Кодекс әрбір қызметкер кмг беделі және қызметінің нәтижелері үшін



жүктеу 471,73 Kb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата24.12.2019
өлшемі471,73 Kb.
#24890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

22 

 

келерлік  шараларын  қолдана  отырып,  жұмыстың  тиімділігін  арттыруға 



барынша мүмкіндік жасау;  

7.6.3.  бағыныштыларға  қатысты  негізсіз  кінә  тағуларға,  өрескелдік 

фактілеріне,  адами  адамгершілікті  төмендетуге,  жөнсіздікке  және 

салғырттыққа жол бермеу; 

7.6.4.  қарапайымдылық,  адал  ниеттілік,  сөз  сөйлеуде  айқындық  көрсету, 

күйзеліс  және  даулы  жағдайларда  абыроймен  және  сабырмен  өзін  өзі  ұстай 

білу; 

7.6.5.  өзінің  лауазымдық  деңгейін  бағыныштылардың  мүдделеріне  залал 



ретінде көрсетпеу және қолданбау; 

7.6.6.  өзінің  жүріс-тұрысымен  әділеттіліктің,  жауапкершіліктің,  кәсібиліктің 

және шынайылықтың үлгісін көрсету; 

7.6.7. 


сыни  пікір  үшін  қудалаушылыққа  жол  бермеу,  сондай-ақ 

бағыныштылардың өтінішіне мұқият, сыпайы және сабырлы түрде қарау, 

7.6.8. бағыныштылардың кәсіби қызметін жақсарту және кемшіліктерді жою 

үшін сындарлы сыни пікірді қолдану; 

7.6.9.  бағынышты  қызметкерлерді  жалпыға  ортақ  моральдық-этикалық 

нормаларға  сәйкес  келмейтін,  заңнама  және  талаптар  бұзушылықтарын, 

құқыққа қайшы қылықтар мен әрекеттерді жасауға еркінен тыс көндірмеу; 

7.6.10.  КМГ  барлық  қызметкерлерін  барлығына  бірдей  әділ  және  шынайы 

қарым-қатынасты  қамтамасыз  ету,  қызметкерлерді  кемсітудің  кез-келген 

түріне жол бермеу,  сондай-ақ жеке санаттағы адамдарға заңсыз жеңілдіктер 

мен артықшылықтар беруге жол бермеу; 

7.6.11.  ұжымда  әрбір  қызметкер  қандай-да  бір  мәселені  талқылауға  шығару 

кезінде өзін жайлы сезінетін, ашық түрде араласатын орта қалыптастыру; 

7.6.12. 


бағыныштылардың 

КМГ 


құрылымдық 

бөлімшелерінің 

қызметкерлерімен  этика  мәселелері  бойынша  белсенді  түрде  өзара 

әрекеттесуін қамтамасыз ету, этикалық мәселелерді талқылауға адал ниетпен 

бастама жасап жүрген қызметкерлерге қолдау көрсету;   

7.6.13.  Кодекс  талаптарының  бұзушылықтарын  жою  бойынша  тез  арада 

шаралар қабылдау, сондай-ақ әсер етудің қажетті шараларын қабылдау; 

7.6.14.  Қызметкерлердің  Кодекс  талаптарын  сақтауын  және  оларға  бағалау 

жүргізу  кезінде  КМГ-да  жүріс-тұрыс  мәдениетін  қалыптастыруға 

қызметкерлердің үлесін ескеру; 

7.6.15.Лауазымдық  нұсқаулық  (білімі  және  басқарушылық  тәжірибесі 

бойынша  кәсіби),  Кодекске,  ҚР  Заңнамасының  талаптарына  сәйкес  болу, 

тартысты  жағдайлар  туындаған  кезде  және  дауларды  шешу  және 

жұмыстарды ұйымдастыру кезінде сауатты, талапшыл, адамгершілікті болу. 

Ұжымдағы моральдық-психологиялық климатқа толық жауапкершілік алу. 

8. Омбудсмен институты 

8.1.  КМГ  Омбудсмені  институты  Акционерлер,  Директорлар  кеңесі  және 

КМГ  Басқармасы  келесі  мақсаттарда  қабылдаған  бастамалардың, 

шаралардың және әрекеттердің негізінде құрылған: 




23 

 

8.1.1.  КМГ  құрылымдық  бөлімшелерінің  және  барлық  қызметкерлерінің 



Кодекс ережелерін сақтауын қамтамасыз ету; 

81.2. корпоративтік қайшылықтарды және мүдделер қайшылығын болдырмау 

және реттеу жөніндегі шараларды күшейту. 

8.2.  Омбудсменнің  өкілеттіктерін  тағайындауды  және  мерзімінен  бұрын 

тоқтатуды КМГ Директорлар кеңесі жүзеге асырады.   

8.3.  Омбудсмен  лауазымына  үміткердің  мінсіз  іскерлік  беделі,  жоғары 

абыройы болуы тиіс және әділ шешімдер қабылдау қабілетіне ие болуы тиіс. 

8.4.  Омбудсменнің  негізгі  функциялары  лауазымды  тұлғаларға  және 

қызметкерлерге  Кодекс  ережелері  туралы  кеңес  беру,  Кодекс  ережелерінің 

бұзушылықтары  бойынша  дауларды  қарастыруға  бастама  білдіру  және 

оларды реттеуге қатысу болып табылады.   

8.5.  Омбудсменнің  шешуші  міндеттері  Кодекс  ережелері  бойынша 

түсініктемелер беру және кеңестер беру, өтініштердің дер кезінде өңделуіне 

бақылау  жасауды  жүзеге  асыру,  бұзушылықтарға  белгіленген  тәртіппен 

тексеру 

жүргізілуі 

бойынша 

жұмыстарды 

үйлестіру, 

әлеуметтік 

наразылықтар  көзін  талдау,  оларды  азайту  бойынша  іс-шаралар  әзірлеу 

болып табылады.    

8.6.Омбудсмен  бейтарап,  әділ  және  тәуелсіз,  істі  қарау  кезінде  процестерді 

әділетті және тең құқықты жүргізуді қолдайды және қызметкерлердің қайсы 

бірін  жақтап  сөз  сөйлемейді.  Егер  басқасы  заңмен  қарастырылмаған  болса, 

Омбудсмен мемлекеттік биліктің уәкілетті  органдары бастама жасаған және 

өткізетін  ешқандай  да    формалды  тексерулерге  немесе  сот  процестеріне 

қатыспайды.   

  

8.7. Омбудсмен өз қызметінде: 



8.7.1.даулы  жағдайларды  ресми  тексерулер  деңгейіне  дейін  эскалациялауға 

(ушықтыру,  тарату)  жол  бермеуге  тырысады,  осылайша  КМГ-ның  лайықты  

беделін  және  мәртебесін  сақтауға  көмектеседі,  болуы  мүмкін  соттық 

қуынымдарға арналған шығындарды азайтады;   

8.7.2.өз  құқықтарының  және  Кодекс  ережелерінің  бұзушылық  фактілері 

бойынша  жүгінген  қызметкердің,  лауазымды  тұлғаның  анонимдігін  және 

өзіне мәлім болған ақпараттың толық құпиялылығын қамтамасыз етеді; 

8.7.3.тең қатынастар  қағидаттарын  сақтауға  және  кемсітушіліктің  кез  келген 

түрін болдырмауға ықпал етеді; 

8.7.4.жүгінген 

қызметкерлердің, 

еңбек 


дауларына, 

қайшылықтарға 

қатысушыларға  өз  құзыретінің  шектерінде  кеңес  береді  және  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасы  нормаларының  және  Кодекс  қағидаттарының 

сақталуын  есепке  ала  отырып,  оларға  өзара  тиімді,  сындарлы  және  іске 

асырылатын  шешім  шығаруға  жәрдемдеседі,  қызметкерлердің  проблемалық 

әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге жәрдемдеседі;       

8.7.5.кеңесші  ретінде  шығу  арқылы,  бұл  ретте  объективтілік,  құпиялылық, 

тәуелсіздік және әділдік қағидаттарын мүлтіксіз сақтай отырып, тараптардың 

қайшылықтарды бейбіт жолмен реттеу арқылы оны шешуіне көмектеседі; 




24 

 

8.7.6.  өзі  анықтаған  жүйелі  сипаттағы  және  тиісті  шешімдерді  (кешенді 



шаралар) қабылдауды, оларды шешу үшін сындарлы ұсыныстарды ұсынуды 

талап  ететін  проблемалық  мәселелерді  КМГ  тиісті  органдарының  және 

лауазымды тұлғаларының қарауына енгізеді. 

 

8.8. Омбудсменнің құқығы:  

8.8.1.өз  құзыретінің  шектерінде  келіп  түскен  өтініштердің  негізіндегі,  жеке 

бастамашылығы  бойынша  да,  Кодекс  ережелерінің  бұзушылықтарын 

анықтау бойынша рәсімдерді жүргізуге бастама жасауға; 

8.8.2.Кодексті сақтамау мәселелері бойынша КМГ барлық қызметкерлерімен 

жеке сөйлесуге; 

8.8.3.КМГ  қызметкерлеріне  осы  Кодекс  ережелерін  түсіндіруді  және 

түсініктеме беруді ұсынуға құқығы бар. 

 

8.9.Омбудсменнің міндеттері: 

8.9.1.Кодексті сақтамауға қатысты мәселелерді қарастыруға қатысу; 

8.9.2.Кодекс  ережелерін  сақтамау  мәселелері  бойынша  қызметкерлердің, 

лауазымды  тұлғалардың,  сондай-ақ  Іскерлік  серіктестердің  және  мүдделі 

тұлғалардың өтініштерін есепке алуды жүргізу;  

8.9.3.КМГ  қызметкері  жүгінген  жағдайда  Кодекс  ережелеріне  түсініктеме 

ұсыну;   

8.9.4.Кодекс ережелерін сақтамау мәселелері бойынша дауларды қарастыруға 

қатысу кезінде тәуелсіздікті және пара алмаушылықты сақтау; 

8.9.5.Кодекс  ережелерінің  бұзушылық  фактілері  бойынша  жүгінген  КМГ 

қызметкерінің анонимдігін қамтамасыз ету. 

 

8.10. Омбудсменге келіп түскен өтініштерді қарау тәртібі



8.10.1.  КМГ  қызметкерлерінің  КМГ-ның  бекітілген  іскерлік  этикасы 

нормаларын,  заңнама  мен  ішкі  құжаттарының  нормаларын  бұзушылығы 

анықталған  жағдайда,  Омбудсмен  бұдан  әрі  қарау  және  шешім  қабылдау 

үшін  құзыретіне  аталған  өтініштердің  мәселелерін  шешу  кіретін  КМГ 

уәкілетті  органдарына,  сондай-ақ  КМГ  құрылымдық  бөлімшелеріне 

жіберілетін материалдарды қалыптастырады.       

8.10.2.  КМГ  уәкілетті  органдарының  қарау  және  шешім  қабылдау  мерзімі 

өтініш келіп түскен күннен бастап бір айдан артық болмауы тиіс.    

8.10.3.  Құзыретті  құрылымдық  бөлімшелердің  лауазымды  тұлғалары  және 

басшылары 

және 

Омбудсмен 



Кодекс 

ережелерінің, 

Қазақстан 

Республикасының  заңнамасы  нормаларының  және  ішкі  құжаттардың 

бұзушылықтары  туралы  мәліметтерді  қараудың  құпиялылығына,  әділдігіне 

және  пара  алмаушылыққа  кепілдік  береді.  Жүгінген  тұлғаның  құқықтарына 

өтінішті қарау уақытында да, шешім шығарылғаннан кейін де нұқсан келмеуі 

тиіс.   



25 

 

9. Кодексті сақтау мәселелері бойынша байланыс арналары 

9.1. КМГ-да Кодекс ережелерін сақтау мақсатында қызметкердің, лауазымды 

тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасын, ішкі рәсімдерді, Кодексті 

бұзушылық фактілері туралы Директорлар кеңесіне ақпарат берудің қауіпсіз, 

құпия және қолжетімді арнасы ұйымдастырылған; 

9.2. КМГ іскерлік этикасының және заңнама нормаларының бұзушылықтары 

мәселелері  бойынша  қызметкерлердің  өтініштерінің  (ішкі  өтініштерді), 

үшінші  тұлғалардың  сұраулары  мен  өтініштерінің  (клиенттердің, 

серіктестердің  және  басқа  мүдделі  тұлғалардың  –  сыртқы  өтінішітерін) 

статистикасын және есепке алуды жүргізеді; 

9.3.  КМГ  қызметкерлерінің  кез-келген  біреуінің  өз  әрекеттерінің,  сондай-ақ 

басқа  қызметкерлердің,  органдардың,  контрагенттердің  немесе  басқа  да 

мүдделі  тұлғалардың  әрекеттерінің,  әрекетсіздігінің  немесе  ұсыныстарының 

этикалығында немесе заңдылығында күмәндар пайда  болған жағдайда, олар 

бұл туралы (соның ішінде анонимді) келесі байланыс арналары (жедел желі) 

бойынша хабарлай алады:  

Омбудсмен 

Байланыстар: +7 (7172) 78 65 60, 

е-mail: ombudsman@kmg.kz 

Қабылдау күндері: сәрсенбі, бейсенбі, жұма 15.00-ден 17.00 дейін                                                                    

Мекенжайы: 010000 Астана қ., проспект  Қабанбай батыр даңғылы 19,  

10. Қорытынды ережелер  

10.1.  КМГ-ның  барлық  лауазымды  тұлғалары  Кодекске  №3-Қосымшаға 

сәйкес  Кодекспен  танысқаны  туралы  растаушы-нысанға  қол  қоюы  және 

Кодекс ережелері бойынша өз білімдерін тұрақты түрде растап тұруы қажет; 

10.2.  КМГ  барлық  қызметкерлер  үшін  Кодексті  түсіндіруге  бағытталған 

жүйелі түрде оқыту өткізеді.  

10.3. Кодекс қағидалардың толыққанды жиынтығы болып табылмайды және 

қызметкерлер  мен  Мүдделі  тараптар  өз  лауазымдық  міндеттерін  орындау 

барысында  және  КМГ-мен  өзара  қарым-қатынастар  барысында  ұшырасуы 

мүмкін  барлық  болуы  мүмкін  жағдайлар  үшін  ұсынымдарды  қарастыра 

алмайды.   

10.4.  Кодексте  тікелей  қарастырылмаған  жағдайлар  барысында  шешімдер 

қабылдау  қажеттілігі  кезінде,  әрбір  қызметкер  және/немесе  мүдделі  тұлға 

өзіне келесі сұрақтарды қойғаны жөн: 

 Менің алаңдаушылығымды туғызған, әрекет заңды ма? 

 Ол КМГ корпоративтік құндылықтары мен мүдделеріне сәйкес келе ме? 

 Ол КМГ-ны қандай-да бір қолайсыз тәуекелге ұшырата ма? 

 Бұл КМГ беделіне кері әсерін тигізе ме?  

 Бұл адал және әділ ме? 

 Менің мұндай өкілеттігім бар ма? 

 Менің әрекетім КМГ басқа қызметкерлері үшін жақсы үлгі бола ма? 



26 

 

10.5.  Егер  осы  кез-келген  сұрақтарға  жауап  –  теріс  болса,  немесе  Кодексті 



қолданумен  байланысты  мәселер  туындаса,  онда  жағдайды  тікелей 

басшымен, КМГ Омбудсменімен не болмаса комплаенс мәселелері бойынша 

жауапты  құрылымдық  бөлімшенің  өкілдерімен  талқылау  керек.  Егер 

қызметкер  Кодекстің  сақталмау  фактілері және/немесе  басқа  бұзушылықтар 

туралы  хабарласа,  оның  қудалаушылыққа  ұшырамайтынына  КМГ  кепілдік 

береді. 


11. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар 

Акционерлер  –  «Самұрық-Қазына»  Ұлттық  әл-ауқат  қоры»  акционерлік 

қоғамы  және  «Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі»  Республикалық 

мемлекеттік мекемесі; 

Компания – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және 

оның еншілес және тәуелді ұйымдарының жиынтық атауы; 



КМГ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы; 

ЕТҰ  –  «ҚазМұнайГаз»  ұлттық  компаниясы»  акционерлік  қоғамының 

еншілес  ұйымдары  мен  тәуелді  қоғамдары,  соның  ішінде  бірлесіп-

бақыланатын ұйымдары және бірлескен кәсіпорындары; 

Іскерлік серіктестер – өзара тиімді ынтымақтастыққа қатысушылар, соның 

ішінде стратегиялық серіктестер болып табылатын заңды тұлғалар (олардың 

бірлестіктері); 

Мүдделі  тараптар  –  КМГ  қызметін  жүзеге  асыруға  немесе  шешім 

қабылдауға  әсер  ете  алатын  немесе  мүдделері  КМГ  қызметінің  шеңберінде 

әсер етуі мүмкін жеке және заңды тұлғалар;  

Қызметкерлер – КМГ-мен еңбек қатынастарында тұрған және еңбек шарты 

бойынша жұмыстарды орындайтын жеке тұлғалар; 



Басқарушы  қызметкерлер  –  адами  ресурстарды  басқару  жөніндегі 

нормативтік  актілерге  сәйкес  өзінің  бағынысында  басқа  қызметкерлер 

және/немесе 

құрылымдық 

бөлімше 

бар 


басшылар, 

құрылымдық 

бөлімшелердің, 

филиалдардың, 

өкілдіктердің, 

дирекциялардың, 

департаменттердің,  қызметтердің,  бөлімдердің,  цехтардың,  учаскелердің 

және тағы басқалардың басшылары; 



Кодекс  –  «ҚазМұнайГаз»  ұлттық  компаниясы»  акционерлік  қоғамының 

Іскерлік этикасы туралы осы кодексі;  



Омбудсмен  –  КМГ  Директорлар  кеңесімен  тағайындалатын,  рөлі  өзіне 

жүгінген  КМГ  қызметкеріне  кеңес  беруге  және  әлеуметтік-еңбек 

сипатындағы, сондай-ақ КМГ қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын 

сақтаудағы  еңбек  дауларын,  қайшылықтарды,  проблемалық  мәселелерді 

шешуге жәрдем көрсетуге негізделетін, КМГ тұлғасы.   

 

 

 

 

 



27 

 

 



№1-Қосымша 

 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  

Іскерлік этикасы кодексіне  

 

 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өзіне БҰҰ-ның Жаһандық шартының                         

он қағидаттарын құрметтеу міндеттемесін алады  

 

 



Адам құқығы

1.  Іскерлік  топтар  халықаралық  деңгейде  мойындалған  адам  құқықтарын 

қорғауға қолдау көрсетуі және құрмет көрсетуі тиіс;   

2.  Іскерлік  топтар  өздерінің  адам  құқықтарын  бұзушылықтарға  қатысушы 

болып табылмайтындығына көз жеткізуі тиіс.   

 

Еңбек

3.  Іскерлік  топтар  ассоциация  бостандығын  және  ұжымдық  келіссөздерге 

арналған құқықтарды тиімді мойындауды қамтамасыз етуі тиіс; 

4.  Іскерлік  топтар  зорлық-зомбылықтың  немесе  мәжбүрлі  еңбектің  барлық 

формаларын жоюды қамтамасыз етуі тиіс;   

5. Іскерлік топтар балалар еңбегіне тыйым салуды қамтамасыз етуі тиіс;  

6.  Іскерлік  топтар  еңбек  және  сабақтар  саласындағы  кемсітушіліктерді  

жоюды қамтамасыз етуі тиіс . 

 

Қоршаған орта

7.  Іскерлік  топтар  экологиялық  проблемаларды  шешу  кезінде  сақтықпен 

кірісуге қолдау көрсетуі тиіс; 

8.  Іскерлік  топтар  экологиялық  үлкен  жауапкершілікті  алға  дамыту  үшін 

бастамаларымен сөз сөйлеуі тиіс;  

9.  Іскерлік  топтар  экологиялық  қауіпсіз  технологияларды  дамытуды  және 

таратуды көтермелеуі тиіс.   

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

10.  Іскерлік  топтар  ақша  өндіріп  алуды  және  парақорлықты  қоса  алғанда, 

сыбайлас жемқорлықтың барлық формаларына қарсы әрекет етуі тиіс.   

 

 

 

 

 

 

 



28 

 

№2-Қосымша 



 

 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  

Іскерлік этикасы кодексіне  

 

Барлық  қызметкерлер  үшін  әлеуметтік  желілерде,  корпоративтік  және 

жеке  блогтарда,  БАҚ-тағы  жариялынымдарға  пікір  білдіруде  ақпарат 

орналастыру бойынша ұсынымдар: 

 

1. Егер сіз интернет желісінде  (әлеуметтік желілерде, форумдарда, жеке 



блогта  және  т.б.)  өз  атыңыздан  ақпарат  жариялайтын  болсаңыз,    өтінеміз, 

шамамен:  «Аталған  пост  тек  қана  менің  пікірімді  білдіреді  және  КМГ 

ұстанымын көрсетуі мүмкін емес» тәрізді мазмұндағы жауапкершіліктен бас 

тартуды  қолданыңыз.  Мүмкіндігінше,  өз  жеке  парақшаларыңызда  КМГ 

қызметіне қатысты жарияланымды шектеңіз.     

 

2. Егер  сіздің  қандай-да  бір  өтінішіңіз  немесе  арызыңыз  КМГ  беделіне 



нұқсан  келтірмейтін  болып  бағаланса,  КМГ-ның  тиісті  постты  немесе 

пікірлерді,  олар  сіздің  жеке  парақшаларыңызға  орналастырылған  болса  да 

оларды түзету, жою туралы өтінішпен сізге жүгінуге құқығы бар. 

 

3. Ішкі  қолдануға  арналған  ақпаратты,  құпия  ақпаратты  немесе                   



КМГ  меншігі  болып  табылатын  ақпаратты  интернетте  жариялауға  тыйым 

салынады. Мәселен, егер де БАҚ өкілдері топ-менеджердің Фейсбуктегі жеке 

парақшасында сұрақтар қойса, онда оларды ұйымның ресми жауабын әзірлеу 

үшін  КМГ-ның құзыретті құрылымдық бөлімшесіне қайта бағыттау керек.  

 

4. Жеке  жарияланымдар  КМГ  логотиптерін  немесе  тауарлық  белгілерін 



құрамауы тиіс (егер бұған рұқсаты болмаса). 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


29 

 

 



№3-Қосымша 

 

 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  

Іскерлік этикасы кодексіне  

 

 

Растаушы-нысан 

 

Осы  нысанды  «ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ  Іскерлік  этикасы  кодексімен 

белгіленген,  іскерлік  этикасы  қағидаттарын  және  жүріс-тұрыс  қағидаларын 

мұқият  оқығаныңызды,  түсінгеніңізді  және  оны  адал  ниетпен  орындауға 

міндетті болуыңызды растау үшін пайдаланыңыз. 

Толтырылған  және  қол  қойылған  растаушы-нысан  КМГ-да  еңбек 

және/немесе  лауазымдық  міндеттерін  орындауды  бастаған  сәттен  бастап 

КМГ-да еңбек міндеттерін орындау мерзімінің ішінде әр қызметкердің жеке 

ісінде сақталады. 

 

Растау 



 

(Өтінеміз,  осы  нысанды  толтырыңыз,  қол  қойыңыз  және  кадрлық  жұмысқа 

жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеге жіберіңіз).  

 

1.  Мен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Іскерлік этикасы кодексімен толық көлемде 

танысқанымды, оның мазмұнын түсінетінімді растаймын. 

2.  Мен,  «ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ  Іскерлік  этикасы  кодексімен  белгіленген 

іскерлік  этикасының  және  жүріс-тұрыс  қағидасының  қағидаттарын  адал 

ниетпен орындауға міндетті боламын. 

 

 

Аты-жөні   

___________________________________________________________ 

Қолы       ________________________________ 

Күні  20_____жыл     «  ___ » __________________ 

 

 



 

 

 



 

жүктеу 471,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау