В статье рассматриваются особенности развития и размещения предприятий цветной металлургии Центрального Казахстана



жүктеу 201,17 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі201,17 Kb.
#6685

Досмахов, С. М.

Өнеркәсіпті өңірдегі экологиялық ахуал және оның географиялық аспектілері [Текст] / С. М. Досмахов // Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы. Биология.Медицина.География сер.= Вестник КарГУ.Сер.биология... . - 2009. - №3 . - С. 78-82 б.
В статье рассматриваются особенности развития и размещения предприятий цветной металлургии Центрального Казахстана. На примере Жезказганского медеплавильного завода, показано влияние предприятия на экологическую ситуацию в регионе, проблемы и пути решения экологических проблем.

Peculiarities of development and distribution of non-ferrous metallurgy of Central Kazakhstan are considered in this article as an example Jezkazgan copper factory and its influence to the ecological situation in the region are researched. Ways of decision are proposed.

Қазақстан халық шаруашылығының индустрияландыру деңгейін анықтау ел экономикасының нақтылығы мен даму болашағын, оның қазіргі əлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін айқындайтын басты фактор болып табылады. Нарықтық қайта құру кезеңінде Қазақстан өнеркəсіп өндірісінің құрылымында елеулі өзгерістер туындап, отын өнеркəсібі, оның ішінде мұнай-газ саласы, қара жəне түсті металлургия өнеркəсіптерінің үлесі арта бастады. Қазақстан — минералды шикізат, отын-энергетикалық ресурстары, қара жəне түсті металл кендері, құнды жəне сирек кездесетін металл қорлары мол, сондай-ақ өндірген өнімдердің негізгі бөлімін шетелдерге шығаруға бағыттайтын тау-кен өнеркəсібі дамыған мемлекет. Өнеркəсіп салаларының құрылымын қайта құру — экономикалық өсудің деңгейіне қарай өзгеріп отыратын маңызды үрдіс. Осы экономикалық жəне ғылыми-техникалық артықшылықтарды қалыптастыру еліміздің əлемдік шаруашылық қажеттілігі мен шарттарын өзгертуге мүмкіндік береді.

Шаруашылық салаларының дамуымен бір мезгілде еліміздің өндіріс салаларында қалыптасқан бірқатар экологиялық мəселелер де бар. Адамның табиғи процестерге өте үлкен көлемде араласуының əсерінен өткен ғасырдың 40–50-ші жылдардың ортасынан бастап «экологиялық» деп аталатын проблемалар өткірлене түсті. Бұл проблема біздің республикамызда да кең етек алуда.

Өткен ғасырдың басынан бастап 80 жыл ішінде жер қойнауынан өндірілген пайдалы қазбалардың мөлшері палеолит өркениетінен бергі өндірілген пайдалы қазбалардан əлдеқайда көп. Дүние жүзінде минералды шикізатқа сұраныс жылдан жылға өсіп келеді.Шикізатқа деген сұраныстың өсуі көптеген күрделі экономикалық, экологиялық мəселелерді u1090 туындатады. Өнеркəсіп дамуының мысалы ретінде қарастырылып отырған Қарағанды жəне Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс істеп жатқан негізгі қызметі кен өндіру мен өңдеу жəне түсті металл өндірісі болып табылатын «Қазақмыс» корпорациясының құрамында 8 жерасты жəне 5 ашық карьер, 7 байыту фабрикасы, 3 мыс қорыту зауыты, құю-механикалық зауыты, кен шахта жабдықтар зауыты, 2 көмір разрезі, Балқаш жəне Жезқазған жылу электр орталықтары жəне 1 ГРЭС бар. «Қазақмыс» АҚ дүние жүзі бойынша алдыңғы ондық компанияның қатарында. «Қазақмыс» АҚ 2007 жылы 40 млн. т мыс кенін, 7 млн.т — көмір, 381,2 мың т — мыс катодын, 35,7 мың т — мыс катанкасын, 389,9 мың т — шақпақталған мыс, 45,2 мың т — мырыш, 4500 кг құйма алтын, 638 т күміс өндірген. Өндіріс өнімдерінің 90 % шет елдерге жіберіледі. «Қазақмыс» корпорациясының Қарағанды облысында орналасқан 33

кəсіпорынның 25-і экологиялық жағынан біршама таза болып табылады, яғни олардың атмосфераға тарататын зиянды заттардың мөлшері белгіленген нормативті мөлшерден аспайды [1–8].

Жезқазған мыс қорыту зауыты қауіптіліктің екінші тобына жатады. 200 метрлік мұнарадан шығарылатын газдардың мөлшері 1192000 мм/сағ құрайды. Жезқазған қаласындағы ауаны ластаудың басты көзі — өнеркəсіп орындары. Бірақ қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттар мен улы қалдықтарды шығару көлемі мұндағы өндіріс салаларының технологиялық жабдықталуының деңгейіне қарай əр түрлі кəсіпорындарда əр түрлі дəрежеде болып келеді. Осы кəсіпорындардың ішінде атмосфераға улы қалдықтар шығару көлемі жөнінен алғашқы орында «Жезқазған мыс қорыту зауыты» алады (кесте жəне сур. қара).


Жезқазған мыс қорыту зауыты, ЖЭО жəне автокөлік үлесінде жекелеген

кəсіпорындар бойынша ауаны ластаушы заттар шығару көлемі (т.г есебімен)





Атмосфераны ластаудың басым бөлігін газ тəріздес заттар құрайды, немесе жалпы ластаудың 96 %-зы, жəне оның ішінде күкірт ангидридінің көлемі 46 %-ға тең. «Қазақмыс» АҚ кəсіпорыны Жезқазған қаласының əуе бассейнін айтарлықтай ластайды. Есептеулер бойынша, соңғы жылдары жылына атмосфераға қатты заттар шығару көлемі 3,5 %-ды, газ тəрізді заттар шығару 66,5 %-ды жəне шаң тəріздес заттарды шығару көлемі 30 %-ды құрайды.

Жезқазған кен-байыту фабрикасы Жезқазған кен орындарындағы мыс рудаларын өзінде байыту, қайта өңдеу өндірістерін біріктіріп, Жезқазған мыс қорыту зауытына мыс концентраттарын жеткізуді қамтиды. Бұл кəсіпорынның атмосфераны негізгі ластаушы заттары тау жыныстарын əр түрлі ұсақтау сатысында пайда болған шаң-тозаңдар мен мыс шикізаттарын тиеу, тасымалдау кезінде пайда болатын шаң-тозаңның көлемі жоғары болып келеді. Бұған газ тəрізді күйіндегі күкірт сутегі, күкірт көміртегі жəне руда байыту кезіндегі күкірт қышқыл буының да əсері зор. «Қазақмыс» АҚ-дағы байыту фабрикасының басты ластау көздерінің ішінде шаң-тозаң — 11,5%, күкірт сутегі мен жоғарғы спирт — 19 %, күкірт қышқылы 2,9% құрайды.

Жезқазған мыс қорыту зауытында əр түрлі сатыдағы мыс концентраттарын қайта өңдеу жəне балқыту жəне мысты электролиздеу жүргізіледі. Осы зауыттың əуе қабатына шығаратын ластаушы заттарына шаң-тозаң қалдықтары, күкірт ангидриді, көмірсутегі тотығы, күкірт қышқылы булары т.б. шығарылады. Мыс зауытының шаң-тозаң мен улы заттар шығару көлемі мынадай: шаң-тозаңның — 27,2 %-і, күкіртті ангидридтің — 19,9, көмірсутегі тотығының — 16 жəне күкірт қышқылы буының 37%-ін шығарады. Дегенмен, 1997 жылдан бастап Жезқазған мыс қорыту зауыты күкірт қышқылын нейтралдау күкіртті ангидрид көлемін біршама төмендете бастады, алайда қорғасын мен мышьяктың ластану мөлшері жоғарылады.

Кəсіпорындағы улы заттың басым бөлігі электролиздеу цехының үлесінде. Жезқазған ЖЭО-ы ауа қабатын ластауда ластаушы заттардың 15–20%-ын шығарады. Мұнда газ тəріздес жəне шаң-тозаң көлемі шамамен тең көлемде. Ластаудағы негізгі көздер отынды шектеп тыс көлемде пайдаланады, мұнда жылына 750000 т көмір жəне шамамен 36000 т мазут айдаланылады. Отынды жағу процесінде мынадай заттар пайда болады: күл, оның отынға пайдаланудан қалғаны 17 %-ын құрайды, азот тотығы жəне күкіртті ангидридті шығару көлемі де əлдеқайда жоғары. Бұл аймақтағы, əсіресе Сəтпаев қаласы маңында ауа қабатын ластауда автокөліктің үлесі жоғары, себебі мұнда көп тонналық карьерлік автокөліктер үлесі жоғары жəне олар жобамен əуе қабатын 30%-ға жуық ластайды деп есептелінген.

Автокөліктің ауа қабатына зиянды заттарды шығару көлеміде басым: көмірсутегі, қорғасын қоспасы, көмірсутегі тотығы жəне азот көп. Олай болса, аймақтың əуе қабатының жағымсыз жақтарының кері əсерлерін төмендету жолдарына мыналарды жатқызуға болады:

− бұрынғы, ескірген жəне техникалық жарамсыз деп табылған құрал-жабдықтарды айырбастау жəне оның экологиялық тиімділігін қарастыру;

− тау жыныстарының үгіту, ұсақтау кезінде шаң-тозаңды ұстап қалу қондырғыларын жетілдіру;

− жекелеген кəсіпорындар жанынан жақын жерлерде ағаш көшеттерін көптеп отырғызу жəне көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.

Кеңгір су қоймасы — Жезқазған аймағы шаруашылығын жəне өнеркəсіпті сумен қамтамасыз етудегі негізгі су көзі. Тиімсіз пайдалану салдарынан су қоймаларында су деңгейінің (қысқартылып) төмендеуімен бірге, судың құрамы өзгеруде. Су қоймаларындағы су сапасының төмендеуіне кері əсерін тигізуші кəсіпорын — ЖЖЭО-ы, байыту фабрикасындағы пайдаланылған қалдық сулар, мыс зауыты қалдық сулары мен құс фабрикасында пайдаланылған қалдық сулардың су қоймасына түсуі.

Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының су пайдалану қажеттілігі аса үлкен көлемде.

Оның ішінде өндіріс қажеттілігіне 1698 мың текше м су қажет болса, шаруашылық қажеттілігіне — 1632 мың текше м су, байыту фабрикаларына концентратпен түсетін су 4443 мың текше метр су құрайды.

Жезқазған мыс қорыту зауытында пайдаланылған ағын сулар 1000,600 мм-лік құбырлар арқылы дəлдік жүйемен басты насостық станция арқылы арнайы су қоймасына түседі жəне мұнда толық жасанды биологиялық тазартулар жүргізіледі.

Өнеркəсіптік ағынды суды тазалау түрі — əктасты сүт арқылы суды нейтралдау. Электролиз цехынан шыққан өндірістік сулар арнаулы қоймаларға құйылады жəне оны мұқиятты түрде тазалайды. Бұлардан басқа Кеңгір су қоймасына Қара Кенгір өзені арқылы мал шаруашылығы фермаларынан жəне ауылшаруашылығы нысаналарынан санитарлық деңгейдегі күл-қоқысты материалдар да түседі.

Су қоймасындағы судың сапалылығы су құрамындағы мыс, фенол, мұнай өнімдері көлемі жоғарылығы себебінен су ластануының 5-ші тобына жатады. Қазіргі кезде суды жолай шаруашылық пайдаланудың ұлғаюына байланысты, су қоймасындағы судың деңгейі де күрт төмендеуде жəне де суды суғару маусымында жансаялар мен бау-бақша, егістікке есесіз пайдалануда судың өте үлкен мөлшері кетеді. Осыған сəйкес су аймақтағы су көздерін ластауын азайту немесе төмендегі шараларды жүргізуге болады:

− пайдаланылған суды тазарту арқылы өндіріс саласына қайта пайдалану;

− суды тазалау технологиясын жетілдіру;

− биохимиялық тазалауды сапалы түрде жүргізу;

− су құрамындағы улы, зиянды заттарды толықтай тазарту.

Осындай шараларды кешенді түрде жүргізгенде су қоймасы мен аймақтағы өзен суларының экологиялық жағдайын дұрыс қалыптастыруға болады деп есептейміз.

Жезқазған аймағының топырағы негізінен қоңыр жəне көбінесе шөлді, сортаңды болып келеді.

Механикалық құрамы сазды жəне ауыр құм сазды. Жезқазған мен Сəтпаев қалалары маңының топырағы құрамында геохимиялық фоны жоғарлылығымен сипатталатын барий, бор, кобальт, мыс, молибден, мышьяк, қалайы, қорғасын бары екендігі анықталынды. Топырақ қабатындағы 27 элементтің де өзінің басты деңгейінен біршама жоғары екендігі байқалды. Бұл үшін өңдеу технологиясымен тасымалдау техникаларының жетілдіруін арттыру қажет. «Қазақмыс» корпорациясы жыл сайын өндіріске қоршаған ортаны қорғауға арналған іс-шараларға айтарлықтай ірі көлемде инвестиция салуда. Сондай ірі жобалардың бірі 30 жылдан астам уақыттан бері үздіксіз жұмыс істеп тұрған Жезқазған мыс қорыту зауытының технологиясын қайта жаңғырту жоспары болып отыр. Соның ішінде қоршаған ортаға зиянды газдарды таратуға басты себепкер, металлургия өндірісіндегі негізгі ірі құрлымдардың бірі, күкірт қышқылы цехының технологиясы тұтастай жаңартылмақшы. Қазірде технологиялық құжаттарды негіздеу жұмыстары қолға алынып, цехты қайта жаңғыртудың жобасын толық бітіру шаралары белгіленді.

Екі кезеңнен тұратын технологиялық жаңартудың негізгі жұмыстары төрт жылдың ішінде аяқталмақшы. Бұл жоба жүзеге асырылған кезде ayaға таралатын газды тұтып қалу 99 %-ға дейін жетеді. Сонда зауыт мұржасынан будақтап шығып тұрған қазіргідей түтінді көрмейтін боламыз. Польшадағы мыс комбинатының газды өңдеу технологиясы арқасында олардың мұржаларынан түтін бұрқырап тұрғанын көрмейсіз. Жылына 450 мың т мыс өндіретін комбинаттың жұмыс жағдайлары тəртіпке сай. Шикізаттары да біздегі кеннің сипатына тəн. Экологияға деген талаптары күшті. Олардың ayaға таралатын жылдық газ қалдықтарының мөлшері біздің бір аптада шығарып жатқанымызға тең екен. Өскемендегі «Қазмырыш» комбинаты Польша өндірісінің технологиясын сəтімен енгізіпті. Соның нəтижесінде бұл кəсіпорындар ayaға таралатын қалдықтарды мың есе азайтып отыр. Осылардың барлығын көріп, сараптай келе, «Жезқазғантүстімет» күкірт қышқылы цехының газды жуып-шaю бөлімшесінде поляктардың технологиясын, ал газды өңдеу бөлімшесіне сулы катализдеу процесін қамтамасыз eтeтін Данияның «Хальдор Топес» фирмасының технологиясын енгізетін болды.

Тоқтаусыз өнім өндіріп, жұмыс істеп тұрғанына 30 жылдан асқан зауыт цехтарындағы қай жабдық болмасын тозып тұр. Белгіленген норматив бойынша 15–20 жыл пайдалануға тиіс екен.

Алдағы 2008–2009 жылдары Жезқазған өңірінде сырт жерлерден де əкелінетін концентраттар көбейетін түрі бар. Ол кен жетектерінің құрамында күкірт көп көрінеді. Соған сəйкес газ да көбейеді.

Қазір жезқазғандықтар жел зауыт жақтан шыққанда қала ішін улы газдың буып тұратынын жиі сезеді. Осыдан оншақты жыл бұрын жағдай дəл мұндай болмайтын. Ескірген технология мен құрамы күрделі шикізаттарды өңдеу осындай ахуалға əкелсе керек.

Олай болса, аймақтың ауа қабатының жағымсыз жақтарының кері əсерлерін төмендету жағдайларына мыналарды жатқызуға болады:

− өнеркəсіпте ескірген жəне технологиялық жарамсыз деп табылатын құрал-жабдықтарды айырбастау жəне оның экологиялық өнімділігін қарастыру;

− өндірістік үрдісте тау жыныстарын үгіту, ұсақтау кезінде шаң-тозаңды ұстап қалу қондырғыларын жетілдіру;

− жекелеген кəсіпорындар жанынан жақын жерлерде ағаш көшеттерін көптеп отырғызу жəне көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.

Егерде осындай жəне тағы басқа да қосымша жұмыстарды жүргізсе, аймақтың атмосфера қабығы біршама түзелер еді.

Еліміздің экологиялық қауiпсiздiгін қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары экономиканы, заңнаманы жəне қоғамды экологияландыру болып табылады.

Экономиканы экологияландыру өндiрiстiң табиғат қажеттiлiгiн азайту жəне заттар мен энергия алмасуының биосфералық процестерiне экономиканың əсерiн азайту нəтижесінде тұрақты экологиялық бағытты ұстану арқылы табиғатты пайдалануды қамтамасыз етуде жəне ресурстық экологиялық тепе-теңдiктi сақтауда маңызды орынға ие болады.

Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру үшiн pecуpc үнемдейтiн технологияларды дамыту жəне экологиялық «лас» өндiрiстiң үлесiн азайту, табиғатты пайдаланудың, мемлекеттiк экологиялық бақылаудың, экологиялық мониторингтiң жəне табиғатты пайдаланудың экологиялық сараптамасын рұқсат ету жүйесiн оңтайландырудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру арқылы барлық əзiрленетiн мемлекеттiк, өңiрлiк жəне салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгiзу қажет.



Табиғатты пайдаланудағы жаңа экономикалық тетiктер баға белгiлеу жүйесiне экологиялық сипаттамаларды енгiзудi, табиғат пайдаланудың ақылық жүйесiн жетiлдiрудi жəне мiндеттi экологиялық сақтандыруды көздейдi.
жүктеу 201,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау