Мақсаты: ерітінділер даярлауды білу, өлшеу және есептеуді түсіну, белгілі концентрацияда ерітінді дайындауды қолдану.
Құрал- жабдықтар: 50мл,25 мл, 100 мл көлемдегі стақандар, шыны таяқша, таразы, гирлер,қалақша, өлшегіш цилиндр, өлшемі бар құтылар 25 мл,50 мл,100 мл.
Жұмыстың барысы:
1.Заттың массалық үлесі көрсетілген тұз ерітіндісін дайындау;
1. Заттың массалық үлесі көрсетілген ерітіндіні дайындау үшін тиісті тапсырманы мұғалімнен ал.
2. Есептің шарты бойынша қажетті тұздың массасын және судың көлемін есепте;
3. Таразыға тұзды өлшеп конусты құтыға сал;
4. Дистилденген судың қажетті көлемін ал (сұйықтықтың көлемін өлшеу ереже сін есіңе түсір) және оны конусты құтыдағы тұздың үстіне құй;
5. Конусты құтыдағы тұз ерігенше араластыр;
6. Есепті төменде берілген үлгіде жазып шығар;
Достарыңызбен бөлісу: |