Көкпекті ауданы әкімдігінің қаулысы
2015 жылғы 10 шілде № 165
Азаматтық қызметшілері болып табылатын
және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және
ветеринария,саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының31 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.
2. Тізбе келісуге Көкпекті аудандық мәслихатына ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Алмагуль Жанахметовна Акимоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Сагандыков
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Беспаев
«14» шілде 2015 жыл
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 4 тамызда № 4083 болып енгізілді
Көкпекті ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 10 тамыздығы
№ 165 қаулысына
№ 1 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі
1.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мен басшының орынбасары, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі және күндіз келу бөлімінің меңгерушісі.
2.Мамандар (бас, аға), оның ішінде барлық мамандықтар дәрігерлері, емдеу-дене шынықтыру кабинетінің нұсқаушысы, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, медициналық бике, психолог, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, жұмыспен қамту орталығы (қызметі) құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметші, бухгалтер.
3.Педагогикалық қызметшілер және соларға теңестірілген адамдар, оның ішінде барлық мамандықтар мұғалімдері, мұғалім-дефектолог, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы, әдіскер, музыкалық жетекші, психолог мұғалімі.
Көкпекті ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 165 қаулысына
№ 2 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын (әкімшіліктік шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарын қоспағанда), орталық, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, лагерь бастығы, оның ішінде: кітапхана, интернат, шеберхана, өндіріс, кабинет, оқу - өндірістік пункт, әдістемелік кабинет меңгерушісі.
2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандық мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, аға шебер, шебер, аға тәлімгер, оқытушы, концертмейстер, әдістемеші, көркем жетекші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әлеуметтік педагог, педагог–ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, педагог–психолог, логопед-мұғалімі, дефектолог мұғалімі, бастауыш әскери дайындықтың оқытушы–ұйымдастырушысы, аккомпаниатор, зертханашы (физика, химия, биология, информатика кабинеттері).
3. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: кітапханашы, тәлімгер, хореограф, нұсқаушы, әдіскер, жаттықтырушы, бухгалтер.
Көкпекті ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 165 қаулысына
№ 3 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Мәдениет саласы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорынның басшылары («Аудандық орталық кітапхана» мемлекеттік мекемесінің, аудандық «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директорлары).
2. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: клуб меңгерушісі, мәдени шараны ұйымдастырушылар, көркемдік жетекшілер,әртістер, бишілер (хореограф), музыкалық оператор, кітапханашылар, суретші, клуб жөніндегі маман,экскурсия жетекшісі, музыканттар, қоюшы-режиссер, үйірме жетекшісі,костюмер, инспектор, менеджер, бухгалтер.
Көкпекті ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 165 қаулысына
№ 4 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесiнiң ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi
1. Директор;
2. Директордың орынбасары;
3. Ветеринарлық пункт меңгерушісі;
4. Мал дәрігері;
5. Мал фельдшері;
6. Бухгалтер.
Достарыңызбен бөлісу: |