Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


Тұлғаның әлеуметтік ұстанымы



жүктеу 0,53 Mb.
бет164/203
Дата07.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#30874
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   203
Psikhologia negizderi-1

Тұлғаның әлеуметтік ұстанымы
Тұлға - индивидтің әлеуметтік мәнді қасиеттерінің жүйе Адам дайын қабілеттермен, қызығушылықтармен, мінезбен жәнет.б. туылмайды. Бұл қасиеттер нақты әлеуметтік жағдайлардаадамның өмір сүру кезінде қалыптасады.

Адамның тұлға ретінде қалыптасуы нақты бір қоғамды жағдайларда туады. Қоғамның талаптары адамдардың мінез-құлқының моделін, ал бағалау белгілері оның мінез-құлқын анықтайды.

Адамның табиғи қасиеттері (мысалы, оның мінезінің қырлары болып көрінетіндер, шындығында, тұлғаның қоғамдыталаптарының оның мінез-құлқында бекітілуі болып табылады.

Тұлғаның өзегі (ядросы) оның маңызды психикалық қасиетімен - руханилықпен байланысты. Руханилық адам өмірінің жоғары көрсеткіші, оның адамзаттық, адамгершілік парыздарының ішкі құндылығы, адамның болмыстан да жоғары мәнге бағынуы болып табылады. Тұлғаның руханилығы – оның санадан да жоғарылығы, барлық опасыздықтарды тұрақты шеттетуге деген қажеттілігі, өзінің адамзаттық парызына, маңызды идеалына шексіз берілу. «Өзіңнің парызыңды орындап көрші, - дейді Гегель, - өзіңнің бағыңды білесің!»



Тұлға құрылымының негізгі өзегі құндылықтық-нормалықжүйенің, түлға бағыттылығының, оның әлеуметтік мәні бар объектілер мен қүбылыстарға қатынасының қалыптасуы болып табылады. Құндылық - шындықтағы құбылыс, заттардың тұлғалық мәні. Құбылыстың тұлғалық мәнділігінің оның әлеуметтік мәнділігімен үйлесуі аса маңызды.

Жалпы негізгі әлеуметтік құндылықтар - адамгершілік, кез келген әлеуметтік игілік, қауіпсіздік және топтық құндылықтар -идеялық, саяси тұрақты сенімдер, діни нанымдар, кәсіби білімдер және т.б. бөлінеді.

Интернализациялы (меншік) тұлға құндылықтары оның мінез-құлықтық бағдары, негізгі өзін-өзі бақылауы болып табылады. Құндылықтар негізігі және құралдық болуы мүмкін, яғни өмірлік мәселелерді сәтті шешу құралы, тұлғаның өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бекіту құралы.

Түлғаның құндылықтар жүйесі негізінде оның нұсқау жүйесі қалыптасады - сәйкес типтік жағдайда белгілі бір бейнеде әрекет етуге психикалық дайындық. Әсіресе, тұлғаның әлеуметтік нұсқаулары тұрақты. Олар әлеуметтік объектілермен өзара әрекетінің тұрақты тәсілдерінің қорын көрсетеді, яғни әлеуметтік перцепция - әлеуметтік объектілердің стереотипті бейнесі ретінде көрінеді. Этносаралық топтардың қатынасы сәйкес нұсқаулармен дәлме-дәл келеді.

Тұлғаға әлеуметтің, әлеуметтік орта әсерінің маңыздылығы соншалық, оның нәтижесі тұлғаның әлеуметтік мінезінің қалыптасуында көрінеді.

Мінездің жеке қырларымен және қасиеттерімен қатар әлеуметтік ортаға тұлғаның бейімделуінің жалпы тәсілі - адам мінезінің әлеуметтік типтері қалыптасады.



Әрбір қоғамдық-тарихи дәуір өзінің тұлға типтерін ұсынады. Әрбір индивит өз дәуірінің ұлттық және әлеуметтік ерекшеліктер кешенін көрсетеді. Бірақ та әлеуметтік жағдайлар айнымалы болып келеді. Бір адамның бойында өмір бойы олар өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты тұлғаның негізігі қасиеті -әлеуметтік біліктілік (компетенттілік), ол негізгі тұлғалық құндылықтарды сақтауда өзгермелі әлеуметтік жағдайларға тәуелді жеке мінез-құлықтың икемділік стратегиясы, жеке және күнделікті әлеуметтік тәжірибенің оптималды өмір жолының қүрылымын қалыптастыру қабілеті болып табылады. Тұлғаның мінез-құлығы әлеуметтік нормаланған мінез-құлық болады.

Индивидтің қоғам қызығушылықтарын сақтауына және сақтамауға байланысты оның мінез-кұлқы әлеуметтік жағымсыз, ассоциалды немесе антиәлеуметтік ретінде бағаланады.

Адамдардың мінез-құлқын, әлеуметтік топтарды реттеу әлеуметтік нормалар негізінде және әлеуметтік бақылау арқы жүзеге асады.


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   203




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау