Өзін-өзі кемсіту сандырағы. (Депрессивті сандырақ) өзін-өзі кемсіту, өзін кінәлау, өзін-өзі күнәhар ету формасында болады. Кінәлі болмаса да өзін айыптайтын ауруы бар адамдар өзінің істегенімен, тек өзінің ғана емес өзгенің де өмірін күл талқан еттім деп ойлайды. Ол үшін олар қандай болсын жазаға дайынмын дейді. Әдетте бұл сандырақ психоз ауруына жақын.
Ипохондрикалық сандырақ - СПИД, сифилис, рак ауруларына байланысты адамның ішкі жан дүниесінің күйзелуі.
Бір адамда бір немесе кейде бірнеше сандырақтар кездесе береді. Мысалы, бір мезетте ұлылық пен қудалау сандырағының болуы. Сондай-ақ, бір сандырақтан екінші сандыраққа ауысу процесі болады. Ол сандырақ транформациясы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |