15
4.9.9. Өкілдер шығысы, соның ішінде қызметкерлер КМГ-ның атынан басқа
тұлғаларға және ұйымдарға ұсына алатын, не болмаса олардың КМГ-дағы
жұмысымен байланысты қызметкерлер ұйымдардың басқа тұлғаларынан
алуы мүмкін іскерлік қонақжайлылыққа арналған өкілдер шығысы төменде
көрсетілген барлық критерийлердің жиынтығына сәйкес болуы тиіс:
1) КМГ қызметінің заңды мақсаттарымен тікелей байланысты болу;
2) ақылға қонымды саналы болу, шама-шарқын білу және асыра
сәнқойлықтың көрінісі болмау;
3) өзінің мәміле, келісім, лицензия, рұқсат және т.б. туралы қызметі, әрекеті,
әрекетсіздігі, бетімен жіберушілігі, қорғаушылығы, құқықтар бергені үшін
немесе алушыға басқа бір заңсыз немесе этикалық емес мақсатпен әсер ету
әрекеті туралы белгілі бір шешім қабылдағаны үшін жасырын сыйақыны
көрсетпеуі;
4) сыйлықтар немесе өкілдік шығыстар туралы ақпарат ашылған жағдайда,
КМГ үшін, оның қызметкерлері мен басқа Мүдделі тараптары үшін беделдік
тәуекелдер туғызбау;
5) Кодекс қағидаттары мен талаптарына, КМГ-ның басқа ішкі құжаттарына
және қолданылатын заңнама нормаларына қайшы келмеу.
5. Тұрақты даму
5.1. КМГ экономикаға, экологияға және қоғамға арналған өз әсерінің
маңыздылығын түсінеді және ұзақ мерзімді құнның өсуіне ұмтыла отырып,
Мүдделі тараптардың мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, ұзақ мерзімді
кезеңдегі өзінің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
5.2. КМГ осы Кодекске №1-қосымшада көрсетілген адам құқықтары, еңбек
қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
әрекет ету саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шарт
қағидаттарын қолдайды.
5.3. Әрбір қызметкер КМГ-ның және қоғамның ұзақ мерзімді перспективада
тұрақты дамуына өз әсерін және соған сәйкес жауапкершілігін сезінуі тиіс,
және де тұрақты даму саласындағы өз білімдерін тұрақты жетілдіруге күш
салуы тиіс.
6. Іскерлік өзара қарым-қатынас
1) Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу – КМГ қызметінің ажырамас
құрамдас бөлігі. Сыртқы және сол сияқты ішкі Мүдделі тараптармен
сындарлы қарым-қатынастарды қалыптастыру КМГ-ның іскерлік беделіне
және тиімділігіне айтарлықтай әсерін тигізеді, сондай-ақ комплаенс –
тәуекелдерді болдырмауға ықпал етеді.
2)
Акционерлермен
және
инвесторлармен,
билік
органдарымен,
жұртшылықпен, Іскерлік серіктестермен ұзақ мерзімді, табысты, сенімді
және өзара тиімді қатынасты қарастыратын серіктестік – КМГ-ның
16
стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін, бұдан әрі
дамудың маңызды ресурстарының бірі.
3) Акционерлер және инвесторлар, билік органдары, жұртшылық, Іскерлік
серіктестер, клиенттер және бәсекелестер КМГ-ға қатысты сыртқы Мүдделі
тараптар болып табылады.
6.1. Акционерлермен өзара қарым-қатынас
6.1.1. КМГ Акционерлерінің құқықтарын сақтау және қорғау негізгі
басымдықтардың бірі болып табылады. Акционерлермен өзара қарым-
қатынас жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына,
КМГ Жарғысына және ішкі құжаттарға, сондай-ақ КМГ корпоративтік
басқару кодексінің ережелеріне сәйкес айқындылық, есептілік және
жауапкершілік қағидаттарына негізделген.
6.1.2. КМГ және акционер арасындағы ақпаратпен алмасу Қазақстан
Республикасының заңнамасымен, КМГ Жарғысымен және ішкі нормативтік
құжаттармен реттеледі.
6.2. Мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас
6.2.1. КМГ-ның мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуі Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарына, КМГ Жарғысына және КМГ ішкі
құжаттарына, сондай-ақ КМГ корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне
сәйкес, мемлекеттік органдардың тарапынан да, КМГ қызметкерлерінің
тарапынан да сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекеттерді,
мүдделер қайшылығын болдырмау қағидаттарын сақтай отырып,
тараптардың тәуелсіздігі негізінде жүзеге асырылады.
6.2.2. КМГ достық ынтымақтастық және өзара сыйластық қағидаттарында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттеседі.
6.2.3. КМГ және оның қызметкерлері Қазақстан Республикасының
заңнамасын және қарауында КМГ-ның сыртқы қызметі орналасқан елдердің
заңнамасын қатаң түрде сақтайды.
6.2.4. КМГ қандай-да бір жосықсыз бәсекелестікке жол берілуін, Қазақстан
Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы және монополияға қарсы
заңнамаларының сақталмауын, сондай-ақ басқа да құқыққа қайшы
әрекеттерді қабылдамайды.
6.3. Іскерлік серіктестермен өзара қарым-қатынас
6.3.1. КМГ инвесторлармен, Іскерлік серіктестермен және жеткізушілермен
тұрақты, ұзақ мерзімді, айқын және өзара тиімді қарым-қатынастар құруға
мүдделі.
6.3.2. КМГ инвесторлармен, Іскерлік серіктестермен және жеткізушілермен
заңдылық, тиімділік, әділдік, өзара тиімділік, ақпараттық айқындылық, өзіне
қабылдаған міндеттемелерге, шарт талаптарының қатаң сақталуына
жауапкершілік негізінде өзара әрекет етеді.
17
6.3.3.
Серіктестерді
және
тауарларды,
жұмыстарды,
қызметтерді
жеткізушілерді таңдау КМГ-да Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарына және КМГ-да қабылданған қағидаларға сәйкес айқындылық
негізінде жүзеге асырылады және контрагенттің жақсы бағасының, сапа мен
шарттарының, сондай-ақ іскерлік беделінің артықшылықтарына негізделеді.
6.3.4.КМГ-ның әлеуетті және әрекеттегі жеткізушілерді қоса алғанда,
ұйымдармен өзара қарым-қатынасы заңдылық, шынайылық, бейтараптық,
сатылмайтындық
және әлеуетті жеткізушілерді, тиімді және әділетті
бәсекелестікті бағалау және таңдау кезінде сыбайлас жемқорлықтың
кез-келген көрінісіне төзімсіздік таныту қағидаттарына негізделген.
6.3.5. КМГ жеткізушілерге тең бәсекелестік мүмкіндіктерін ұсынады.
Қызметкерлер қандай-да бір жеткізушінің құқыққа қайшы артықшылықтар
алуына әкелуі мүмкін кез-келген әрекеттен бас тартуы тиіс.
6.3.6. КМГ тендерлік комиссияның тәуелсіз жұмысын және оның қызметіне
араласпауды қамтамасыз етеді. Тендерлік комиссияның мүшесі болып
табылатын қызметкерлер жеткізушілерді таңдау рәсімдерін өткізу кезінде
мүдделер қайшылығы анықталған жағдайда тендерлік комиссияны міндетті
түрде хабардар етуі тиіс.
6.3.7. КМГ жеткізушілерден заңнама талаптарын сақтауды, қызметкерлермен
әділетті қарым-қатынас жасауды, балалар еңбегін пайдаланбауды, қауіпсіз
еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді, қоршаған ортаны қорғауды күтеді.
6.3.8. КМГ өз қызметінде Іскерлік серіктестерге негізсіз жеңілдіктер мен
артықшылықтардың берілуіне жол бермейді.
6.3.9. КМГ қазақстандық жеткізушілерге, егер отандық тауар өндірушілердің
қызметтері
мен
тауарларының
сапасы
оның
қажеттіліктерін
қанағаттандырған жағдайда, КМГ-да қабылданған қағидаларға сәйкес
басымдық беруі мүмкін.
6.3.10. КМГ-ның аффилиирленген ұйымдармен, жеткізушілермен, Іскерлік
серіктестермен және басқа Мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас,
КМГ-мен қарым-қатынас, заңдылықты, адалдықты, тиімділікті және әділ
бәсекелестікті сақтауға негізделген.
6.3.11. КМГ басқа Мүдделі тараптардың аффилиирленген ұйымдарынан
Қазақстан Республикасы заңнамасының, КМГ-да қабылданған және
қолданылатын сатып алу қағидаларын талаптарын мүлтіксіз сақтауын, өз
қызметкерлеріне әділетті қатынасты, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз
ету, қоршаған ортаны қорғау және осы Кодекстің ережелерін сақтауды
күтеді.
6.4. Жұртшылық
6.4.1. КМГ жұртшылықтың алдындағы өзінің әлеуметтік жауапкершілігін
жете түсінеді және тұрақты дамуды және корпоративтік әлеуметтік
жауапкершілікті енгізу жөніндегі қағидаттарды ұстанады. Демеушілік және
қайырымдылық қызметке қатысу Акционерлердің және КМГ уәкілетті
органдарының шешімдеріне сәйкес белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |