Комментарии и выводы по диаграммам



жүктеу 0,87 Mb.
бет4/4
Дата01.02.2018
өлшемі0,87 Mb.
#8322
1   2   3   4

Жоғарыда аталған себептерден басқа, азаматтардың арқа сүйешілік тұрғысы, олардың зейнеткерлік құқығын қамтамасыз етуде кім және қандай рөл атқаратынын білмеушілік орын алады. Сөйтіп, сұралғандардың 2/3 жуығы (63,1%) олардың құқығының бұзылуын болдырмау және сәйкесінше салдарына жұмыс беруші жауап беру керек деп санайды. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс берушінің қолданыстағы зейнетақы жүйесіндегі функциясы Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығына тұрақты зейнетақы аударылымдарын (еңбекақының 10%) жүргізіп, олар өз кезегінде оны салымшысы азамат болып келетін зейнет ақы қорына жіберу болып саналады.

Басқа себебі, жұмысшы жиі өзіне міндетті түрде еңбекақысының 10% аударумен және зейнетақы қорымен шектелетін, барлық зейнетақы жүйесінің «төбесін» ғана көруі болып келеді. Негізінде жұмысшының жауапкершілігі міндетті зейнетақы төлемдерін толық және уақытында есептеу және салудан тұрады. Қалғандарының барлығы (зейнетақы қорын таңдау және ауыстыру, жинақтарының кірісін қадағалау, олардың заңнамалық тәртіппен қолжетімділігін қарау) жұмысшының билігінде. Жұмысшының позициясы, ол өзін инвестормен теңдестірмейді. 10% салым – ол зейнеткерлікке шыққанша және осы сәт туғанда, салынған ақшасын пайызымен бірге алуға құқығы келгенше белгілі шарттармен қарызға беретін өзінің жеке табысының бөлігі. Осыдан шыға отырып, азаматтардың тек 7% қолданыстағы зейнетақы жүйесінің арқасында лайықты қарттық қамтамасыз етілетінен толығымен сенімді, азаматтардың қалған бөлігі міндетті зейнетақы салымдарына нақты еңбекақыны азайтатын, амалсыз процедура (онсыз болмайтын салықтардың бірі) ретінде санайды.

Негізінде зейнетақы салымдарын жұмысшы өзі аударуға болар еді, алайда қазір ондай жағдайда жұмысшы бұл төлемдерді төлеуден қашқақтайтындығының үлкен ықтималдығы бар, ал мемлекет тарапынан салымдарды қадағалайтын жүйе біршама қиындайды. Бұл қорытындылар зерттеу нәтижелерімен бекітіледі: сұралған азаматтардың тек 30% жуығы ғана, зейнетақы аударылымдарын міндетті болмаған жағдайдың өзінде де өз еріктерімен жүзеге асыратындары туралы айтты. Сөйте тұра, тағы үштен бір бөлігі мұдай мүмкіндіктен үзілді-кесілді бас тартты, ал қалған азаматтар қандай шешім қабылдайтындары туралы нақты жауап бере алмады.

Сонымен қатар, азаматтардың 42% өз зейнеткерлік құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін жауапкершілік ең алдымен олардың өздерінде екендігін түсінеді (17 кесте).

17 кесте


Азаматтардың пікірі бойынша

зейнеткерлік құқықтарының бұзылуын болдырмауға «жауаптылар»



Субъектілер

Зейнеткерлік құқығы

Жұмыс беруші

63,1%

Азаматтың өзі

42,0%

Тікелей басшы

32,1%

Еңбек бойынша инспекция

28,1%

Кәсіподақта

24,6%

Атқарушы билік органдары

12,8%

Депутаттар

10,7%

Қоғамдық ұйымдар

10,5%

Саяси партиялар

8,1%

БАҚ

3,6%

Азамат қаншалықты жас болса, соншалықты олар өз жауапкершілігін сезінеді (18 кесте). Бәрінен бұрын, бұл Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу мәселесінде мәлімдену деңгейінің үлкендігімен, өзінің жеке кіріс деңгейінің және лайықтық болашақты қамтамасыз етуде өзінен басқа ешкімге сенбейтін жас буынның тәуелсіз менталитетімен, аса дарашылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, жастар арасында зейнетақы жинақтау жүйесі іске қосылған кезеңнен (13 жыл) мүмкін болатын еңбек өтілін салыстыру, халықтың осы санаты бұрынғы (ынтымақтастық, 1998 жылға дейін істе болған) зейнетақы жүйесімен соқтығыспағаны туралы қорытындылауға болады, сондықтан өздерін басқа жағдайда не істеу керек екендігі туралы ойлай да алмайды.
18 кесте

Азаматтардың пікірі бойынша

зейнеткерлік құқықтарының бұзылуын болдырмауға «жауаптылар»

(жасқа байланысты)






18 – 29 жас

30 – 39 жас

40 – 49 жас

50 – 59 жас

60 жас және жоғары

Азаматтың өзі

46,3%

44,9%

40,6%

36,8%

36,2%

Алайда өз өміріне деген жауапкершілік ұғымы нығайып, «қазір әр кім өзі үшін» деп айта алмаймыз (19 кесте). Азаматтардың тек жартысы (55%) өзінің лайықты қарттығы туралы бірінші кезекте азаматтың өзі ойлау керектігі туралы бекітіліммен келісті. Осы жерде сауалға қатысқан жасы үлкен адамдар жаңа зейнетақы жүйесінде лайықты зейнетақы жинағын жинап үлгермегендіктері туралы айта кету қажет. Дәл сондықтан оларға дамуы үшін бірнеше жыл жұмыс істеген мемлекетке арқа сүйеу ғана қалады.

19 кесте

Азаматтардың болашақтарына өз жауапкершіліктерін сезіну дәрежесі



Пайымдау

Дұрыс

Дұрыс емес

Жауап беруге қиналамын

Өзінің лайықты қарттығы туралы бірінші кезекте азаматтың өзі ойлау керек

54,9%

17,4%

27,7%

Зейнетақы аударылымдары туралы мәселеге қайта келе, өз еркімен зейнетақы аударылымдары сияқты мүмкіндіқ туралы айтпай кетуге болмайды. Міндетті аударылымдарынан өзгешілігі, оны кез-келген азамат өзі үшін немесе үшінші тұлға үшін аудара алу. Зерттеу, қазіргі сәтте сұралған азаматтардың тек 12,4% ай сайын осындай аударылымдарды жүргізетінін көрсетті. Бұны істеуге потенциалды түрде дайын деп тағы 28,5% айтуға болады, сөйте тұра «қалайтындарлың» басым бөлігі (шамамен 80%) қалар еді, бірақ қаржылай мүмкіндіктері жоқ. Азаматтардың 30% міндетті аударылымдардан басқа, өз еркімен аударылымдар жасаудың нақты қажеттілігін көрмейді. Болып жатқан процестерді қадағаламайтын, қорлардың жұмысына тереңінен қарамайтын және осындай мүмкіндіктердің бар екендігі туралы білмейтін халық категориясы бар.

Сонымен қатар, кейбір анықтық енгізу қажет. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің ресми мәліметтері бойынша өз еркімен аударылымдарды жүзеге асыратын салымшылардың (өз еркімен кәсіби адарылымдарды қосқандағы) саны, міндетті зейнетақы аударылымдары бойынша жеке зейнетақы шоттарына (0,57%), 1% азын құрайды. Яғни, өз еркімен жинақ туралы сұрақтарға жауап бере тұра респонденттер олардың арасындағы айырмашылықты көрмейді немесе «өз еркімен» дегенді, міндетті аударылымдарға өзінің келісімін беру деп қабылдайды.



Өз зейнетақы қорын таңдауға да адамдар үнемі қажетті байсалдылықпен қарай бермейді. Дәл осындай критерилердің негізінде жұмысшылар зейнетақы қорларын таңдайды, оны 9 суреттен көруге болады.
Зейнетақы қорын таңдау критериі

9 сурет
Сұралған салымшылардың үштен бір бөлігінен астамы қаржы көрсеткіштерінің негізінде салмақты шешім қабылдауға тырысады, мысалы, зейнетақы қорының инвестициялық кіріс деңгейіне (35,3%) немесе зейнетақы қорларының рейтингіне (39,4%). Тағы әр үшінші үшін шешімді жұмыс істейтін ұйымның есепшісі қабылдайды (32,8%). Халықтың 26,1% «сарафандық радио» қағидаты бойынша, яғни таныстарының кеңесі бойынша шешім қабылдағандары қызықты факт, ал 17,2% жағдайда сауатты тұсаукесер жүргізген зейнетақы қорларының қызметкерлері сенімді «жұмыс істеген».

Зейнетақы жүйесіне қатынасын және оған деген сенімнің деңгейін «Зейнеткерлік жасына жеткенде Сіздің табыс көзіңіз қандай болады?» деген сұраққа берілген жауаптың нәтижесінің негізінен талдауға болады.

Сөйтіп, сұралғандардың тек 27,5% өздерімен зейнетақы қорларында жиналған қаражатқа арқа сүйейтіндерін айтты. Көпшілігі әлі күнге дейін мемлекетке, яғни мемлекеттік зейнетақыға сенеді (63,4%). Бұл тағы да адамдардың өз болашағына деген жауапкершілікті сезінбейтінін дәлелдейді.

Мемлекеттік зейнетақыға (жартысы) 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар азаматтар ғана сене алады. Толықтай жинақтау жүйесіне ақырындап ауысуды ескере отырып, жас бойынша ынтымақтастық зейнетақысын алатын тұлғалардың саны жыл сайын азайып бара жатыр. Қалғандарының барлығы кейін зейнетақы ретінде алатын ақшалай қаражатты өз бетімен жинаулары қажет.

Дәл осылайша, 18-29 жас аралығындағы 60% жуық азаматтар ең алдымен өз күштеріне емес, әлі де мемлекеттік зейнетақыға сенетіндері таң қалдыратын жағдай (20 кесте).

20 кесте

Зейнеткерлік жасына жеткендегі негізгі болжамалы табыс көздері



(азаматтардың пікірі бойынша)




18 – 29 жас

30 – 39 жас

40 – 49 жас

50 – 59 жас

60 жас және жоғары

Мемлекеттік зейнетақы

57,9%

52,2%

64,4%

74,9%

79,1%

Жұмыс/қосымша жұмыс/қосалқы шаруашылық ұстау

37,8%

36,7%

39,1%

39,3%

52,4%

Балалары тарапынан көмек

29,2%

29,4%

32,7%

35,6%

38,5%

Жеке жинақ/ жеке мүлікті сату

39,1%

36,7%

29,9%

29,2%

20,9%

Зейнетақы жинақтау қорына салынған қаражат

29,7%

31,6%

31,7%

25,1%

12,3%

Ерікті түрде сақтандыру жүйесіндегі жинақ

8,1%

11,4%

3,9%

6,4%

3,2%

Жауап беруге қиналамын

13,2%

10,4%

8,1%

5,9%

6,4%

Респонденттердің тағы 40% зейнеткерлікке шыққаннан кейін де жұмысты тастағылары келмейді. Олар негізгі табыс көзінің бірі ретінде қосымша жұмысты немесе нақты шаруашылықты жүргізуді қарастырады, ал қалған зейнеткерлік жасындағы адамдар үшін (52,4%) бұл жоспар емес, нақты бар жағдай.

Енді бір анықталған негізгі мақсат, жастар және орта жастағы адамдар арасында өзінің жеке жинағына және табысты жеке мүлігін сатып табатынына сенетін адамдардың аз еместігінде. Жас категориясы не ғұрлым өскен сайын, мұндай адамдар азайып отырады. Жастар өз еңбек өмірінде бірдеңе жинап үлгеретініне сенеді, ал жасы үлкен адамдар өмірге нақты көзбен қарайды. Сондай-ақ, негізгі жоспарланған табыс көздері туралы сұраққа жауап беруге қиналатын адамдармен де жағдай осындай – зейнеткерлікке аз жыл қалса, соншалықты аз адам жауап беруге қиналады. Және бұл негізделген: жастар бұл туралы, лайықты қарттық туралы мәселеге жақын тұрған адамдарға қарағанда, өте сирек ойланады.

Зерттеу нәтижесі әдеттегі дәстүрлі қазақ және орыс мәдениетінде қарт адамдар туралы бірінші кезекте балалары бағатыны туралы тұрақты ұғымды жоққа шығарды. Шындығына келгенде, балалары тарапынан көметте тек әр үшінші адам ғана сенеді, және бұл фактор адамның ұлтына қатысы жоқ (21 кесте). Сонымен бірге, тәжірибе көрсеткендей балаларынан көмек сияқты табыс көзі кедергі болмас еді: 21 кестеде жасы жеткен сайын балаларына арқа сүйегісі келетін ой арта түседі (29,2% бастап жас 38,5% дейін зейнеткерлік алдындағы және зейнеткерлік жасы).

21 кесте


Азаматтардың пікірі бойынша зейнеткерлік жасқа жеткен кездегі негізгі болжамалы табыс көздері (ұлтына байланысты)




Қазақ

Орыс

Басқа ұлт

Мемлекеттік зейнетақы

63,4%

64,5%

61,1%

Жұмыс/қосымша жұмыс/қосалқы шаруашылық ұстау

36,3%

44,4%

44,7%

Балалары тарапынан көмек

32,3%

33,9%

27,9%

Жеке жинақ/ жеке мүлікті сату

32,8%

30,1%

38,4%

Зейнетақы жинақтау қорына салынған қаражат

27,2%

29,8%

23,2%

Ерікті түрде сақтандыру жүйесіндегі жинақ

6,9%

8,0%

5,8%

Жауап беруге қиналамын

11,7%

6,6%

7,4%

Азаматтардың ойынша қандай зейнетақы мөлшері оларға лайықты қарттықты қамтамасыз етедігін білу үшін респонденттерге сәйкесінше сұрақтар қойылды. Нәтижесі 10 суретте бейнесін тапты.


Бүгінгі күні лайықты зейнетақыны қамтамасыз ететін (азаматтардың пікірі бойынша) ай сайынғы зейнетақының мөлшері

10 сурет


Азаматтардың көпшілігі («көп болған сайын жақсы болады» деген ойдан шығып болар) ай сайынғы зейнетақы мөлшері 55 мың. теңгеден кем болмау керек деп санайды. 25,4% бұл үшін 45 мың теңгеден 55 мың теңгеге дейін жеткілікті дейді. 35-45 мың теңгеге дейінгі зейнетақы мөлшері, зейнеткерге лайықты өмірді қамтамасыз етуге жеткілікті деп 13,6%, 14-тен 25 мың теңгеге дейін – 3,1% азаматтар санайды.

Азаматтардың ойынша, лайықты қарттыққа құқықты іске асыру үшін адам 25 мың теңгеден кем емес зейнетақы алуы қажет деген шешім шығаруға болады. Зейнетақы төлемдерінің кірісінің орнын басу ставкасы (орташа зейнетақы және орташа еңбекақы деңгейінің арасындағы байланыс) 2009 жылы (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша) 37,6% құрады, осы көрсеткіштің перспективасын сақтаған кезде25 мың теңге (инфляцияны ескермегенде) мөлшеріндегі зейнетақыға сенген азаматтардың ай сайынғы кірісі 66,5 мың теңгеден кем болмауы керек. Респонденттердің жартысы 55 мың теңге және одан да көп мөлшердегі зейнетақы деңгейі жетерліктей болады деп санайтынынан шығатын болсақ, онда мөлшері кіріс 149 мың теңге болуы керек. Сөзге айта кетектін болсақ, бүгінгі күні 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 5981 теңгеге тең болады, мемлекетпен кепілденген зейнетақы көлемінің ең азы 12344 теңгені (барлығы 18325) құрайды. Зейнетақының «ең жоғарғы» мөлшері (еңбек өтілі және орташа еңбекақы деңгейінің құжаттамалық расталғаны жағдайына сәйкес) шамамен 40 мың теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта көптеген елдерде қайтадан зейнеткерлік жас қандай болуы керек туралы мәселе көтерілуде. Мысалы, қазір Еуропалық Одақ елдерінде зейнетке шығудың орта жасы 60 жастан аздап жоғары (22 кесте). Мамандар 2060 жылы орташа өмір сүру жасы осы елдерде 7 жылға көтерілетінін болжайды, яғни зейнетке шығу үшін ыңғайлы жас шамамен 70 жасты құрайды. Орташа статистикалық еуропалық азамат зейнеткерлікке өзінің ұлғайған жасының үштен бір бөлігін өткізу керек деп санайды Еурокомиссия. Германияда 2012 жылдан 2030 жыл кезеңінде бұл жас ақырындап 67-ге дейін көбейетіні туралы шешім қабылданған. Францияда шенеуніктер бұл көрсеткішті 62 немесе 63 жасқа дейін көтерді келісуде. Ресейде осы жылы зейнеткерлік жасын 5-10 жыл бойы ақырындап көтеру туралы мәселе талқыланды.

22 кесте


Әлемнің әр түрлі елдеріндегі зейнеткерлік жасы

Ел

Зейнеткерлік жас

Орташа өмір сүру жасы

Ерлер үшін

әйелдер үшін

Ерлер үшін

әйелдер үшін

Ресей

60

55

61,8

74,2

Украина

60

55

62,24

74,24

Ұлыбритания

65

60

76,2

81,3

Германии

65

65

76

82,1

Франция

60

60

77,7

84,3

Швеция

61

61

78,4

83

Финляндия

65

65

75,2

82,3

Нидерланды

65

65

76,8

81,3

Зейнетақы жүйесі арсыз болмауы керек, сондықтан міндетті түрде кем дегенде екі өзара байланысқан көрсеткіштер арасында параллель жүргізу маңызды: «зейнеткерлік жас» және «орташа өмір ұзақтығы». Сөйтіп, қазіргі уақытта Қазақстанда зейнеткерлік жасы ерлер үшін – 63 және әйелдер үшін – 58 жасқа, ал ерлердің орташа өмір ұзақтығы – 63,6 жасқа, әйелдерде – 73,55 жасқа тең. Қазақстан тұрғындары зейнеткерлік жасын ерлер үшін 59 және 55 жас деп белгілеу қажет деп санайды. Бұл, әрине, халықтың пікірін ескеру кезінде маңызды тілек, бірақ та күрделі есептеулермен бекітілуі қажет. Мысалы, 100 зейнеткерге жұмыс істеушілер саны, жоғалған кірістің байланыс ставкасы, зейнетақы қорының дефицит/профициті және ВВП-ға қатысы және т.б. сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерін белгілеу маңызды. Өйткені, тәжірибе көрсеткендей зейнетақы жасын көтеру/аса көтеру теңгерілмеген, зейнетақы жасына таяп қалған жұмыссыз тұлғаларды бағуға арналған шығынды өсіру қажет деген тілекке әкеледі, мүгедектік бойынша зейнетақы алатындардың (нақтылар, сондай-ақ зейнетке ерте шығу үшін өздеріне мүгедектікті рәсімдеудің мүмкіндіктерін іздейтіндердің) жасы да өсіп келеді.

Қатардағы адам үшін зейнетке шығу жасына дейін 55 мың теңгеден жоғары зейнетақы алу үшін қажетті соманы өз бетімен жинау үшін Қазақстан Республикасы азаматының ай сайынғы аударылымдары қаншаны құрауы керектігін санау өте қызық.

Зерттеудің мақсаты тек ҚР азаматтарының зейнетақы жүйесінің әр түрлі аспектілері туралы ғана емес, сондай-ақ оның тиімділігін арттыру үшін не істеу керектігі туралы пікірлер жинау болды. «Жүйе аса тиімді болу үшін, зейнетақы қорының салымшылары қандай қосымша құқықтарды білуі керек?» деген сұраққа бірталай жауаптардың спекторлары алынған болатын (23 кесте).
23 кесте

Зейнетақы жүйесі аса тиімді болу үшін, азаматтардың пікірі бойынша, зейнетақы қорының салымшылары білулері керек қосымша құқықтар



Зейнетақы жинақтарын зейнеткерлік жас жеткенше пайдалану

35,8%

Зейнетақы қорының қаржы нарығындағы қызметі туралы толық ақпараттар алу

34,4%

Зейнеткерлік жас келген кезде бір дегенде зейнетақы жинағының барлық сомасын алу

29,0%

Міндетті салымдарды аудару үшін тек қазақстандық зейнетақы қорларын ғана емес, сондай-ақ ұқсас шетел ұйымдарын таңдау

29,0%

Жеке зейнетақы жинағына инвестициялық кірісті аудару процесін қадағалау

28,0%

Зейнетақы жинақтарына дәл қандай құнды қағаздар салынатына әсер ету

21,6%

Зейнетақы жүйесіне қатыспай, өзінің қарттықтағы кірісін өз бетімен жоспарлау (жинақтар, депозитте, сақтандыру)

15,0%

Басқа

1,2%

Сөйтіп, зейнеткерлік жасқа жеткенше, сұралғандардың 35,8% зейнетақы жинақтарын пайдаланғылары келеді. Әңгіме, мысалы, жинақ капиталын бірнеше елдердегідей несие алу кезінде кепіл ретінде пайдалану туралы болып отыр. Сұралғандардың 34,4% өз зейнетақы қорының қаржы нарығының қызметі туралы толық ақпарат алуға, яғни өзін зейнетақы қорын таңдауда, онымен әр түрлі қаржы инситуттарының тиімділігін бағалауда өзін аса сенімді сезінгісі келестіндіктерін айтты. Респонденттердің 21,6% олардың зейнетақы жинақтарына қандай құнды қағаздар салынатындығына әсер еткілері келеді. Ал шамамен үштен бір бөлігі (28%) өзінің қаржылық болашағы туралы зейнетақы қорларының өкілдеріне сенбей, зейнетақы қорларынан алынған есептерде пайда немесе шығынды анық аңғара, жеке зейнетақы жинағына инвестициялық кірісті аудару процесін қадағалағылары келеді.

Ертерек біз қазақстандықтардың зейнетақы жүйелеріне және жергілікті зейнетақы қорларына сенім деңгейінің төмендігін бейнелегендігімізді есекре отырып, сұралғандардың әр үшіншісі (29%) міндетті аударылымдарды салу үшін тек қазақстандық зейнетақы қорларын және ұқсас шетел ұйымдарын таңдар еді. Сұралғандардың тағы үштен бір бөлігі (29%) бұған сенімсіз қарап, зейнеткерлік жасы жеткен кезде бір дегенде барлық жинақты бірақ алғысы келетіндерін айтты.


3. Қорытынды
3.1. Еңбек қатынастары жүйесі

  1. ҚР азаматтарының өз бағалары бойынша, олардың еңбек саласындағы, және де еңбек, сондай ақ жеке құқығы мәселелерінде құқықтық сауаттылықтары айтарлықтай жоғары. Сонымен бірге, өз мәлімделгенінің бағасының үнемі субъективтік екпіні болады (өйткені, мысалы, мағынасы бойынша еңбек құқықтарын іске асыру жүйесінің тиімсіздігінің екінші себебі деп сұралғандар, өз құқықтық сауаттылықтары деңгейлерінің төмендігін айтты). Бұдан басқа, өз құқықтарын білу олардың бұзылған жағдайында қорғау мүмкіндігін үнемі кепілдей бермейді. Зейнеткерлік мәселелері туралы толық ақпараттанғандық деңгейіне келетін болсақ, бұл жерде көрсеткіштер бір шама төмен. Сөйте тұра, азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысты білімдері, және құқықтары емес, өз міндеттеріне қатысты білімдері төмен. Бұл зейнетақы нарығындағы нақты жағдайды талдауға және зейнетақы қорын таңдауға қатысты шешімді ойлана қабылдауға кедергі жасайды, құқықтарды бұзу және құлықтар үшін үлкен мүмкіндіктер жасайды. Құқықтар туралы артық көретін ақпарат көздері – баспа және электрондық СМИ, Интернет (электрондық қабылдауларды қоса), сондай-ақ жұмыс орыны бойынша кеңестер.

  2. Жұмысқа қабылдау кезіндегі дискриминация және қабыл алмаудың негізгі себептері адамның жасы болып қалып отыр. Сонымен қатар, кәсіпорындар барынша көп пайда табуға бағытталған экономика нарығы жағдайында, ұйым иесі және жұмыс беруші өз еркімен қызметкерлерді таңдауға құқылы, ҚР Еңбек Кодексында да бекітілген. Проблема, қазіргі сәтте жұмыс берушіге азаматтардың «танымалдыққа ие емес» категориясын жұмысқа алғанды тиімді ететін жағдай және механизмдер құрылмағандығында болып отыр.

  3. Азаматтардың көпшілігіне жұмысқа орналасу кезіндегі шешуші фактор еңбекақының жоғарылық деңгейі болып отыр. Осы үшін олар жабдықталмаған еңбек жағдайымен, мамандық (бағдар) бойынша жұмыс істемеуге, компанияның беделіне көңіл аудармауға келіседі. Екінші орында – мансаптық және кәсіби өсу мүмкіндігі, үшінші - әлеуметтік жинақтың болуы. Ресми «ақ» еңбекақының және еңбек келісімінің болуы жұмыс істейтіндердің тек үштен бір бөлігі үшін ғана бірінші орында тұр. Басымдылықтарды таңдауға жастық фактор үлкен ықпал жасайды.

  4. Жұмысшы өзінің еңбек құқығының тұрғысынан «жұмыс беруші – жұмысшы - мемлекет» үш бұрышында ең әлсіз болып қалып отыр. Он жұмысшының сегізі өз жұмыс тәжірибесінде бір рет болсын еңбек құқығының бұзылуымен соқтығысқан. Бұзушылықтардың арасындағы «озаты» еңбекақының уақытында төленбеуі, жұмыс кестесін бұзу және үстеме жұмысты төлемеу болып отыр. Сонымен қатар, бұзушылықтар ірі кәсіпорындарында, сондай-ақ шағын бизнесте ешқандай басымдылықсыз бірдей жасалады.

  5. Еңбек құқығының бұзылуы тек жұмыс берушінің кесірінен ғана бола бермейді. Жиі қызметкерлер өздерінің демалысқа баруына шек қояды, науқас бола тұра жұмысқа шығады, өз бастамасы бойынша немесе қосымша ақшадан айырылмас үшін үнемі жұмыс кестесін бұзып жұмыс істейді. Сөйте тұра, сұралғандардың жартысы өз еңбек құқықтарын басты бұзушылары деп жұмыс берушілер мен оның өкілдерін (тікелей басшыларды ғана емес, сондай-ақ әкімшілік қызметкерлер) айтады. Екінші жағынан, еңбек құқықтарының бұзылуын болдырмауға да өз жұмыс берушілері және басшылар, сондан кейін ғана еңбек инспекциясы мен өзі жауапты дейді.

  6. Әйелдердің құқығы еркектерге қарағанда жиі бұзылады деген тұрақты стереотип бар. Зерттеудің нәтижесі осы қоғамдық пікірді дәлелдемеді: сұралған әйел және еркек топтарында бұзушылық санының айырмашылығы жоқ. Құқықты қорғау мәселесіндегі гендерлік аспектіге келетін болсақ, ерекшелік, ер адамдар әйелдерге қарағанда өз құқықтарын қорғау керек болса аса белсенді орын алатынын көреміз.

  7. Еңбек саласында қалыптасқан проблемалар мен дауларды жұмысшылар «жақсы жолмен», ең бірінші басшылықпен немесе, екінші кезекте кәсіподақтармен (бар болса) шешуді қалайды. Қалған азаматтық қоғам институттары (саяси партиялар, қоғамдық, солардың ішінде құқық қорғау ұйымдары және БАҚ) азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауда ешқандай рөл ойнамайды. Мемлекеттік органдарға (арнайы еңбек инспекциялары және сот) хабарласу, еңбек құқықтарын қорғаудың кең тараған түріне жатпайды. Толықтай, жұмысшылар өз еңбек құқықтары бұзылған жағдайда, артынан болатын жағымсыз тексерулерден сақтанып, мүлдем ешқайда хабарласпауды таңдайды. Тәжірибе көрсеткендей, егер хабарласатын болсаң, онда жалғыз емес көпшілікпен бару қажет, өйткені көпшіліктің пікірі жұмыс берушіге қарағанда үнемі басым болады. Сонымен қатар, «бейресми» қорғаныс әдістерін пайдаланусыз болмайды – бәсекелесіне кетіп қалу, жұмыс берушіге «басым» жасауға мүмкіндігі бар таныстар табу және т.б.

  8. Кәсіподақтардың болуы кәсіпорынның көлеміне тәуелдігі барынан, ірі кәсіпорындардың (коммерциялық және бюджеттік саладағы) қызметкерлерінің, шағын ұйымдардың қызметкерлеріне қарағанда еңбек құқықтары бұзылған жағдайда қолдау сұрап хабарласу мүмкіндіктері жоғаны екенін білуге болады.

  9. Кейбір ұйымдарда қызметкерлермен ресми еңбек шарттарын жасаспау проблемасымен қатар, жұмыс істейтін азаматтардың өздерінің еңбек шарттарын жасауға жеңіл және жауапкершіліксісз қарайтын жасырын проблема бар. Болашақта бұл лайықты қарттықты қамтамасыз ететін зейнетақы жинағын жинай алмау мүмкіндігін тудырады.

  10. Азаматтардың жартысы еңбек құқықтарын іске асырудың қолданыстағы жүйесі тиімсіз және жетілдіруді талап етеді деп санайды. Осындай тиімсіздікті туындайтын негізгі себеп – азаматтардың сәйкес қорғау органдарына (әділдікке сенбей) хабарласудан қорқатындықтары (қажет етпеу), жұмысшылардың құқықтық сауаттылықтары деңгейінің төмендігі, қолданыстағы заңнаманың жетілдірілмегендігі, құқықты бұзған тұлғалардың жауапсыз қалуы, және азаматтардың өз құқықтарының бұзылуына салғырттықпен қарауы.


3.2. Зейнетақы жүйесі

  1. Қазақстан азаматтарының көпшілгі бар зейнетақы жүйесіне сенімсіз қарайды және болашақта өз зейнетақы жинақтарына ғана сенбейді. Халықтың жартысынан көбі мемлекеттік зейнетақыға және үштен бір бөлігі балалары тарапынан көмекке сенеді.

  2. Қолданыстағы зейнетақы жүйесі көптеген азаматтар үшін аудару механизмдері жағынан, және де құқықтық қорғау жағынан және болашақтағы зейнетақымен қамтамасыз етуі түсініксіз болып отыр. Азаматтардың көпшілігі жоғары деңгейлі зейнетақы алуды күтеді, сөйте тұра, осы «тілек» болашақтағы жинақтау жүйесі бойынша төлемдердің сомасы және тәртібін түсінігінің анық еместігіне байланысты ештеңемен бекітілмеген. Сөйтіп, қазіргі уақытта жұмысшылар өзінің болашақтағы зейнетақысына жауапкешілікті жұмыс берушіне аударуға тырысады. Проблеманың «түбі» зейнетақы жүйесінің құрылымдық элементтерінде, сондай-ақ осы жүйені пайдаланушылардың сауаттылық деңгейінде бірдей жатыр - өз құқықтарын және оларды қорғау әдістерін толық деңгейде білмейтін салымшылар.

  3. Қазіргі сәтте зейнетақы қорын таңдау ұғынушылықпен жүзеге асырылады, алайда көптеген азаматтар үшін таңдау критерилері «бәрі қайда барса мен сонда» қағидаты бойынша құрылады. Осындай жағдай жұмысшы зейнетақы қоры қызметінің (қоғаммен қабылданған) ресми бағалау көрсеткіштерімен ғана негізге алған кезде туындайды. Салымшылардың саны және табыстықпен қатар, қызмет көрсету сапасы, инвестициялық портфель, қордың тұрақтылығы, бір қалыптылығы және т.б. туралы ақпарат басты орын алады.

  4. Ынтымақтастықтан жинақтау жүйесіне ауысу азаматтардың ақылына біраз түсінбеушілікті әкелді. Сөйтіп, еңбектік қызметі соңғы онжылдықты қосатын жас адамдардың көбі оларға жаңа зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі таралғанына қарамастан, мемлекеттік зейнетақы алуға үміттенеді.

  5. Респонденттердің көпшілігі зейнетақы жүйесі туралы жеткілікті ақпараттанғандары туралы белгілегендеріне қарамастан, өз еркімен және міндетті зейнетақы салымдары түрлерінен ешқандай айырмашылық көрмейтін үлесі жоғары. Сұралғандардың үштен бір бөлігі инфляцияны ескерумен индекстелген зейнетақы жинақтарының механизмі туралы, индекстеудің бұл түрі тәжірибеде қолданбаған кезде, жалпы түсінігі бар деп ойлайтындары қызық жәйт. Осылайша, қазіргі сәтте Қазақстан азаматтарының қолданыстағы зейнетақы жүйесі туралы түсініктері шала, салымшылар оның тәжірибелі механизмдерінде жетерліктей жақсы бағытталмаған.

1 Әлеуметтік әріптестік - қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі (ҚР ЕК 1-б).



жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау