4
сессиясын дұрыс аяқтайды. Егер шығу терезенің бұрышындағы таяқша арқылы
жүргізілген жағдайда (браузер терезесін жабу), сессия кідіріп қалады жəне
автоматты түрде 20 минуттан соң аяқталады. Демек егер Сіз жүйеден дұрыс
шықпасаңыз, 20 минут күте тұрыңыз жəне қайтадан жүйеге кіріп көріңіз.
Жүйеден дұрыс шығу
Жүйеден дұрыс шықпау
3. Парольді ауыстыру
Жүйедегі жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйеге бірінші рет кіргеннен
соң парольді ауыстыру керек.
Назар аударыңыз!
Қолжетімділік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында парольді айына бір рет
ауыстыруға кеңес береміз. Парольдің ұзындығы кемінде сегіз таңбадан тұруы
керек. Пароль жоғары жəне төменгі тізілімде сандар мен арнайы таңбалардан тұруы
қажет.
Парольдің мысалы: 15*RoW%@
Парольді ауыстыру үшін тіркеу бетінде «Парольді өзгерту» сілтемесін басыңыз.
Парольді өзгерту терезесіндегі «Қолданыстағы пароль» өрісіндегі ағымдағы
парольді енгізіңіз, сонымен қатар «Жаңа пароль» жəне «Жаңа парольді растау»
өрістерін толтырыңыз жəне «ОК» басыңыз.
5
Егер сіз алдыңғы парольді Тумар Конфигураторында сақтаған болсаңыз, парольді
ауыстыру кезінде Тумар Конфигуратор профайлында да парольді ауыстыру керек.
«Іске қосу-Бағдарламалар-GammaTech- Tumar CSP» кіріңіз.
БТА Online жүйесіне кіру үшін пайдаланушыларға eTokenPRO (Java) жəне
KazToken кілттерінің екі түрі беріледі.
6
Егер жүйеге кіру үшін eTokenPRO (Java) кілті берілсе
Сіздің JavaToken кілтіңіздің атауына сəйкес келетін профайлды таңдаңыз.
Профайлды басыңыз жəне «Профайлды өзгерту» əрекетін таңдаңыз.
Профайлды редакциялау терезесі ашылады.
«Пароль» өрісінде жаңа парольді белгілеңіз, оны «Растау» өрісінде қайталаңыз.
«Сақтау» басқышын басыңыз.
7
Кілттерді алу процессі басталады. Оның аяқталуын күтіңіз.
Пароль дұрыс енгізілсе, кілттердің тізімдерінде сертификаттар тізбегімен 2 кілт
табылады. Пароль дұрыс енгізілмеген жағдайда, кілттердің тізімі бос болады.
8
Жүйеге кіру үшін сізге KazToken кілті берілсе
Сіздің KazToken кілтіңіздің атауына сəйкес келетін профайлды таңдаңыз.
Профайлдың үстіне басыңыз жəне «Профайлды өзгерту» əрекетін таңдаңыз.
Профайлды редакциялау терезесі ашылады.
«Пароль» өрісінде жаңа пароль белгілеңіз, оны «Растау» өрісінде қайталаңыз.
«Сақтау» басқышын басыңыз.
Кілттерді алу процессі басталады. Оның аяқталуын күтіңіз.
9
Пароль дұрыс енгізілсе, кілттердің тізімдерінде сертификаттар тізбегімен 2 кілт
табылады. Пароль дұрыс енгізілмеген жағдайда, кілттердің тізімі бос болады.
10
4. Жүйеде құжаттар құру
БТА-Online жүйесінде құжаттарды төмендегідей құруға болады:
• еркін пішінде
• бұрын құрылғандарды көшіру арқылы
• қалып бойынша
4.1 еркін пішінде құжаттар құру
Құжат құру үшін «Құжаттар» қосымша парағына өтіңіз.
« Төлемдер» нысанының үстіне басыңыз.
Бұдан əрі «Құру» басқышын басыңыз.
Төлемді құру үшін нысан ашылады.
Қалыпсыз еркін пішінде төлем құру кезінде «Қалыптың коды» өрісі
толтырылмайды.
Құрғыңыз келген құжаттың типін таңдаңыз (біздің жағдайда «Жалақыны есепке
алуды» таңдаймыз).
11
Бұдан əрі төлем тапсырмасының өрістерін толтыру керек: төлемнің нөмірі, төлем
жасаушының шоты (мəзірден сіздің шотыңызды таңдаңыз). Бенефициар
анықтамалыққа енгізілген жағдайда, мысалы, ЖСН/БСН енгізіңіз жəне «Лупа»
дегенді басыңыз .
Бенефициар
автоматты
түрде
анықтамалықтан
алынады.
Бенефициар
анықтамалыққа
енгізілмеген
жағдайда,
бенефициардың
деректемелерін
толтырыңыз жəне аталған бенефициарды сақтау қажет болған жағдайда, «Сақтау»
өрісіне белгі қою арқылы сақтауды белгілеңіз
.
Бұдан əрі төлемнің тағайындалуын, ТМБК, БЖК (салық аударымдары үшін)
көрсетіңіз.
Келесі құжатты құру жоспарланған жағдайда, тізілімі жоқ төлемдер үшін
«Сақтау» немесе «Сақтау жəне жалғастыру» дегенді басыңыз.
Тізілімі бар төлемдер үшін «Жарналар» дегенді басыңыз
, олар «Сома»
өрісінің жанында болады.
Тізім құруға арналған нысан ашылады.
Тізімде қызметкерді құру үшін «Жаңа» дегенді басыңыз.
Назар аударыңыз! Төлем нысаны арқылы құрылған тізімдер дербес болып
табылады жəне тізілімдегі қызметкерлер (салымшылар) бойынша ақпаратты
қайталамайды.
Өрістерді толтырыңыз жəне «Сақтау» дегенді басыңыз. Құжатқа қайту үшін «Кері
қарай» дегенді басыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |