Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


-тарау. Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңының аумағында, теңізде немесе ішкі су айдындарының түбі мен жағажай аймағында көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу ерекшеліктері



жүктеу 2,92 Mb.
бет15/22
Дата14.05.2018
өлшемі2,92 Mb.
#12458
түріКодекс
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

25-тарау. Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңының аумағында, теңізде немесе ішкі су айдындарының түбі мен жағажай аймағында көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу ерекшеліктері




  1. Теңізде, ішкі су айдындарында және жағажай аймағында көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізудің жалпы шарттары


1. Теңіз ретінде Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы саналады.

2. Жағажай аймағы ретінде теңіз қасында орналасқан, теңіздегі мұнайдың төгілуі таралуы мүмкін құрлықтың бөлігі саналады.

3. Теңіз нысандары ретінде жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар, қондырғылар, құбыр желілері және теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру кезінде пайдаланылатын басқа нысандар саналады.

4. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді іске асыратын жер қойнауын пайдаланушылар теңіздегі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ең жақсы тәжірибені басшылыққа алуға, теңіздегі кеме қатынасына, балық аулауға және теңіздің нақты учаскесінде әдетте іске асырылатын басқа да заңды қызметке бөгет жасамауға және зиян келтірмеуге міндетті.

5. Теңізде көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын берудің міндетті шарты ұлттық компанияның келісімшарты бойынша жер қойнауын пайдаланушы ретінде кем дегенде елу пайыз мөлшерінде үлестік қатысу болып табылады.

6. Қоршаған ортаға кері әсерді барынша төмендету мақсатында теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді іске асыратын жер қойнауын пайдаланушылар теңіз нысандарын пайдалану жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыра алады.

7. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді іске асыратын жер қойнауын пайдаланушы зиянның еңсерілмейтін күш немесе зардап шеккеннің қаскөйлігі салдарынан пайда болғандығын дәлелдемесе, кінәнің бар-жоғына қарамастан, теңізде көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдалану бойынша жүргізілетін операциялардың нәтижесінде қоршаған ортаға, жеке және (немесе) заңды тұлғаларға келтірілген зиян үшін жауапкершілік көтереді.

8. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді іске асыратын жер қойнауын пайдаланушы өзінің теңіз нысандарында инспекцияларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай инспекцияларды жүргізуге өкілеттігі бар мемлекеттік органдардың өкілдерін құрлықтан өз есебінен тасымалдауды ұйымдастыруға міндетті,

Мемлекеттік органдар өкілдерінің теңіз нысандарында инспекцияларды жүргізуі мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте іске асырылады және жер қойнауын пайдаланушының қалыпты қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.

9. Теңізде көмірсутектерді барлауды іске асыратын жер қойнауын пайдаланушы барлау аумағында барлық қажетті геофизикалық және сейсмикалық зерттеулер жүргізілген жағдайда ғана іздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауға кірісуге құқылы.

10. Осыдан бұрын бұрғыланған ұңғыма бақылаудан шыққан кезде тұншықтыратын ұңғыманы бұрғылауды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған ұңғымаларды бұрғылау жобасында қарастырылған іздеу, барлау, игерім немесе басқа ұңғыманы бұрғылау, осындай ұңғыманы бақылауға алудың басқа әдістерін қалыптасқан жағдайларда пайдалану тиімсіз болса, тыйым салынады.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы осындай тұншықтыратын ұңғыманы бұрғылау туралы шешімді қабылдауға әсер еткен нақты жағдайлар мен себептерді көрсете отырып, қисынды мерзім ішінде құзыретті органға осындай тұншықтыратын ұңғыманы бұрғылаудың басталуы туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

11. Сақтандыру аймағының шегінде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді іске асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды су деңгейі көтерілген жағдайда теңіздің ластануын болдырмайтындай жүргізуге міндетті.

12. Ішкі су айдындарында және жағажай аймағында көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға теңізде көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар үшін белгіленген осы Кодекстің ережелері қолданылады.

13. Осы баптың 5 және 6 тармақтарының талаптары теңізде мұнайдың төгілу қаупімен байланысты қызметті іске асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

  1. Теңізде және ішкі су айдындарында және жанасатын құрлықта мұнайдың төгілуін жою жөніндегі әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі


1. Теңізде мұнай төгілуін жоятын ресурстар ретінде персонал, кемелер, жабдықтар, химиялық заттар және теңізде мұнайдың төгілуін жою кезінде пайдаланылатын басқа материалдар саналады.

2. Теңізде мұнайдың төгілуі үш деңгейге бөлінеді:

1) бірінші деңгей – теңіз нысанындағы ресурстармен жоюға болатын мұнайдың болмашы төгілуі;

2) екінші деңгей – жою үшін теңіз нысанының ресурстары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының жергілікті жағажай қызметтерінің немесе ол шарт негізінде қатыстырған теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандырылған ұйымның ресурстары қажет болатын мұнайдың орташа төгілуі;

3) үшінші деңгей – жою үшін теңіз нысанының, жергілікті жағажай қызметтерінің, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою жөніндегі халықаралық мамандандырылған ұйымдардың ресурстары талап етілетін мұнайдың көп төгілуі.

3. Теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі:

1) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін Теңізде, ішкі су айдындарында және жағажай аймағында мұнайдың төгілуін жою жөніндегі Қазақстан Республикасының әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарын (Ұлттық жоспар);

2) Ұлттық жоспардың негізінде әзірленетін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша тиісті облыстардың жергілікті атқару органдары бекітетін облыстардың теңізде, ішкі су айдындарында және жағажай аймағында мұнайдың төгілуін жою жөніндегі әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің аумақтық жоспарларын (аумақтық жоспарлар);

3) теңізде, ішкі су айдындарында және жағажай аймағында мұнайдың төгілуін жою жөніндегі әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің бойынша теңіз нысандарының жоспарларын (теңіз нысандарының жоспарлары) қамтиды.

4. Ұлттық жоспардың іске асырылуына жауапты мемлекеттік органдар:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі – халықаралық көмекті сұрау және Қазақстан Республикасына өтініш жасалғанда халықаралық шарттарға сәйкес көмек көрсету туралы шешім қабылдау бөлігінде;

2) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган – мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті қамтамасыз ету үшін;

3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – мұнайдың төгілі туралы ақпаратты алу және беру үшін, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-қимылдар үшін.

5. Теңіз нысанының жоспары Ұлттық жоспардың, тиісті облыстың аумақтық жоспары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы орындаған тәуекелдерді бағалау негізінде әзірленеді және қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау салаларындағы уәкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерімен келісуге жатады.

Қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау салаларындағы уәкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің теңіз нысанының жоспарын келісу мерзімі жер қойнауын пайдаланушы өтініш берген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

6. Жер қойнауын пайдаланушы теңіз нысанының жоспарын қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау салаларындағы уәкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерімен келіскеннен кейін бекітеді және бекіткен соң үш жұмыс күні ішінде мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға хабарландыру тәртібінде жібереді.

7. Тиісті облыстың аумақтық жоспары мына жағдайларда қолданысқа енгізіледі:

1) мұнайдың төгілуі екінші деңгейге жеткенде және оны жою үшін жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) ол қатыстырған теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандырылған ұйымның ресурстары жеткіліксіз болғанда;

2) мұнайдың төгілуі екінші деңгейге жетпегенде, бірақ Каспий теңізінің қорықтық аймағының ластануына қауіп төндіріп тұрса;

3) мұнайдың төгілуі іргелес облыстың аумағына тарала бастаған жағдайда.

8. Ұлттық жоспар мына жағдайларда қолданысқа енгізіледі:

1) мұнайдың төгілуі үшінші деңгейге жетпегенде және үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою үшін халықаралық ресурстардың келуін ұйымдастыруға септесу қажет болғанда;

2) мұнайдың төгілуі үшінші деңгейге жетпегенде, бірақ Каспий теңізінің қорықтық аймағының ластануына қауіп төндіріп тұрса;

3) мұнайдың төгілуі іргелес мемлекеттің аумағына тарала бастаған жағдайда.

9. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-қимылдардың жетекшісі:

1) бірінші деңгейдегі мұнайдың төгілуі кезінде – жер қойнауын пайдаланушы немесе ол қатыстыратын теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандырылған ұйым;

2) екінші деңгейдегі мұнайдың төгілуі кезінде:

тиісті облыстың аумақтық жоспары қолданысқа енгізілгенге дейін – жер қойнауын пайдаланушы немесе ол қатыстыратын теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандырылған ұйым;

тиісті облыстың аумақтық жоспарына сәйкес – облыс Әкімі тағайындаған лауазымды тұлға;

3) үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуі кезінде – ҚР Премьер-Министрі тағайындаған азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы.

Ұлттық жоспардың шеңберінде үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуі кезінде консультациялық-кеңесші органның функциялары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға жүктеледі.

10. Осы баптың талаптары нысандарына 1978 Хаттамамен өзгертілген Кемелерден ластанудың алдын алу туралы 1973 жылғы халықаралық конвенцияның (МАРПОЛ 73/78) қолданысы таралатын тұлғаларды қоспағанда, теңізде мұнай төгілу тәуекелімен байланысты қызметті іске асыратын жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.



  1. Теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз ету


1. Теңізде көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды:

1) мұнайдың төгілу тәуекелдерін бағалаусыз;

2) бекітілген теңіз нысанының жоспарынсыз;

3) мұнайдың төгілу көзін бұлжытпай оқшаулау үшін өзінің жеке немесе шарт негізінде тартылатын персоналсыз, жабдықтар мен материалдарсыз;

4) осы баптың 2 және 3 тармақтарында көзделген шарттарды орындамай жүргізуге тыйым салынады.

2. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді іске асыратын жер қойнауын пайдаланушы:

1) теңізде бірінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою үшін – теңіз нысанында немесе отыз минуттық қол жеткізу шегінде осындай мұнай төгілуін толық жою үшін қажетті ресурстарға ие болуға;

2) теңізде екінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою үшін:

теңіз нысанында немесе отыз минуттық қол жеткізу шегінде жергілікті жағажай қызметтері келгенше жеткілікті болатын көлемде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ресурстарға ие болуға;

қажеттілік болса, жергілікті жағажай қызметтері ресурстарының келуін қамтамасыз етуге міндетті.

Бірінші және екінші деңгейлердегі мұнайдың төгілуін жоюға қажетті өз жеке ресурстары, сондай-ақ жеке жергілікті жағажай қызметі болмаған жағдайда, теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді іске асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандырылған ұйымменн шарт жасасуға міндетті. Қажеттілік болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы басқа жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған мұнайдың төгілуін жою кезіндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімдердің шеңберінде қосымша ресурстарды тартуға құқылы.

Мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстардың нормативтерін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

3. Теңізде үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою үшін теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді іске асыратын жер қойнауын пайдаланушы халықаралық беделі, білікті персоналы және тиісті жабдығы бар теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі халықаралық мамандырылған ұйыммен шарт жасасуға міндетті.

4. Теңізде мұнайдың төгілуі анықталған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау салаларындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелеріне дереу хабарлауға міндетті.

5. Теңізде мұнайдың төгілуін жою кезінде жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде адам өмірін және қоршаған ортаны барынша қорғауға бағытталған әдістерге артықшылық беру қажет. Теңізде мұнай төгілуін жоюдың әдістерін анықтау тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

6. Мұнайдың төгілу көзін оқшаулау және теңізде мұнайдың төгілуін жою, апаттардың, оқиғалардың себептерін тергеу жөніндегі іс-шаралар өткізілген соң, жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға және қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау салаларындағы уәкілетті органдарға атқарылған жұмыс туралы есеп ұсынады.

7. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді іске асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңізде мұнайдың төгілуі нәтижесінде қоршаған орта мен үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды, сондай-ақ теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мемлекет шығындарын толық көлемде өтеуге міндетті.

8. Осы баптың талаптары нысандарына 1978 Хаттамамен өзгертілген Кемелерден ластанудың алдын алу туралы 1973 жылғы халықаралық конвенцияның (МАРПОЛ 73/78) қолданысы таралатын тұлғаларды қоспағанда, теңізде мұнай төгілу тәуекелімен байланысты қызметті іске асыратын жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.



  1. Теңіз нысандарын құру және пайдалану


1. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игерудің технологиялық сызбасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау мен сақтауды қамтамасыз ету шартымен теңіз нысандарын құруға және пайдалануға жол беріледі.

Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатымен теңіз нысандарын құруға және пайдалануға жол беріледі.

2. Теңіз нысандарының айналасында олардың сыртқы шетінің әрбір нүктесінен бес жүз метр қашықтыққа жайылған қауіпсіздік аймақтары орнатылады. Теңіз нысандары, сондай-ақ оларды қоршайтын қауіпсіздік аймақтары халықаралық кеме қатынасы мен балық аулау ісі үшін өте маңызды қарапайым теңіз жолдарында кедергі бола алмайтын орындарда орналастырылады.

3. Теңіз нысандарын күтіп ұстау мен пайдалану үшін жауапты тұлғалар мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес олардың күзетілуін, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы ескертетін тиісті құралдардың бар болуын қамтамасыз етуге тиіс.

4. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізілген кезде теңіз нысандарын пайдалану аяқталған соң, осы теңіз нысандарын шаруашылық және басқа мақсаттарда пайдалануға болмайтын жағдайда, оларды адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтіндей, кеме қатынасына немесе балық аулау ісіне кедергі келтірмейтіндей демонтаждау қажет.

5. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру кезінде пайдаланылатын теңіз нысандарын құру, пайдалану және қолдану мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.



  1. Теңізде мұнай қоймалары мен сұйыққоймаларын салуға және пайдалануға тыйым салу


1. Теңізде мұнай қоймалары мен сұйыққоймаларын салуға және пайдалануға тыйым салынады.

2. Мұнайды танкерлермен теңіздегі құрылыстардан тікелей тасымалдау кезінде осындай мұнайдың уақытша сақталуын қоспағанда (күнтізбелік жиырма күннен артық емес), теңіздегі құрылыстарда мұнайды сақтауға және қаттауға тыйым салынады.



  1. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде қалдықтарды тастауға және көмуге тыйым салу


1. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде теңіз түбіне қалдықтарды тастауға және көмуге тыйым салынады.

2. Өндірістік және басқа да ағынды суларды теңізге төгу, оларды белгіленген нормативтерге дейін тазарту шартымен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның рұқсатымен және бақылауымен ғана іске асырылады.




жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау