Кодекс этики и поведения



жүктеу 475,23 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.11.2018
өлшемі475,23 Kb.
#22735
түріКодекс


 

 

Бекіткен

 

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесі 



«Кселл» АҚ Этика және тәртіп кодексі 

 

Жалпыға ортақ құжат 

 

Күні                                                 Бет. 

2013-05-21                         1 (6)

 

 

Этика және тәртіп кодексі – Қазақ тілі 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Кселл Этика және тәртіп кодексі 

 

«Кселл» АҚ осы Кодексте бекітілген ұстанымдарды қабылдады. Біз әр қызметкерден 

күнделікті  жұмысында  бизнесті  жүргізу  әдісі  ретіндегі  осы  Кодекске  жүгінетінін 

күтеміз.  Біз  сондай-ақ  «Кселл»    АҚ  үлесі  бар  компанияларда  осы  Кодекс 

ұстанымдарын ендірмекпіз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

Бекіткен

 

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесі 



«Кселл» АҚ Этика және тәртіп кодексі 

 

Жалпыға ортақ құжат 

 

Күні                                                 Бет. 

2013-05-21                         2 (6)

 

 

Этика және тәртіп кодексі – Қазақ тілі 



 

1. 

БІЗДІҢ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР — ДАМУ НЕГІЗІ 

«Кселл»  АҚ  (бұдан  былай  -  Кселл)  телекоммуникациялық  қызметтердің  жетекші 

жабдықтаушысы  ретінде  біз  жұмыс  істейтін  нарықтарда  әлеуметтік  және  экономикалық 

инфрақұрылымдардың маңызды бөлігі болып табылады. Біз Біз адамдар мен компанияларға 

кез келген уақытта және кез келген жерде қоршаған ортаға қауіпсіз жолмен қарапайым, тиімді 

қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін қызмет көрсетеміз.  

 

Біздің мақсатымыз  – жоғары сапалы қызмет көрсететін және желілермен қамтамасыз ететін 



әлемдік  деңгейдегі  қызмет  компаниясы  атану.  Біздің  күнделікті  жұмысымыздың  негізін 

қалыптастыратын  ортақ  құндылықтарымыз  –  “Құндылықтарды  арттыру”,  “Құрмет  көрсету” 

және “Нәтижеге қол жеткізу”.   

 

Құндылықтарды арттыру 

Клиентке  баса  назар  аудару  мен  бизнеске  ден  қою  құндылықтарды  арттыру  кілті  болып 

табылады.  Біз  дәстүрлі  түрде  жаңашылдар  мен  алғаш  жүріп  өтушілер  болдық.  Біз 

шекараларға  қарамастан  білімімізбен  бөлісуге,  ұжымда  үйлесе  жұмыс  істеуге,  сондай-ақ 

ресурстарымызды  тиімді  пайдалануға  ұмтыламыз.  Біз  өзімізге  жауапкершілік  артып, 

нәтижелерді  тексеріп,  клиенттеріміздің  өмірлерінде  құндылықтарды  көбейтетін  қарапайым 

және тұрақты шешіммен қамтамасыз ету үшін кері байланыс жүргіземіз.   

 

Құрмет көрсету 

Біз  сенімділік,  батылдық  және  әділдік  танытамыз.  Қызметкерлеріміздің  білімділігі  мен  жан-

жақтылығы  жоғары  бағаланады,  және  біз  барлығымыз  оңтайлы  жұмыс  ахуалын 

қалыптастыруға  жауаптымыз.  Біз  басқалардың  өзімізге  қандай  қатынасын  қаласақ, 

басқалармен  сондай,  яғни  кәсіби  және  әділ  қарым-қатынас  жүргіземіз.  Клиенттердің  жеке 

деректері және желі тұтастығы жете қорғалған және  біз әрдайым өзіміздің клиенттеріміз бен 

компаниямыздың мүддесін жүзеге асыру бағытында жұмыс істейміз.  

 

Нәтижеге қол жеткізу  

Біз  даму  мен  жақсы  жаққа  өзгеруге  ынталандыратын  шешім  қабылдаймыз.  Жоспарлау  мен 

оны  жылдам  жүзеге  асыру  біз  үшін  маңызды  жайт  болып  табылады.  Біз  әр  қызметкер  өзін 

таныта  алатын  іскерлік  жұмыс  ахуалын  қамтамасыз  етеміз  және  қызметкерлердің  біліктілігі 

мен  білімдерін  тиімді  пайдаланамыз.  Біздің  клиенттеріміз  бізбен  жұмыс  істеудің  оңай  және 

тиімді екенін және біздің әрқашан уәдемізді орындайтынымызды білулері тиіс. 

 

Кселл  өзінің  әділ  және  этикаға  сай  іс  жүргізу  тәжірибесінің  арқасында  зор  жетістіктерге  қол 



жеткізген.  Біз  адам  құқықтары,  тұрарлық  еңбек  жағдайын  қамтамасыз  ету,  қоршаған  ортаны 

қорғау мен жемқорлыққа қарсы күрес аясындағы халықаралық стандарттарды қолдаймыз. Өз 

қызметімізде біз сондай-ақ көп ұлтты компанияларға арналған ЭЫДҰ жетекші ұстанымдарына 

жүгінеміз.  Кселл    ортақ  құндылықтар  жиынтығына,  бизнес  ұстанымдарына  және  өнімділікті 

басқаруға  негізделген  біртұтас  компания  ретінде  қызмет  атқаруға  ұмтылады.

 

Қай  жерде 



болмасын, біз жергілікті компания бизнес тәуекелдері мен мүмкіндіктерін анықтап, солармен 

жұмыс  істейміз.  Біздің  мақсатымыз  –  заң  қағидаларын  сақтайтын,  таза  және  азаматтық 

жауапкершілігі жоғары компания болу. 

2. МҮДДЕЛІ ТҰЛҒАЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС 



 

 

Бекіткен

 

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесі 



«Кселл» АҚ Этика және тәртіп кодексі 

 

Жалпыға ортақ құжат 

 

Күні                                                 Бет. 

2013-05-21                         3 (6)

 

 

Этика және тәртіп кодексі – Қазақ тілі 



Kcell  түрлі  мүдделі  тұлғалармен  қарым-қатынас  жасайды,  олар:  клиенттер,  іскерлік 

серіктестер, бәсекелестер, қызметкерлер, акционерлер, үкімет,  реттеуші органдар, сонымен 

қатар  қызмет  атқаратын  ортадағы  қоғамдастықтар.  Біздің  карым-қатынастарымыз  бен 

байланыстарымыз адал, шындыққа негізделген және коммерциялық құпиялылық шеңберінде 

ашық  болып  табылады.  Біз  өзара  әрекеттестікті  бағалаймыз,  сондықтан,  барлық  мүдделі 

тұлғалармен  сындарлы  сұхбат  жүргізуді  қолдаймыз.  Біз  еркін  және  әділ  сауданың 

қорғаушыларымыз,  қызмет  ететін  елдің  заңына  сәйкес  ашық  бәсекелестік  пен  этикалық 

шарттарға ұмтыламыз.  

 

2.1. 

Клиенттермен қарым-қатынас 

Kcell сенімді, қазіргі және болашақ  клиенттеріміздің нөмір бірінші таңдауы болуға ұмтылады. 

Біздің  мақсатымыз  клиенттеріміздің  табысына  үлесін  қосатын  жоғары  сапалы  және  қауіпсіз 

қызмет көрсету болып табылады. Клиент құпиялылығын сақтау Кселл үшін өте маңызды.  

 

Біз  қызметтеріміз  бен  өнімдерімізді  адал  ұсынамыз;  біз  арам  немесе  алаячқтық 



тәсілдерді қолданбаймыз. 

 



Біз  әлемдегі  ең  қауіпсіз  байланыс  желілерін  пайдалануға  ұмтыламыз  және 

клиенттердің жеке ақпараттарын қорғап, олардың жеке өмірлерінің қауіпсіздігіне кепіл 

береміз.  Біз  жеке  ақпаратты  рұқсатсыз  пайдаланбау  үшін  барлық  шара  қолданамыз 

және оны тек заңмен қажет болған жағдайда ғана ашамыз. 

 

Қызметтерді  көрсету  барысында  біз  балалардың  қорлануын  болдырмауға  ерекше 



мән  береміз.  Бұған  клиенттерге  заңсыз  немесе  жағымсыз  контенттен  қорғануға 

көмектесетін  құралдарды  қолдану  және  мемлекеттік  және  сенімді  мекемелермен 

балалардың  сексуалдық  қорлығын  көрсететін  сайттарды  жабу  үшін  бірлесіп  жұмыс 

істеу жатады.  Біз барлық іскер серіктестеріміз балаларды пайдалануға қарсы жұмыс 

істейді деп күтеміз. 

 

2.2. Қызметкерлерімізбен қарым-қатынас 

Kcell  қызметкерлердің  табыстың  негізі  арқауы  болып  табылатынын  мойындайды.  Біздің 

мақсатымыз  –  тартымды  жұмыс  беруші  болу,  кәсіби  өндіріс  ортасына  білікті  және  ынталы 

қызметкерлерді тартып, олардың біліктілігін арттырып, ұстап қалу.  

 



 



Кселл  БҰҰ-ның  декларациясында  және  Халықаралық  еңбек  ұйымының  негізгі 

конвенцияларында  көрсетілгендей,  барлық  қызметкерлердің  халықаралық  адам 

құқықтарын және абыройын қорғайды:  

 



Біз  балалар  еңбегін  пайдалануды,  қарыз  міндеттемелерімен  байланысты 

қызметкерлердің жұмыс істеуін және еріксіз еңбекті болдырмаймыз.  

Барлық  қызметкерлерге  деген  қатынас  әділдік  және  теңдік  ұстанымдарына 



негізделеді.  Біз  адамдардың  жеке  ерекшеліктеріне,  таланттарына  және 

мінезіне  қарамастан  құрметтелетін  еңбек  ортасын  түзуге  тырысамыз.  Ешбір 

қызметкер  немесе  үміткер  жасына,  нәсіліне,  жынысына,  дініне,  мүгедектігіне, 

ұлтына, сексуалдық ориентациясына, отбасылық және ата-аналық жағдайына 

немесе саяси қөзқарастарына байланысты кемсітілмейді. 



 

 

Бекіткен

 

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесі 



«Кселл» АҚ Этика және тәртіп кодексі 

 

Жалпыға ортақ құжат 

 

Күні                                                 Бет. 

2013-05-21                         4 (6)

 

 

Этика және тәртіп кодексі – Қазақ тілі 



Біз  қызметкердің  ұжымдық  келіссөздер  жүргізу  мақсатында  кәсіподақ 

мүшелігіне  кіру  құқығын  құрметтейміз.  Осы  құқығын  пайдаланған  ешбір 

қызметкер  кемсітілмейді.  Әрбір  қызметкердің  жұмысқа  орналасудың  негізгі 

шарттарын  білгені  жөн.  Заңмен  бекітілген  ең  төменгі  жалақы  мөлшері 

жалақының  ұсынылған  деңгейі  емес,  әрдайым  ең  төменгі  айлық  деңгейі 

болады.  

 



Біз жұмыс барысында сырқаттанудың алдын алу, оған қарсы шаралар қолдану және 

салауатты  өмір  салтын  қолдау  арқылы  қызметкерлерді  әрдайым  салауатты  және 

қауіпсіз  жұмыс  орнымен  қамтамасыз  етуге  және  оны  үнемі  жақсартып  отыруға 

тырысамыз.  Біз  қызметкерлерді  есірткіден  бос  жұмыс  орнымен  қамтамасыз  етеміз 

және  ешбір  зорлық-зомбылық,  жәбірлеу  немесе  озбыр  мінез  түрлеріне  жол 

бермейміз.  

 

Компанияның жасырын ақпараттың рұқсатсыз ашылуын және лайықсыз пайдалануын 



болдырмау үшін әрбір қызметкер арнаулы қорғаныс шараларын жасауы тиіс. Алайда, 

біз  ашықтыққа  және  құпиялылық  шеңберінде  білім  және  тәжірибемен  алмасуға 

талпынамыз. 

 



Kcell  компаниясының  қызметкерлері  жеке  қызмет  пен  Кселл  компаниясы  қызметінің 

арасындағы  мүдделер  қақтығысына  әкелетін  немесе  себепші  болатын  кез  келген 

байланыстардан алшақ болуы тиіс.  

 



Жұмыс  бабында  жасалатын  сыйлықтар  мен  қонақжайлылықты  тек  қана  жергілікті 

заңдар мен жұмыс істеу тәжірибесіне сәйкес ұсынуға және қабылдауға болады  



 

2.3.Акционерлермен

қарым-қатынас 

 

Кселл  компаниясы 



акционерлердің  инвестиция  жасауына  тартымды  компания  болуға 

ұмтылады,  сонымен  қатар,  біз  акционерлер  құндылықтарын  тұрақты  және  ұзақ  мерзімді 

өрістетуге  ниеттіміз.  Біз  акционерлерімізге  және  нарыққа  компанияның  құндылықтарына 

жылдам, бір уақытта және тікелей әсер ететін барлық маңызды өзгерістер туралы хабарлап 

тұрамыз. 

 



Кселл  акциялары  Лондон  және  Қазақстандық  қор  биржаларында  тіркелген.  Біз 

нарыққа  берілетін  ақпараттың  дәл  және  тиісті  заңға,  биржа  ережелеріне  және 

корпоративті басқару кодекстеріне сәйкес хабарлануына кепілдік береміз. 

 



 

Біз  ішкі  ақпаратты  акцияларды  сату  мақсатында  тікелей  немесе  жанама  түрде 

қолданбаймыз. 

 



Біз  қаржылық  және  қаржылық  емес  қарым-қатынастарымызды  әділ  жүргіземіз  және 

өзіміз білетін бар ақпаратты ұсынамыз. Біздің мақсатымыз – толығымен есепті болу. 

 

2.4. Жабдықтаушылармен, іскер серіктестермен және бәсекелестермен қарым-қатынас 

Кселл  жабдықтаушылар  мен  мердігерлердің  сенімді  серіктесі  болуға  тырысады.  Біз  ұзақ 

мерзімді, жақсы іскери қарым-қатынастарға және ашық ынтымақтастыққа талпынамыз. Біздің 

жабдықтаушыларымыз бен мердігерлеріміз адам құқығы, еңбек жағдайы, қоршаған орта және 

жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттарды қолдайды деп күтеміз. Байланыс орнатудың 

немесе  жалғастырудың  маңызды  шарты  ретінде  біз  жабдықтаушылардың  жұмыс  істеу 

ұстанымдарын осы Кодекске сай қалыптастыруға шақырамыз.  



 

 

Бекіткен

 

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесі 



«Кселл» АҚ Этика және тәртіп кодексі 

 

Жалпыға ортақ құжат 

 

Күні                                                 Бет. 

2013-05-21                         5 (6)

 

 

Этика және тәртіп кодексі – Қазақ тілі 



 

 



қызмет барсында, бизнес жасау немесе оны сақтап қалу үшін біз пара немесе басқа 

да заңсыз төлем бермейміз және алмаймыз.  

 

Біз өзіміздің компаниялар тобының ауқымды сатып алу  қабілеттілігін  түсінеміз және 



оның  іскерлік  қарым-қатынастарға  тигізетін  мүмкін  әсерлерін  мойындаймыз.  Біз

 

жабдықтаушыларды  тек  қызметіне  байланысты  таңдаймыз,  және  олар  біздің 



бизнесіміздің  мүддесінде  әділетті  және  белсенді  бәсекелестік  жүргізеді  деп 

есептейміз.

 



Біз  жабдықтаушылар  мен  мердігерлерді  сапа,  баға,  қол  жетімділік,  жеткізу, 



сенімділік,  қызмет  көрсету  және  қоғамдық  және  қоршаған  орта  аспектілерін 

қосатын 


корпоративтік  жауапкершілік  талаптары  секілді 

алдын-ала 

анықталған 

критерийлер 

бойынша 

таңдап, 


бағалаймыз. 

Кодекстің 

ұстанымдарын сақтау жабдықтаушылармен келісімшарт жасаудың ажырамас 

бөлігі болуы тиіс.  

 

Іскерлік  шешімдер  мен  амалдар  компанияға,  біздің  клиенттерімізге  және 



акционерлерімізге  пайда  әкелетіндей  жасалуы  керек    Осылайша,  шешімдер  жеке 

қатынастармен  немесе  қызығушылықтармен  дәлелденген  болмауы  тиіс  және  бұл 

біздің тәуелсіз және парасатты пікірімізге әсер етпеуі керек. 

 



Біз  іскер  серіктестерімізбен  (мысалы,  кеңес  берушілер,  агенттіктер,  біріккен 

серіктестіктермен).өзара  сенімге  және  Кодекстің  мақсаттарына  негізделген  қарым-

қатынас құруға ұмтыламыз. 

 



Баға,  нарық  үлесі  секілді  және  басқада  заңсыз  әрекеттер  жөнінде  мәселелерді  біз 

бәсекелестермен талқыламаймыз және келісімге келмейміз.

 

 



2.5. Қоғаммен карым-қатынас 

Кселл  нарықта  қол  жеткізуге  болатын  инфрақұрылым  мен  қызметтерді  дамыту  арқылы 

сандық  технологияны  пайдалану  теңсіздігін  шешуге  тырысады.  Біздің  қызметтеріміз  тікелей 

және жанама жұмыс орындарын жасай отырып және қызмет көрсететін қоғамның дамуына өз 

үлесін қосу арқылы экономикалық даму мен өркендеуге жағдай жасайды  Біздің мақсатымыз 

ұзақ  мерзімді  инвестор  және  азаматтық  жауапкершілігі  жоғары  компания  атану  болып 

табылады.  

 



 

Біз  технологияны  көпшілікке  қол  жетімді  ету  үшін  біз  түрлі  ұсыныстармен  және 

бағалар деңгейімен жұмыс істейміз.  

 



Кселл 

сандық 


сауаттылықты 

арттыру 


бастамаларына 

және 


жергілікті 

қоғамдастықтардың тұрақты дамуына үлесін қосатын жобаларға қатысады.   

 

Кселл  мобильді  терминалдар  және  базалық  станциялар  санының  көбеюіне 



байланысты электромагниттік өріс әсерінің күшеюі мәселелерін мойындайды. Біз осы 

салада  жасалатын  зерттеу  жұмыстарын  қолдаймыз  және  билік  өкілдерімен, 

қауымдастықтармен және ұйымдармен ынтымақтастық жүргіземіз.  

 



Кселл  қызмет  көрсететін  елдердің  саясатына  араласпайды  және  саяси 

қайырымдылық жасамайды. Еліміздің өкілі ретінде біз саясатты талқыламаймыз және 

саяси  пайымдаулар  жасамаймыз.  Дегенмен,  Кселл  бизнесімізге  әсер  ететін 

ережелерді талқылауға қатысады. 

 

Кселл  біздің  ағымдағы  заңнамалық  әкімшілік,  құқық  және  лицензиялық  талаптарды 



бұлжытпай  орындаудығ  адамнаың  жеке  өміріне  қол  сұғылмаушылығына  және  сөз 


 

 

Бекіткен

 

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесі 



«Кселл» АҚ Этика және тәртіп кодексі 

 

Жалпыға ортақ құжат 

 

Күні                                                 Бет. 

2013-05-21                         6 (6)

 

 

Этика және тәртіп кодексі – Қазақ тілі 



бостандығына  әсер  етуі  мүмкін  екендігін  мойындайды.  Біздің  мақсатымыз  – 

адамдарға  еркін  идея  алмасуға  мүмкіндік  беру  және  ашық  қоғамды  дамыту 

құралдарын  ұсыну  болып  табылады.  Сөз  бостандығы  мен  жеке  ақпаратқа  қол 

сұғылмаушылық – бизнесіміздің жүргізудің негізі болып табылады.  

 

2.6. Қоршаған орта 

Кселл  компаниясы  бизнесті  қоршаған  ортаға  қауіпсіз  жолмен  жүзеге  асыруға  тырысады.  Біз 

әлемдік  тұрақтылыққа  тиімді  және  қоршаған  ортаға  қауіпсіз  қызметтерді  дамыту  және 

пайдалану  арқылы  және  өзіміздің  жұмысымызбен  қоршаған  ортаға  кері  ықпалды  азайту 

шараларымен  өз  үлесімізді  қосамыз.  Біз  әрдайым  ең  жақсы  тәжірибені  пайдалану  және 

компаниялар арасында бірігіп әрекет ету мүмкіндіктерін қарастырамыз. 

 

Қызметімізде  шикізат  және  қуатты  тиімді  пайдалану,  сонымен  қатар,  олардың 



қалдықтары  мен  көміртектің  шығарымдарын  азайту  біздің  мақсатымыз  болып 

табылады   

 

Өзара  әрекет  ету  барысында  біздің  өз  қызметтеріміз  табиғи  таңдауымыз  болып 



табылады. Сонымен қатар біз клиенттерімізге тиімділікті арттыратын және көміртектің 

шығарылуына  себепші  болатын  сапарға  шығу  қажеттілігін  азайтатын  қызметтер 

көрсетеміз. 

 



Серіктестерімізбен  және  клиенттерімізбен  бірлесе  отырып,  көміртек  дағын  азайту 

арқылы ауа райының өзгеруіне қарсы күресу мақсатымыз болып табылады.  

 

3. 

КОДЕКСТІ ҚАДАҒАЛАУ МЕН БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ  

Осы Кодекс Кселл Директорлар кеңесінің қадағалауында. Директорлар кеңесі мерзімді түрде 

осы  Кодекс  мазмұнын  қайта  қарастырып,  оның  талаптарының  орындалуын  тексереді. 

Кодексті  күнделікті  дәріптеу  мен  қадағалау  әр  басшының  міндеті  болып  табылады.  Әрбір 

қызметкер  Кодекс  ұстанымдарына  сәйкес  жұмыс  істеуге  міндетті.  Біз  қызметкерлердің 

өздерін  мазалайтын  мәселелерін  айтуда  және  оларды  озық  тәжірибе  негізінде  шешу 

жолдарын ұсынуларын сұраймыз. Кодекспен қамтылатын барлық әрекеттерге әрдайым шолу 

жасалады. 

Кодекс  ұстанымдарына  қайшы  әрекеттер  тез  арада  түзетілуі  керек  және  оларға  еңбек 

келісімін  бұзуға  дейін  баратын  тәртіптік  жаза  шарасы  қолданылуы  мүмкін.  Қызметкерлер 

Кодекс  ұстанымдарының  бұзылуы  жөнінде  ақпаратты  басшылыққа  онлайн  хабарлау 

функциясы арқылы немесе тікелей бастығымен немесе  Кселл компаниясының атқарушылық 

басқару  құрамының  кез  келген  мүшесімен  немесе  TeliaSonera  заңнамалық  мәселелерге 

қатысты  кеңесшімен  байланысу  арқылы  хабарлаулары  тиіс.  Кодекс  ұстанымдарын  бұзу 

туралы  хабар  қай  арнадан  келгеніне  қарамастан,  оған  қатысты  ішкі  және/немесе  сыртқы 

жәрдеммен жылдам, әділ және толық тергеу өткізіледі.  



 

жүктеу 475,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау