машиналардың, жабдықтың) тозуы себепті оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнының өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі.
Монополияға қарсы қолданылатын заңдар – нарықтық экономиканы басшылыққа алатын кәсіпкерлер қызметтің түрлі салаларында бәсекелестік ортаны қолдауға, монополизмге және арам ниетті бәсекеге қарсы әрекет жасауға бағытталған құқықтық актілер кешені.
Жал, жалгерлік (лат. arrendare – жалға беру) – мүлікті жалдау, жалға беруші жалгерлерге мүлікті белгілі бір сыйақы жалгерлік ақы үшін уақытша пайдалануға беретін шарт.
Аукцион (лат auction, auctionis – қоғамдық сауда) – тауар және басқа құндылықтарды сатуды ұйымдастырудың көпшілік алдында сауда-саттық өткізуге негізделген нысаны. Аукциондық сауда сатып алушылардың бәйгелестігі принципіне негізделген. Аукционға қатысушының ең жоғары баға ұсынғаны сатып алу құқығына ие болады.
Баланс теңгерім (фр. balance – таразы) – бухгалтерлік есептің негізгі кешенді құжаты, ол кәсіпорын қаражатының құрамы мен құндық бағасы (актив) және оның өтелу кездері (пассив) туралы ақпараттан тұрады.
Пайда балансы - өндірістік қызметтің барлық түрлері бойынша пайданың баланста көрсетілген жалпы сомасы.
Баланстық құн – компанияның бухгалтерлік кітаптарындағы активтердің құны (әдетте өтелім жарнасы (амортизация) шегеріліп тасталады). Нақты нарықтық құн басқаша болуы мүмкін.
Банк ( итал. banca – ақшалай қаржаттар операциялары жасалған үстел) – ақшалай қаражат пен қорлануды шоғырландыратын, кредит (қарыз, несие) беретін, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен есеп айырысуда делдалықты жүзеге асыратын, ақша мен бағалы қағаздары шығаратын, алтынмен, шетелдік валютамен операцияларды және басқа міндеттерді жүзеге асыратын мекеме.
Банкроттық – кәсіпкердің, фирманың қаражат болмауы себепті өзініңқарыз міндеттемелерін төлеуден бас тартуы; қаржы жөнінен күйреуі, құлдырауы; дәрменсіздік, қаржының күйреуі, күйзеліс, сәтсіздікке ұшырауы, жоспарларың қирауы.
Баспа-бас айырбас (бартер) – валютасыз, бірақ құны бойынша бағаланған және теңдестірілген, өзара шартпен хатталған тауар айырбасы операциясы.
Жұмыссыздық – жұмыс істегісі келген еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Өздеріне байланыссыз себептерімен табысы (еңбек кірісі) жоқ, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінде жұмыс істемейтін, еңбек етуге қабілетті және дайын, өздеріне қызмет лайықты жұмыс ұсынбаған адамдар ретінде тіркелген азаматтар жұмыссыздар деп есептелінеді. Нарықтық экономика жағдайында жұмыссыздық жағдайында жұмыссыздық жұмыс күшіне сұраным мен ұсынымы арасындағы өзара әсер етудің нәтижесі ретінде көрінеді.
Брокер, делдал – қор және тауар биржаларында, валюта нарықтарында тауарларында тауарларды, бағалы қағаздарды, валюталар мен басқа да құндылықтарды сатып алушы мен сатушы арасында мәміле жасау кезінде арада жүретін ресми делдал.
Жалпы пайда (валовый доход) – кәсіпорын ызметінің жалпы қаржы нәтижесі, ол кәсіпорынның жиынтық кірістері мен шығыстары арасындағы айырмаға сәйкес келеді.
Валюта – тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері.
Табыс – кәсіпорындар, фирмалар мен басқа да ұйымдар жұмысының аса маңызды экономикалық көрсеткіші, табыс олардың қызметінің барлық түрлерінен түскен қаржы түсімдерін көрсетеді.
Дивиденд (лат. dividendus – салыққа салынатын) – акционерлік қоғамның есепті бір кезеңде алған және акционерлердің иелігіндегі акциялардың саны (сомасы) мен түріне сәйкес олардың өз арасында бөліске түсуге тиіс пайдасының бір бөлігі.
Дилер (ағыл. dealer – саудаласу) – бағалы қағаздарды, валюталарды сатып алумен және сатумен айналысатын қор биржасының мүшелері (жеке адамдар мен фирмалар) және банкілер. Өз аттарынан және өз есебінен іс-қимыл жасайды. Дилерлер бір-бірімен, брокерлермен, сондай-ақ қызметті пайдаланушылармен тікелей мәміле жасаса алады. Дилердің пайдасы сатушы мен сатып алушы курстарындағы айырма есебінен, валюталар мен бағалы қағаздар курстарының өзгеруі есебінен құралады. Дилерлер брокерлік (делдалдық) мәміле жасаса алады.
Дистрибьютор (ағыл. distributor – орналастыру) - өндіруші ірі өнеркәсіп фирмаларынан дайын өнімді көтере сатып алу негізінде өнім өткізетін фирма. Ол меншікті қоймалары бар және өнеркәсіпшілермен іскерлік өзара шарт қатынастарын орнататын біршама ірі фирмалар.
Заң – елдің жоғары заң шығарушы органы қабылдаған және барлық жеке адамдар мен заңды ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік-заңдық актілер.
Кепіл – шарттық міндеттеменің орындалуын мүлік өткізіп қамтамасыз ету әдісі, несиені қамтамасыз ету. Қарыз берген кісінің қолында кепілдікке қалдырылған зат.
Мүлік – шаруашылық айналымында мәні бар біреудің қарамағындағы заттар мен түрлі құнды мүліктердің жиынтығы. Біреудің меншікті заттары.
Инвестициялар – капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестор – салымшы; пайда табу мақсатымен ел ішінде немесе шетелде белгілі бір кәсіпорынға инвестиция жасаушы, күрделі қаржы жұмсаушы адам.
Инфрақұрылым – өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірісіне, сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін шаруашылық салаларының кешені. Бұл кешенде транспорт, байланыс, сауда, материалдық-техникалық жабдықтау, ғылым, білім, денсаулық сақтау, т.б. қамтылады.
Калькуляция - өнім өндіруге және өткізуге, жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығынды ақшаға шағып көрсету.
Бәсеке – нарықтық механизм элементі, капиталдардың жақсы, экономикалық жағынан тиімді жұмсалуы үшін, өнім өндіру мен өткізудің өндірістің неғұрлым тиімді жағдайы үшін тауар өндірушілер арасындағы бақталастықтың (күрестің) құрамдас бөлігі.
Консалтинг – ынтымақтастық нысаны, бұл ынтымақтастықта продуценттерге (тауар өндірушілерге), сатушылаоға және сатып алушыларға кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың экономикалық қызметі мәселелерінің кең ауқымы бойынша, оның ішінде сыртқы экономикалық салада кеңес беріледі.
Консорциум – заемдарды бірлесіп тарату үшін, үлкен ауқымдағы қаржы және коммерциялық операцияларды жүргізу үшін бірнеше банкілердің немесе өнеркәсіп орындарының арасындағы уақытша келісім.
Концерн – көп салалы монополистік өнеркәсіп бірлестігінің қазіргі экономикалық жағынан үстем нысаны. Өндірісті әртараптандыруға сүйене отырып , концерндер өзінің құрамында ондаған, жүздеген әр түрлі кәсіпорындарды, ғылыми зерттеу мекемелерін, оқу орталықтарын және орасан зор экономикалық кешеннің қызметін қамтамасыз ететін басқа да көптеген буындарды біріктіреді.
Лизинг – жабдықты, машиналарды, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімді жалға алу.
Маржа – белгілі бір екі көрсеткіш (мысалы, сатушының бағасы мен аларманың бағасы) арасындағы айырманы көрсететін шама.
Салық – жеке адамдар мен заңды ұйымдар заң шығарушылық жолмен белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес мемлекеттік (жергілікті) өкімет органдарының бюджетіне төлейтін тіркелген аударым жарналары.
Салық мағлұмдамасы – салық төлеушінің өткен кезеңде алған табыстары және оларға қолданылатын салық шегермелері мен жеңілдіктері туралы ресми мәлімдемесі.
Қосылған құнға салық (ҚҚС) – жанама салық түрі; түпкілікті тұтынушы тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ, тауарларды өндіру мен өткізудің түрлі салаларында төлейді.
Пайдаға салынатын салық – заңды ұйымдардың табысына салынатын салық; негізгі жалпы мемлекеттік салықтардың бірі.
Салық мөлшерлемесі – салық салынатын бір объектідегі салық үлесі (процент түрінде көрсетілген мөлшер).
Айналым қаражаты - өндіру мен өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының құру үшін кәсіпорындарға, бірлестіктерге, ұйымдарға авансыға берілген ақшалай қаражат жиынтығы.
Негізгі қаражат – еңбек құралдарына жататын материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығына жұмсалған қаражаттар.
Үлестік жарна – ортақ іске жеке қатысушы осы іске қосқан үлес (ақшалай жарна).
Пайда – фирманың жалпы табысы мен шығындары арасындағы айыпма, мұнда жалпы табыс шығыннан асып түседі.
Рента – капиталдан, мүліктен немесе жер учаскесінен түскен белгілі бір табыс, ол өзінің алушыларынан кәсіпкерлік қызметті талап етпейді.
Пайдалылық - өндірістік қызметтің белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі пайдалылығын (залалдығын) сипаттайтын кәсіпорындар қызметінің көрсеткіштерінің бірі, шығындар қайтарымының деңгейі және өнім өндіру мен өткізу процесінде қаражаттың пайдаланылу дәрежесі.
Нарық – тауарларды өндіру, айналысқа жіберу, бөлу, сондай-ақ, субъектілердің сатып алушылар мен сатушыларды таңдаудағы, бағаны белгілеудегі, ресурстар көздерін қалыптастырып, пайдаланудағы еркіндігі тән сипат болып табылатын ақша қаражатының қозғалысы қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі.
Жарғы қоры – бірлескен кәсіпорын қызметінің басталуы үшін қажетті және бірлескен кәсіпорынның құрылтайшы әріптестерінің жарналары есебінен құралатын қаражат мөлшері.
Фирма – заңды ұйым құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорындары.
Эмитент – ақша шығаратын ұйым немесе кәсіпорын.
8.КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Бұл пән бойынша курстық жұмыс жоспарланбаған.
9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.
СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:
пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі
типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі
рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары
негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
кеңес түрлері
бақылау түрлері
бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.
СӨЖ ЖОО-ның нормативті құжаттарының негізінде (оқу бағдарламасы) ұйымдастырылады.
СӨЖ-дің ұйымдастырылуы
библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау),
жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация),
ғылыми жобаны өндеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар),
виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),
жеке аудированиямен (лингофон жүйесі және медиатека арқылы),
электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),
лабораториялық тәжірибені еңгізумен (спортық кешен арқылы) байланысты.
9.1. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР
Кәсіпорын-экономиканың негізгі буыны
Кәсіпорын өндірістік жүйе ретінде
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құқықтық формаларының құрылу және қызмет ету ерекшеліктері
Кәсіпорынның тиімді дамуына тосқауыл жасайтын қазіргі кездегі негізгі проблемалар мен оларды шешу жолдары
Кәсіпорынның даму стратегиясын таңдау
Жалпы сипаттама
Кәсіпорын стратегияларының мәні мен түрлері
Стратегияны таңдау процесі
Инновация кәсіпорынның экономикалық стратегиясының негізі ретінде
Инновация түсінігі мен түрлері
Инновациялар жүйесі мен процесі
Жаңа тауарды жобалау стратегиясымен олардың сапасын бағалау
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
Инвестицияның бастапқы түсінігімен классификациясы
Инвесторлардың құқықтары мен міндеттері
Инвестициялық жобалар: сараптау мен бағалау
Инвестициялау көздері
Лизинг инвестициялық қызметінің формасы ретінде
Инвестициялық тәуекелдерді бағалау
Инвестицияларды қайтару кепілдігі
Инновациялық –инвестициялық қызметтік құқықтық қамтамасыз ету
Инвестициялауды реттеу
Инвестициялауды ынталандыру
Инновациялық-инвестициялық қызметке салық салу
Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің стратегиясы
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің формалары
Сыртқы экономикалық қызмет сферасын жоспарлау
Халықаралық сауда келісімдері
Төлем түрлері
Сыртқы сауда жүктеріне көлік экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Аралас қатынаста көлік логистикасын пайдалану мен жүктерді жеткізудің экономикалық тиімділігі
Өткізу стратегиясы және тауарқозғалысын ұйымдастыру.
Экономикалық тәртіп және фирма стратегиясы
Жүйе түсінігі және заңдылықтары
Өндірістік жүйенің ресурстық концепциясы
Өндірістік жүйе құрамы
Фирманың стратегиялық потенциалының элементтері
Фирманың микро, макро ортасы, қызметі
Өндірістік профиль және фирма қызметі
Бәсеке: түсінігі, түрлері, саясаты.
Бәсеке және нарық құрылымы
Бәсекенің бес күшінің моделі.Негізгі жағдайлар
Бәсеке күресіне ықпал ететін факторлар
Бәсекелестік артықшылықтың негізгі тоериялары
Бәсекелестік артықшылық теориясы
Елдің бәсекелестік артықшылығының детерменанттары
Фирманың бәсекелестік артықшылығын қолдау
Фирманың экономикалық стратегиясы
Фирманың экономикалық стратегиясының түсінігі
Экономикалық стратегияның негізгі құрамы
Экономикалық стратегияның локальды мақсаты
Стратегиялық жоспарлау
Стратегиялық жоспарлау және фирманы басқарудағы маркетингтік тәсіл
Экономикалық стратегия мен маркетингтік қызметтің байланысы
Фирманы маркетингтік басқарудың негізгі кезеңдері
Фирманың тауар саясаты
Фирманың ішкі және сыртқы ортасының стратегиялық сегменттелуі
Шаруашылық жүргізудің стратегиялық аймақтарын бөліп қарастыру
Тауар ассортиментін қалыптастыру
Баға қалыптастыру стратегиясы
Баға саясаты және баға тағайындау әдістері
Фирманың бағалық стратегиясының қалыптасуы
Бағалар модификациясы
Фирманың өндірістік ресурстар нарығымен әрекеттесу стратегиясы
Өндіріс факторлары нарығы сипаттамасы
Өндірістік жүйе тарапынан ресурстарға сұранысты анықтаушы факторлар
Ақша және бағалы қағаздар нарығындағы фирманың әрекет етуінің стратегиясы.
Ақша нарығында фирманың әрекет етуінің стратегиясы
Бағалы қағаздар нарығындағы фирманың әрекет етуінің стратегиясы.
Трансакциялық шығындарды төмендету стратегиясы
Нарықтық трансакция бойынша потенциалды әріптестерді зерттеу
Жарнамалық кампания потенциалды нарықтық трансакциялар туралы ақпарат алудың көзі ретінде
Трансакциялық шығындардың құқықтық аспектілері
Фирманың сыртқы экономикалық қызметінің стратегиясы
Фирманың сыртқы экономикалық қызметі стратегиясынның бағыттарын анықтайтын факторлар
Ұлттық сыртқы экономикалық саясат
Халықаралық экономикалық қатнастар. Халықаралық экономикалық байланыстардағы тенденциялар.
Өндірістік шығындарды төмендету стратегиясы
Шығындарды азайту арқылы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу стратегиясы
Өнімнің бағасын төмендету арқылы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу стратегиясы
Фирманың инвестициялық қызметінің стратегиясы
Фирманың инвестициялық қызметі
Ресурстарды жаңарту стратегиясын таңдау
Фирманың қызметкерлерді ынталандыру стратегиясы
Фирманың кадрлар ресурсы
Қызметкерлерге еңбек ақы төлеу жүйесі
Фирмада банкроттықты болдырмау стратегиясы
Фирмада кризистік жағдайдың қалыптасу механизмі
Фирма қызметіндегі кризис факторлары
Қаржылық тәуелсіздік факторларының классификациясы
Антикризистік менеджмент концепциясы
Достарыңызбен бөлісу: |