Пайда
болу себептері, психикалық бұзылыстары бар адамдарды емдеу және оңалтудың
ерекшеліктері жайлы
35
туысы барлық сұрақтарға жауап табуы керек. Емдеуге, оңалтуға байланысты барлық
мәселелерді, мүмкіндігінше, науқастың туыстарымен, мүмкін болса өзімен талқылау керек.
Туыстары дәрігерге бару үшін мұқият дайындалуы керек - барлық сұрақтарды жазып келіңіз,
бақылау жүргізіңіз, кеңес алыңыз. Толық ынтымақтастық және сенім - бұл біз үшін ең қажетті
нәрсе. Психикалық аурулардан біздің қорқу себебіміз, оның түсініксіздігінде. Мысалы,
адам аяғын сындырса - бәрі анық, мәселе қайда және оны қалай емдеу керек. Психикадағы
«ауытқушылық» - бұл құпия, біз не болғанын нақты анықтай алмаймыз. Сондықтан біз бәрімізге
ақыл-ойды пайдалануды барынша арттыруға, елемеуге жол бермеуге, сенімге негізделген
қарым-қатынастарды орнатуға және емдеудің дұрыс тактикасын және адамның әлеуметтік
қолдауын дамытуымыз, қажет.
Адамның өмірі, оған қойылған диагнозға қарамастан толыққанды болуы тиіс. Психикалық
ауытқушылық - бұл үкім емес. Біздің пациенттеріміздің көпшілігі дарынды адамдар болып
табылады, олардың сезімталдығы мен сезіну қабілеттері өткір, әдетте олар эмпатикалы
және мейірімді. Мен бір біріне ерекше сезімталдықпен қамқор болып жүрген, көмектесетін
жұптардың талайын көрдім, оларға қойылған аурудың диагнозы олардың бірбіріне қамқор
болуына зиянын тигізген емес. Біз психикалық диагнозы бар адамдарға өз өмірлерін барынша
тиімді етіп, олардың қабілеттерін жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасауымыз
керек.
36
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
Маманның пікірі
Александр Ким
жоғары санатты психотерапевт дәрігер
Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-
тәжірибелік орталығы
Психикалық бұзылыстар туралы жалпы
мәліметтер
«Психикалық бұзылыстар» немесе «психикалық
аурулар» терминінде қорқынышты немесе «ұятқа қалдыратын» ештеңе
жоқ, ол адамның сапалы сипатын көрсетпейді, бірақ ол мәселенің
«тұрғылықты мекені немесе байқалуын» көрсетеді.
Психикалық бұзылулар өте ауыр және болжамы бойынша әр түрлі
(мысалы, салыстыру үшін айтайын, бронх-өкпе аурулары: қарапайым
фарингит немесе пневмония, туберкулездің ашық түрі). Психикалық
бұзылулардың клиникалық белгілері әртүрлі. Дүниежүзілік Денсаулық
сақтау ұйымы (ДДҰ) ауруларды Халықаралық классификацияға бөлуді
оңайлату мақсатында оған Психикалық ауытқулықтар деген бөлім
енгізген еді: The ICD Classification of mental and behavioral disorders.
Бұл жіктеудің соңғы, оныншы нұсқасында (Аурулардың халықаралық
жіктеуі (АХЖ)-10) әлемнің 40 елінен (110 институт) ғалымдар мен
клиницистердің ұсыныстары ескерілген.
Бұл таксономиялар психикалық бұзылулардың жіктелуінде келесі негізгі санаттарды қамтиды:
Бұл жүйе бойынша келесі негізгі категориялар қамтылған:
- Психикалық кемістік - бала кезінен, ақыл-ойдың жетілмегендігі және ең алдымен
зияткерлік қабілетінің кемістігі.
- Жеке басындағы ауытқушылықтар - бала кезінен келе жатқан аномалиялық мінез-
құлықтар.
- Психикалық бұзылулар–сау адамдарға тән емес мінез-құлқының болуы немесе
қалыпты жасқа толғаннан кейінгі болған психикалық күйзелістің салдарынан болған
ауытқулар.
- Бейімделуге байланысты ауытқулар, бұл науқастар алдыңғылармен салыстырғанда
шамалы жеңілдеу, ауытқулары стресстік жағдайлардың салдарынан болған.
- Алдыңғы санатқа жатпайтын басқа да аурулар (есірткілікке тәуелділік, жыныстық
мінез-құлықтың аномалиясы, тамақтану, ұйқының бұзылуы және т.б.).
Психикалық бұзылулар туралы
жалпы мәліметтер
37
- Организмнің дамуының бұзылулары - сөйлеудің, визуалды-кеңістіктік дағдыларды
қабылдаудың, қозғалу буындарының ауытқуларының бала кезінен бастап байқалған
түрлері. Оның себебі орталық нерв жүйесінің биологиялық пісіп жетілмегендігінде.
- Балаларға және жасөспірімдерге тән басқа да бұзылулар - бұл өмірдің осы кезеңіне
тән ерекшеліктер – назарсалу, белсенділік, мінез-құлық, эмоциялар, әлеуметтік
жұмыс, қозғалыстар, тамақтану, сөйлеу, жүйке, энурез, энкопрез сияқты ауытқулар.
Классификациялаудың көмегімен және клиникалық ұқсас психопатологиялық белгілері
бар пациенттердің оқшаулануының арқасында теория мен психиатрия тәжірибешілері
аурудың барысын, әсіресе соңғы сатыларда болжауға және адекватты емдеуді қамтамасыз
етуге тырысып еңбек етіп жатыр.
Екі мәңгілік достар - стигма және кемсіту…
Іс жүзінде мұндай жағдай болмайды: психиатрдың құзыретіне кіретін бұзылулардың саны
шектеулі, көбінесе психотикалық деңгейдегі ауытқулар ғана тіркеуге жатады. Бұл аурулар
ауруханада емделетіндіктен медициналық құрамның қатысуымен өтетін күрделі рәсім.
Адамның психикалық денсаулығына байланысты жағдайларды рәсімдеу аурудың жеке
басының қатысуымен толыққанды тексерулер арқылы ғана анықталуы керек. Жоғарыда
айтылған аңыз әңгімелер психикалық ауытқушылықтары бар адамдарды әлеуметтік оңалту,
оларды әлеуметтік ортаға қайта қосу проблемасының негізгілерінің бірі – стигматизацияға
жатады.
Стигматизация дегеніміз - психиатриялық ауруы бар деп адамға диагноз қойылғаннан кейін ол
адамды мінез-құлқына қарап «есі ауысқан» деген санатқа қосылғаннан кейінгі стереотиптік
көзқарастар призмасымен қабылдауды айтады. Оның салдарынан болатын стигманың
бірнеше сипаттық ерекшеліктері болады, соның нәтижесінде қоғамда осындай психикалық
ауытқушылықтары бар пациенттерге деген қасаң пікірлер туындап отырады. Психиатриядағы
стигматизацияның мән-мағынасын ашатын 3 негізгі ұғымды - стигма, сенімсіздік және
кемсітушілікті бөліп шығара аламыз.
Стигма - бұл психикалық аурудың белгісі бар деп оны көрсету, сол арқылы осындай белгісі
бар адамды моральдық тұрғыдан жаман етіп көрсету, сол белгіні негізге алып өзінің оған
деген дұшпандығын растау. Психикалық ауруға байланысты стигма - науқастар мен олардың
отбасыларының туыстарында да байқалады. Отбасы мүшелері стигмадан жиі бас тартса
да, ауруын жасырып, ұят сезімінен «алып тастау» позициясы оларды әлеуметтік оқшаулануға
алып келеді.
Психикалық бұзылулармен ауыратын науқастар көбінесе өздерінің ауруларының
стереотиптерін өздері қабылдайды. Олар да халықтың жалпы санындағы адамдар сияқты
психикалық ауруларға тән теріс көзқарастарға ие. Науқастар көп жағдайда құққа қабілетсіз
адамның ролін иеленеді, соның нәтижесінде әлеуметтік ортадан оқшауланады, басқалардың
көмегіне тәуелді мүгедектің роліне бейімделеді, нәтижесінде әлеуметтік бейімделу дағдысы
нашарлайды.
Стигмаға берілетін анықтама әртүрлі болуы мүмкін, қалай анықталатынына қарамастан,
ол қандай да бір жағымсыз күйзеліске ұшыратады, ұят сезімі пайда болады. Психикалық