Көкшетау, 2013. 116 бет



жүктеу 2,31 Mb.
бет2/4
Дата20.05.2018
өлшемі2,31 Mb.
#15128
1   2   3   4




  1. Пәннің пререквизиттер: Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе, Экономика негіздері, Саясаттану, Тұрғындар географиясы.

Постреквизиттер: Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы, Қызмет көрсету географиясы, Қазіргі заман географиясы, Әлемдік шаруашылық географиясы.

Құзыреттіліктер: Қазақстанның әрбір экономикалық аудандарының табиғат жағдайлары мен ресурстарының ерекшеліктері, олардың құрамы, шаруашылық мамандануы, олардың қалыптасуына әсер ететін факторлар, даму мәселелері, ірі территориялық-өндірістік кешендері және өнеркәсіп топтары жайлы білімдерді толық меңгеру арқылы білікті маман даярлау.
4. Пәнді сипаттау
Курстың мақсаты: Студенттерге республиканың экономикалық және әлеуметтік географиясынан, яғни оның табиғат байлықтарын шаруашылық салаларының орналасу ерекшелігі және олардың даму жолы, экономикалық аудандардың даму ерекшеліктері, басқа елдермен экономикалық байланысы жайлы терең және жүйелі білім беру.

Курстың міндеттері: Қазақстан географиясының басқа курстарында оқып үйренуге қажетті, экономикалық-географиялық түсініктерді қалыптастыруды қамтамасыз ету. Сонымен бірге студенттердің өз отаны-тәуелсіз Қазақстанға деген сүйіспеншілігі, бүкіл халықтарына деген интернациональдық сезімдерін тәрбиелеу болып табылады.

Курсты толық тыңдаған студент үйренуі және білуі тиіс:

- Қазақстанның жер көлемі, халқының саны, пайдалы қазбалардың қоры, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемінен ТМД-да алатын орны;

- Республиканың экономикалық-географиялық жағдайының ерекшелігі және оның экономиканы дамытудағы маңызы;

- Қазақстан табиғатының өзіне тән ерекшелігі және табиғат ресурстарының әркелкілігі, олардың шаруашылық салаларының орналасуы мен дамуына әсері;

- Халықтың саны, орналасу ерекшелігі, ұлттық құрамы, ұлтаралық қатынастар мәселелері;

- Қазақстан шаруашылығының қазан төңкерісіне дейінгі және Кеңес үкіметі тұсындағы даму ерекшелігі;

- Шаруашылықтың маңызды салалары салааралық кешендері;

- өндірістің территориялық құрылымының элементтері;

- Қазақстанда едәуір дамыған өнеркәсіп салалары, олардың ірі орталықтары;

- Республика агроөнеркәсіп кешенінің негізгі бөлімдері, жер қорының бастықұрылымдық ерекшеліктері, өсімдік және мал шаруашылығы салалары, олардың географиясы, Қазақстанның ауыл шаруашылық зоналары, олардың мамандануы;

- Көліктің негізгі түрлері, олардың жүк айналымындағы рөлі, Қазақстаннан әкелетін және әкелінетін шикізат пен жүктің негізгі түрлері, республика ішіндегі және мемлекетаралық экономикалық байланыстарды жетілдіру жолдары;
5. Сабақ жоспары


    1. дәрісханалық сабақтардың оқу-тақырыптық жоспары






Мазмұны

(тақырыбы мен сұрақтары)



Дәрістер

сағат саны




Практ., семинар

сабақтар сағ.



Зертханалық

сабақтар сағ.



Оқу мен әдіст. әдебиетке сілтеме

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе. Қазақстанның Республикасының нарықтық экономика жағдайында дамуы

1







Н: 1,5,12,18

2

Қазақстанның ТМД және әлем картасындағы орны

2

1




Н: 7,8,11,18

3

Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы

1







Н: 5,7,8,16,18

4
Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына баға беру

1

1




Н: 1,7,8,16,18

5

Қазақстанның халқы және еңбек ресурстары


2

1




Н: 6,7,8,15,18

6

Төңкеріске дейінгі қазақстан шаруашылығы. Қазақстанда шаруашылықтың жаңа географиясын қалыптастыру

1







Н: 7,8,18

7

Қазақстан шаруашылығы мен өнеркәсібіне жалпы шолу

1

1




Н: 5,7,18

8

Отын-энергетика кешені

2




Н: 7,8,9,10,18

9

Электрэнергетика шаруашылығы


1







Н: 7,8,9,10,18

10

Металлургия өнеркәсібі


2

1




Н: 7,8,9,10,18

11

Машина жасау өнеркәсібі


1




Н: 7,8,9,10,18

12

Химия және құрылыс материалдары өнеркәсіптері

1

1




Н: 7,8,9,10,18

13

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені


3

1




Н: 7,8,9,10,18

14

Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары

1







Н: 7,8,9,10,18

15

Көлік кешені. Аумақтық-өндірістік байланыстар

2

1




Н: 7,8,9,10,18

16

Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі және оның маңызы

1

1




Н: 7,8,9,10,17,18

17

Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы


1







Н: 7,8,9,10,13,18

18

Қазақстанды экономикалық аудандастыру


1

1




Н: 7,8,9,10,18

19

Орталық Қазақстан ауданы


1

1




Н: 7,8,9,10,18

20

Шығыс Қазақстан ауданы


1

1




Н: 7,8,9,10,18

21

Батыс Қазақстан ауданы


1

1




Н: 7,8,9,10,18

22

Солтүстік Қазақстан ауданы


1

1




Н: 7,8,9,10,18

23

Оңтүстік Қазақстан ауданы


1

1




Н: 7,8,9,10,18

Барлығы

30

15








5.2 ОБСӨЖ күнтізбелік – тақырыптық жоспары

ОБСӨЖ тақырыптары



ОБСӨЖ

сағат


саны

Әдебиетке

сілтеме


(негізгі,

қосымша.)



Басқа құралдар

(сайттар, электронды оқулықтар)



1

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясының оқытатын обьектісі

2

Н: 7,8,9,10,18




2

Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайында дамуы

2

Н: 1,2,5,8,12,13




3

Табиғат ресурстары

5

Н: 1,2,7,8,18




4

Қазақстанның халқы

3

Н: 6,7,8,15,18




5

Отын-энергетика кешені

3

Н: 2,7,8,9,10,18




6

Өнеркәсіптің басқа кешендері

4

Н: 2,7,8,9,10,18




7

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені

3

Н: 2,7,8,9,10,18




8

Көлік кешені және аумақтық өндірістік байланысы

3

Н: 2,7,8,9,10,18




9

Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны

3

Н: 7,8,9,10,17,18




10

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуі

2

Н: 2,7,8,9,10,18




11

Орталық Қазақстан экономикалық ауданы

3

Н: 2,7,8,9,10,18




12

Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы

3

Н: 2,7,8,9,10,18




13

Батыс Қазақстан экономикалық ауданы

3

Н: 2,7,8,9,10,18




14

Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы

3

Н: 2,7,8,9,10,18




15

Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы

3

Н: 2,7,8,9,10,18






6. Пәнді оқу - әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы





Оқулықтар, оқу құралдары

Оқу тілі

Автор, шыққан жылы, баспахана

Оқулық, оқу құралының саны (данасы)

Электрондық түрі

кафедрада

кітапханада

Негізгі

1

Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку

орысша

Н.А. Назарбаев.

Москва, 1992



+

1








2

Экономическая и социальная география Казахстана

орысша

С.Р. Ердавлетов

Алматы, 1998



+







3

Қазақ даласының ежелгі тарихы

қазақша

Ә. Байбатша

Алматы, 1998












4

Маңғыстау. Энциклопедия

қазақша

Алматы, 1997




+





5

Қазіргі Қазақстанның экономикасы: жағдайы және болашағы

қазақша

Н.Р. Күнхожаев

Алматы, 1998



+

1


+





6

Қазақстан Республикасы. Ақпараттық төлқұжат

қазақша

Алматы, 1998




+





7

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы

қазақша

М.Ш. Ярмухамедов

Алматы, 2004






+





8

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы

қазақша

К.Б. Ахметова

Алматы, 2004






+

2





9

Экономическая и социальная география Казахстана

орысша

Е.А. Ахметов

Алматы, 2005












10

Экономическая и социальная география Казахстана

орысша

Е.А. Ахметов

Алматы, 2004












11

География современного мира

орысша

Е.А. Ахметов

Алматы, 2003












12

Рыночная экономика

орысша

Е.А. Туркебаев

Алматы, 1998












13

Основы внешнеэкономической деятельности РК

орысша

Б.Б. Темиргалиев

Алматы, 2003












14

Национальная инновационная система Казахстана

орысша

Н.А. Барлыбаева

Алматы, 2006












15

Миграция в Казахстане на рубеже ХХІ века: основные тенденции и перспективы

орысша

Е.Ю. Садовская










16

География Казахстана в таблицах и риснках

орысша

Б.Ш. Абдиманапова

Алматы, 2006












17

Конкурентоспособность стран и регионов в мировом хозяйстве

орысша

И.В. Пилипенко

Смоленск, 2000












18

Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы

қазақша















7. Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары


тап-сырма беру



Сабақ тақырыбы

(дәрістер бойынша)



СӨЖ тапсырма-

лары


Ұсынылатын

әдебиеттер



ОБСӨЖ

Бақылау формасы



тапсырма тапсыру





беті

1

Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық жағдайда дамуы

Конспектілеу, талдау

Н: 1,2,5,8,12,13

Ауызша, тест




2

Табиғат жағдайына ауылшаруашылығын дамыту тұрғысында баға беру

конспект

Н: 1,2,5,7,14,18

Ауызша, тест




3

Табиғат ресурстарына өнеркәсіпті дамыту тұрғысында экономикалық баға беру

конспект

Н: 1,2,5,7,14,18

Ауызша баяндау




4

Каспий қайраны мұнай-газ байлығын зерттеу және бұл мәселе жөніндегі Каспий жағалауы елдері арасындағы келісімдер

конспект

Н: 1,2,4,5,7,12,18

Ауызша, тест




5

Қарашығанақ газ-конденсат кен орнын игеру проблемалары

баяндама

Н: 1,2,4,5,7,12,18

Ауызша




6

Шетелдердегі қазақ диаспорасы және олардың өз отанына оралу мәселесі

Конспект

Н: 1,2,4,5,7,11,

12,13,18


Ауызша




7

Еліміздің шағын және орташа қалаларының қазіргі даму жайы

конспект

Н: 1,2,4,5,7,12,18

Ауызша




8

Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту саясаты

конспект

Н: 1,2,4,5,7,12,18

Ауызша




9

Қазақстан машина жасау өнеркәібінің тәуелсіздік жағдайда даму жайы

конспект

Н: 1,2,4,5,7,12,18

Ауызша




10

Химия өнеркәсібі нарықтық экономика жағдайында

конспект

Н: 1,2,4,5,7,12,18

Ауызша




11

Құрылыс материалдар өнеркәсібі

конспект

Н: 1,2,4,5,7,12,18

Ауызша




12

Қазақстан труба құбыры көлігінің даму болашағы

конспект

Н: 1,2,4,5,7,12,18

Ауызша




13

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қазіргі даму жайы

конспект

Н: 1,2,4,5,7,12,18

Ауызша




14

Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияны тарту

конспект

Н: 1,2,4,5,7,12,18

Ауызша




15

Еліміздің шетелдермен экономикалық байланысы

конспект

Н: 1,2,4,5,7,12,18

Ауызша




16

Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орны

конспект

Н: 1,2,4,5,7,12,18

Ауызша




17

Экономикалық аудандардың даму жайы және олардың арасындағы өзара байланыс

конспект

Н: 1,2,4,5,7,11,

12,13,18


Ауызша




18

Еліміз астанасы Астана қаласының қалыптасуы және оның қазіргі даму жайы, болашағы

конспект

Н: 1,2,4,5,7,11,

12,13,18


Ауызша





8. Бағалау ақпараты
- Бақылау түрлері (ағымдық, аралық, қорытынды)

- Бақылау әдістері (сұрақ, жазба жұмыстары, тесттер)


9. Бағаны қою саясаты

Бағаны қою саясаты 100 балдық (100 %) жүйеге негізделген және бағалардың төмендегідей бөлінуін қарастырады


Бағалау баламасы


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық балама

Балдардың пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,00

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз


10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты

Студенттер лабораториялық сабақтарға күнделікті өтілетін тақырып бойынша теориялық тұрғыда дайындалып келеді. Теориялық материалдарды сұрауға арналады. Лабораториялық жұмыстың орындалу барысын оқытушы қысқаша түсіндіреді. Сабақ барысында студент таратылған құралдар мен материалдарға ұқыппен қарауы тиіс. Заттық шыны және жабындық әйнектермен абайлап жұмыс істеп, микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау қажет. Сабақ бақылау сұрақтарына жауап беру және бағалау жұмыстары жүргізілгеннен соң аяқталады. Лабораториялық жұмыс кезінде тәртіп сақтамаған студент аудиториядан шығарылады.

Студенттер ОБСӨЖ-да күнделікті өтілетін тақырып бойынша теориялық тұрғыда дайындалып келеді. Студенттен теориялық материалдар сұралады. Өздік жұмыстың орындалу барысын оқытушы қысқаша түсіндіреді. Сабақ барысында студентке қажетті материалдар мен құралдар беріледі, ол заттарға студент ұқыппен қарауы тиіс. Заттық шыны және жабындық әйнектермен абайлап жұмыс істеп, микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау керек. Сабақ берілген тапсырма орындалғаннан кейін бақылау сұрақтарына жауап беру мен бағалау жұмыстары жүргізілгеннен соң аяқталады. Жұмыс кезінде тәртіп сақтамаған студент аудиториядан шығарылады.

Студенттер оқытушы белгілеген уақыт ішінде берілген тақырыптарды тапсырады. Студентте өздік жұмысына арналған арнайы дәптері болуы тиіс. Берілген әдебиеттерді пайдалана отырып, студент сабаққа даярланады. Бұл өздік жұмыстар сұрақтары лабораториялық сабақта, ОБСӨЖ-да тереңірек талқыланады.



Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәнінен дәрістер
1 дәріс тақырыбы: Кіріспе. Қазақстанның Республикасының нарықтық экономика жағдайында дамуы
Сабақтың жоспары:

1. Қазақстан Республикасының экономикалық географиялық орны

2. Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан
1. Қазақстан, Қазақстан Республикасы (орыс. Казахстан, Республика Казахстан; қысқартылған атауы — ҚР) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ыншы орын алады (2 724 900 км²). Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км, оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады.

Қазақстан Республикасының аумағы Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең төмен жері Қарақия (Қаракие) ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан.

2. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Тәуелсіз егеменді мемлекет болғаннан бастап біздің елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық саясатты төрт кезеңге бөлуге болады :



  • I кезең (1991-1994) - экономикалық саясаттың құрылуы, реформаның басталуы және экономикалық жағдайдың төмендеуі, ұлттық валютаны енгізу;

  • II кезең (1995-1997) - экономикалық реформаның тұрақтануы;

  • III кезең (1998-2000) – экономикалық саясаттың және реформаның тереңдеуі мен өсуі;

  • IV кезең (2000-2005) – экономикада салалық және территориялық құрылымдық өзгерістер және индустриалдық – инновациялық реформалар.

Экономикада мұндай жан – жақты реформалар өндірістің даму қарқыны мен деңгейін төмендетуге мәжбүр етті. 1991-1994 жж. Қазақстан өндірісінің даму деңгейі 46%-ға төмендеді. Шикізаттың жетіспеуі, құрал-жабдықтардың ескіруі, дайын өнімдерді тұтынудың азаюы көптеген ірі кәсіпорындардың тұрып қалуына немесе толық қуатымен жұмыс жасамауына себеп болды. Мұндай келеңсіз кезеңде осы уақытқа дейін құрылған табиғи-ресурстық, әлеуметтік-демографиялық, шаруашылық потенциалдарды пайдалана отырып, экономикалық байланыстардың жаңа жолдарын іздеу және құру керек болды. Бұл жағдайда 1994-1995жж. арналған экономикалық бағдарлама қабылданды. Мұнда экономикалық инфляцияны азайту, өндіріске құрылымдық өзгерістер енгізу қарастырылды. 1994 жылға қарағанда 1995 ж. инфляцияның айлық орташа қарқыны 4%-ға дейін азайды. Ұлттық банкінің алтын қоры 1995 ж. аяғында 2 млрд. АҚШ долл. Тең болды.

Қазақстанның 1990-2003 жж. аралығындағы макроэкономикалық даму көрсеткішін және оның аймақтық ерекшеліктерін 1-кестеден көруге болады.

1-кесте

Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімі


Жылдар

1990

1991

1992

1993

1994

1995

1996


1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

Ішкі жалпы өнім, млрд. теңге

47,9*

85,9*

1217,7

29,4

423,5

1014,2

1415,2

1672,1

1733,3

2016,5

2596,0

3250,6

3376,3

4449,8

Өткен жылмен салыстырғандағы ішкі жалпы өнім көлемінің индексі, % есебімен




89,0

94,7

90,8

87,4

91,8

100,5

101,7

91,1

102,7

109,6

113,5

125,2

131,8

Қазақстан Республикасы үкіметінің макроэкономикалық тұрақтану бағдарламасын іске асырудың арқасында ішкі жалпы өнімнің төмендеуі тенденциясынан шығу 1996 жылдан басталды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл жылы ІЖӨ 0,5%-ға өсті, ал 2003ж. 2002ж. қарағанда ІЖӨ 9,6%-ға өсті.

2 дәріс тақырыбы: Қазақстанның ТМД және әлем картасындағы орны
Сабақтың жоспары:


  1. Қазақстанның әлем картасындағы орыны

  2. Әкімшілік территориялық бөлінісі

  3. ТМД елдері арасындағы орыны

Қазақстанның жаңа мемлекеттік статус алуы Ресейдегі Қазан төңкерісіне және дүние жүзі картасында Кеңес Одағының пайда болуына байланысты. 1991 ж. 25 қазанда Қазақстанды тәуелсіз егеменді мемлекет деп жариялағаннан кейін дүние жүзінің жүзден астам елдері ресми түрде таныды.

Қазақстан әкімшілік – территориялық тұрғыда 14 облысқа, бес әлеуметтік – экономикалық облысқа бөлінеді. Сонымен бірге Алматы, Астана, Приозерск, Байқоңыр қалалары өз алдына әкімшілік территория болып есептелінеді.

Тұрақты халқының саны, 1999-шы ж. халық санағының мәліметі бойынша, 14952,7 мың адам (1989 ж. санақ бойынша – 16199,2 мың адам) болып есептеледі, яғни дүние жүзінде 51-ші орын алады. (0,3%). Оның ішінде қала халқы – 8367,1 мың (56), ауыл халқы – 6585,6 мың (44). 2004 ж. мәлімет бойынша, халықтың саны 14951,3 мың болды.

1990-шы ж. жалпы ішкі өнім бойынша Қазақстан дүние жүзінде 53-ші орынды иемденсе, ал 1997 ж. – 75-ші орынды, КСРО-дағы одақтас республикалар ішінде 4-ші орын алды. 1990-шы ж. Қазақстан Аргентина, Оңтүстік Африка Республикасы, Бразилия, Колумбия, Украина, Молдова мемлекеттер қатарында тұрды.

Қоры жағынан әлемде бірінші орында: мырыш (13%), вольфрам, барит және ваннадий, рений, висмут, фтор; екінші – уран (25), күміс, қорғасын (20) және хромит (30): үшінші – асбест, мыс (10%), флюорит және алтын; жетінші – темір рудасы; 13-ші – мұнай, 16-шы орында – табиғи газ; қазақстандық Каспий қайраңында геологиялық барлаулардың болжамы бойынша, Қазақстан мұнай мен газ қорынан алты елдің қатарына кіруі мүмкін.

Ғалымдардың айтуынша, зерттелген табиғат қоры АҚШ долларымен 10 трлн. – ға бағаланып отыр. Мұнай, көмір, темір, хром және марганец рудасы, көптеген түсті металл рудалары, фосфат қорлары бойынша жан басына шаққанда Қазақстан дүние жүзілік орта көрсеткіштен әлдеқайда асып түседі. Қазақстан мұнай мен газ, титан, магний, қалайы, уран, алтын, германий, индий, теллур, селен, цирконий, кадмий, галий сияқты пайдалы қазбалар ресурсынан дүние жүзінде алдыңғы қатарда орын алды.


№3 дәріс тақырыбы: Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы
Сабақтың жоспары:


  1. Қазақстанның экономикалық – географиялық жағдайына баға беру

  2. Қазақстанның шекарасы

1. Орыстың атақты географтарының бірі Н.Н.Баранский бұл жәнінде былай дейді: «математикалық-географиялық орын-градус торы, физикалық-географиялық орын – физикалық карта , саяси-географиялық орын саяси карта бойынша анықталады. Экономикалық география ғылымында белгілі бір мемлекетті, ауданның, қаланың орынын қоршап жатқан географиялық объектілер мен экономикалық қатынасы, маңызы арқылы анықтайды».

Мемлекеттің экономикалық-географиялық орынына баға беруде мынадай қағидаларға тоқталған жөн:



  • Көрші мемлекеттермен әр түрлі өзара қатынастарына байланысты орыны;

  • Саяси-экономикалық, соғыс т.б. әр түрлі дау жанжал болып жатқан ошақтарға байланысты орыны;

  • Басқа елдермен байланыстыратын халықаралық көлік пен коммуникациялық жүйелерге байланысты орыны;

  • Ірі рыноктарға және өнеркәсіп орталықтарына байланысты орыны;

  • Физикалық географиялық ерекшеліктеріне байланысты (ірі өзендер, таулар, теңіздер т.б.) орыны;

  • Ғылыми-техникалық прогресс (алдыңғы қатарлы технология) дамыған рынок, жоғарғы мәдениет және тұрақты қоғамдық-саяси ошақтар орталықтарына байланысты орыны.

2.Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығы 13311 шақырым, солтүстігі және шығысында Ресей мемлекетімен шектесіп жатыр, оның ұзындығы -7591 км, оңтүстік –батысында Түркіменстан 380 км, оңтүстігінде Өзбекстан 2300 км, Қырғызстан 980 км, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен 1460 км шектеседі. Сонымен бірге Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркіменстан мемлекеттерімен Каспий теңізі арқылы жалғасады. Оның Қазақстандық бөлігінің ұзындығы – 600км.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы толығымен анықталып, екіжақты қазақстан-қытай, қазақстан-өзбекстан, қазақстан-түркіменстан, қазақстан-қырғызстан келісімдеріне қол қойылды. Мемлекеттік шекара туралы соңғы нүкте 18 қаңтар 2005 ж. қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын айқындайтын, әлемдегі ең ұзын шекара болып саналатын қашықтығы 7591 шақырымдық шекара мәселесі рәсімделіп, халықаралық құжатқа Ресей президенті В.В.Путин мен Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойды.

Қазақстанның экономикалық – географиялық орнының тиімділігін пайдалану оның көліктік – транзиттік потенциалына байланысты. Мысалы, Қазақстан арқылы Қытай – Еуропа теміржол желісі бойынша жүк тасымалдау, теңіз арқылы тасымалдаумен салыстырғанда (Ляньюньнан (Қытай) – Берлин (Германия)), екі есеге қысқарады (теңізбен – 20-30 тәулік, Достық – Алашанкөл темір жолымен 11 тәулікке тең).

4 дәріс тақырыбы: Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына

баға беру
Сабақтың жоспары:


  1. Табиғат жағдайы

  2. Табиғат ресурстары және оларға баға беру

1.Табиғат жағдай деп белгілі бір кезеңдегі өндіргіш күштерінің даму сатысында адамның өмір сүруіне және тіршілік етуіне қажетті табиғат компоненттері мен күштерін айтамыз.

Орманды дала Қазақстанның ең солтүстігінде, солтүстік- батысының кейбір аймақтарында 3,5% территорияны ғана алып жатыр.

Дала зонасы Қазақстан территориясының 26%-ын (648 мың ш.ш.) құрайды. Волга-Жайық өзендері аралығында Алтай тауларына дейін 2200 шақырымға созылып жатыр.

Шөлейт және шөл зонасы 341 мың ш.ш., оның ішінде шөлейт зонасы -14%, шөл зонасы 45,4% территорияны алып жатыр (1,1 млн.ш.ш.).

Биіктік таулы зонасы еліміздің 10%-дан астам территориясын (ең биік нүктесі – Хан Тәңірі шыңы – 6995 м) алады.

2.Табиғат ресурстары деп өндіріс күштерінің белгілі бір даму сатысында қоғамның қажетін қанағаттандыру үшін материалдық өнімдерді өндіруге пайдаланатын табиғат денелері мен күштерін, нақты айтқанда, табиғ,ат ресурстарының өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтынатын өнімдерге айналуын айтамыз. Қазақстан Республикасы жер қойнауындағы пайдалы қазбалар байлығы бойынша дүние жүзі елдерінің ішінде алдыңғы қатарлы орынды алады. Минералдық шикізат ресурстарын өндіру мен өңдеу өнеркәсіп салаларының Қазақстан және оның экономикалық аудандары бойынша жалпы өнеркәсіптегі үлесі біршама екенін мына кестеден көруге болады.

2-кесте

Қазақстан экономикалық аудандары бойынша тау – кен өнеркәсібінің үлесі, % есебімен



Экономикалық аудандар

Өнеркәсіптегі жұмысшылардың санындағы үлесі

Өнеркәсіптік негізгі қоры көлеміндегі үлесі

Қазақ ССР-і

27,4

7,8

Батыс Қазақстан

19,4

58,2

Солтүстік Қазақстан

21,6

52,1

Орталық Қазақстан

56,2

84,4

Оңтүстік Қазақстан

10,8

29,8

Шығыс Қазақстан

40,0

63,5

Ғалымдардың есептеуі бойынша, Қазақстан Республикасы дүние жүзінде табиғат ресурстары қоры бойынша 6-шы орын алады. Зерттелген табиғат ресурстары қоры 10 трлн. АҚШ долл. Шамасында бағаланып отыр. Қазіргі уақытта 60 элемент өндіріледі және шаруашылықта шикізат ретінде пайдаланылады. Қазіргі кезде елімізде 500-ден астам пайдалы қазбалар кен орыны белгілі, одан 1225-тен астам минералдық-шикізатты табуға болады.

Қазақстан дүние жүзінде вольфрам рудалары қорынан бірінші орында, хромит және фосфор рудаларынан – екінші, марганец рудасынан – үшінші,(АҚШ пен Украинадан кейін) төртінші – қорғасын мен молибден, сегізінші – темір рудалары (Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей мен Украинадан кейін), көмір, мұнай, газ, табиғи газ, уран, мыс қорларынан алғашқы он елдің қатарына кіреді.

5 дәріс тақырыбы: Қазақстанның халқы және еңбек ресурстары
Сабақтың жоспары:


  1. Халықтың ұдайы өсіп-өнуі

  2. Жастық және жыныстық құрылым

  3. Ұлттық құрамы

  4. Халықтың көшіп-қонуы

  5. Қала және ауыл халқы

1. Халықтың ұдайы өсіп-өнуіне 3 демографиялық апаттардың әсері орасан зор деуге болады. 1897, 1926 жж. халық санағының мәліметтерріне талдау жасағанда, қазақ халқының табиғи өсіп - өну коэфицентін салыстыра келгенде, ол артық көрсеткіштермен көзге түсе қоймайды. Мысалы , орыстар мен қазақтардың жанұяға шаққандағы баланың саны тең деуге болады. Кейде бала өлімінің көрсеткіші қазақтарда көп болып келеді. Н.Д.Трубалевичтің есептеуі бойынша, 1924 ж. табиғи өсіп-өну қазақтарда 16,2‰, орыстарда – 25,0, өзбек, ұйғыр ме дұнғандарда 24,4 ‰ болды.

Республика халқының табиғи өсіп-өнуі 1948 ж. дейін бала туу жоғары болса да, айтарлықтай көп болған жоқ. Мысалы, бала туу жылғы деңгеймен салыстырып қарағанда 1940ж. 70,3%-ға тең болды. Халық санақтары материалдарына талдау жасап қарасақ, 1940 ж. бала туу көрсеткішінің ең жоғары кезеңі – 48,8‰. Кейбір өзгерістерге қарамастан, 60жж. дейін бала туу жоғары болды., 1940 – 1960-шы жж. өлім коэффициенті 3,5 есеге, немесе, 21,4‰-ден 6,6‰-ге дейін, азайды. Өлімнің азаюына байланысты табиғи өсім коэффициенті 19,4‰-ден 30,6‰-ге дейін, яғни 60%-ға дейін, көбейді.

Республикада 60-шы жж. бастап демографиялық жағдайлар өзгере бастады. Бала туу біртіндеп төмендеп, өлім коэффициенті 59%-ға, табиғи өсім 76%-ға азайды. Мұны мынандай себептермен түсіндіруге болады:



  • Ұлы Отан соғысының зардаптары, яғни соғыс жылдарында туған балалардың аз болуы;

  • урбандалу процесінің күшеюі, қалаларда бала туу коэффициентінің азаюы;

  • қалаларда бала санын жанұялық реттеу дәстүрлерінің кеңінен таралуы.

Демографиялық процестердің, әсіресе бала туу коэффиценті мен табиғи өсімнің тұрақтануы 70-80-ші жж. байқала бастады. Өлім коэффициентінің аздап өсе бастауы – зейнеткер жасыфндағы адамдар үлесінің жоғарылауы және кейбір аурулардың: қантамыр-жүрек, демалу органдары, ісік аурулары, травматизм т.б. көбеюіне байланысты. Дегенмен, салыстырмалы тұрғыдан қарағанда жалпы Қазақстан бойынша бала туу мен табиғи өсім коэффициенті жоғары деуге негіз бар. Оны мына сандардан көруге болады: 1975 ж. республикада бала туу коэффициенті КСРО-ның көрсеткішінен 34,2%-ға, 1985 ж. 25,3 %-ға асып түсті. Табиғи өсімнің деңгейі Кеңес Одағының орта көрсеткішінен 2 есе артты.

Табиғи өсім 1991-2001 жж. арасында елімізде 1261,6 мың адам болды, оның ішінде қала халқында 30,0%болса (378,7 мың адам), ауыл халқында 70%-ға тең болды (882,9 мың адам). 2001 ж. табиғи өсім 1000 адамға шаққанда 4,6 адам болды.

Бала туу 1991-2001 жж. 2941,3 мың адам, оның ішінде 48%-ы қала халқы үлесіне, 52 %-ы ауыл халқының үлесіне тиесілі болды. Бұл мерзімде 1514,5 мың ұл (51,5%) және 742,0 мың қыз бала (48,5%) туды. Бұл жылдар аралығында 1000 қыз балаға 1062 ұл бала туды. Бала туудың жалпы коэффициенті 2001 ж. 14,6 , оның ішінде қала халқында - 13,4, ауыл халқында 16 адам болды.

Қазақстан аймақтарын баланың туу коэффициенті арқылы республиканың деңгейімен салыстырмалы тұрғыда топтастыратын болсақ, ең жоғарғы деңгейде 22,6-15,1 адам аралығында Оңтүстік Қазақстан , Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе облыстары көрінеді. 2-ші топқа 14,0 – 11,5 адам аралығында қалған аймақтар жатады. Өлім көрсеткіші де территориялық айырмашылық бойынша 2 топқа бөлінеді, яғни республика деңгеінен төменгі көрсеткіш 7,1 адам (Оңтүстік Қазақстан облысы), 6,8 адам (Астана қаласы). Ал табиғи өсім бойынша теріс сальдоны көрсететіндер – Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары. Сонымен бірге бұл көрсеткіш бойынша төменгі деңгейде Қарағанды (0,3), Павлодар (1,2), Ақмола (1,2), Алматы қаласы (3,6) көрінеді.

2. Халықтың жастық және жыныстық құрылымын зерттеу елдің экономикалық, әлеуметтік, демографиялық проблемаларын шешу үшін қажетті көрсеткіштердің бірі болып есептеледі. 1926 ж. халық санағынан бастап бұл көрсеткіштерге қарасақ, 1939 ж. санаққа дейін еркектер үлесі басым болса (52%), 1959 ж. санақтан бастап әйелдер үлесі басым бола бастады.

1939 ж. санақ байынша еркектердің үлесінің аздап ұлғайғанын көруге болады. Бұл жылдары репрессия, Ресей мен Украинадан ықтиярсыз зорлықпен көшіру қалалар мен жұмысшы поселкелерде еркектердің санын көбейтті. 1959 ж. еркектер мен әйелдердің ара қатынасының өзгеруі Ұлы Отан соғысының зардаптарынан деуге болады. 1939-1959 жж. барлық халықтық санында еркектердің үлесі 47,5%, оның ішінде қалада – 47,3, ауылда 47,7% болды. Ұлы Отан соғысының әсерінен кеміген еркектердің санын тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты көшіп келген жастар толтыра алмады. 1989-1999 жж. санақтың мәліметтері бойынша, олардың ара қатынасы тұрақтала бастады. Әйелдер үлесінің біршама артық болуы мынандай себептерге байланысты:



- әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы еркектерден біршама жоғары болуы;

- еңбекке жарамды орта және қарттық жастағы еркектер өлімінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіші әйелдерден жоғары болуы;

- 0 – 14 жасқа дейінгі жастық құрылымда ер балалардың артықтығы, одан жоғарғы жастық құрылымда теңеле бастайды.

Қазақстан аймақтарын жыныстық құрылысы бойынша топтастырсақ, біріншіден, барлық облыстарда әйелдердің үлесі артық. Алматы қаласында әйелдер – 54,5%, еркектер – 45,6, Қызылорда облысында осыған сәйкес -50,1 және 49,9%. Яғни 1000 әйелге шаққандағы еркектердің орташа саны 929, Қызылорда облысында – 989, Қарағанды да – 907-ге тең келеді. Алматы қаласында бұл көрсеткіш – 833, Астанада 868-ге тең.

30 жастан бастап әйелдердің саны еркектердің санынан аса бастайды. Мысалы, 2000 жылғы мәлімет бойынша, 0-14 жасқа дейін 1000 әйелге 1037 еркек, 30 жастан жоғары 1000 әйелге 842 еркек келеді.

Қазақстанда, 2002 ж. көрсеткіш бойынша, 7704200 (51,8 пайыз) әйелдер, 7158300 (48,2 пайыз) еркектер тұрады. 2002 ж. 526 мың қыз және 554 мың ер бала туды. 42 мың әйел және 11 мың еркек 85 жасқа келеді. Өмір сүру ұзақтығы әйелдерде – 71,4 жас, еркектерде 60,6 жас болды. Әйелдердің тұрмысқа шығу орта жасы – 23,6 жас, еркектер – 26,6 жас. Қазақстанның жанұясының орташа саны – 4 адам.

Халықтың жастық және жыныстық құрылымының территориялық ерекшеліктерін талдау арқылы М.Х.Асылбеков, В.В.Козина 1989 ж. көрсеткіштер бойынша мынандай топтарға бөледі: еңбекке жарамды халықтың басым көпшілігіОңтүстік және Батыс Қазақстан экономикалық аудандарында шоғырланған (орта есеппен 27 жасқа дейін). Екінші орынды Солтүстік және Шығыс Қазақстан (30 жасқа дейін) аудандары алады.

3. Қазақстанның ұлттық құрамы туралы біраз ғылыми зерттеулер жүргізілген. 1897 ж. халық санағының мәліметі бойынша қазақтардың саны 3,9 млн. адам құраған. Барлық халықтың санынан қазақтардың үлесі 81,8%, орыстар – 1,0%, украиндар - 2%-ға жақын, сонымен бірге татар, мордва, неміс, еврей, башқұрт, дұнған, тәжік және өзбектердің барлығын қосқандағы үлесі 5,2% болды. Қазақтардың ең жоғары үлесі Семей – 90,6%.

Қазақстанда көп ұлттық халықтың құрылуы Ресей империясы мен Кеңес үкіметі кезеңдерінде колониалдық пен тоталитарлық саясатқа байланысты біртіндеп және үздіксіз жүргізіліп отырды. 1897 ж. халық санағы бойынша қала халқында қазақтардың үлесі – 15,4%, орыстар – 57,3% болды. Ал ауыл халқында Қазақстанның барлық жерінде қазақтардың үлесі басым болып келді. Қамал Смаиловтың деректеріне жүгінсек, 1887 ж. қазақтар 4,1 млн. ал 1915 ж. 6 млн. болған. Столыпин реформасы кезінде Қазақстанға 1 млн-нан астам орыстар мен украин крестьяндары қоныс аударған.

1939-1959 жж. қазақтардың саны бар болғаны 480 мыңға ғана ұлғайды, яғни 1926 ж. көрсеткішке 926,4 мың адам жетпеді. Оның үлесі әрі қарай төмендеп 37,9%-ға дейін азайды.

Этникалық құрылымдағы мұндай өзгерістердің себептері халықтың санының өсу динамикасына талдау жасағанда айтылып кетті. Орыс, украин, белорус, татарлар т.б. халықтардың 50-ші жылдары жылдам өсуі ірі өнеркәсіп орталықтарын салу, тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты болды. Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Қазақстанға поляк, латыш, литва, неміс, шешен, ингуш, балқар, қырым татарлары, түрік месхеттер, қарашайлар т.б. халықтар дипортацияланады. 1954 ж. бастап тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты КСРО-ның батыс аймақтарының 2 мыңға жуық адам көшіп келді.

Қазақстан территориясында ұлттардың орналасуында ерекшеліктер бар. Бұған байланысты 1 қаңтар 1997 ж. әкімшілік-территориялық бөлініс бойынша облыстарды 3 топқа жіктеуге болады:

1. Қазақтардың үлесі жоғары облыстар: Ақтөбе (64,7), Батыс Қазақстан 61,1), Қызылорда (88,5), Маңғыстау (69,7), Семей (61,3), Талдықорған (60,3), Оңтүстік қазақстан (63,8), Жезқазған (55,9), Торғай (49,4).

2. Басқа ұлттар (оның ішінде басым көпшілігі орыстар) үлесі жоғары облыстар: Ақмола ( қазақ – 27,9, орыс – 46,7, неміс – 6,2, украин – 8,7), Шығыс Қазақстан (қазақ – 32,0, орыс – 63,1, украин – 1,4), Қарағанды (қазақ – 23,5, орыс – 53,1, неміс -3,6, украин – 7,9, татар – 3,5), Көкшетау (қазақ – 36,5, орыс – 390., украин -8,1, неміс – 5,4), Қостанай (қазақ – 21,3, орыс – 47,7, украин – 15,9, неміс – 6,3, белорус – 3,0), Павлодар (қазақ – 35,4, орыс – 44,4, украин – 8,7, неміс – 5,2), Солтүстік Қазақстан (қазақ – 22,2, орыс – 61,7, украин – 6, неміс – 3,9).

3. Қазақтар мен орыстардың үлесі жақындау - Алматы облысы (қазақ – 9,6, орыс – 40,6, украин – 2,5, татар – 1,7, әзірбайжан – 1,4).

3-кесте


Қазақтардың саны және халықтың жалпы санындағы олардың үлесі






Барлық халық, мың адам




Қазақтардың саны, мың адам

Халықтың жалпы санындағы қазақтардың үлесі,%

1

2

3

4

Қазақстан Республикасы

14552,7

7984,3

53,8

Ақмола

835,7

312,9

37,4

Ақтөбе

682,8

482,5

70,7

Алматы

1559,6

927,2

59,5

Атырау

439,9

391,5

89,0

Шығыс Қазақстан

1530,8

742,2

48,5

Жамбыл

983,9

645,0

65,6

Батыс Қазақстан

617,7

399,9

64,7

Қарағанды

1411,7

530,6

37,6

Қостанай

1019,6

316,6

31,1

Қызылорда

596,3

361,8

94,2

Маңғыстау

316,2

249,3

78,7

Павлодар

805,9

308,1

38,2

Солтүстік Қазақстан

725,9

213,9

48,5

Оңтүстік Қазақстан

1976,7

1336,5

67,6

Астана қаласы

319,3

131,2

41,1

Алматы қаласы

1130

435,1

38,5

Қазақстан халқының ұлттық құрамының өзгеруіне ықпал еткен факторларды 5 кезеңге бөлуге болады:



- 1 кезең (1916-1926) – жергілікті халықтың тұрмыстық

жағдайының төмендеуі, өліинің ұлғаюы, басқа елдерге көшіп кету, табиғи өсімнің кемуі. 1926 ж. қазақтардың үлесі 57,1% болды;



- 2 кезең (1926-1940) – индустриалдандыру, ұжымдастыру, мәдениет революция, пайдалы қазбаларды интенсивті тұрғыда пайдалану, ірі өнеркәсіп орталықтарын салу, өнеркәсіп қалалары мен тораптарының құрылуы, оған байланысты көші-қон үрдісінің үлғаюы және қала халқының өсуі;

- 3 кезең (1941-1945) – Ұлы Отан соғысы, КСРО-ның батыс аудандарынан көшіп келушілердің ұлғаюы, Солтүстік Кавказ, Поволжье, Қырымнан халықтарды тұтас депортациялау. Бұлардың әсерінен жыныстық және жастық құрамның өзгеруі, өлімнің көбеюі, бала туудың азаюы т.б. факторлар ықпал етті;

- 4 кезең (1946-1990) – соғыс зардаптарын қайта қалпына келтіру, шаруашылықтың жоғары қарқынмен дамуы, тың және тыңайған жерлерді игеру т.б. 1954-1964 жж. арасында ған Қазақстан халқы 4,4 млн. адамға өсті, оның ішінде 2,2 млн – ауыл халқы. Мұның әсерінен қазақ ұлтының үлесі күрт төмендеді, бұл кезеңде табиғи өсім жоғарғы деңгейде болды;

- 5 кезең (1991 ж. бастап) – КСРО-ның ыдырауы, әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, сыртқы көші-қонның ұлғайып, әлеуметтік-экономикалық реформа макроэкономикалық тұрақтануы; тәуелсіз егенменді мемлекет, ішкі және саяси тұрақтылық т.б. факторлар еліміздегі қазіргі демографиялық жағдайларды туғызып, қазақ ұлтының үлесін өз елінде ұлғаюына әсер етті.

Қазақстан Республикасы - көп ұлтты мемлекет. Оның территориясында 131 ұлттың өмір сүріп жатыр. мемлекетіміз тәуелсіздігі жариялаған күннен бастап Қазақстан халқы ұлтаралық бірлікті, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты берік ұстанып келе жатыр.

4. Халықаралық көші-қон ұйымының қағидалары мен ұсыныстарына сәйкес Қазақстан Республикасы 1997 ж. 13 желтоқсанда «Халықаралық көші-қоны туралы» деген Заң қабылдады. Мұның 1-ші бабында көші-қон туралы түсінікке анықтама берілген: «Көші-қон жеке адамдардың Қазақстаннан немесе Қазақстанға біржолата, уақытша немесе маусымдық қоныс аударуы, сонымен бірге жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасы ішінде жұмысқа, тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты көшіп келуі».

Халықтың көші-қоны елдегі саяси-экономикалық, әлеуметтік үрдістердің дамуымен тығыз байланысты. Оған біріне-бірі қарама-қайшы әр түрлі факторлар және халықтың көші-қоны белгілі бір аймақтар мен елдердегі демографиялық жағдайларға жан-жақты ықпал жасайды. Көші-қонның басты белгісі – адамдардың тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруы (ол уақытша, ұзақ уақытқа не тұрақты болуы мүмкін). Көші-қонның түрлері:



  • қайта көшпейтін тұрақты көші-қон;

  • уақытша көші-қон;

  • маусымдық көші-қон.

Көші-қонның бағыттары бойынша сыртқы және ішкі көші-қон деп бөлінеді. Көші-қон шығатын мемлекеттерді эмиграция елі, ал көшіп келетін мемлекеттерді – иммиграция елі, ал адамдарды эмигранттар және иммигранттар деп атайды.

19 ғ. 70 жж. дейін Қазақстанға негізгі қоныс аударушылар Ресейдің казактары болды. 19 ғ. 90 жж. Ресейден көшкен шаруалардың үлесі басым. Бұған 19 ғ. 80 жж. шаруалардың қоныс аударуын шектемеу туралы Ресей патшасының Жарлығы көп әсер етті.

20 ғ. 20 жж. Қазақстандағы халықтың көші-қоны экономикалық-әлеуметтік жағдайдың нашарлауы 1920-1922 жж. жұт, су және жер реформаларын жүргізуге байланысты болды. А.В.Ғалиевтің деректері бойынша , 1916-1926 жж. Қазақстанға 800 мыңнан астам адам көшіп келді. 1926 ж. халық санағы бойынша Қазақстанға 801,5 мың адам келіп, 62,7 мың адам көшіп кетті.

1941-1945 жж. және соғыстан кейінгі алғашқы жылдары демографиялық шығындарға қарамастан, Қазақстанның халқы 1941-1951 жж. аралығында 388 мың адамға көбейді. Оның себебі, соғыс жылдары майданға жақын аймақтар мен қалалардың тұрғындары Ленинград, Прибалтика, Беларусь, Москва, Украина, Воронеж, Сталинград, Растовна-Дону т.б. аймақтар мен қалалардан халық эвакуация арқылы көшірілді.

Қазақстан эммигранттарының жалпы санында орыстар – 54,6%, немістер – 23,4, украиндар – 7,3, қазақтар – 3,4, татарлар – 2,6, белорустар – 1,5%. Қазақ эммигранттарының басым көпшілігі Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға, ал орыстар, украиндар, немістер Ресейге, Украинаға, Германияға қоныс аударады. Иммигранттардың басым көпшілігі Түркменстан және Ресейдің шығыс аудандарынан, Қытай, Ауғаныстаннан қоныс аударды.

1999-2002 жж. аралығында мигранттардың ұлттық құрамына талдау жасасақ, таяу шетелдердегі эммигранттарда орыстардың үлесі 70%, украиндар – 10, немістер – 3,5, қазақтар – 5,5% болды, ал алыс шетелдерге көшіп келушілер де немістер -65%, орыстар – 24,4, қазақтар – 1,6%.

5. Халықтың орналасу жүйесі экономикалық және әлеуметтік география ғылымының басты зерттеу тақырыптарының бірі және ғылыми қолданбалылық зор маңызы бар. Қалалық және ауыл елді мекендер жүйесінің құрылуы және дамуы өндіріс күштерінің орналасуы, қоршаған табиғат ортасын сақтау және жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымның сапасы т.б. мәселелерімен тығыз байланысты. «Халықтың орналасуы» деген ұғымға белгілі бір территорияда (ауданда, елде, аймақта т.б.) халықтың қоныстану жүйелері мен ерекшеліктерін жатқызамыз.

Қала халқы 1897 ж. халық санағы бойынша Қазақстанда қалалық елді мекендерде 166,8 мың адам, яғни 4% халық, тұрды. Бұл көрсеткішке сол кезде қала деген атауы бар 22 елді мекен кіргізілді. 1926 ж. халық санағы бойынша қала халқы 9%-ға дейін өсті, яғни екі есеге көбейді. Қала халқының өсуінің 57,3%-ы орыс, 12,5 – қазақтар, 29,8%-ы басқа ұлттардың үлесіне тиеді.

1929 ж. ауыл халқының үлесі 91,7% құрады. Олардың этникалық құрамы: 61,8% қазақ, 16,7 – орыс, 13,5 – украин, 2,6 - өзбек және 6,8% басқа ұлттардың өкілдері болды.

1926-1959-шы жж. қала халқы ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы арқылы 62,1%-ға, қала халқының табиғи өқсімі арқылы 18,5-20,2%-ға, ауылдық елді мекендердің қалалық статус алуына байланысты 17,7-19,5%-ға көбейеді. 1954-1964-ші жж. ауыл халқының қалаға қоныс аударуы азая бастады, қала халқында табиғи өсім төмендеді, ауылдық елді мекендердің қалалық статус алуы азайды. Дегенмен, бұл кезде қала халқының өсуінің 38,7%-ы көші-қон сальдосына байланысты болды.

1939-1970 жж. қала халқының өзіндік үлесі 28%-дан 50%-ға дейін, ал адам саны 3,9 есеге көбейді. Ауыл халқының үлесі 50%-ға дейін азайды. Дегенмен, ауыл халқының абсолюттік саны бұл кезеңде 43,7%-ға, немесе, 2079 мың адамға, ұлғайды.

1999 жылғы халық санағы бойынша қала халқы 56%, ауыл халқы 44% болды. Қала хақы басым облыстар қатарында Қарағанда – 82,2%, Маңғыстау – 78,3, Павлодар – 63,4, Қызылорда – 60,5% облыстары болса, республикалық деңгейге жақын Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстары есептеледі. Ал қалған облыстарда ауыл халқы басым, әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысында 62,8%, Алматыда 71,0% ауыл халқы тұрады.

Қала тұрғындарының деңгейіне байланысты топтау қалалық елді мекендердің (қала, кенттер) тұрғындарының санын негізге алады. 1999 ж. статистикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстандағы 84 қаланың 60%-ы кіші қалаларға (50 мыңға дейін тұрғыны бар) жатады, онда еліміздің 15% қала халқы тұрады. 12 қала – орташа қалаларға (50 мыңнан 100 мыңға дейін тұрғыны бар), онда 10% қала халқы шоғырланған. Үлкен қалалр тобына (100 мыңнан 200 мың адамға дейін) 9 қала жатады, мұнда 18% қала халқы тұрады. 9 қала ірі қалалар тобына (200-500 мыңға дейін халқы бар) енгізіледі. Соңғы үш топта (ірі, аса ірі, миллионер қалаларда) елміздің 57% қала халқы өмір сүреді.

Функционалдық топтасу қаланың атқаратын қызметін негізге алады. Республикадағы қалалрдың басым көпшілігі тау-кен өнеркәсібінің дамуына байланысты пайда болған топқа жатады, яғни кеніш орындарында орналасқан. Қалалық елді мекендердің 40%-ы осы топқа жатады. Мұның ішінде 5 топшаны атап өту керек:



1) руда өндіру орталықтары (Рудный, Лисаков, Текелі, Хромтау, кентау, Қаражал, Сәтпаеб, Жетіғара т.б.);

2) көмір өндіру орталықтары (Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай, Екібастұз т.б.);

3) мұнай-газ өндіру орталықтары (Жетібай, Өзен, Жаңаөзен, Ақсай, Мақат т.б.)

4) химиялық шикізатөндіру (Қаратау, Жаңатас, Алға т.б.);

5) құрылыс материалдарын өндіру орталықтары.

Екінші топқа өнеркәсіп өнімдерін шығаратын орталықтарды жатқызады. Мұнда:



1) ауыр өнеркәсіп орталықтары (Өскемен, Шымкент, Жезқазған, Балқаш, Ақсу, Ақтөбе, Тараз, Ақтау т.б.);

2) машина жасау өнеркәсібі орталықтары (Алматы, Астана, Қарағанда, Өскемен);

3) жеңіл және тамақ өнеркәсібі орталықтары (Алматы, Семей, Көкшетау, Талдықорған т.б.).

Қалалар мен кенттерді функционалдық атқаратын қызметіне қарай мына топтарға бөлеміз:



  • ауылдық елді мекеннен тау-кен және өңдеу өнеркәсібінің дамуы арқылы пайда болған қалалар (Макинск. Талдықорған т.б.);

  • өңдеу өнеркәсібі және көлік торабы орталықтары (Шу, Аякөз т.б.);

  • ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары (Қарқаралы, Абай, Аякөз т.б.);

  • курорттық қалалар (Мұқялды, Бурабай, Алма-Арасан т.б.);

  • көп функционалдық қалалар (Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент т.б.);

  • әкімшілік мәдениет, ғылыми білім, қаржы т.б. орталықтары (Курчатов, Байқоңыр, Алатау, Приозерск).

Қазақстан территориясы бойынша жалпы халықтың тығыздығы 1 ш.ш 5,5 адамнан келеді, ал ауыл халқы – 2,7 адам (1999). Ауыл тұрғындарының атқаратын функционалдық қызметі жағынан ауыл шаруашылығымен айналысатын және айналыспайтын болып екіге бөлінеді. Елімізде 21,5 мыңнан астам ауылдық елді мекен бар, оның 72% тұрғындары 200 адамнан аспайды. 100 шақты ғана елді мекендерде 5 мыңнан астам адам тұрады, ауыл халқының территориялық қоныстануы біркелкі емес. Бұған әр түрлі себептер – экономикалық, табиғи, тарихи т.б. әсер етеді. Көптеген ауылдық аудандардың (50-і) орталығы қалаларда орналасқан. Олардың тұрғындарының орташа саны – 25 мың адам. Шығыс Қазақстан ауданында ауыл халқы тау етектері мен қала маңайларында тығыз орналасқан. Оңтүстік Қазақстан ауданның табиғат жағдайларының әртүрлілігі (шөлдер мен таулар) және ауыл шаруашылығының мамандану ерекшеліктері ауыл халқының орналасу ерекшеліктеріне ықпал етеді. Мысалы, мұнда адамдардың аз тұратын елді мекендерімен (шөлді аймақтар), халықтың шоғырланған тығыз оазистер мен тау ағарларын көруге болады.

6 дәріс тақырыбы:Төңкеріске дейінгі қазақстан шаруашылығы. Қазақстанда шаруашылықтың жаңа географиясын қалыптастыру


Сабақтың жоспары:

  1. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан шаруашылығы

  2. Кеңес үкіметі кезеңіндегі өндіргіш күштерінің дамуы мен орналасуы

  3. Нарықтық экономикаға көшу кезеңіндегі дамуы

XX ғ. Басында орталық және оңтүстік-батыс аудандар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы аймағы болып қалды. Бұл аймақтан Ресейге мал өнімдері жөнелтілді. Жаңа жәрмеңкелербатыста – Орал, Ырғыз, Атбасар, Ақмола, Тайынша, шығыста-Шарск, оңтүстікте- Қарқаралыда ұйымдастырылды. 1900 ж. Қазақстанда 106 жәрмеңке болды. Біртіндеп өнеркәсіп салалары дами бастады. 1913 ж. өнеркәсіптің жалпы өнімі бағасындағы үлесі барлық шаруашылықта 15 %-ға жетті.

Ауыр өнеркәсіп барлық өнеркәсіптің 20% жалпы өнімін береді. Қарағанды мен Екібастұзда аздаған көлемде көмір, Атырауда Доссор мен Мақат кен өндірілді. Энергетика нашар дамыды, кішігірім электрстанцияларының жалпы қуаты 205 мың к Вт-қа ғана жетті. Түсті металлургия мыс, қорғасын, мырыш өндірумен шектелді. Орталық пен Шығыс Қазақстанда: Рудалы Алтай рудниктері және мыс қорыту зауыттары, Спасск мыс руднигі мен мыс қорыту зауыты, Атбасар мыс кен орындары игеріліп, іске қосылды.

Ең алғашқы тартылған темір жол Покровск-Орал, Урбах-Астрахань, Орленок-Қарақоға бағыттарында салынды. Ұлы Транс-Сібір магистралі Петропавл қаласы арқылы өтті. 1905-1907 жж. Орынбор-Ташкент темір жолы салынды. 1913 ж. жалпы темір жолдың ұзындығы 2081 шақырымға жетті.

Ал XIX ғ. Аяғында стационарлық сауда фирмаларының пунктері: көтерме сауда базарлары, сатып алу пункттері, дүкендер пайда бола бастады. Қазан төңкерілісіне дейін Қазақстанда коммуналдық және тұрғын үйлер салу шаруашылығы нашар дамыды. 1913 ж. барлық қала тұрғын үй қоры бар-жоғы 2,86 млн. Ш. М болды. Әрбір қала тұрғынына тұрғын үй көлемі 5 ш.м келді.

Қазақстанда 1913 ж. он бір газет шығып отырды, ал 1836 ж. бастап Орынборда әскери баспаханада қазақ тілінде басылымдар шыға бастады. XX ғ-дың басында кішігірім баспаханалар Петропавлда, Ақмешітте, Ордада, Семейде жұмыс жасай бастады.

7 дәріс тақырыбы: Қазақстан шаруашылығы мен өнеркәсібіне жалпы шолу
Сабақтың жоапары:

1. Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама

2. Қазақстан өнеркәсіп географиясының дамуы
1. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сондай-ақ сауда, білім беру, денсаулық сақтау салаларының өзара байланысқан жиынтығын шаруашылық дейміз.

Әдетте, шаруашылық салаларға бөлінеді. Сала – біртекті өнімдер шығаратын не біртекті қызмет көрсететін кәсіпорындардың жиынтығы.

Шаруашылықтың салалық құрылымы өндірістік және өндірістік емес салалардан тұрады.

Өндірістік сала өндіріс құрал-жабдықтарын өндіріп (электр энергиясы, машина т.б.), адамдардың материалдық игіліктерін (тамақ, киім-кешек) жасап, тұтынушыға жеткізуді (көлік, байланыс) қамтамасыз етеді. Өндірістік емес сала адамдардың тұрмыстық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

2. Қазақстан өнеркәсібінің дамуын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. XX ғасырдың басында Қазақстан өнеркәсібі, қарапайым құрал-жабдықтармен жабдықталған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін және пайдалы қазбалар өндіретін кішігірім кәсіпорындардан тұрды.

Тәуелсіз он жылдың (1991-2000 жж.) екінші жартысында өнеркәсіп өнімі жылына орта есеппен 3,7 %-ға өсіп, 1991 ж. салыстырғанда өнеркәсіптің кұлдырауы 52 %-дан 42 %-ға кысқарды. 1991 ж. салыстырғанда 2000 ж. өнеркәсіп өнімінің индексі 58,1 %-ға тең болды.



1

1-сур. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің нақты өнімі көлемінің индексі, 1991-2003 жж.

1991- 1995 жж. аралығында Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында өнеркәсіптің өсу қарқыны төмендеді (1 сурет).

Соңғы жылдарда өнеркәсіп өнімдерінің өсуі (2000-2003) барлық облыстарда байқалды. Ал, 8 облыста республикалық өсу қарқынынан жоғары тұрса, Қарағанды облысы республикалық деңгеймен сәйкес келеді. Дегенмен, 1991 ж. өнеркәсіп үлесі деңгейінен 2000 жылдан бастап Қызылорда облысы ғана асып түсті (1,4 есе), Атырау облысы (97,7%) 1991 ж. деңгейге жақындаса, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өнеркәсіп өнімінің көлемі 1991 ж. көлеміне жетпесе де, 1997 ж. бастап өткен жылмен салыстырғанда басым деңгейді көрсетеді.

Дүние жүзі шаруашылығы бойынша өндірістің әлеуметтік және халыққа қызмет ету салаларының орналасу факторлары құрылымдық 4 сектор бойынша жүргізіледі (4-кесте).

4-кесте


Дүние жүзі шаруашылығынын қүрылымы (географиялык орналасу факторларын анықтаудын негізі)

Бірінші сектор

Екінші сектор

Үшінші сектор

Төртінші сектор

Ауыл шаруашылығы Орман шаруашылығы Балық шаруашылығы Табиғат ресурстарын өндіру және байыту

Өнеркәсіп және құрылыс

Көлік, сауда, каржы-салык жүйесі, халыққа қызмет көрсету салалары

Ғылым, басқару және акпараттық қызмет көрсету

Ғылыми оқулықтарды өндіргіш күштерін орналастыру факторлары деген концепцияға мынадай анықтамалар беріліп жүр. «Орналастыру факторы деп өндірістік өнімдерді шығаруға, әр түрлі тұрмыстық қызмет жасауға, яғни, жалпы шаруашылықтың дамуына әсер ететін әр түрлі жағдайларды және оның территориялық ерекшеліктерін айтамыз».


жүктеу 2,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау