Теорема. Толық топ құрайтын үйлесімсіз оқиғалардың біреуі орындалғанда ғана орындалатын А оқиғасының ықтималдығы, осы оқиғалардың әрқайсысының ықтималдығын, соған сәйкес А оқиғасының шартты ықтималдығына көбейтіп, оларды қосқанға тең яғни (1)
Бұл формуланы «толық ықтималдықтың» формуласы деп атайды.
Дәлелдеу. Теореманың шарты бойынша А оқиғасы оқиғаларының біреуі орындалғанда ғана орындалуы мүмкін, яғни А оқиғасының орындалуы мына оқиғалардың біреуінің орындалуын қамтамасыз етеді. Онда А оқиғасының ықтималдығын есептеу үшін қосу теоремасын қолданамыз, сонда
(2)
енді тәуелді оқиғалардың көбейту теоремасы бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |