Күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған



жүктеу 57,18 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі57,18 Kb.
#4338
түріБағдарламасы

Күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған

Ақпарат
Кәсіптік іс-тәжірибе жоғары білім алу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысының 77 б.)

ҚарМУ-дың күндізгі оқу нысанының студенттері ҚарМУ-мен келісім–шартқа отырған іс-тәжірибе базаларына мамандықтар бейіні бойынша бағытталады.

«Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ бұйрығы № 107 29.01.2016 ж.) бұйрығына сәйкес күндізгі бөлімінің 1 курс студенттері үшін оқу тәжірибелері міндетті түрде өткізіледі. «Білім», «Техникалық ғылымдар», «Қызметтер» бағытындағы мамандықта оқитын студенттер үшін барлық тәжірибе түрлері теориялық оқумен қатар өткізіледі. Демек, 1-2-3 курс студенттері ҚарМУ-дың ұжымдық шарты бар тәжірибе базаларына жіберіледі.

Кәсіптік тәжірибелердің барлық түрлеріне жіберу мерзімдері, базалары және жетекшілері көрсетілген ректордың бұйрығымен рәсімделеді. Диплом алды тәжірибе бойынша басшылықты әдеттегідей дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады («Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары» (ҚР БҒМ бұйрығы № 107 29.01.2016 ж.).

Кәсіптік (педагогикалық) тәжірибеге жіберу жеке-дара түрде жүргізілуі мүмкін:

- тұрғылықты мекен-жайы бойынша (дәлелді себеп болғанда);

- болашақ жұмыс орны бойынша (бітіруші курс студенттеріне).

Ұйым немесе мекемеден әкелінген сұраныс хаттың (қосымша 1 – сұраныс хаттың үлгісі) болуы іс-тәжірибе базасымен үшжақты жеке-дара келісім шарт жасасуға негіздеме болады және де басшы ұйымының қауіпсіздік ережелерін сақтау және қамтамасыз етуге кепілдеме бола алады. Студент 3 данада жеке-дара үшжақты келісім-шарт жасайды, тәжірибе басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей, кафедрадан тағайындалған тәжірибе жетекшісіне тапсырады.

2017-2018 оқу жылында өндірістік тәжірибеге бағыт тәжірибе басталғанға дейін БІР АЙДАН КЕШІКТІРМЕЙ қол қойылғанда, жеке шарт БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА, жеке-дара тәртіппен жүзеге асады, қалғандары талқылауға қабылданбайды.

Егер күндізгі оқу нысанының студенті іс-тәжірибені өтуге жеке-дара келісім-шартты әкелетін болса және де тұрғылықты мекен-жайы бойынша өтпейтін болса, онда ата-анасының бірінің жазбаша келісімі мен жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы керек (қосымша 2 – ата-анасының қолхатының үлгісі).

Тәжірибеге жіберілетін күндізгі оқу нысанының студенттерінің міндеті:


  • нұсқаушы және қорытынды конференцияларға қатысу;

  • тәжірибе бағдарламасында және жеке жұмыс жоспарында қарастырылған тапсырмаларды толық көлемде орындау;

  • тәжірибе күнделігін жүргізу;

  • кәсіпорындағы, ұйымдағы, мекемедегі ішкі жұмыс тәртібін сақтау;

  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникаларын және өндірістік санитарияны қатаң сақтау;

  • орындайтын жұмысына штаттағы маман сияқты толық жауапкершілікпен қарау;

  • тәжірибе бағдарламасында көрсетілген есептік құжаттарды тапсыру.

Кәсіптік тәжірибе қорытындылары бойынша студент сәйкес кафедраға есептік құжаттарды (есеп, күнделік, пікір, мінездеме және тәжірибе бағдарламасында көрсетілген басқа да есептік құжаттар) ұсынуы керек. Жетекші құжаттарды тексеріп болған соң, қорғауға жіберіледі. («Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары» (ҚР БҒМ бұйрығы № 107 29.01.2016 ж.). Есептер кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссияның алдында қорғалады.

Тәжірибені өтпеген, тәжірибенің бағдарламасын толық орындамаған, теріс пікір алған және қорғау кезінде қанағаттанарлық баға алмаған студенттер тәжірибеге келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестр кезінде ақылы негізде қайта жіберіледі.

Денсаулығына, бала тууына, оқуға қайта келуіне, пән айырмашылықтарын тапсыру кезінде және де басқа дәлелді себептермен тәжірибеге қайта жолданатын болса, студенттің өтініші мен көрсетілген себепті дәлелдейтін құжаттарды ұсынуы қажет.

Кәсіптік тәжірибелерді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі сұрақтар бойынша ҚарМУ-дың оқу-әдістемелік басқармасының тәжірибе жетекшісі Животова Евгения Валерьевнаға хабарласуға болады: Университет көшесі, 28, ҚарМУ бас ғимараты, 113 аудитория, тел. 77-03-85.


ҚОСЫМША 1

ҮЛГІ

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры

профессор Е.Қ.Көбеевке

Сізден ___________ факультетінің __________________мамандығының ______курс студенті _____________ ________________ «__»________201_ жылдан «__»________201_

Т.Ә.Ж. ұйым атауы

жылына дейін ______________ өтуге жодауыңызды сұраймыз.

тәжірибе атауы
Кәсіпорында тәжірибе тапсырмаларын толық орындауға барлық мүмкіндіктер бар.

Тәжірибе бағдарламасын орындауын және қауіпсіздік ережелерін сақтауға кепілдік береміз.



__________________________тарапынан ақшалай кінәрат-талаптары болмайды.

ұйым атауы
Алған мамандығына байланысты сәйкес бос жұмыс орны болып жатса, мемлекеттік мекеме________________________________________________________

(Студенттің аты-жөні)

кандидатурасын қарастыруға міндеттеледі.

Кәсіпорын___________________________________________________________________

(студенттің аты-жөні)

иеленген мамандығына сәйкес жұмыс орны болған жағдайда түлектің кандидатурасын қарастыруға міндетті.


Басшы/директор

Ұйым атауы қолы ТӘЖ
мөр

ҮЛГІ ҚОСЫМША 2
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры

профессор Е.Қ.Көбеевке

___________________

(ата-анасының ТӘЖ)




Қолхат*
Мен, __________________________**, өзімнің ұлым/қызым, _____ курс

(толық ТӘЖ)

_____________________________________мамандығы бойынша ______________________

(мамандық атауы) (факультет атауы)

______________________факультетінің студенті ___________________________________

(баласының толық ТӘЖ)

«__»__________201_-нен «__»__________201_ жылына дейін кәсіптік тәжірибені __________________________________________________________________________

(елді мекеннің атауы)

өтуге қарсы емеспін.

Ұлыма/қызыма келесі мекен-жай бойынша тұрғын үй ұсынуға _____________ к-сі, __үй, __пәтер, және толық материалдық қамсыздандыруға (жол шығыны, мекендеу, тамақтану) міндеттенемін.


Тәжірибе өту уақытында балам _________________________ қауіпсіздігі үшін

(баласының толық ТӘЖ)

жауапкершілікті толық өз мойныма аламын.

Байланыс телефондары:

үй:

ұялы:



күні қолы

* қолхат студенттің ата-анасының қолынан жазылады



** ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі қоса тіркелу қажет.
жүктеу 57,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау